БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

55. Joni Mitchell — Hejira

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Жони Митчелл Амстердамда, Нидерланд. 1972 жыл/Gijsbert Hanekroot/Redferns/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

«Хеджира» альбомының атауы — «хижра» сөзінің бұрмаланған нұсқасы (яғни араб тілінен аударғанда қоныс аудару деген мағынаны білдіреді). 622 жылы Мұхаммед пайғамбар мұсылман жамағатын алып Меккеден Мединаға көшеді, бұл Хижра деп аталады. Хижра мұсылман ай жылнамасында алғашқы жыл саналады және иран күн жылнамасы да хижрадан есептеледі. Мұсылман емес канадалық фолк әнші Жони Митчелл бұл сөзді сөздіктен оқып алып, 1976 жылы жарық көрген әрі өзі үшін тың бастама саналатын сегізінші альбомын атауды жөн көреді. Оның сөзінше рок музыканттардан көңілі суып, көбіне жаззға мойын бұрған. Бұл альбомда атап айтқанда ұлы басист Джейко Пасториус ойнайды, ал 79 жылы шыққан альбомы ең ірі жазз контрабасисті саналатын Чарльз Мингуспен бірге жазылып, оның құрметіне аталады. Бұл альбом дыбыстың қайта түрленуінен бөлек, әншінің басынан өткен сантүрлі тағдыр талқысын танытады.

Көпшілік танып қоймас үшін ол қызыл парик киіп саяхаттап, Жоан Блэк деп танысады. Көңілдестерін қолғаптай ауыстырып, кокаинге тәуелді болады, бірақ тибеттік буддистің көмегімен емделеді. Осының бәріне қарамастан, Митчелл кейіннен ол ешқашан хиппи болмағанын және америкалық әскери базаларда үлкен ұмтылыспен ән шырқағанын алға тартты. «Hejira» әні табиғи орындалғаны сонша, жолға шығу сезімі өз-өзінен туады. Пасториустың жетекші бас аспабындағы үні жаңа күнтізбе жасап жатқан сыңайлы. Ай күнтізбесі бойынша күн түн ортасында емес, күн батқанда басталады және бұл әнді жаңарудың белгісі саналатын күннің батып бара жатқанында тыңдау керек. Ал Митчелл сапарға шыққан сол кездерде оның жүргізуші куәлігі болмаған, ол тек күндіз саяхаттаған және ірі жүк көліктерінің артына тығылған. Себебі полиция шыға қалған кезде көліктер оған дабыл қағатын еді.