ТАҢҒЫШ

Қытайлық әйел аяғының тарихы

Майкл Маслан. Қытайлық әйелдер мен ұлдары. Оңтүстік Қытай. 1900 жыл / Corbis/VCG via Getty Images

Дүниежүзінде қайта-қайта басылып шыққан афоризмдер жинақтарында данышпан Лао-цзыiБ.д.д. 6-5 ғ.ғ. ежелгі Қытай философы Қытайдың жетекші философиялық жүйелерінің бірі даосизмнің негізін салушы. айтты деген: «Біреудің жолын оның аяқкиімімен жүріп өтпейінше, айыптама» деген сөзі бар.
Шындығында, даосизмнің негізін қалаушының туындылары болып саналатын бізге жеткен мәтіндердің ешқайсысында аяқкиім туралы, атап айтқанда бәтеңке, сандал немесе платформадағы лубутендер туралы, өкінішке орай, бірде-бір сөз жоқ. Бірақ бұл сөздің мән-мағынасы өте керемет.
Біз үшін, әсіресе, 21 ғасырдың тұрғындары үшін өте маңызды, әрине, қазіргі кезең жұмақ емес, дегенмен көпшілігіміз ежелгі императорлардың ешқайсысында болмаған жайлы өмір сүруге мүмкіндік алып отырмыз.

Қазіргі адамдардың көпшілігі нағыз аштық, суық, қорқыныш, еңбек, надандық пен тәуелділіктің не екенін түсінбейді, біз өткен күннің оқиғаларының бәріне еріксіз, жуынатын бөлмесінде ыстық суы, тоңазытқышында сол күні дайындалған йогурты, дәрі-дәрмек құтысында — ауруды басатын дәрілері, ал интернетте — дұрыстап іздеп көрсеңіз, дүниенің бар білімі, бүкіл өнер қазынасы жинақталып тұрғанына үйреніп қалған адамның көзімен қараймыз.
Міне, сондықтан да бізге қарапайым адам сияқты өмір сүрудің орнына, ой-өрісінің шектеулері кесірінен неше түрлі қайғылы сұмдықты тудырған ақымақ, зұлым, іштар ата-бабаларымызды айыптау оңай.

Бұл орайда жақында Facebook желісінде болған бірнеше пікірталастың орны ерекше екенін атап айтайық — олардың бірінде туған балаларын жетімдер үйіне жіберген Марина ЦветаеваныiОрыс ақыны (1892-1941). қатты сөгіп жатса, екіншісінде олар білім туралы трактаттар жазған, бірақ оңбаған РуссоныiЖан-Жак Руссо (1712-1778) — француз философы, ағартушы. (көрші үй қызметшісімен тапқан сәбиін балалар үйіне өткізіп жібергені үшін) қатты табалап жатты. Тамағы тоқ, уайымы жоқ, шоколад кәмпиттің қаптамасын сыбдырлатып ашып жеп отырған желі пайдаланушылары осы екі жазушыны адамгершілігі төмен деп қатты айыптады.
Мәскеудегі сұмдық ашаршылық пен қыстың қара суығынан балаларын аман алып қалу үшін бар мүмкіндікті іздеуге мәжбүр болған ақын ананың әрекетін, өкінішке орай, замандастарымыз түсінгісі де, көз алдарына елестеткісі де келмейді.
Сондай-ақ Руссоның да жағдайын тек жақсы тарихшы ғана түсіне алады, өйткені 18 ғасырда Парижде сәбиді қонақ үй шатырында бағып-қағу мүмкін емес еді, өйткені шатырда жылу да, су да жоқ. Отбасы жоқ және қаражаты жеткіліксіз адам сәбиді асырай алмайтыны сөзсіз, сондықтан баланың Жетімдер үйінде өмір сүріп, тәрбиелену мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болды.

Лао Цзы не деп айтып еді? Тарихи контекстен тыс үкім шығаруға болмайды, әйтпесе орынсыз ақымақтық пен әдепсіздікке жол береміз. Иә, бұрынғы кездің кейбір әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері қазіргі күні бізге ақылға қонымсыз, қатал және орынсыз болып көрінеді. Бірақ мәселені мұқият, шынайы зерттесек, олардың қалай және неліктен пайда болғанын түсіне аламыз. Мысалы, Қытайдағы жантүршігерлік салт-дәстүрдің бірі әйелдердің аяғын таңу дәстүрін алайық.

Герхард Йорен. 1930 жылдарда аяғы байланған әйелдерге арналған қытай аяқ киімі / LightRocket via Getty Images

Лотостағы Феникстің ілгегі

18–19 ғасырлардағы еуропалықтар «қытай әйелінің кішкентай аяғын» нәзіктіктің шексіз мысалы ретінде жиі атайтын, бірақ олар бұлай дегенде не туралы айтып жатқандары туралы түсініктері де болмайтын. Сол кездегі еуропалықтар кішкентай қол мен аяқты (тек әйелдер арасында ғана емес) ақсүйектер тұқымының белгісі ретінде қарастырып, өте жоғары бағалайтын. Ал қытайлық арулардың «құндақталған аяғы» туралы естігенде, олар жүргенде пішінін жоғалтуға жол бермейтін тығыз әдемі шұлықтағы өте кішкентай нәзік аяқты ғана елестететін.

Ал шындығында бәрі басқаша еді. Әйгілі «үш лотос аяғы»i10 сантиметрден сәл кішкентай. мұқият тексергенде, сүйектері сынған, жансызданып, семіп қалған және мумияланған саусақтары бар қорқынышты діңгек.

«Әжем екі жаста болғанда аяғын таңып тастаған. Дәл осындай аяқпен жүрген анасы алдымен алты метрлік ақ шүберекпен аяғын орап, бас бармағынан басқасының бәрін табанына қарай бүгіп, содан кейін сүйектерін сындыру үшін аяғын таспен қысып тастайды. Осы кезде әжесі қатты айғайлап, бірнеше рет есінен танып қалады. Бұл процесс бірнеше жыл бойы қайталана береді. Тіпті сынған сүйектер өспес үшін оларды үнемі тығыз байлап, таңып ұстау керек болатын. Менің әжем жылдар бойы әлсіретіп қалжырататын ауру сезімімен өмір сүрді».iЧжао Юн, «Жабайы аққулар».

Лалагүл пішініндегі аяқтар. Қытай. 1900 жыл / Getty Images

Үш лотос аяғы деформацияға ұшыраған тұяққа ұқсайтын, жансызданған саусақтар табанға бүгіліп, кейде ішінара мумияланып, тіпті түсіп қалатын, бірақ көбінесе тұрақты түрде қабынып және іріп-шіріп жүретін. Сондықтан күн сайын аяқтағы таңғыштарды шешіп, жараны емдейтін хош иісті сұйықтықпен жуып, содан кейін қайтадан мықтап таңып (өйткені кез келген жаста таңғыш болмаса аяқ өсуі мүмкін) және тар шұлыққа — қосымша хош иісті шөптермен толтырылған «феникс ілмегіне» салып қоятын, оларсыз жағымсыз иіс жан-жаққа тарап кетер еді.
Содан соң шұлықтың үстіне кішкентай тікбұрышты аяқкиім кигізілетін, түнде ұйықтағанда да осы аяқкиіммен жататын, өйткені қан айналымының бұзылуына байланысты қыз баланың аяғы үнемі тоңып жүретін. Қалай болғанда да, шұлықсыз және таңғышсыз аяқты ешқашан ешкімге, әсіресе күйеу жігіттерге көрсетпейтін: ер адамдар таңғыш пен хош иісті шөптердің астында не жасырылғанын білмеуі керек еді.

Мұндай аяғы бар әйел көбінесе өте баяу жүретін (ерекше қиын жағдайларда, қызметшілері шынтағынан сүйемелдеп алып жүретін), бірақ кейде аяғы сәтті қалыптасып, әйел өзіне тән шеберлікпен салыстырмалы түрде ұзақ уақыт қозғала алатын, бірақ, әрине, оның жүрісі де ерекше болатын: жамбасын үнемі тербелтіп, тізесін жоғары көтеріп және қолымен тепе-теңдікті сақтап шағын ұсақ қадамдармен жүретін. Бұл жүріс «феникс қадамы», «фениксті лақтыру» деп аталды және ерекше нәзік деп саналды.

Бір қызығы, аяқты таңу, құндақтау салты қайдан шыққанын білмейміз. Ол, әрине, біздің заманымыздың 10 ғасырына дейінгі қытай мәтіндерінде кездеспейді, алғашқы деректер 10–12 ғасырларға жатады және ол Сун династиясының соңында (13 ғасырдың аяғы) кеңінен таралған. Бұл әдет-ғұрыпты еркектердің әйелді қорлауының бір түрі ретінде жалпы қазанға жібергіміз келсе де, бұл таза әйелдердің меншігіндегі әрекет — оны әйелдер ойлап тапты, онымен әйелдер ғана айналысты, тіпті отбасындағы ерлердің бұған ешқандай қатысы жоқ болды. Тіпті ең патриархалды дәуірдің өзінде, ең патриархалды отбасыларда қыздардың аяғының қайсысын, қашан және қалай құндақтау керек екенін шешетін аналар, үлкен әйелдер мен әжелер болды.

Джон Томсон. Байланған аяқты қалыпты аяқтпен салыстыру. 1871 жыл / Getty Images

Қытайлық ер-азамат философтар аяқты таңу туралы ауыт-ауыт айтқанымен, біресе оны әйелге тән биязылық пен нәзіктікті, пәктікті сақтаудың ең жақсы тәсілі деп таниды немесе азғындыққа ұмтылудың жолы ретінде аяқты ұсқынсыз етіп, зиян келтіру деп ашынатын, бірақ жалпы алғанда, қайталап айтайық, әйелдің аяғына қатысты мәселе тек әйелдердің ісі делініп, қоғамда 19 ғасырға дейін көп пікірталас тудырмады. Ал 19 ғасырда Қытайда Батыстың ықпалы әсерінен жергілікті ойшылдар көптеген таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарай бастаған кезде қытай авторларының таңғышқа қарсы жазған памфлеттері пайда бола бастады.

Алайда бұған дейін бұл әдетті Қытайды басып алған басқа басқыншылар, маньчжурлар да қатты сынап, оны жабайы әдет деп санаған. Қытай әйелінің аяғын таңуға тыйым салмай, маньчжурлар сонау 17 ғасырда маньчжур қызының аяғын таңуға батылдық танытқандарға қатаң жаза тағайындаған.

«... Сұлумен бірге Цзяоно пайда болды. Оның қасы — иілген садақтай, көбелек! Оның лотос ілгегі фениксті лақтырады».

Лао Чжай «Цзяоно емші»

Соған қарамастан, маньчжур әйелдері қытай сұлуларына қарап, оларға еліктеп, кішкентай аяққа ұқсайтын аяқкиім кие бастайды, аяқ тігінен қойылатын платформа-котурн — мұндай аяқкиім түрі, мысалы, Қытайдың соңғы патшайымы Маньчжур Цин әулетінің өкілі — Ци Сидің барлық рәсімдердегі портреттерінде көрсетіледі. (Дегенмен патшайымның аяқты таңу дәстүріне мүлдем қарсы көзқарасы болған, 1904 жылы Қытайға барып, Дүниежүзілік көрмеге Цы Си портретін салған америкалық суретші Катарина Карл, ол күтушінің қарсылығына қарамастан, өзінің бұрынғы күтушісі, қытайлық әйелдің аяғын таңғыштардан босатып, күтушіге қалыпты жүру қабілетін қайтару үшін мүмкіндігінше емдеуді талап еткенін есіне алады.)

«Қыздардың киімі кең жең мен ұзын белдемшеден тұрды, далап пен опа жұқалап жағылған, шаштары бұлт тәрізді жиналған, ал самайындағы шашы — қырау сияқты ... Менің таңдауым кішкентай әлсіз аяғы бар Феникс балапаны сияқты бір жас қызға түсті»

Шен Фу «Саяхат қуанышы»

Маньчжур езгісіне жауап ретінде қытайлықтар өз ханымдарының кішкентай аяғын ата-бабаларының ұлы қасиетті өсиеті ретінде көре бастайды, осылайша лотос туфлиі қытай патриотизмі мен ұлтшылдық символына айналады, содан олар тіпті шаруа отбасыларындағы қыздардың да аяғын жаппай сындырып, оларды жарымжан қылуға көшеді, ал бұған дейін бұл ақсүйектердің, бюрократия мен гүлденген көпестердің ғана мәселесі болатын.

Аяғын таңу кезінде қызға көп уақыт, назар және ақша қажет болғандықтан, оған қоса ол үй шаруашылығына көмегі тимейтіндіктен, кедей отбасыларында үлкен қызының немесе отбасындағы ең әдемісінің аяғын таңып тастайтын. Мұндай аяқ іс жүзінде сәтті күйеуге шығудың кепілі болатын, оған қоса жергілікті гетера-әнші қатарына жатқызылатын қыздар үшін кішкентай аяқ сыртқы тартымдылығына қарағанда маңыздырақ болатын. Мұның бәрі лотос аяқтың айналасында пайда болған мифтердің тұтас кешенімен байланысты.

Pictures From History/Getty Images

Лотостың хош иісі

13–18 ғасырлардағы қытай эротикалық әдебиетін оқи отырып, біз қазіргі заманға сай тартымдылық пен сексуалдық түсінігіне сәйкес келетін ешнәрсе кездестірмейміз. Кеуде, жамбас, бөксе дегеннің бірі жоқ. Оған қоса бұл ұят пен пәктіктен емес, мүлде олай емес. Қытай эротикасын да КазанованыңiДжакомо Казанова - Венециядан шыққан әйгілі азғырушы (1725-1798), ол «Менің өмірімнің тарихы» атты естелік қалдырды. дауыстап айталмаған нәрселерді сипаттауда өте, өте еркін болды. Әсіресе, бүркеншік атпен шығармаларын жазғанда.

Бірақ, үңгірлер, бақалшақтар, жаңбырлар, бұлттар және жыныстық қатынасты сипаттауға арналған басқа стандартты аллегорияларды айтпағанда, ғашық кейіпкердің басты назары әрқашан сұлудың аяғында болатынын көреміз. Міне, осындай прозаның тамаша үлгісі болған 17 ғасырдың «Алтын құмырадағы өрік гүлдері» классикалық эротика шығармасынан алынған жолдар: «Симэнь қолымен үстелдің үстін әдейі сипап өтіп, таяқшаларды еденге итере салды. Бақытымызға орай, олар Цзиньлянның аяғының астына түсті.
Оларды көтермек болып еңкейгенде, екі алтын лотос жапырақшасын көрді — дәл көз алдында үш цун болатын кішкентай үшкір аяқ. Ол таяқшаны ұмытып, қолымен кестеленген гүлі бар аяқкиімді ұстады. Симэнь сұлудың көркіне көзі тоймай, таңғалысын сипаттауға сөз таба алмапты. Ол оны құшақтап, аяғын көру үшін белдемшесінің етегін көтереді. Қарғаның қанатынан да қара атлас туфлиін көргенде, сөзбен жеткізе алмайтын ләззатқа бөленеді».
«Міне, жібек шұлық жоғары көтеріліп, иығына екі жұқа ай лезде көтеріледі». «Алтын лотостар» жоғары атылып, төңкеріліп түседі... «Міне, не деген рақат!»

Кішкентай аяқ құмарлықтың, әйел құпиясының түйіні болды — бұл ер адам ешқашан көре алмайтын және толығымен аша алмайтын құпия. Сонымен қатар, миф құндақталған аяққа сегіз маңызды қасиет телиді.

1. Әлсіз аяқ әйелді сүйкімді де әлжуас етеді, оған қоса барлық жағынан ер адамға бағынышты болады.

2. Әйел ер адам оның аяғына қолын тигізгенде ең күшті толқуды сезінеді, ал аяғын қысу әрқашан құмарлықпен ләззат алуға жеткізеді (бірақ таңғыш пен шұлықтың астында не бар екенін білетін бізге кішкене қол тигізудің өзі ауырсыну әкелетіні түсінікті, сондықтан ләззат алу мәселесі талас тудыратыны сөзсіз).

3. Таңғыштан аман қалған қыз, ерлі-зайыптылар төсегіндегі шайқастарда да шыдамды және төзімді болады.

4. Аяғы таңылған әйелдердің аяқ бұлшық еттері нашар дамығандықтан, жамбасы мен денесінің артқы бөлігінің көлемі арта түседі.

5. Жүрістің ерекшелігіне байланысты аяқтары байланған әйелдердің интим бұлшық еттері өте жақсы жаттыққан болады.

6. Аяғы таңылған әйелдер жиі ұл туады, өйткені олардың бағындырылған инь элементі еркектің янь элементін жеңуі сирек болады.

7. Аяқты таңу бүкіл дене терісін жұмсақ және жібектей, май сияқты тегіс етеді.

8. Таңылған аяқ дене сезімталдығымен қатар, сұлудың жанын да сезімтал етеді.

Сондықтан, қытай жеңгетайының алғашқы қимылы қыздың етегін көтеру болғаны таңғаларлық емес. Төрт суннан ұзын аяқ (шамамен 12 см) бай және сұлу әйелді неке нарығындағы өтімсіз тауарға айналдырады.

Қытайлық эротикалық өнер. 17 ғасыр / Alamy

Әйел үйінің құпиялары

Ортағасырлық Қытай — өте қатаң иерархияға негізделген әлеуметтік құрылым. Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз, мінез-құлқыңыз, сөйлеуіңіз, қоғамдағы ортаңыз, бүкіл өміріңіз, тіпті қалпағыңыздың түсі мен қоршауыңыздағы қақпаның биіктігі осы пирамидалық жүйеде алатын орныңызға байланысты болатын.

Соған қарамастан, рулар мен отбасылар бойынша әлеуметтік сатыдағы орынның қатаң бекітуі болған жоқ, Еуропадан айырмашылығы, ортағасырлық Қытайда адамның жеке қасиеттері көбінесе оның руының тектілігі мен отбасының байлығынан маңыздырақ еді. Мұндағы шаруаның дарынды ұлы соттың жоғары шенін алуға мүмкіндігі мол болды, әрине, егер ата-анасы ұлын емтиханды тамаша тапсыратындай етіп абыроймен тәрбиелей алса. Әйелдің әлеуметтік лифтпен жоғары көтерілуі кейде тіпті естен тандырарлықтай керемет болатын — қоғамның ең төменгі сатысындағы отбасының қызы ақсүйектің кәнизаты және оның балаларының құрметті анасы бола алатын, мұнда көп әйел алу дәстүрі әйелдің игілігі үшін жұмыс істеді.

Әдемілік, сымбатты болу, қиял, музыкалық және әдеби қабілеттер — мұның бәрі тек әйелдің наздануы ғана емес, сонымен қатар отбасының әлеуметтік баспалдақта айтарлықтай көтеріле алатын құралы болды. Бірақ егер қыз «әлемді тербететін сұлу» болмаса да, аяғын құндақтау оған салыстырмалы түрде гүлденген болашақты қамтамасыз ете алатын. Өйткені таңылған аяқтың өзі бай отбасында жақсы қабылданатын құндылық болды — тіпті оның иесі екінші немесе үшінші әйел болса да. Аяғы кішкентай әйелді далаға жұмысқа жібере алмайсыз, ол қара жұмысқа мықты қызметші бола алмайды — кішкентай аяқтары оны іс жүзінде мүгедек етті, күтім пен қамқорлықты қажет етеді және тек өте ауыр емес жұмыс істеуге қабілетті, тоқу немесе тігу сияқты үй шаруалары.

Сондықтан қыздарын мүгедекке айналдырған аналар шынымен де «жақсылықты қалап» қойған жоқ, бұл азаппен қыздарының бақытты болашағына кепілдік берді. Иә, қыз басында жылайды, ештеңе етпейді, өскен соң, күлетін болады.
Керісінше, кіші балаларына күтуші, тегін қызметші және жұмысшы болып кетуіне мүдделі болған аналар таңғыштан бас тартатын, ондай қыз ата-анасымен бірге кәрі қыз болып қала береді, ал егер күйеуге шығатын болса, сол жақтың жұмысшысы ретінде шығады.

Ата-анасының мейіріміне бөленген, аяғы таңылған әпкелерінің қасындағы «сүйкімсіз үлкен аяқты қыз» фольклорда да, әдебиетте де өте танымал сюжет, бірақ бұл қытай Күлқызы әдетте ханзадасын таппайды, бірақ ашуланып, отбасынан кек алады және сол үшін соңында сот алдына барып, жазалау алаңына шығарылады.

Сондықтан, бұрынғы жабайы әдет-ғұрыптарды айыптаушылар, Қытайдың ортағасырлық аналарының орнында болса, қалай әрекет ететіні, әрине, белгісіз. Басқа біреудің феникс аяқкиімімен жүріп өту кейде өте пайдалы — бұл асығыс қорытынды жасаудың алдын алады.

Әйелдер би тобының аяқтары байланған мүшелері. 2007 жыл / Getty Images

Аяқты құндақтау дәстүріне тек 1949 жылы Қытай Коммунистік партиясы қатаң тыйым салды, оған дейін тіпті патшайым Цы Си билігінің ежелгі әдет-ғұрыппен күресудегі баяу әрекеттері де фиаскомен аяқталған болатын. Коммунистер, керісінше, таңғышты «ауыр дене жарақаты» деңгейіне көтеріп, сәйкес жазалау тағайындап, дәстүрлі құндылықтарды жақтаушыларды осы ежелгі әдет-ғұрыптан тез арада бас тартуға мәжбүрледі.

Алайда, жаңа Қытай елінің өмірі мұндай қатаңдықты да қажет етпеді: коммунистік билік кезінде аяқты құндақтаудың мәні жойылды — елде тиімді неке, күңдер институты және басқа да буржуазиялық әрекеттердің ізі де қалмады: бірнеше жыл ішінде Қытай әйелдерін жерге аяғымен мықтап қойып және халық шаруашылығының құрылысына аттандырды.

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ

1. Юн Чжан. Дикие лебеди. М.: 2008.

2. Цветы сливы в золотой вазе, или Цзинь, Пин, Мэй / пер. с кит. В. Манухина. — М.: Художественная литература, 1993.

3. Рассказы Ляо Чжая о необычайном / Пер. с кит. В. М. Алексеева. Сост. М. В. Баньковской. — М.: Художественная литература, 1988.

4. Шэнь Фу. Шесть записок о быстротечной жизни. М.:Наука, 1979.

Көшірілді