Сіріңкенің тарихы

Ібіліс, ажалдың уы һәм маркетиң

Сіріңкенің тарихы

Америкада жасалған жаңа жылдық ашықхат, 1875 жыл

Оқ-дәрі, компас, қағаз және кітап баспасы. Бұл  Қытайдың төрт ұлы өнертабысы. Мына тізімге сіріңке кірмей қалды, себебі ортағасырлық Қытайда сіріңкенің прототипі деп айтуға болатын затты ғана ойлап тапты. Бұл зат  күкірт жағылған қарағай жаңқасы. Онымен от тұтату мүмкін емес еді, дегенмен әлсіз жанып тұрған оттың өзін алаулатып жібере алатын қасиетке ие болатын. 

От тудырушы құл

«Сіріңкенің атасы» туралы бізге белгілі үш дерек кездеседі. Біріншісі 10 ғасырдың басында жазылған. «Таңғажайып пен тылсым туралы жазбалар» деген трактаттың авторы Тао Гу былай дейді: «Бір өнертапқыш адам қарағай жаңқасына күкірт жағып, қол астында ұстауға болатындай зат ойлап тауыпты. Бұл жаңқалар отқа тиіп кетсе болды лап ете қалып, алауы көзге масақ сияқты көрінеді. Ғажап туындыны бұрындары «от тудырушы құл» десе, саудаға түскелі бері «бір дюймге11 Біз ағылшынша аудармадан цитата келтіріп отырмыз. Әрине, ортағасырлық Қытайда дюйм деген өлшем бірлігі болмаған, олардың ең минималды өлшемі «чи» еді, бақытымызға орай дәл осы «чи» дюймге сәйкес келеді, яғни 2,5 см-ге жуық. тең отты таяқша»22Needham, Joseph. Science and Civilization in China: Volume 4, Physics and Physical Technology; Part 1, Physics. Cambridge University Press. pp. 70–71. ISBN 978-0-521-05802-5. деп атап кеткен.

Сенімді деректерге сүйенсек, 1291 жылы болса керек, Қытайдан қайтып келе жатқан сапарында Марко Поло33 Марко Поло (1254–1324) — венециялық көпес және саяхатшы, Қытайда 15 жылға жуық өмір сүрген, содан кейін аман-есен үйіне оралып, басынан өткен қызық оқиғалар мен көргенінің желісімен «Әлемнің кереметтері туралы кітапты» жазып шыққан. Ханчжоуға44Күні батқан Сун империясының астанасы i(960–1279), қазір Шығыс Қытай теңізінің жағасында орналасқан Чжецзян провинциясының астанасы. аялдап, отты таяқшалар ел арасында таралып кеткенін білген. Шығармалардың бірінде бұл өнертабысы тауарлар тізімінде көрсетілген.

Жапонияда жасалған винтажды сіріңке қорабы / Alamy

Жапонияда жасалған винтажды сіріңке қорабы / Alamy

Алайда 14 ғасырдың ортасында өмір сүрген Тао Цун-И55Frederick W. Mote. T’ao Tsung-I and his Cho Keng Lu. PhD thesis. University of Washington, 1954. деген әдебиетшінің сөзіне сенсек, бұндай күкіртті жаңқаларды сонау 6 ғасырда түркілер жаулап алған Солтүстік Ци66Солтүстік Ци (550–577) Қытайдың солтүстік-шығысындағы территорияны алып жатқан. Қазіргі Пекиннің айналасы болса керек. Дегенмен ол кезде бұл қала болмаған. мемлекетінің «кедейленген сарай әйелдері» қолданған. Ақсүйек әйелдер кез келген қызметші оп-оңай істейтін шаруаға, мысалы, от жағуға, ебі болмағандықтан, үй шаруасын өзі істеу үшін қол еңбекті жеңілдететін пайдалы заттарға жүгінуге мәжбүр болған. Айтпақшы, Тао Цун-И де Ханчжоуда тұрған.

Бұдан басқа біз бұл өнертабысы туралы ештеңе білмейміз, сол үшін де бірнеше жүзжылдыққа алға және 10 шақырымдай батысқа, яғни Еуропаға қарай ығыссақ деп отырмыз.

Сабыр түбі — сары алтын

1805 жылы француз Жан Шансель алғашқы және қазіргі сіріңкеге ұқсас затты ойлап тапты. Ол сіріңке шиінің басына бертолет тұзы,77Калий хлораты, кейбір заттармен әрекет еткенде жарылғыш қосындыға айналады. Күкірт, гуммиарабик88 Әртүрлі акация түрлерінен алған шырынның кеуіп кеткен шайыры. және қант жағып, оны тұтату үшін күкірт қышқылы бар асбест бөтелкені пайдаланған. Қымбат, қауіпті әрі ыңғайсыз болса да, пайдасы таразы басында ауыр тартып, өндіріске кетті.

Сіріңкенің осы түрі шалғайда қар құрсауында жатқан Ресейге де жеткен: 1824 жылғы қарашада Пушкин Тригорскоедан99Осипова-Вульф деген ірі жер иелерінің Псковская губерниясындағы меншігі. Пушкин сол жерде жиі болған. Інісіне1010 Лев Сергеевич Пушкин (1805–1852) — ақынның туған інісі, 1820 жылдардың алғашқы жартысында ағасының әдеби істерімен айналысқан. Декабристер көтерілісі кезінде Сенат алаңында болған. Майор, сарай кеңесшісі, Кавказда және Польшада әскери қызметте болған. Басқа керек-жарақтан бөлек күкіртті сіріңке (сондай-ақ кітаптар, ойын картасы, қыша және ірімшік)1111Пушкин А. С. Собрание сочинений в 10 томах. — М.: Художественная литература, 1977. — Т. 9. Письма 1815–1830 годов. беріп жібер деп хат жазған. Ақыры әдебиет туралы айтқан екенбіз, Андерсеннің аянышты ертегісіндегі1212 Г. Х. Андерсен, «Сіріңке ұстаған қыз» (1846). iКейіпкері — кішкентай үсіп қалған қыз. Сіріңке сатушы. Сіріңке шиін бірінен соң бірін жағып, оның алауынан ғажайып суреттер көреді. Таңертең оның мүрдесін тауып алады. байқұс қыз да осы күкіртті сіріңкені сатып күнелткен.

Сіріңке шиінің басына не жағамыз деп басы қатқандар 19 ғасырдың басынан соңына дейін тәжірибе жасаумен болды. Өнертапқыштар ең басты үш проблеманың түйінін шешуге тырысты, олар: өздігінен тұтану, шашыраған ұшқын және удың бөлінуі.

Бірақ бұл тәжірибелердің бәрі дерлік сәтті болды деп айтуға келмейді. Мысалы ағылшын Джон Уокер («Джонни Уокер» вискиіне түк қатысы жоқ) ойлап тауып, шотландық Айзек Холден жетілдірген, оның шәкірті Сэмюел Джонсонның әкесі патентін алған (иә, тарихы шым-шытырық) сіріңке туралы айтып көрейік. Бұл өнертабысы «сайтанның сіріңкесі» деген атпен сатыла бастады. Бұндай атаудың да өз сыры бар. Мысалға, бұл сіріңкені жаққанда ұшқынынан өрт пайда болып, тікелей мағынасында қолыңда жарылып кетуі әбден мүмкін еді. Оған қоса тозақтағы бар күкірттің иісіндей қолқаңды алады. Айтпақшы, саудада ұзақ уақыт бола алмаса да, 20 ғасырдың басына дейін сіріңкені америкалық сленгте «люциферлік» деп атап келді.

Жозеф Райт. Фосфорды ашуға шақ қалған алхимик. 1771 жыл

Жозеф Райт. Фосфорды ашуға шақ қалған алхимик. 1771 жыл

«Сайтан сіріңкесінің» қызығы 1830 жылы француз Шарль Сориа ойлап тапқан, көпшілікке «локофоко»1313i «Локо» — дәл «локомотивтегідей» аударылады, ал «фоко» — ит. fuoco — «от», «алау» деген мағына береді, сондағысы — «өздігеме тұтанатын, өздігімен жанатын» деген сөз. (бұл атауды ұмытпаңыз, осы мақалада бұл атау әлі керек болады) деген атпен таралған сіріңкенің жанында түк емес. Сориа өзінің сіріңкесін жасау үшін ақ фосфор пайдаланған. Бұл заттың улы болғаны сонша, өзіне қол жұмсағысы келетін адамдар ойланбай пайдаланатын. Өте ыңғайлы: бір қорап сіріңкеде өзіңді өлтіруге немесе көршіңді жаһаннамға жіберуге қажет фосфор табылады. Кейіннен Сорианың сіріңкесі туралы америкалық және венгриялық өнертапқыштар естіген. Бірақ біз бұлардың химиялық құрамы туралы егжей-тегжей айтып әуре болмайық, бір айтатынымыз сіріңке жасау үшін ақ фосфорды 20 ғасырдың басына дейін қолданған. Тек 1906 жылы ақ фосфорға тиым салатын халықаралық конвенция қабылданды.

1844 жылы швед өнертапқышы Густав Эрик Паш ақ фосфорды қолданбайтындай әдіс ойлап тапқан еді:1414 Crass, M. F. Jr. (1941). A history of the match industry. Part 5. Journal of Chemical Education. 18 (7) ол ақ фосфордың орнына сіріңке көлемінде зиянсыз қызыл фосфор пайдаланған. Ал тұтату үшін қызыл фосфор жағылған құмқағаз пайдаланған (сіріңке жасаушылар оны «үйкегіш» деп атайды). Кейіннен фосфорды сіріңке шиінің басына мүлде қоспайтын болды. Ол тек құмқағазда қалды. Көп ұзамай швед фабриканты Йохан Лундстрем жаппай өндіріске көшті. 1858 жылы оның компаниясы 12 миллион сіріңке қорабын жасап шыққан, ал 1878 жылы елде 121 сіріңке фабрикасы жұмыс істеп тұрды. «Швед сіріңкесі» туралы Чеховтың әңгімесін1515 «Швед сіріңкесі»ii (1893) — А. П. Чеховтың әңгімесі, детективке пародия: тергеу кезінде сіріңке шиінің тұқылы маңызды айғақ болады. оқып пе едіңіз? Міне, дәл осы сіріңке туралы айтқан.

«Фосфорлы жақ сүйек» ауруымен ауыратын қыздың суреті — фосформен уланудан туындаған некроз / Wikimedia commons

«Фосфорлы жақ сүйек» ауруымен ауыратын қыздың суреті — фосформен уланудан туындаған некроз / Wikimedia commons

Қазір де біз сол сияқты сіріңкені пайдаланамыз.1616 Милюков О. Спички // Химия и жизнь. — 1967. — № 4. Химия туралы енді айтпау үшін мынаны түсіндіре кетейік. Посткеңестік елдерде сіріңкені көктеректен жасайды. Ол үйкеліп кетпеу үшін арнайы ерітінді жағады. Шидің басындағы бөлігі бертолет тұзы, күкірт және калий дихроматынан тұрады, бұл жанатын бөлігі. Ұсақталған шыны мен мырыш оксиді тұтану жылдамдығын реттеуші қызметін атқарады. Қатпар-қатпар етіп жағылған бұл заттардың астында тағы парафин бар. Парафин оттың тез сөніп қалмауы үшін керек. Ысқыштың беті сүрме сульфиді мен қызыл фосфордан тұрады, ал темір қосылған охра (жоса аудармашы), бор мен ұнтақталған шыны ысқыштың беті түгел жанып кетпеуі үшін жағылады.

Сіріңке һәм саясат

«Локофоко» сіріңкесі есіңізде ме? 1830-жылдардың екінші жартысында жұмыс істеген АҚШ-тың Демократиялық партиясының фракциясы осылай аталған. Нью-Йорктегі партиялық жиналыста билік жақтаушылары газбен жанатын шамдарды өшіріп, шараны тоқтатқысы келген деседі. Сол кезде қарсыластары осы сіріңкені пайдаланып, майшам жаққан. Содан кейін олар «локофокиалықтар» деп аталып кеткен. Локофокиалықтар жұмысшы таптың атынан сөйлеп, laissez-faire1717 Фр. «қолға құрық салмаңыз» — мемлекеттің экономикаға минималды кірісуін қолдайтын идеология. принципін ұстанатын және мемлекеттік банк ұсынған монополиялық құқыққа жан-тәнімен қарсы еді. 1837 жылы тағы сол Нью-Йоркте локофокиалықтар ұнның бағасы қымбаттауына байланысты қарсылық акциясын ұйымдастырды. Бұның соңы «Ұн ереуіліне»1818 Zinn, Howard. A People's History of the United States. New York: Perennial Classics, 2003. ұласты. Қаладағы нан қоры бітіп барады деген қауесетті естіп алған адамдар ашуға булығып, қоймаларды бұзып, тонап кеткен. Нәтижесінде 53 адам тұтқындалды. Локофокиалықтардың қарсыластары бұл топты келемеждеп, атауын әжуалау үшін мәнін келеке етіп айтуды шығарды. Бұл жерде «локо» сөзін испан тіліндегі «жынды, есуас» мәнін алып, «жалынды есуастар» деген мағынада қолдана бастаған. Бүкіл Демпартияның қарсыластары сонау 1850-жылдарға дейін осылай атады. Бірақ локофокиалықтар 1840 жылы тәуелсіз Қазынашылық туралы федералды заң қабылданып, үкімет банк жүйесіне араласпайтын болған кезде-ақ өз жұмысын тоқтатқан болатын.

Бірнеше онжылдықтардан кейін Антлантиканың қарсы жағалауында сіріңкенің кесірінен едәуір күшті саяси жағдайлар болды. Бәріне кінәлі жоғарыда айтып өткен ақ фосфор еді. Егер бұл элемент сіріңкені қолданған адамға улы болса, онда соны жасайтын өндіріс орынындағы қызметкерге тіпті қауіпті екені бесенеден белгілі. Тіпті «фосфорлы жақ сүйек» деген диагноз да қойылған кездер болған. Улы буланудың әсерінен сүйек бұзылып, тіс түсе бастаған. Бұл іспен жағдайы өте нашар әрі әлсіз әйелдер, балалар мен мүгедектер айналысқанына таңғалмайсың.

Сіріңкені дұрыс жоюға шақыратын, әйтпесе ол жауға қол екені жазылған Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық плакат. Мына жерде сіріңке ұстаған жапон сарбазы бейнеленген/Alamy

Сіріңкені дұрыс жоюға шақыратын, әйтпесе ол жауға қол екені жазылған Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық плакат. Мына жерде сіріңке ұстаған жапон сарбазы бейнеленген/Alamy

1880 жылға қарай ағылшын нарығында Bryant & May компаниясы ірі ойыншыға айналды. Олардың фабрикаларында бес мыңға жуық адам жұмыс істеген, көбі жасөспірім қыздар мен шыққан тегі ирландиялық әйелдер еді. Айтпақшы, Bryant & May швед сіріңкесінің лицензиясын сатып алып, оның да өндірісімен айналысқан, бірақ өндіру бағасының қымбаттығына байланысты ақ фосфорға қайта оралған.

1888 жылы қоғам қайраткері Анни Безант сіріңке фабрикаларындағы жұмысшыларға жағдай мүлде жасалмағаны және ақ фосформен жұмыс істеудің өте қауіпті екенін жазып, мақала жариялаған. Компания менеджменті қызметкерлерге бұны теріске шығарып, қарсы пікір білдіріңдер деген кейіп танытқан (таныс жағдай, солай ма?). Олар бұған үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бір әйел солай жұмысынан айырылған. Содан бұрқ етіп ереуіл де басталып кетті. Бір күннің ішінде фабрикалардың бірінен бүкіл жұмысшы келіп қосылды. Бұл — 1400 адам.1919 Raw, Louise. Striking a Light: The Bryant and May Matchwomen and their Place in Labour History. — Continuum UK, 2009.

1 / 2

Олар Анни Безанттан көмек сұрады. Ал Безант саналы қоғам өкілдерін көтерді. Басқасы басқа, Джон Бернард Шоу2020 Джон Бернард Шоу i(1856–1950) — ирландиялық драматург, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, социалист. Өкінішке қарай, Сталин режимін мақтаймын деп атақ-абыройына нұқсан келтіріп алды. да қаржысыз қалған әйелдерге ақша жинаумен айналысқан. Екі апта өткен соң бұл текетірес қызметкерлердің айқын жеңісімен аяқталды. Сәл қателікке бола айыппұл салу жойылды, басшылыққа бригадир арқылы емес, тікелей шағымдану құқығы берілді және ең бастысы, фосфор тамаққа түсіп кетпеу үшін асқа арналған арнайы бөлме берілді.

Ал белсенділер ақ фосфорға қарсы айқасты жалғастыра берді. Бұның да нәтижесі көп күттірмеді. Bryant & May компаниясы 1901 жылы ақ фосфорды қолданудан бас тартты.

Жарнама орны

Сіріңке «кітапшаларын» 1889 жылы америкалық Джошуа Пьюси патенттеп алған. Кейін ол Diamond Match Co. деген компанияға өз құқығын сатып жіберген. 1895 жылы «Мендельсонның опера труппасы» (композитор емес, басқа Мендельсон)2121 Феликс Мендельсон-Бартольди i(1809–1847) — еврей-немістің ұлы композитор-романтигі. Әртістері Diamond Match Co. компаниясынан жүздеген сіріңке «кітапшаларын» сатып алып, сыртына жарнаманы қолмен жазып шыққан. Бізге жеткен жалғыз нұсқасында былай деп жазылған: «Ғаламат көңіл күй – ғажайып труппа – шырайлы қыздар – көздің жауын алатын костюмдер – билеттерді ертерек алыңыз». Мұндай кіріспемен олардың қандай опера қойғанын білмейміз, бірақ қазір бұл заттың сақтандыру құны 25 мың доллар.

Бір жылдан кейін Diamond Match Co. компаниясына жас саудагер Хенри Троут жұмысқа тұрды. Опера жарнамасы жазылған сіріңке туралы білді ме, жоқ па, белгісіз, бірақ ол өте ірі өндіріс орындарын аса көп мөлшерде олардың жарнамасы бейнеленген сіріңке сатып алуға көндіреді. Алғашқы тапсырыс беруші Милуокидегі сыра қайнататын компания. Бұл өндіріс орны 10 миллион дана сіріңке «кітапшасын» сатып алған. Содан кейін әлдебір табак магнаты (30 миллион), үшіншісі «сағыз королі» Вильям Ригли (Wrigley’s) бірден миллиард данаға тапсырыс берген.

Қауіпсіз сіріңке бейнеленген гравюра / Alamy

Қауіпсіз сіріңке бейнеленген гравюра / Alamy

Троуттың бизнес-гений болғаны сөзсіз, мансабының соңында компанияның вице-президенті болғаны бекер емес. Ол жарнама орнын және жарнама жапсырылған сіріңкені жеке диструбуциялық желі арқылы сату әлдеқайда тиімді екенін түсінді. Оның ішінде жарнама берушілердің өзіне де дайын көлемді сіріңке партиясын алғаннан жарнама алған әлдеқайда пайдалырақ. Осыдан кейін ісі алға басып, кәсіп өрге домалады.

Diamond Match Co. бәрінің маркетигке жұмсайтын қаржысы азайып, сіріңке әдірәм қалған Ұлы Тоқырауға дейін ақшаның астында қалды. Содан кейін бұл компания тағы бір ұтымды ойды жүзеге асырды. Олар қорап бетіне кино жұлдыздар, спортшылар секілді танымал адамдардың суретін салып, адам арманын арқалап жүретін сіріңке сатты. Оған қоса филумения, яғни, сіріңке қораптарының коллекциясын жаппай жинаудың бастауында тұрды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Америкада жылына жарты триллион сіріңке2222 Тарихтағы ең қиын әлемдік экономикалық дағдарыс.iАҚШ-тағы ең қиын кезең 1929 жылдан 1933 жылға дейін созылды. Ол кезде жалпы ішкі өнім бір ширекке дейін түсіп, өндіріс орындарының жұмысы ғасыр басындағы көрсеткішке дейін кері домалады, ал жұмыссыздық төрт есеге өсіп, елдегі жұмысқа қабілетті азаматтардың 20%-ы екі қолға бір күрек таба алмады. өндірілген. Оның 200 миллиарды «кітапша», 100 миллиарды біздің көзіміз үйренген қораптағы ағаш сіріңке, ал тағы 200 миллиарды кез келген бұдыр жерге үйкесең болды тұтанып кететін ұзын ағаш сіріңке еді.

Америка мұражайындағы фосфорлы сіріңкелер / Wikimedia commons

Америка мұражайындағы фосфорлы сіріңкелер / Wikimedia commons

Содан кейін, бір жағынан, арзан шақпақтар (оттық), электропештер және ұшқын шашатын тетігі бар газбен жанатын пештер пайда болса, тағы бір жағынан темекі шегуге қарсылық та қылаң берді. Сіріңке бұрынғыдай ауадай қажет дүние болмай қалды, бірақ әлі күнге дейін аты дардай мейрамханалар немесе қонақ үйлер өз жарнамасы салынған «кітапша» сіріңкелер ұсынады. Айтпақшы, Diamond Match Co. компаниясы бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Олар жылына 12 миллиард сіріңке өндіреді.

Анастасия Овсянникова

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ