Сіздің хикаяңызды әлем естуі керек

Qalam байқау мерзімін ұзартады!

Сіздің хикаяңызды әлем естуі керек

Лоуренс Альма-Тадема. «Гомердің оқуы», 1885 жыл/Wikimedia commons

Сізді естідік!

«Хикаяңды айтып бер» байқауына шығармашылық жұмысты тапсыру мерзімі ұзартылды. Қатысуға ниетті біраз адам уақыт жетпей жатқанын, мектеп пен институт емтихандарының қауырт кезеңі басталғанын алға тартты. Жұмыстарды тапсырудың соңғы күні — 2024 жылғы 30 маусым. Сіз әлі де 1 500 000 теңгеге дейінгі жүлдеге ие бола аласыз. Көпшілікке отбасыңыз бен қалаңыздың, тұрып жатқан аймағыңыздың тарихын таныстыра аласыз! Ең жақсы жұмыстар (мақала, бейнеролик, подкаст) — QALAM сайтында жарияланады. Байқау шартымен мұқият танысып шығыңыз.

Егер байқау туралы енді ғана естіген болсаңыз сілтеме арқылы өтіп, шартымен толық таныссаңыз болады.