САҒАН ПАРСЫНЫҢ ГРЕККЕ АЙТҚАНЫНДАЙ АЙТАЙЫН...

Ежелгі адамдарда бөгде тілдерге қатысты қиындық болып па еді

Шарль Лебрен. Ескендір Зұлқарнайын және үнді раджасы Пор. 1673/Wikimedia commons

Ежелгі әдебиетті оқығанда көбіне кембағалдық комплексіне түсіп қаласың. Антика және ортағасыр авторларының көбі саяхаттарын, жат жұрттықтармен кездесуін сипаттағанда, тілге қатысты қандай да бір проблемалармен бетпе-бет келгенін мүлдем айтпайды. Олар әңгіме құрған жандар грек тілінен парсы тіліне, араб тілінен латын тіліне оңай ауысып кете салады, көркем және бейнелі сөз тіркестерін қиындықсыз түсіне қояды. Ары кеткенде «оның латыншасы біршама дөрекі еді» деп айтып өтуі мүмкін, бірақ онысы да кітап кемірген адам емес әскери біреу болып шығады.

Дәл осы ежелгі полиглоттар жаңа тілдерді бірнеше аптада меңгеріп алады. Мүмкін, шынында да, ежелгі дәуірде тілдер қарапайым болып, ал оны естуші құлаққа акцент пен грамматикалық қате атаулы түрпідей тимеген болар?

Бақытымызға орай, сол заманда да бәрі дәл қазіргі кездегідей болғанын көрсететін антика дәуірінен бізге бірнеше дәлел жетіп отыр.

Оның біріншісі Милеттік Тимофейгеiiежелгі грек ақыны, б.з.д. 450–360 жж. тиесілі. Оның өлеңі кездейсоқ түрде (осыған ұқсас қазына атаулының барлығы кездейсоқ табылған) 20 ғасырдың басында таңғажайып сақталған папирустан табылды. Бұл өлең түгелімен гректер мен парсылар арасындағы шайқасты сипаттайды. Сонда шамамен сақталған үзіндінің ортасында парсылардың бірі дұрыс грек тілінде сөйлеуді тоқтатады да акцентпен сөйлей бастайды. Михаил Гаспаров оны орысшаға аударған, қазақшаласақ бұл былай естіледі:

«Мен саған қалай?

Не ісің бар?

Ешқашан кері:

келтірме мені патшам;

Халқым енді жоқ, жоқ,

Соғыспа ешқашан мұнда,

Тыныш отырамын!

Жоқпын саған мұнда, мен сонда —

Сард, Суз, Агбатан!iпарсы қалалары

Артемис,iРимдіктер мен гректер парсы құдайы Ардвисур Анахитті Артемиспен (Артемида) бір көретін менің ұлы құдайым,

ЭфестіiКіші Азия жағалауындағы қаласақта!».

Байқасаңыз өлеңде ұйқас пен грамматикалық қате көзге ұрады.

Екінші дәлел римдік басты эпикалық поэма — Вергилийдіңiрим ақыны, б.з.д. 70-19 жж.«Энеидасында». Онда жауынгер троялықтар гректердің әскери киімін киіп, гректер басып алған туған қаласынан аман-есен шығу үшін қулық жасайды, бірақ жолда төзбей, шайқасқа кіреді. Ал гректер оларды бұған қоса акцентінен танып қояды. Мұнда гректердің өзі де әртүрлі жерден келгенін, сондықтан олардың да сөйлеу мәнері де әртүрлі болғанын түсіну керек — бұл тіпті әдебиетте де көрінеді; бірақ трояндықтар мүлдем бөтен тілде сөйлейді әрі бұл бірден байқалады: олардың акценті жат жұрттық. «Энеидада» (2.420–424) бұл туралы былай делінген:

Қараңғы түнде айламен алдап,
Тарқатып жібердік қалаға сонда —
Қалқан мен жалған найзалар қолда,
Түрпідей тиген өзгеше сөзден,
Танып қойды ғой, біздерді бөтен.

Себеттегі Вергилий/Wikimedia Commons

Дегенмен мұндай мысалдар өте аз. Мәселе ежелгі авторлар өздері жасаған мәтіннің шынайылығынан гөрі анықтығы, дәлдігі және әсемдігі туралы көбірек ойлағандығында. Сондықтан папирус пен пергаментте кезігетін «мен сені түсінбейді» мәнерінде жазылған сөздер табиғи емес, саналы әрі құрастырылған күйде хатқа түскен. «Ұлы патша, маған осылай жетті...»

Көшірілді