BERNTHOLER – JAPANESE GARDEN

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

 BERNTHOLER – JAPANESE GARDEN

Дрита Котаджи. Berntholer тобы/Philippe Carat/last.FM

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бұл әннен бельгиялық жаңа толқынның ғажап әрі жұмбақ үлгісі айқын аңғаруға болады. Сондай-ақ жапон бақтарында тастар мен сарқырамалардың арасында жүргендей тылсым күй кешесіз.

1982 жылдың сәуір айында шыққан бұл қысқа ән басқа да артықшылықтарымен қатар болашақ онтологиялық, яғни ғайып естеліктерге негізделген 2000 жылдардағы музыкалық толқынның барлық әдістерін қамтиды. Неліктен бақша қоршалды деген сұрақ тууы мүмкін.