Ежелгі гректер мен римдіктер сильфийдің ең дәмді көгөніс екенін жиі айтады. Геродот1
Лисбия!
Сильфий өскен шөл дала — Киренаика жерінде,
Құмның қанша түйіршігі бар болса,
Сонша рет сен өртеп сүйсең ерінмен,
Басылар ма құмарым?!
Римдіктер сильфияны жақсы көргені сонша, ақыр соңында, оны тамырымен қоса жеп тынғанға ұқсайды. Әлде бұл өсімдік климаттың өзгеруінің немесе вирус эпидемиясының әсерінен жойылып кетті ме екен? Қалай болғанда да, бірде император Неронға 4
Өкінішке қарай, бірақ біздің замандастарымыз сильфияның дәмін татпақ түгілі, бұның қандай өсімдік екенінен де хабарсыз. Бізге жеткен суреттер мен сипаттамаларға сүйене отырып, бұл қолшатыр пішінді келген, балдырған мен сәбіз тұқымдас өсімдік болғанға ұқсайды. Тарихи білімі бар биологтар мен биологиядан хабары бар тарихшылар сильфийді осы текке жататын өсімдік я соның бір түрі деген мәліметтер ұсынады. Тинтиган феруласы немесе асафетида. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ұсынылғандардың барлығының дәмі жағымсыз әрі мүлдем жеуге жарамсыз еді.