Осман империясының сұлтандары үнемі өз қол астындағылардың киген киімін реттеп отыратын заң шығарған. Олар үшін адамның сыртқы әлпеті оның әлеуметтік дәрежесі мен діни сенімін білдіріп тұруы маңызды еді. Мысалы, мұсылмандарға мүмкіндігінше сары аяқкиім киюді бұйырды, бірақ басқа дін ұстанушыларға сары аяқкиім киюге қатаң түрде тыйым салынды. Бұл талапты тіпті Османлы заманының көзқарасы бойынша ең қаһарлы билеуші деп саналған сұлтан IV Мұрат (1612–1640) бекітті. Бірде ол көше бойынан мойнына крест тағып, аяғына сары аяқкиім киген қайыршыны байқап қалады. Қайыршы заңнан хабарсыз екенін әрі сары аяқкиімді мұсылман көршісі қайырымдылық танытып бергенін айтып, ақталады. Бірақ сұлтанның жеке бұйрығымен бейшара өлім жазасына кесіледі.
Бір қызығы басқа сұлтандар бұл мәселеде әлдеқайда ықтиярлы еді. Заң қатарынан бірнеше ғасыр күшінде болса да, аяқкиімнің түсі туралы заңды бұзғандар айыппұл төлеп қана құтылатын.