ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Г әрпі

ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Гандхари

Үндістандық ханшайым, «Махабхарата» эпосының батыр кейіпкері

Ол зағип патшаға тұрмысқа шыққан кезде, ешқашан көз байлауын шешпеуге ант береді. Бұл шешім патшаны қапаландырды, себебі оған өз көзі болып көмектесетін жар қажет еді.

Гандхари Үндістанның ең қалаулы қалыңдықтарының бірі болған. Жорамал бойынша, ол патшасына жүз батыр ұл сыйлауы керек болған. Ақыры, Гандхари бұл болжамды артығымен орындап, жүз ұл мен бір қызды дүниеге әкелді.

Үнді киімін киген, қолындағы михенди салынған әйел портреті/Shutterstock

Үнді киімін киген, қолындағы михенди салынған әйел портреті/Shutterstock