Антика қалалары жайлылығы мен комфорты жағынан көптеген заманауи қалалардан кем түспейтін. Әрине, бұл жайлы жағдай негізінен қомақты қаржысы бар адамдарға арналған еді. Дегенмен қаржысы аз адамдар да ыңғайлы тұрмыс жайын жасай алатын.
Ежелгі римдіктер шомылғанды қатты ұнататын. Термо монша — ең көп баратын қоғамдық орын саналатын. Пештер тәулік бойы жанып тұратын, ал жаттығудан шаршап шыққан қонақтар әрдайым ыстық және суық бассейнге түсе алатын.
Сонымен қатар римдіктер тога киюді қатты ұнататын — нағыз Рим ұлына лайықты жалғыз киім осы еді. Ол — ақ матадан жасалған, денеге орап алатын көйлек-туника. Әппақ салтанатты бұл киімді үнемі жуып отыру керек болғандықтан Римде кір жуатын орындар моншалардан кем емес еді. Себебі тога иесі қарапайым көпқабатты үй-инсулада өмір сүре алатын, мұндай үйлерге тіпті суық суды да қоғамдық қайнардан құмырамен тасу керек болған. Сумен қамтамасыз етудің жайы осындай болғандықтан, қоғамдық монша мен кір жуу орындары — жалғыз мүмкіндік еді және су құбырының, терма бұлақтар мен кір жуатын орындардың жай-күйіi
Ал ауқатты жеке үй иелерінде мұндай проблема болмаған. Оларға су арнайы, ақысы жеке төленетін құбыр арқылы тікелей үйге келетін, ал оны жылыту үшін қазіргі заманғы бойлерлерге ұқсас қондырғы қолданылған.
Мысалы, Везувий жанартауының 79 жылы атқылауы кезінде күл астында қалған Помпей маңындағы Боскореал мекенінен қазба жұмыстары кезінде табылған делла Пизанелладағы мына вилладағы жақсы сақталған бойлердің түрі осындай. Бұл бойлер біздің дәуіріміздің басында жасалған, ол римдіктер «префурниум» деп атаған жартылай жертөле қазандық бөлмесінде орналасқан. Оған су құбыр арқылы келіп тұрған, ал оны пешпен жылытқан. Бұл пеш заманауи бу жылыту жүйесінің аналогы — гипокаусттыңi