ТАСТАҚ ЖОЛ ЖАРҚЫРАЙДЫ...

Ежелгі Римдің жарық қайтарғыштары

ТАСТАҚ ЖОЛ ЖАРҚЫРАЙДЫ...

Ежелгі замандан қалған қираған үйінділер. Жаяу жолы. Помпей/Alamy

Мыңдаған жылдар бұрын адамдардың өз өмірін жайлы және қауіпсіз етуге деген ұмтылысы тарихты соғыс, шайқас әрі өлім сынды қайғылы тұсынан жақсы білетін біздерге өте оғаш көрінетіні анық. Алайда барлық мәдениеттегі адамзат тарихының шын көрінісіне келер болсақ, бұл қарапайым адамдардың күнделікті күйбең тірлігінен тұратын қарабайыр өмірі ғана, ол заманда да адамдар өзінің және өзін қоршаған жандардың өмірін мейлінше жеңілдетуге тырысты. Мысалы, ежелгі Римдегі жолдарды алайық. Жол блоктары түйіскен тұстағы ақ тастар — бұл өз алдына бөлек катафот саналады, олар түнде ай сәулесіне шағылысып, қараңғыда жолға шыққан адамның адасып кетпеуіне жәрдем еткен. Бұл тастар жолға әскерлер үшін де, шам мен қалта шамына мұқтаж болмаған ықпалды адамдардың сапары үшін де төселмеген. Жоқ, бұл түнде кеш оралатын қарапайым адамға жай ғана қамқорлық таныту болса керек.