ТАСТАРДЫҢ СИҚЫРЫ

Сиқырлы қасиеттерді тас құралдармен қалай байланыстырғаны туралы

ТАСТАРДЫҢ СИҚЫРЫ

Шақпақ тас кескіш / Wikimedia commons

Аристотель айтқандай, табиғат үнемі толысып отыруға бейім. Табиғаттың бір бөлшегі — адам санасына да бостық пен қуыскеуделік жат ұғым. Біз бірдеңеден хабарсыз болсақ немесе түсінбесек, бойымызды білімсіздік салқыны билемесі үшін, әдетте сол бос саңылауларды әлденені тудыру, бір дүниені ойлап табу арқылы толтырамыз. Бізге таңсық нәрселер әрдайым мазасыздық пен қауіп тудыратыны бар. Алайда ештеңе білмей-ақ жайбарақат жүре беру, әрине, біртүрлі, бірақ өмір сүруге болады.

Кейде бұл идеялардың қоғам санасына нық орнайтыны соншалық — нәтижесінде пайда болған стереотиптерді бұлтартпас фактілер арқылы да жою өте қиын. Әттең... миф дегенің қашан да шындыққа қарағанда тартымдырақ келеді. Неге әттең? Кейде мифтің қызықтылығының әсерінен сіз уақыт келе оны жалғандыққа да қимай қаласыз. Төмендегі ақпараттар рас болып шықса, біздің ғаламшарда өмір сүру қаншалықты қызықтырақ болатынын өзіңіз бағамдап көріңіз.

Тас құралдар

Адамзат тағдыры үздіксіз дамудан, күрделенуден және ілгерілеуден тұратыны туралы ой табиғи және даусыз нәрсе сияқты боп көрінеді. Десе де бұл негізінде Ағартушылық дәуіріне жақын уақытта ғана қалыптасқан жаңашыл идея екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұл дәуірге дейін өркениеттің прогрессивті дамуы туралы идеяға тек ежелгі римдіктер ғана жеткен (Капитолийдің төңкерілген мүсіндеріне кептіру үшін шалбарларын іліп қойған ғұндар мен вандалдарға қарап олар ғаламның тұрақсыздығын әлдеқайда тез байқай білді).

Осы дәуірге дейін өркениеттің прогрессивті дамуы туралы идеяға тек ежелгі римдіктер келді (және олар Капитолийдің төңкерілген мүсіндері шалбарын кептіруге іліп қойған ғұндар мен вандалдарға қарап, оның сәйкес еместігіне тез көз жеткізе алды). Жалпы алғанда, тарихқа деген кең таралған дәстүрлі көзқарас бірте-бірте жойылу мен құлдырау, жоғарыдан төменге және жақсыдан нашарға қарай дегендей қозғалыс ретімен болды.

Бұл идеяларды үнділік ежелгі авторлар, библиялық мәтіндерді құрастырушылар және антикалық философтар бірдей категориялық деңгейде түсіндіреді. Бірінші алтын ғасыр пайда болып, кейіннен бәрі құлдырады. Платон өз шығармалары арқылы бұл процеске логикалық негіз бере білді. Оның тұжырымдамасы бойынша, әлемдегі кез келген заттар — барлық заттық идеялардың жай ғана көшірмелері, ал өмір — бұл идеалдан алыс үлгілерден барған сайын бозғылт, қатігез, қате жинақталатын көшірмелердің шексіз көшірмелері.

Иә, бұл — барлық дерлік ежелгі және ортағасырлық мәдениеттердің негізі. Дүниедегі ең ғажап адамдар Жаратушының тікелей өз қолынан пайда болған — Адам ата мен Хауа ана ғана. Ежелгі заманның адамдары алып болатын, мың жылға дейін өмір сүрді, оларды жер соқамен азапталмай-ақ өзі дүниеге әкелді, т.б. Уақыт өте адамдар кішірейіп, әлсіз әрі ақымақ бола бастады, кейбіреулері тіпті жабайы болып кетті. Не шара, тозығы жеткен әлемнің сипаты — осы.

Енді осындай дүниетаныммен өмір сүретін адам дәл осы соқамен ежелгі мүкті тас балтаны жерден алып шыққанын елестетіп көрейік немесе қатты қола жебенің ұшын я үшкіртас дейік. Маңызды емес. Тіпті одан да сорақысы, ежелгі осындай балталар мен ұштықтардың сынықтары, қалдықтары кездестіреді. Ол не ойлауы қажет?

Қола жебенің ұштары / Alamy

Қола жебенің ұштары / Alamy

Осы бір аяныш тудырар масқараны, алтын күймелерге мінген, бойлары үш метр ата-бабасы жасағанын тіпті де елестете алмасы анық. Оның басқа ғылыми және дәлелді түсініктеме іздеуіне тура келеді.

Бұл туралы тарихшы Александр Юрченко өзінің «Тастар кітабы: Шығыс космографияларындағы дүние ғажайыптары» атты еңбегінде былай дейді: «Әл-Бируни балалар тұмары ретінде пайдаланылған Гуз жерінен табылған жебе ұштары, сондай-ақ Табаристан жерінде кездесетін мыс жебелер мен найзалар туралы жазады. Әл-Бирунидің айтуы бойынша, соңғы екеуіне сиқыршылар бақыт әкеледі деп сенген және бұлар аспаннан найзағай әсерінен түседі деп санаған».

Ал Махмуд ибн Уәлидің iiМахмуд ибн Вали (17 ғасыр) — Орта Азиялық ғалым, географ. айтары мынау: «Хутталан таулары былай дейді: ол аймақта тау бар, оның төбесінен тау баурайына үнемі металл жебенің ұштарына ұқсас ұсақ тастар құлайды, өте өткір әрі өзге пішінде кездеспейді».

Ал Ибн Сина iiИбн Сина, Авиценна (980–1037) парсы дәрігері, ғалым және философ. аспаннан түскен ғажап жебелер туралы былай дейді: «Түркілер елінде күн күркіреп, найзағай ойнағанда мыс денелер жоғары қарай қисық шығыңқы жебе ұштары түрінде түседі. Осыған ұқсас нәрселер Гилан мен Дейлем елдеріне де құлаған. Ал олар ұшып келіп жерге көміліп қалады. Ал олардың заты мыс, құрғақ болып келеді. Хорезмде мұндай ұштықты балқытуға қанша тырыссамда, ол ерімей қойды. Ол алтынға айналғанша жап-жасыл болып түтіндей берді» (Ибн Сина, «Шипагерлік кітап»).

Иә, скифтердің қола жебелері көптеген аңыздардың тууына себепші болды. Алайда жебелер мен балталардың аспаннан түскені туралы аңыздар мүлдем бөлек аймақтарға да таралған.

Міне, мынау, мысалы, оның Шэнь Коға тиесілі қытай нұсқасы iiШэнь Ко (1031–1095) — Қытай ғалымы, энциклопедисті.: «Олар көбіне Найзағай Құдайы түсіретін жойқын найзағай ойнаған жерден табылады. Бірақ мен мұны бұрын-соңды көрген емеспін... Мен бұған Суйчжоуда тұрғанда жазда жантүршігерлік күн күркіреуінің әсерінен бір тал сынып, оның астынан үшкіртас табылғанынан соң барып қана сендім. Найзағай балталары негізінен мыстан немесе темірден жасалған, ал үшкіртас — балтаның басы тәрізді жай ғана тас, тек тесігі жоқ.

Осылайша бәрін көріп, түсініп, қолмен ұстап, талдауға мүмкіндік берген қажырлы ғалымдардың арқасында біз қазір қызықсыз әлемде өмір сүріп жатырмыз. Мұнда бізге қалпақ сыйлау үшін феникстер мен тышқандар оттан пайда болмайды, бұл жерде Құдайдың жебелері көктен түспейді, жібек маталар жуылған жылтыр жапырақтардан алынбайды және маңыраған қой да бұтаның айналасындағы кіндік-сабағында жайылып жүрмейді.

Ежелгі дәуірдің тағы бір ұлы ойшылы айтқандай «Көп білгеннің қайғысы қалың».

Скифтардың жебе ұштары / Journal of Archaeological Science: Reports, 2021

Скифтардың жебе ұштары / Journal of Archaeological Science: Reports, 2021

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Ал-Бируни «Собрание сведений для познаний драгоценностей (Минералогия)», АН СССР, 1963.

2. «Аджа'иб ад-Дунйа», «Наука», 1993.

3. А.Г. Малявкин «Танские хроники», «Наука», 1989.

4. «Повесть о прекрасной Отикубо. Старинные японские повести», «Художественная литература», 1988.

5. Марко Поло «Книга о разнообразии мира», «Пальмира», 2018.

6. Ян Стрейс «Три путешествия», «Алисторус», 2009.

7. А.Г. Юрченко «Книга камней. Чудеса мира в восточных космографиях», «Евразия», 2007.

Назгүл Сұлтанова

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ