Өнер туындыларының да өміршең болуы үшін жақсы жарнама мен сауатты маркетинг қажет. Айталық, бұл бірегей жұптық композиция Венера Милосскаядан кем түспейтіндей танымал болуы керек-ті. Бірақ олай болмады.
Серендипа қаласының үш ханзадасы туралы парсы халқының ертегісі бар. Ол үшеуінің кездейсоқ жағдайға жолыға беретін тылсым күші болған. Кейін осы ертегі негізінде британдық жазушы әрі саясаткер Хоратио Уолполдың қаламынан ағылшын тілінде қасиетті сипаттайтын serendipity деген сөз туды. Бұл қасиет әртүрлі ашылған жаңалық тарихында бірнеше рет маңызды рөл атқарды. Кездейсоқ, яғни мүлдем басқа зерттеу істері барысында қателіктерден целлофан, пенициллин, рентген, «Виагра», микротолқынды эффект, сиялы принтер, «Оземпик» препараты арқылы арықтау секілді дүниелер өмірге келді. Дәл осындай, Үндістанды іздеу кезінде табылған Америка ашылуы туралы өздеріңіз де білесіздер.
Стефано Мариоттинидің ашқан жаңалығы да осы қатарда. Римдік фармацевт Мариоттини — археологияға, өнерге немесе тарихқа ешқандай қатысы жоқ адам. Бірақ ол балық аулағанды жаны сүйген. Мариоттини жаз сайын Калабрияғаi
Риачеден табылған қос мүсін — ежелгі гректің қола мүсіні. Бұлар кеме апатының салдарынан теңіз түбінде қалып қойды ма деген болжам бар, бірақ жақын жерде апатқа ұшыраған кеменің қирандылары кезіккен жоқ. Аталмыш мүсіндер біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырда — классикалық грек өнерінің гүлденген дәуірінде қашалған.i
Ежелгі грек заманынан бері ауқымы мен көркемдік құндылығы жағынан Риаче жауынгерлеріне ұқсас туынды жоқ. Монументалды қола мүсіндер мүлдем қалмады. Себебі оларды қола балқыту ісіне жаппай пайдаланып, жоқ қылды. Ал мәрмәрдан қашалған грек мүсіндерін біз негізінен римдік көшірмелері арқылы білеміз. 1981 жылы мүсіндер қалпына келтірілгенде (олар екі жарым мың жыл бойы су астында жатқан соң сыртын түгел қабықша басып қалған), олардың Рим мен Флоренция музейіне салтанатты сапары барлық журналдың мұқабаларында жарияланған ұлттық маңызы бар оқиға болды.
Бірақ бұл даңқ та ұзаққа созылмады. Риаче мүсіндері Реджо-ди-Калабрия қаласындағы Ұлы Грекия Ұлттық археологиялық музейінің жертөле қабатының жеке залында орналасқан және, әрине, музейдің ғана емес, бүкіл қаланың, егер аймақ болмаса, негізгі көрнекті жеріне айналды. Олардың суреттерін плакаттардан, футболкалардан, дүкен терезелерінен көруге болады. Бірақ Калабриядан өзге жерде олар туралы білетіндер аз. Мүмкін дұрыс жүргізілмен PR жұмысы кінәлі шығар. Ағылшын тілінде оларды әйтеуір «Риаче жауынгерлері»i
Бірақ мұндайды ғылыми адалдық дейміз. Себебі бұл фигуралар кімнің мүсіні екені, бұрын қайда тұрғанын, ескерткіштің не үшін қашалғаны, оларды кім жасағанын, олардың бір-бірімен байланысы бар-жоғын ешкім білмейді. Бірақ әйгілі Помпей фрескасы, онда қаламмен және жазуға арналған тақтайшалар ұстаған қыз бейнеленген, ол «Сапфо»i
Мүсіндердің «А моделі» мен «В моделі» тұрған залдың ауыз бөлмесінде табылған заттың тарихы егжей-тегжейлі сипатталған және тарихшылар мен археологтар осы күнге дейін жүргізіп келе жатқан мүсіндердің атрибуциясы мен шығу тегі туралы қызу пікірталастар толастаған емес. Ал Мариоттинидің есімі тіптен аталмайды, тек «әуесқой аквалангшы» дейді де, қояды. Бірақ ол кейінгі уақытқа дейін Калабрия археологиялық кеңесінің жұмысына белсенді қатысып, жыл сайын музейге өзі тапқан «қола қаһармандарына» барып тұрды. «Әлі күнге дейін сол кездегі сезім тұла бойымды кернейді, таң-тамаша күйге түсіп, өз-өзіме разы болғаным есімнен кетпейді» – деді ол бір сұхбатында.