СТОУНХЕНДЖ ТОСЫНСЫЙЛАРЫ

Британдық друидтер ғалымдарды тағы да таңғалдырды

Стоунхендж. Үстінен көрініс/David Goddard/British Geographical/Getty Images

Ұлыбританиядағы Стоунхендж салттық құрылымы төрт жарым мың жыл бұрын пайда болса да, бірақ әлі күнге дейін олардың маңызды жаңалықтары  адамзатты қуантып келеді.

Стоунхендж орталығына жақын жерде мегалиттермен қоршалған «Құрбандық тасы» деп аталатын тас бар, сол салмағы алты тонна тартатын, ұзындығы екі метр алып тас жерге батып кете жаздады. Ол сондай-ақ дәстүрлі түрде «Object 80» деп аталады, бұл құрылымның ресми техникалық сипаттамаларында осылай көрсетілген. Сонымен қатар оның «Көгілдір тас» деген де атауы бар, өйткені «Object 80»-нің құрылымы мен түсі Стоунхендждегі басқа тастардың көпшілігінен ерекшеленіп, сәл көкшіл тартып тұратыны бар.

Стоунхендж. Құрбандық тасы/Wikimedia Commons

Ал енді Sky News хабарлағандай, тастың қайдан келгені белгілі болды. Ол Солтүстік Шотландиядан –Стоунхенджден 700 шақырымнан астам қашықта орналасқан тау жынысы кен орны Оркадия ойпатынан әкелінгені анықталды. Геологиялық талдау бұл фактіні даусыз растады, яғни тастан табылған пайдалы қазбалардың түрлері және оның кристалдарындағы радиоактивті уранның іздері, мерзімін анықтауға жол ашады және қайдан келгенін білуге мүмкіндік береді. Айтпақшы, бұл тастың 2 миллиард жылдық ғұмыры бар.

«Object 80» Стоунхендждегі тау жыныстарынан мүлдем өзгеше жалғыз тас емес, мұнда бірнеше ірі тастар бұрыннан «шалғайдағы таудан келген қонақ» ретінде анықталған. Бірақ бұрын ғалымдар бұл тастар Англияның оңтүстігіне бір кездері осы жерлерге жойқын мұзарттармен бірге көшіп келген болуы мүмкін деп сенген.

Стоунхендж/Wikimedia Commons

Енді ғалымдар тастың зақымдану сипатын зерттей келе, оны мұздықтар көшіріп әкелмеген деседі. Мұнда бұл тас Стоунхендж құрылысы кезінде оны адамдар сал жасап, соған тасты тиеп, арнайы әкелген-міс. Ал бұл жалпы британ тарихына деген көзқарасты өзгертеді.

«Осындай көлемді және ауыр жүкті Шотландиядан Англияның оңтүстігіне құрлық жолымен тасымалдау тым қиын болар еді, бұл Британ жағалауында теңіз жолы болғандығы ықтимал деген ойға жетелейді. Бұл неолит дәуірінде Ұлыбританияда болған деп есептелгеннен гөрі алыс сауда желілері жұмыс істеді және қоғамдық ұйымның деңгейі жоғары болды деген сөз» – дейді Австралиядағы Кертин университетінің профессоры, зерттеудің бірлескен авторы Крис Киркланд.

Көшірілді