КОНФУЦИЙДІҢ ӨМІР САЛТЫ

Жақсы күйеу болудың қағидасы

КОНФУЦИЙДІҢ ӨМІР САЛТЫ

Конфуций/ultra-unlimited.com

Қытайдан тыс жерде Конфуций деген атпен танымал Күн-цзы (б.з.д. 551–479) шенеунік және философ болған. Ол – Қытайдағы ең маңызды философиялық жүйе конфуцийліктің негізін қалаушы. Cөз жүзінде бұл дін немесе соған жақын нәрсе саналады. Бірақ басқа діндердің пайғамбарларынан айырмашылығы, Конфуций құдайлар жайында көп айтпаған және мистикаға қызығушылық танытпаған, ал ол құрған идеологиялық жүйе – діни ережелер жинағы емес, дұрыс мінез-құлық туралы ауқымды моральдық-этикалық нұсқаулық.

Мазмұн

Конфуций (басқа көптеген сол замандағы философтар сияқты – грек, үнді, яһуди және иран философтары) бастапқыда әлем, жер және адамдар мінсіз болып жаратылды, бірақ уақыт өте келе бәрі бұзыла бастады деп есептеген. Болмысты өзіне лайық тәртіпке қайтару үшін ежелгі адамдар сияқты өмір сүру, дәстүр мен ритуалды барынша сақтау және кез келген жаңалықтардан аулақ болу қажет. Жаңалықтар – музыкада болсын, әдебиетте болсын, өндірісте болсын, қоғамда болсын – өте тартымды болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың жаңашылдығының өзі олардың кемшілігі мен қателігін көрсетеді. Егер олар шынымен де жақсы болғанда, әлемде басынан бері бар болар еді, ал егер олар бұрындары болмаған болса, онда болашақта да болмағаны дұрыс.

Жан-Батист Мозес «Патшалар мен заң шығарушыларға арналған Құдайдың даналығы» 1827 ж. Луврдағы Мемлекеттік кеңес мәжіліс залының төбесіне салынған сурет: Конфуцийді Мұса мен Мұхаммедпен бірге өткеннің ең ұлы заң шығарушыларының бірі ретінде көрсетеді/©️ RMN /Gérard Blot

Конфуцийдің көзқарасы бойынша, мемлекет – барша бұзылушы хаосты жойып тәртіптің салтанат құруы, сондықтан мемлекет ол үшін ең жоғары құндылық. Конфуцийліктің этикалық жүйесі пирамида тәріздес, берік әрі дәстүрлі қоғам жүйесін бар жағынан қолдайды, мұнда бағыныштылар билікке, кішілер үлкендерге, ал балалар әкесіне толық бағынышты болады. Конфуций «ізгі ер» («цзюнь цзы») – кәміл сауатты шенеунікті қалыптастыратын ережелерді жасауға көп күш-қайратын сарп етті, онысын «сяо жэнь» – тек өзін, өзінің бас пайдасын ғана ойлайтын тым ұсақ адамдарға қарсы қойды. Конфуций бірнеше трактат қалдырды, олардың ішіндегі ең әйгілісі – «Лунь Юй» («Сұхбаттар мен пайымдаулар»). Сол жерден біз келесі дәйексөздерді алдық.

Конфуций (б.з.д. 551-479) 1770 жылғы сурет/Alamy

Конфуций (б.з.д. 551-479) 1770 жылғы сурет/Alamy

Байыптылық жайында

Ізгі ер әуелі ойлағанын жүзеге асырады, содан кейін ғана ол туралы айтады.

Адамның тума табиғаты мен тәрбиелі болу жайында

Егер адамда табиғи қалпы тәрбиесінен асып түссе, ол ауыл тұрғынына ұқсайды. Егер тәрбиесі табиғи болмысынан басым болса, ол өзінен басқаны білмейтін шіміріккен оқымыстыға ұқсайды. Табиғи тума қалпы мен тәрбиесі теңескен жағдайда, ол ізгі адамға айналады.

Confucius Sinarum Philosophus («Қытай философы Конфуций») – «Төрт кітаптың» латын тіліндегі аудармасы (Париж, 1687). Конфуций ғибадатханасының аллегориялық бейнесі фонындағы Конфуций портреті/Wikimedia Commons

Жастар жайында

Жастар үйде ата-анасына құрмет көрсетуі, ал сыртта үлкендерге ізет білдіруі керек. Олар ісіне байсалды және адал қарап, халықты шексіз сүйіп, адамгершілігі мол адамдармен жақын болуы тиіс. Егер осының бәрін орындағаннан кейін бойында күш-жігер қалса, оны кітап оқуға жұмсауға болады.

Яшима Гакутей «Конфуций шәкірттерінің арасындағы он данышпан». 1850 жыл/ Getty Images

Яшима Гакутей «Конфуций шәкірттерінің арасындағы он данышпан». 1850 жыл/ Getty Images

Қарапайым өмір сүру хақында

Қарапайым тамақ жеу, су ішіп, басыңды қолыңның астына қойып ұйықтау – мұның бәрінде де ләззат бар. Адал жолмен жыймаған байлық пен атақ мен үшін аспандағы қалқып жүрген бұлттарға ұқсайды – олардың ешқандай мәні жоқ.

Үнем мен ысырап жайында

Ысырапшылдық арсыздыққа алып келеді, ал үнемшілдік – сараңдыққа; бірақ арсыз болғаннан гөрі сараң болған жақсы.

Конфуций ғибадатханасының негізгі қақпасы, Шанхай, 1860 ж./Picryl.com

Конфуций ғибадатханасының негізгі қақпасы, Шанхай, 1860 ж./Picryl.com

Беймазалық (стресс) жайында

Ізгі ер салмақты әрі тынықтық күйінде болады, ал ұсақ адам үнемі уайым мен мазасыз хәлде жүреді.

Билік туралы

Егер халықты заң арқылы басқарып, жазалау арқылы тәртіпті қамтамасыз етер болса, халық жазадан қашып құтылуға тырысады да ұятты сезінбейтін болып алады. Ал егер халықты ізгілік арқылы басқарып, ізгі жоралғылар арқылы тәртіпке ұйытар болса, халық ұятты сезінеді және түзеледі.

Доктор Хердтің «Барлық ұлттардың діни жоралғылары мен рәсімдері» кітабындағы Конфуций бейнесі. Конфуцийге табынуды бейнелейтін 18 ғасыр гравюрасы/Corbis via Getty Images

Доктор Хердтің «Барлық ұлттардың діни жоралғылары мен рәсімдері» кітабындағы Конфуций бейнесі. Конфуцийге табынуды бейнелейтін 18 ғасыр гравюрасы/Corbis via Getty Images

Халық жайында

Халықты бағынуға мәжбүрлей аласың, бірақ неге екенін түсінуіне мәжбүрлеуге болмайды.

Талантты адамдар туралы

Адам талантымен жарқырағанымен өзі өркөкірек әрі ашкөз болса, оның бойындағы таланты назар аударуға лайық емес.

Шәкірттер жайында

Үш жыл оқығаннан кейін қазынадан жалақы алуды армандамаған адамды табу оңай емес.

Хан әулетінің фрескасы. Лао-цзының Конфуциймен кездесуі (б.з.б. 2 ғасыр - б.з. 3 ғасыр)/Getty Images

Хан әулетінің фрескасы. Лао-цзының Конфуциймен кездесуі (б.з.б. 2 ғасыр - б.з. 3 ғасыр)/Getty Images

Мемлекет жайында

Тұрақтылық жоқ мемлекетке бармаңыз; тәртіп жоқ мемлекетте тұрмаңыз. Егер Аспан асты елінде тыныштық болса, көзге көрініңіз; егер Аспан асты елінде тыныштық болмаса, жасырынып жүрген жөн. Егер мемлекет дұрыс басқарылса, кедейлік пен ақсүйек болмау ұят саналады. Ал егер дұрыс басқарылмаса, байлық пен ақсүйектік керісінше ұят саналады.

«Біздің ілімдер бекер ме?» (Иса мен Конфуций ихетуандардың Қытайдағы коалициялық күштермен шайқасына қарап тұр). Удо Дж. Кепплердің хромолитографиясы. 1900 жыл/Getty Images

«Біздің ілімдер бекер ме?» (Иса мен Конфуций ихетуандардың Қытайдағы коалициялық күштермен шайқасына қарап тұр). Удо Дж. Кепплердің хромолитографиясы. 1900 жыл/Getty Images

Тамақтануы турасында

Конфуцийдің тамақтану мәнері жайында шәкірттері былай депті: егер ботқа екшеліп ұнтақталған дәндерден болмаса, ет жеткілікті деңгейде ұсақ болып кесілмеген болса, ботқа ұзақ сақталғандықтан бұзылған болса ол ешқайсысын жемейтін. Бұзылған балық пен шіріген етті жемейтін. Ұсқынсыз әрі жағымсыз иісті тағамдарды жемейтін. Дұрыс піспеген, ескіргенді жемейтін. Дұрыс бөлінбеген етті жемейтін. Тиісті дәмдеуіш болмаған жағдайда, жемейтін. Ет көп болса да, күріштен артық жемейтін. Тек шарапқа шектеу қоймайтын, бірақ мас болмайтын. Базардан сатып алынған шарап пен етті пайдаланбайтын. Зімбірден ешқашан бас тартпайтын.

Зұлымдық пен ізгілік хақында

Біреу сұрапты:

Зұлымдыққа ізгілікпен жауап беру дұрыс па?

Ұстаз былай деді:

Зұлымдыққа әділетпен жауап береді. Ал ізгілікке ізгілікпен жауап береді.

Конфуций шәкірттерімен. «Классикалық тақуалық» иллюстрациясы, Сун әулеті (960 -1279)

Конфуций шәкірттерімен. «Классикалық тақуалық» иллюстрациясы, Сун әулеті (960 -1279)

Балалар жайында

Әлдекім бір бала туралы: «ол жетістікке жете ме?», деп сұрады.

Ұстаз былай деп жауап берді: «Мен оның ересек адамдай отырып, өзін ересектер секілді ұстауға тырысатынын көріп тұрмын. Ол табысты болмайды, өйткені жетістікке жылдам жетуге ұмтылады».

Яшима Гакутей “Конфуций сегіз жасар баламен сөз таластырып жатыр”, ок. 1829 г./Getty Images

Яшима Гакутей “Конфуций сегіз жасар баламен сөз таластырып жатыр”, ок. 1829 г./Getty Images

Талапшыл болу жайында

Егер өзіңе басқаларға қарағанда көбірек талап қоятын болсаң, реніштен аулақ боласың. Ізгі адам өзіне талап қояды, ал төмен адам басқа адамдарға талап қояды.

Қателіктер турасында

Қателік жасап оны түзетпесең, нағыз қателік сол

Түрлі жастағы құмарлықтар жайында

Ізгі адам үш нәрседен аулақ болады: жастық шақта құмарлықтан; есейген шақта жанжалдан; қартайғанда ашкөздіктен аулақ болады.

Адамдардың өзгеруі жайында

Ең ақылды және ең топас адамдарға ғана өзгере алмайды.

Әйел Қытайдың Шанхай қаласындағы Рокбунд өнер мұражайында қытайлық суретші Чжан Хуан жасаған Конфуцийдің алып силикон мүсінін суретке түсіріп жатыр. 2011 жылғы 13 желтоқсан/Olivier CHOUCHANA/Getty Images

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ

Конфуций. Сұхбаттар мен пайымдаулар. Neoclassic 2021