РОЖДЕСТВО БӨРЕНЕСІ

Кісі өлтіруші анадан шоколад қосылған бисквитке дейін. Тарих қойнауындағы ежелгі мифтік таңғажайып оқиғалар.

РОЖДЕСТВО БӨРЕНЕСІ

Бөрене үйі / Alamy

«Бөрене өртеу ғұрпы» дәстүрлері шамамен үш жарым мың жыл бұрын Жерорта теңізінің жағасында пайда болды. 

Арнайы таңдап алынған әрі безендірілген, ғұрыптың рәсімдері бойынша өртелген бөренені адамның немесе белгілі бір адамдар тобының тағдырымен байланыстыру деген наным-сенім әуелдегі Мелеагер туралы грек мифінен қалған. Бұл әйгілі қаһарман аргонавтiАргонавттар — грек мифологиясында батырлар «Арго» кемесінде алтын жабағыны алу жорығына қатысады. Аңыз Қара теңіз жағалауындағы гректің жаулап алу жорықтарының тарихымен тығыз байланысты.қыстың бір түнінде емен бөрене ошақта жанып жатқан кезде дүниеге келген. Бөрене әбден жанып бітісімен нәресте өлім құшады деп сенген Мелеагрдың анасы Альтея ханшайым шала жанған отынды, яғни күйген ағашты дереу оттан алып, оны сандыққа салып, мұқият бекітіп тастапты. Арада көп жылдар өткен соң, Мелеагр жанжалдың қызуымен Альтеяның бауырларын, яғни өзінің нағашыларын өлтірген. Ал ыза кернеген патшайым әлгі бөренені қайтадан отқа лақтырып жіберіп, отынның күлін көкке ұшырып, қаһарманның жанын өлілер патшалығына жіберген екен.

Кейіннен біз Еуропаның бірнеше ертегілері мен мифтерінен біреудің тағдырын сақтаушы ретінде өртенген бөрененің бейнесін кездестіреміз. Өртенген ағаш пен адамның бақыты, оның өмірінің байланысы Еуропаның оңтүстігіндегі біраз әдет-ғұрыптардан байқалады. Балқан мен Оңтүстік славяндарында мұндай бөрене «бадняк» деп аталды, яғни қыстыкүнгі тоқырау түнінде оюланған бөренені отқа жағады, кейін сол күйген бөрене бір жыл бойы сақталды. Отқа салғанға дейін бөрене құрбандыққа шалынды: оның үстіне шарап төкті, май құйды, оған көзінің қарашығындай қарап, адам аяғы баспайтын мұқият, сенімді жерге жасырған. Өйткені оған қол тигізген адамның басынан бағы таюы мүмкін деп сенген. Келесі қысқы мерекелерде сол өртенген бөрене/отын салтанатты түрде құрметпен ортаға әкеліп, оны өртеп, сол ағаштың отымен және бір жаңа бөренені жағып, ескісінің күлге айналып кетуін күткен. Толығымен жанып біткен «бадняктың» күлінің емдік қасиеті бар деп білген, бұл күлді егістіктер мен бақшаларға құнарландыру үшін салт-дәстүр бойынша сеуіп тастайтын болған, ал көз тиген кезде осы күлдің бір шөкімін суға салып ішкен деседі.

Х. М.Пэджет. "Юле бөренесін сүйреп апару" нақышы. 1884 жыл/Getty Images

Х. М.Пэджет. "Юле бөренесін сүйреп апару" нақышы. 1884 жыл/Getty Images

Мистикалық сипаты бар бөрене 12–13 ғасырлардан бастап француз және неміс жылнамаларында айтыла бастады, ондағы рәсім христиандық нормаларға жақынырақ сипатталған. Мұнда Рождество қарсаңында «Юле бөренесі» деп аталатын ағашты христиандық діни қызметкерлер өртеген. Мәселен, бұл рәсім бүгінге дейін Провансте сақталған, католиктер толығымен мақұлдаған Рождестволық мерекелердің рәсімінің бір бөлігі болып қалды. Бөрене нәресте Мәсіхке арналған құрбандықтың бір түрі ретінде қабылданады және сонымен бірге «Әлем нұрының жаралуын» жариялауға арналған үлкен шамның рөлінде де пайдаланады.

Францияның қалған бөлігі Рождество қарсаңындаiРождество қарсаңы — Рождество алдындағы кеш.дастарқанға «бюш де Ноэль», «Рождество бөренесі» деп аталатын сироп пен шоколады молынан қойған, бөренеге ұқсатып пісірілген ораманы қоюмен шектеледі. Бөрене әбден ұқсауы үшін бұтақтарының бедерін салып, қант ұнтағын қар жауғандай қылып сеуіп, түрлі тәттілермен безендіріп, тиіндер, саңырауқұлақтары, жасыл карамельден «мүк» сеуіп және тағы да басқаша түрлендіре береді.

Француз асханасының өзге де тағамдары сияқты, «бюш де Ноэль» де бүкіл әлемге тарады, тіпті КСРО-да сол «бөрене торты» мерекелік шақыру хаттарымен бірге сатылды және жылдың кез келген уақытында ең танымал десерттердің бірі болды.

Торттың сан алуан нұсқалары бар, сонымен бірге оны әркім әрқалай безендіре береді, бірақ бұған әрдайым дерлік жеңіл крем жағып, бисквитті орама түрінде дайындайды, бұл — ағаш кесіндісінің жылдық сақиналарына ұқсату.

Рождество бөренесі / Getty Images

Рождество бөренесі / Getty Images

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Савельева О.М. История «рождественского полена» как пример эволюции мифа. // СОФИЯ: Альманах: Вып. 2.