БЫЛҒАРЫ КӨПІРШІК — ЕРЛЕРДІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫ

Футбол добының тарихы

1971 жылғы 12 маусымда ГФР мен Албания арасындағы Еуро-1972 іріктеу кезеңінің матчы/Getty Images

14 маусымда Германияда футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Дүние жүзіндегі миллиардтаған адамдар Мбаппе, Тони Кросс, Беллингем және басқа да атағы шықпаған спортшылардың жанын салып, бір-бірінен айласын асырып, ең бастысы, допты қалай тартып алуға тырысатынын, тіпті, оны қақпаға қалай соғатынын бақылайды. Осы тамаша оқиғаның құрметіне Qalam бүкіл әлемді есінен тандыратын доптың тарихын қысқаша баяндауды жөн көрді.

Мазмұн

Месопотамия мен Мысырдағы доп

Алғашында сөз пайда болды, содан кейін Жаратқан Ие аспан мен жерді жаратты, содан кейін адамдар допты ойлап тапты. Әрине, бұл жерде аздаған жасандылық болуы мүмкін, бірақ ойнауға деген ұмтылыс адамдардың табиғатына тән дүние: кез келген сүтқоректілердің балапандарына қараңызшы. Бәлкім, ежелгі адамдар допқа ұқсайтын заттармен ойнаған ойындар да болған шығар. Солай десек те, доппен және дөңгелек (мүмкін) снарядпен ойнайтын ойынның алғашқы жазбаша дәлелі біздің эрамызға дейінгі 3 мыңжылдықта «Гильгамеш» эпосында, дәлірек айтсақ, «Гильгамеш және жер асты әлемі» жырында кездеседі. Онда Гильгамешiшумер аңыздарының мифтік патша-кейіпкеріИннин құдайының өтініші бойынша арыстан басты бүркіт пен сол жерге қоныстанған жын Лилитті алып талдың арасынан қуып жібергені, содан кейін құдайға арналған ағаш орындық және төсек, ал өзі үшін (соңғы түсіндірме бойынша) ойнауға арналған ағаш доп пен жарғанақ жасағаны туралы айтылады. Кейінірек, доп жер асты әлеміне түсіп, оның артынан барған Гильгамештің бауыры Энкиду бірнеше тыйымдарды бұзғандықтан, қайтып орала алмайды. Гильгамештің өтінішінен кейін ғана құдайлар оған Энкиду рухымен сөйлесуге рұқсат береді.

Ассириялық цилиндрлік мөрдің ізі. Мөрде Гилгамеш эпосының мифологиялық кейіпкерлері бейнеленген. Б.з.б. 14-12 ғасырлар/Wikimedia commons

Гильгамешке келетін болсақ, ежелгі эпосты түсіндіру мәселесі әлі де күн тәртібінде болса, Ежелгі Мысырда доп ойыны сөзсіз бұрыннан болған. Ғалымдар қабірлердің фрескаларында мысырлықтардың о дүниедегі өмірге деген сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен бірге жердегі қуаныштарын да көрсеткен. Олардың арасында дөңгелек заттармен жонглерлік ойын көрсеткен қыздардың да суреттері бар. Молалардан жақсы сақталған қамыс немесе зығырдан жасалған дөңгелек шарлар табылған. Сондай-ақ қабірлерде шаш немесе сабан толтырылған былғары доптар бар. Бір баланың қабірінен археологтар, тіпті, доп пен тастан жасалған түйреуіштері бар «боулинг жиынтығын» тапты.

Зығыр матадан жасалған, сырты қызыл және жасыл сегментті құрақ жолақтармен безендірілген, екі шетінде дөңгелек құрақ сынықтары бар, зақымдалған ойыншық шар. Рим кезеңі б.з.б 1-2 ғғ. Мысырда табылған/The Trustees of the British Museum

Ежелгі доптар

Доптарды ойнау үшін пайдалану туралы бірнеше есе көп дәлелдер бізге Ежелгі Грециядан келді. Ашығын айтсақ, ол жерде допқа жеңіл-желпі көзқарас болды. Стадиондары, гимнасиялары, палестралары және Олимпиадалық ойындары бар ұлы ежелгі спорт индустриясы жеңіл атлетика мен күрестің әртүрлі түрлеріне негізделген-ді. Доп жарыс емес, ойын-сауық нысаны болды. Сондықтан антикварлық керамика бұйымдарында ерлерге қарағанда, әйелдердің доп ойнайтынын жиі көретініміз бекер емес. Гомердің «Одиссеясында» сұлу ханшайым Наусика доппен ойнайды.

«Өзін және достары мен қызметшілерін тамаққа тойдырған ханшайым,

бас киімдерін жинап алып, оларды доп ойнауға шақырды».iаударған Жуковский

Басқа грек жазба деректерінде доп ешқашан «жеңіс» немесе «жеңілу» сияқты сөздермен қатар тұрған емес. Соған қарамастан, гректерде доппен ойнайтын ойын пайда болды. Оны «эпискирос» деп атаған, ал римдіктер оны «harpastum» деп атайтын болады. Бұл заманауи регбиге ұқсайтын өте қатыгез көрініс болатын-ды. Бұл ойында доп серпілмеуі керек еді (жалпы, ежелгі доптарда бұған қатысты проблемалар болған). Ол зығырдан немесе жүннен жасалатын, арқанмен тығыз оралып, жіппен тігілетін-ді.

Ал ежелгі римдіктер доп ойындарын өте құрметтейтін. Оларда ойындардың ондаған түрі болды — жеке, жұптық және командалық, сондай-ақ римдіктерде доптың үш түрі болды.

Доп-«пИла» кішкентай былғары доп, жұдырықтан сәл үлкенірек, әдетте, шашпен, кейде құммен немесе үгінділермен толтырылған. Онымен ойнағандар әдетте, мұндай допты бір-біріне алыс қашықтықтан лақтырудан тұрды. Олар допты қолмен лақтырды.

Бейсбол ойыншысы. Коринфте жасалған терракоталық мүсін, б. з. д. 3 ғасыр, Коринф/Musée du Louvre

Фоллис добы сиырдың немесе шошқаның қуығынан жасалып, ауамен үрленіп, байланатын. Бізге белгілісі, Фоллиспен волейболға ұқсас ойын ойнаған — екі команда допты бір-біріне лақтырды.
Фоллиспен ойнайтын ойындар термалды моншалардағы ойын-сауық ретінде танымал болды, олар денені сергітіп, нығайтатын емдік жаттығу болып саналды. Біздің дәуірдің тоғысында өмір сүрген дәрігер Авлус Корнелий Цельс емделіп жатқан науқастарына келесідей кеңес берген:

«Жаттығу әрқашан тамақтанудың алдында тұруы керек... жақсы жаттығу дауыстап оқу, семсерлесу, доп ойнау... жаяу жүру... портиктен гөрі ашық ауада жақсырақ болады; Егер сіздің басыңыз шыдаса, көлеңкеде емес, күн астында жасаған жақсырақ... жаттығулардан кейін моншаға түсу керек».iЦельс, «Медицина туралы»

Дегенмен фоллиспен ойналатын ойындар дені сау, күшті жас жігіттер мен ер адамдар үшін сай емес деп саналды, оларға ауыр жүктемелер орынды болатын-ды. Қалай болғанда да, МартиалiiРим ақыны, 41–101 жж. өзінің эпиграммаларының бірінде осыны талап етеді.

«Жігіттер, кетіңдер! Менің әлсіз жасым маған жарасады; лайықты

Қарт адамдар үрлемелі доппен ойнайды, ал ұлдар жай ғана ойнайды».iаударған G.M Сeвeр.

Спортпен айналысып жатқан римдіктер. Сицилиядағы Пьяцца Армерина маңындағы романа дель Касале вилласындағы Мозаика, 15 Сәуір 2015 ж./Kenton Greening/Wikimedia Commons

Үшінші доп — паганика, — былғарыдан жасалған және қауырсынмен немесе жүнмен толтырылған, ол қазіргі футбол добынан сәл үлкенірек болды және ұқсас әдіспен, — допты аяқпен немесе жамбаспен соғу арқылы ойнады.

Доппен ойнап отырған ежелгі грек футболшысы. Пирейден табылған мәрмәр қабір стеласының сынығы, б.з. д. 400-375 ж. ж. жас жігітті оның қолында арибаллос пен стригил бар жас қызметшісі бақылайды./National Archaeological Museum, Athens

Айтпақшы Еуро додада топ жарған командаға беретін кубокта қашалған барельеф ежелгі гректердікі.

Еуро-2016 финалы: Португалия футбол командасының капитаны Криштиану Роналду ежелгі грек барельефі бейнеленген кубокты ұстап тұр / Getty Images

Дөңгелек планетадағы дөңгелек доп

Римдіктер допқа деген сүйіспеншілігімен әлемнің басқа халықтары арасында ерекше көзге түскен емес, — бізде Римдегі тұрмыс туралы көптеген мәліметтер сақталған. Бірақ қай аймаққа көз салсақ та, біз доп ойындарының, кем дегенде, бірнеше нұсқасын табамыз. Былғары допты аяқпен тебу — ежелгі Жапониядағы ақсүйектердің көңіл көтеретін танымал ермегі, Кореядағы шаруа балаларының танымал ойыны болған. Дала тұрғындары да былғары мен киізден доп жасап, балаларының көңілін көтерді, африкалықтар өгіздің көпіршіктерін үрлеуді римдіктерден кем білмеген, славяндар қайыңның қабығынан шарлар жасады, ненецтер мен коряктар хоккей мен футбол араласқан ойын ойнаған, олар доптың орнына тюленнің домалақ басын пайдаланған.

Доптар біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығында футболға ұқсас Цуджу ойыны тараған Қытайда ежелгі уақыттан бері танымал болды.

Қытай: Ұзақ көктемдегі жүз бала. Балалар футболдың ізашар ойыны куджаны ойнауда. Сун әулетінің суретшісі Су Ханчен (1101-1160) (Ұлттық сарай мұражайы, Тайбэй)/Wikimedia Commons

Доп ең керемет танымалдыққа басқа континентте — Америкада ие болды. Мезоамерикандық доп ойыны жай ғана ермек емес еді: онда стадиондар салынды және ойындар көбінесе, салт-дәстүрлік құрбандықтармен біріктірілді (Колумбқа дейінгі Америкада солай болатын-ды). Ойынның ережелері белгісіз, бірақ ойыншылардың физикалық тұрғыдан өте мықты болуы керек екендігі анық, доптардың салмағы, шамамен, 4 кг болды, олар қазіргі футбол добынан үлкен болмаса да, тұтас каучуктен жасалатын-ды. Өйткені жердің басқа тұрғындарына қарағанда, мезоамерикандықтардың жолы болды. Олардың континентінде өңдеуге болатын металдар аз болса да, мінетін немесе арбаға жегетін ірі тұяқтылар болмаса да, бүкіл Америкада каучук өсімдіктері тығыз өсетін-ді.

Секіретін және серіппелі доптар, әрине, кез келген қауырсынға оралған шүберектерден бірнеше есе жақсы болды.

Дегенмен Америкада тек резеңке доптармен ғана ойнады деуге болмайды. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, кәдімгі ойын доптарынан басқа тері жамылғысымен жабылған бас сүйегінен жасалған ғұрыптық «доптар» да болған. Зерттеушілер негізге алған суреттер ежелгі Чичен-Ица ​​қаласындағы стадионда табылды.

Гаити аралына келген испандықтарiол кезде Эспаньолажергілікті тұрғындардың доппен қалай ойнағаны туралы сипаттама қалдырды. Еуропалықтарды бәрінен де бұрын таң қалдырғаны үнді добы жерден оңай секіріп кететін-ді:

«Мен шарлардың жерге тиіп, соншалықты керемет серпіліспен ауаға қалай ұшатынын түснбеймін», – деп жазды Педро Мартир д'Англерия, Карл V сарайындағы корольдік тарихшы11Карл ViИспания королі 1516 ж.–1556, Қасиетті Рим императоры 1519–1558

Доминикандық діни қызметкер Диего Дуран да аз таңырқаған жоқ. «Секіру — оның сапасы, жоғары және төмен, алға және артқа. Бұл допты ұстай алмай, артынан жүгірген қуғыншыны шаршатуы мүмкін».iJohn Fox. The Ball: Discovering the Object of the Game. HarperCollins, 2012. P. 103

Юкатан, Мексиканың ұлы майя қаласының - Чичен-Итца қирандыларындағы ұлы доп кортының қабырғаларында доп ойыншылары бейнеленген тас рельефтер қабырғасы. Испан отарлауына дейінгі Чичен-Итца қаласы -ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра./Jon G. Fuller, Jr./Alamy

Орта ғасырдағы доптар

Ұзақ уақыт бойы Жаңа Әлемнің резеңке доптары Ескі әлемнің спорттық өміріне ешқандай әсер еткен жоқ. Еуропалық орта ғасырлар доптарды өндіруді ешқандай серпіліссіз қалдырды, дегенмен ойындардың өзі әртүрлі болды: теннис, гольф, футбол және басқа заманауи ойындардың прототиптері пайда болды. Доптарды жасау технологиясы ежелгі дәуірдегідей болды: олар не көпіршікті, не ішіне жеңіл нәрсе салынған былғары сөмкені пайдаланды. Сондай-ақ, доптың пішініне арнайы талаптар болған жоқ: ол дөңгелек, ұзын немесе цилиндрлік болуы мүмкін еді.

"Александр туралы романның" бөлшегі/Oxford, Bodleian Library

Ал доптың өзі ойындарда негізгі элемент болған жоқ. Орта ғасырларда Англияда тобыр футболы (Mob football) танымал болды. Ол Еуропаның басқа бөліктерінде әртүрлі нысандарда болды, бірақ бұл оқиғаның культтік мәртебесі дәл осы Тұманды Альбионда сақталды. Ашығын айтсақ, ол кезде доп көмекші рөлді көбірек ойнады: бүкіл ауыл немесе қала (әдетте, халықтың еркектер бөлігі) доптың артынан жүгіру үшін далаға жиналды, мысалы, семіз сейсенбіде.iЕуропа христиандары Оразасының алдындағы карнавалдың соңғы күніКейде олар допты соқты, енді бірде оны қолдарымен лақтырды, бірақ көбінесе, қатысушылар бір-бірімен төбелесіп, доптарды ұмытып кететін-ді. Қолында добы бар жүгіруші пышақ ұстаған жүгірушіге соқтығысқан жағдайлар сипатталған. Мұндай қақтығыстың нәтижесі анық болатын-ды. Оның үстіне, мұндай ойындарда доптардың да көп болуы мүмкін.

Эшборн, Дербишир, Ұлыбритания: 2018 жыл, 13 ақпан: Ауыл футболы ойыны Англияда Майлы сейсенбіге орай 12 ғасырдан бері өткізіліп келеді / Alamy Live News

Ағылшын добы мен резеңке

Айталық, сонау 1848 жылы Англиядағы университеттік футбол жарыстары кезінде спортшылар шошқаның қуығынан жасалған, былғарыдан жасалған допты қатты соққанда, ол оңай жыртылатын, әрі қисық емес доптың соңынан жүгіріп жүрді.

Әлемдегі ең көне футбол добы, 1540 жылы, Стерлинг сарайы./Smith Art Gallery & Museum, Stirling

Футбол добы американдық өнертапқыш Чарльз Гудьер 1838 жылы каучуктен резеңке вулканизациялауды үйренгеннен кейін ғана өзгерді. Содан кейін де ол доптармен жұмыс істей бастаған жоқ — әлемдегі алғашқы резеңке футбол добын Goodyear компаниясы 1855 жылы ғана шығарды. (Ол әлі күнге дейін Ононтада (Нью-Йорк, АҚШ) орналасқан Ұлттық футбол даңқы залында сақтаулы.

Тағы жеті жылдан кейін ескі және жаңа технологияларды біріктіре отырып, өнеркәсіпшілер үрлемелі резеңке көпіршігі бар былғары доп жасады, осылайша нағыз футбол добы деп аталуға құқығы бар нәрсе дүниеге келді. Атап айтарлығы, оның қолында бар-жоғы 18 былғары панель болған-ды, (заманауиы 32). Жаңа материалдардан жасалған заманауи доптарға қарағанда, оның серіппелігі мен қаттылығы төмен болды, алғашқы доп пішінін дұрыс сақтамады. Өйткені ол созылатын, ал үрлемелі камера кейде көпіршіктеніп кететін. Соған қарамастан, ол қазір біз білетін, қолмен ұстатпайтын, кейде тебетін доп болатын-ды.

Айтпақшы, ол қоңыр түсті болды. Футбол, шын мәніндегі, жаппай көрініске айналғанда, доптар жақсырақ көріну үшін ақ түске бояла бастады, ал ақ-қара теледидарлардың пайда болуымен футбол добы әлі күнге дейін мақтанышпен киетін ақ-қара түсті теріге киінді, қарлы күндерде — қарлы алаңда қызғылт сары доппен ойнайды.

Нені оқуға болады?

Меркулов, Я. А. История развития игр с мячом / Я. А. Меркулов, Н. А. Щеглова, Е. А. Сундукова. Юный ученый. — 2022. — № 5 (57)

John Fox. The Ball: Discovering the Object of the Game. HarperCollins, 2012.

Көшірілді