РИМ ДӘРЕТХАНАЛАРЫ ТУРАЛЫ БІР АУЫЗ СӨЗ

Ол заманда да дәрігерлердің жазуы шимай-шатпақ болатын

РИМ ДӘРЕТХАНАЛАРЫ ТУРАЛЫ БІР АУЫЗ СӨЗ

Ежелгі Римдегі әжетхана/Alamy

Дәретхана қабырғаларындағы жазуды осыдан екі мың жыл бұрын қоғамда беделді, білімді адам жазған. 

Помпейдің жанындағы біздің заманымыздың 79 жылына Везувия жанартауының атқылауы кезінде жермен-жексен болған Геркуланум деген қалада «Бағалы үй» деген ғимарат бар (оны бұлай атауының себебі: 1930-жылдары қазба жұмыстарын жүргізгенде бұл жерден әйелдің бейнесі бейнеленген сәнді танамоншақ табылған). Үйдің ішінде, әрине, дәретхана да бар. Ал сол дәретханада әспеттеп жазылған болашаққа хат та жазылған екен. «Apollinaris medicus Titi imp. hic cacavit bene — «Аполлинар, Тит императордың дәрігері, бұл жерде жайлы отырды» (шамамен осылай жазылған). Геркуланум императордың резиденциясы болмаған соң, оның жеке дәрігері қызмет бабымен басшысының жанында болуы тиіс еді. Бәлкім ол Геркуланумге келген ресми делегация мүшесі де болған шығар. Бірақ, қалай дегенмен де, Тит әйгілі жанартау атқылауынан бір ай бұрын ғана (бірнеше ай бұрын да болуы мүмкін, нақты мерзімін айтуға келмейді) таққа отырған. Аполлинар есімді дәрігер дәретханадан ертерек шығып үлгерген шығар деп үміттенеміз.

1 / 3