Оқ-дәрі, компас, қағаз және кітап баспасы. Бұл — Қытайдың төрт ұлы өнертабысы. Мына тізімге сіріңке кірмей қалды, себебі ортағасырлық Қытайда сіріңкенің прототипі деп айтуға болатын затты ғана ойлап тапты. Бұл зат — күкірт жағылған қарағай жаңқасы. Онымен от тұтату мүмкін емес еді, дегенмен әлсіз жанып тұрған оттың өзін алаулатып жібере алатын қасиетке ие болатын.
От тудырушы құл
«Сіріңкенің атасы» туралы бізге белгілі үш дерек кездеседі. Біріншісі 10 ғасырдың басында жазылған. «Таңғажайып пен тылсым туралы жазбалар» деген трактаттың авторы Тао Гу былай дейді: «Бір өнертапқыш адам қарағай жаңқасына күкірт жағып, қол астында ұстауға болатындай зат ойлап тауыпты. Бұл жаңқалар отқа тиіп кетсе болды лап ете қалып, алауы көзге масақ сияқты көрінеді. Ғажап туындыны бұрындары «от тудырушы құл» десе, саудаға түскелі бері «бір дюймге1
Сенімді деректерге сүйенсек, 1291 жылы болса керек, Қытайдан қайтып келе жатқан сапарында Марко Поло3
Алайда 14 ғасырдың ортасында өмір сүрген Тао Цун-И5
Бұдан басқа біз бұл өнертабысы туралы ештеңе білмейміз, сол үшін де бірнеше жүзжылдыққа алға және 10 шақырымдай батысқа, яғни Еуропаға қарай ығыссақ деп отырмыз.
Сабыр түбі — сары алтын
1805 жылы француз Жан Шансель алғашқы және қазіргі сіріңкеге ұқсас затты ойлап тапты. Ол сіріңке шиінің басына бертолет тұзы,7
Сіріңкенің осы түрі шалғайда қар құрсауында жатқан Ресейге де жеткен: 1824 жылғы қарашада Пушкин Тригорскоедан9
Сіріңке шиінің басына не жағамыз деп басы қатқандар 19 ғасырдың басынан соңына дейін тәжірибе жасаумен болды. Өнертапқыштар ең басты үш проблеманың түйінін шешуге тырысты, олар: өздігінен тұтану, шашыраған ұшқын және удың бөлінуі.
Бірақ бұл тәжірибелердің бәрі дерлік сәтті болды деп айтуға келмейді. Мысалы ағылшын Джон Уокер («Джонни Уокер» вискиіне түк қатысы жоқ) ойлап тауып, шотландық Айзек Холден жетілдірген, оның шәкірті Сэмюел Джонсонның әкесі патентін алған (иә, тарихы шым-шытырық) сіріңке туралы айтып көрейік. Бұл өнертабысы «сайтанның сіріңкесі» деген атпен сатыла бастады. Бұндай атаудың да өз сыры бар. Мысалға, бұл сіріңкені жаққанда ұшқынынан өрт пайда болып, тікелей мағынасында қолыңда жарылып кетуі әбден мүмкін еді. Оған қоса тозақтағы бар күкірттің иісіндей қолқаңды алады. Айтпақшы, саудада ұзақ уақыт бола алмаса да, 20 ғасырдың басына дейін сіріңкені америкалық сленгте «люциферлік» деп атап келді.
«Сайтан сіріңкесінің» қызығы 1830 жылы француз Шарль Сориа ойлап тапқан, көпшілікке «локофоко»13
1844 жылы швед өнертапқышы Густав Эрик Паш ақ фосфорды қолданбайтындай әдіс ойлап тапқан еді:14
Қазір де біз сол сияқты сіріңкені пайдаланамыз.16
Сіріңке һәм саясат
«Локофоко» сіріңкесі есіңізде ме? 1830-жылдардың екінші жартысында жұмыс істеген АҚШ-тың Демократиялық партиясының фракциясы осылай аталған. Нью-Йорктегі партиялық жиналыста билік жақтаушылары газбен жанатын шамдарды өшіріп, шараны тоқтатқысы келген деседі. Сол кезде қарсыластары осы сіріңкені пайдаланып, майшам жаққан. Содан кейін олар «локофокиалықтар» деп аталып кеткен. Локофокиалықтар жұмысшы таптың атынан сөйлеп, laissez-faire17
Бірнеше онжылдықтардан кейін Антлантиканың қарсы жағалауында сіріңкенің кесірінен едәуір күшті саяси жағдайлар болды. Бәріне кінәлі жоғарыда айтып өткен ақ фосфор еді. Егер бұл элемент сіріңкені қолданған адамға улы болса, онда соны жасайтын өндіріс орынындағы қызметкерге тіпті қауіпті екені бесенеден белгілі. Тіпті «фосфорлы жақ сүйек» деген диагноз да қойылған кездер болған. Улы буланудың әсерінен сүйек бұзылып, тіс түсе бастаған. Бұл іспен жағдайы өте нашар әрі әлсіз әйелдер, балалар мен мүгедектер айналысқанына таңғалмайсың.
1880 жылға қарай ағылшын нарығында Bryant & May компаниясы ірі ойыншыға айналды. Олардың фабрикаларында бес мыңға жуық адам жұмыс істеген, көбі — жасөспірім қыздар мен шыққан тегі ирландиялық әйелдер еді. Айтпақшы, Bryant & May швед сіріңкесінің лицензиясын сатып алып, оның да өндірісімен айналысқан, бірақ өндіру бағасының қымбаттығына байланысты ақ фосфорға қайта оралған.
1888 жылы қоғам қайраткері Анни Безант сіріңке фабрикаларындағы жұмысшыларға жағдай мүлде жасалмағаны және ақ фосформен жұмыс істеудің өте қауіпті екенін жазып, мақала жариялаған. Компания менеджменті қызметкерлерге бұны теріске шығарып, қарсы пікір білдіріңдер деген кейіп танытқан (таныс жағдай, солай ма?). Олар бұған үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бір әйел солай жұмысынан айырылған. Содан бұрқ етіп ереуіл де басталып кетті. Бір күннің ішінде фабрикалардың бірінен бүкіл жұмысшы келіп қосылды. Бұл — 1400 адам.19
Олар Анни Безанттан көмек сұрады. Ал Безант саналы қоғам өкілдерін көтерді. Басқасы басқа, Джон Бернард Шоу20
Ал белсенділер ақ фосфорға қарсы айқасты жалғастыра берді. Бұның да нәтижесі көп күттірмеді. Bryant & May компаниясы 1901 жылы ақ фосфорды қолданудан бас тартты.
Жарнама орны
Сіріңке «кітапшаларын» 1889 жылы америкалық Джошуа Пьюси патенттеп алған. Кейін ол Diamond Match Co. деген компанияға өз құқығын сатып жіберген. 1895 жылы «Мендельсонның опера труппасы» (композитор емес, басқа Мендельсон)21
Бір жылдан кейін Diamond Match Co. компаниясына жас саудагер Хенри Троут жұмысқа тұрды. Опера жарнамасы жазылған сіріңке туралы білді ме, жоқ па, белгісіз, бірақ ол өте ірі өндіріс орындарын аса көп мөлшерде олардың жарнамасы бейнеленген сіріңке сатып алуға көндіреді. Алғашқы тапсырыс беруші — Милуокидегі сыра қайнататын компания. Бұл өндіріс орны 10 миллион дана сіріңке «кітапшасын» сатып алған. Содан кейін әлдебір табак магнаты (30 миллион), үшіншісі «сағыз королі» Вильям Ригли (Wrigley’s) бірден миллиард данаға тапсырыс берген.
Троуттың бизнес-гений болғаны сөзсіз, мансабының соңында компанияның вице-президенті болғаны бекер емес. Ол жарнама орнын және жарнама жапсырылған сіріңкені жеке диструбуциялық желі арқылы сату әлдеқайда тиімді екенін түсінді. Оның ішінде жарнама берушілердің өзіне де дайын көлемді сіріңке партиясын алғаннан жарнама алған әлдеқайда пайдалырақ. Осыдан кейін ісі алға басып, кәсіп өрге домалады.
Diamond Match Co. бәрінің маркетигке жұмсайтын қаржысы азайып, сіріңке әдірәм қалған Ұлы Тоқырауға дейін ақшаның астында қалды. Содан кейін бұл компания тағы бір ұтымды ойды жүзеге асырды. Олар қорап бетіне кино жұлдыздар, спортшылар секілді танымал адамдардың суретін салып, адам арманын арқалап жүретін сіріңке сатты. Оған қоса филумения, яғни, сіріңке қораптарының коллекциясын жаппай жинаудың бастауында тұрды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Америкада жылына жарты триллион сіріңке22
Содан кейін, бір жағынан, арзан шақпақтар (оттық), электропештер және ұшқын шашатын тетігі бар газбен жанатын пештер пайда болса, тағы бір жағынан темекі шегуге қарсылық та қылаң берді. Сіріңке бұрынғыдай ауадай қажет дүние болмай қалды, бірақ әлі күнге дейін аты дардай мейрамханалар немесе қонақ үйлер өз жарнамасы салынған «кітапша» сіріңкелер ұсынады. Айтпақшы, Diamond Match Co. компаниясы бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Олар жылына 12 миллиард сіріңке өндіреді.