СИҚЫРЛЫ МАТА

Заттар қалай пайда болады?

Жібек құрттары/Alamy

Аристотель айтқандай, табиғат үнемі толысып отыруға бейім. Табиғаттың бір бөлшегі — адам санасына да бостық пен қуыскеуделік жат ұғым. Біз бірдеңеден хабарсыз болсақ немесе түсінбесек, бойымызды білімсіздік салқыны билемесі үшін, әдетте сол бос саңылауларды әлденені тудыру, бір дүниені ойлап табу арқылы толтырамыз. Бізге таңсық нәрселер әрдайым мазасыздық пен қауіп тудыратыны бар. Алайда ештеңе білмей-ақ жайбарақат жүре беру, әрине, біртүрлі, бірақ өмір сүруге болады. Кейде бұл идеялардың қоғам санасына нық орнайтыны соншалық — нәтижесінде пайда болған стереотиптерді бұлтартпас фактілер арқылы да жою өте қиын. Әттең... миф дегенің қашанда шындыққа қарағанда тартымдырақ келеді. Неге әттең? Кейде мифтің қызықтылығының әсерінен, сіз уақыт келе оны жалғандыққа да қимай қаласыз. Төмендегі ақпараттар рас болып шықса, біздің ғаламшарда өмір сүру қаншалықты қызықтырақ болатынын өзіңіз бағамдап көріңіз.

Жібек

Жібек матаны ойлап тапқан халық үшін, сол мата жеп-жеңіл, жалт-жұлт еткен, сусылдақ, ыстықта тәніңді салқындататын ғажап нәрсе еді. Ерте кезден бері жібек матаны аса қымбат бағаға сатып алып және әркез оларға неше түрлі ғажап атау беріп келген еуропалықтар туралы не айтуға болады.

Римдіктер арасында жібек қандай да бір ғажайып ағаштың жапырақтарынан шебер жасалған жылтыраған дүние деген пікір болды. Мұны қате түсінік дейтін болсақ, кейбір ағаштардың жапырақтары жібектей жұмсақ, нәзік әрі жылтыр болатын қайда қоямыз. Міне, бізді осы нәрсе шатастырады.

Төменде Вергилий iВергилий (70 г. до н. э. – 19 г. н. э.) – римский поэт. өзінің «Георгиктерінде» мақта мен жібек туралы жазады: («серийліктер» (seres) — «жібек» деп римдіктер Қытай тұрғындарын атаған):

«Жұмсақ түкті ақ эфиопиялық ормандар туралы, Немесе сериялық жұмысшылар жапырақтардан ең жақсы жіптерді қалай жинайды».

Оны Федрде Сенека iСенека (4 г. до н. э. — 65 н. э.) – римский оратор, политик, публицист и драматург. былай жаңғыртады:

«Алтынмен тоқылған көйлегімді шешіңдер, қызметшілерім! Тир раковиналарының шырыны мен бұтақтардан тізбектеп жиналған жіптерді алып кет».

Жапырақтан жібек алу туралы Плиний «Табиғат тарихында» дәлірек былай деп жазады: «Түкті өсімдіктерімен танымал серийліктер — өздері туралы ақпараты бар халықтардың алғашқысы саналады. Олар суға малынған жасыл желектердің жіптерді тарап, ал әйелдер жағы сол жіптерді тарқату және қайтадан тоқу секілді екі жұмыс жасайтын. Бұлардың бейнеттеніп, басқа да алыс елдерге сапар шегіп өндіріспен айналысуы, қоғам алдында сусылдақ, мөлдір киіммен шығу үшін еді.

Плиний жануарлар туралы тарауында жібек құртын дәлме-дәл суреттей отырып, жібек өндірісіне қатысты ең бір шынайы сипаттаманы береді. «Жібек құртының басқа да шығу тегі бар. Ең үлкен дернәсілден құрт шығып, ол өзінің көлеміндей мүйіздерін алға қарай шығарады, содан кейін ол «шуылдақ» деп аталатын нәрсе пайда болып, содан кейін одан қуыршақ шығады, ал алты айдан кейін одан жібек құрты өмірге келеді. Одан соң әйелдердің сәнді кимдері мен байлықтарына арналған мата — жібекті өрмек тәріздес етіп иіріп шығарады. Пілләні шешіп, қайтадан жіп жасау идеясын алғаш болып Кос аралынан келген Платейдің қызы Памфила ойлап тапты. Оның әйелдерді киіндіре отырып жалаңаштау жолын ойлап тапқан даңқын да айтпай кетуге болмас».

Десек те Плинийдің қандай орасан зор әдеби шеберлігімен танымал болғанын, қаншалықты үлкен іргелі еңбектер жазғанын, өз тарихын жасауда қаншама хатшысы мен көмекшісі болғанын ескерсек, әр бөлімдерде бір-біріне кереғар фактілердің кездеуі таңғаларлық жағдай емес.

Көшірілді