Болливуд — Голливудтың хинди баламасы, әлемдегі ең танымал үнді киносының бір тармағы, алайда жалғыз емес, себебі Үндістанда Толливуд, Колливуд және аймақтық тілдерде кино түсіретін басқа да студиялар бар. Десе де көз тартар ең жарқын түстер, ең танымал актерлар мен кассалық түсімдер әрине Болливудқа тиесілі. Үндістанның алғашқы дыбыстық фильмі «Әлем жарығы» (1931) деп аталды. Дәл осы екі сөз үнді киносының көрерменге беретін әсерін дәл сипаттауға сәйкес келеді. Кинотанушы Алексей Васильев Qalam-ға Болливудтың тарихын сезім тарихы тұрғысынан саралап, әрбір дәуір үшін мейлінше танымал кейіпкер-актерді таңдап жазуға тырысты.
1960 жылдардың орта кезіндегі жеңіл-желпі фильмдер мен алаңғасар кейіпкерлер туралы айта отырып, біз Фероз Рангунвалланың «Үнді киносы: өткені мен бүгіні» кітабынан дәйексөз алып пайдаландық: «Үнді киносы өзінің жетінші онжылдық кезеңінде өз көрермендерімен бірге жасөспірімдік шаққа оралды», бірақ оны аяғына дейін жеткізбеді: «… және болашақта ол одан да әрмен қарай құлдырап — қайтадан бала боп кетуі ықтимал». Енді міне, бұл болашақ Рангунвалла үшін «шынайы» болып, тарихтың осы сәтінде жетті.
Ол кітапты 1983 жылдың басында аяқтап жатқан болатын және оны белгіленген уақытынан асырмай бітіру үшін жұмысқа бар ынтасымен кірісіп кеткендіктен, өзінің дәл терезесінің түбінде не болып жатқанын байқамай өткізіп алған: тура осы күндері өзі жаман ырым бастап, қайтадан бала сияқты боп кету күндері ақырындап басталып кеткен екен. Оның үстіне бұл сонымен қатар кәрілік деменециясының (алжудың) сипатында және де ғылымда оны адам қалыптасуының вербальдық фазасының алдындағы, яғни бала әлі жөнді сөйлей алмайтын, әлемді тек түсініксіз міңгірлеумен және тіпті кез келген былапыт сөздерден де жаман дабдырлаумен қарым-қатынасқа кіретін кезеңде болатын.
Амитабха Баччананың табысқа жету себептерінің қатарында Хайямның рубайыларындай нәзік және әр басқан қадам сайын өзінің кернейдің үніндей даусымен мына әділетсіз дүние мен құбылмалы өмірдегі опасыз достарға бағышталған үкім сияқты ұзын-сонар қатал ілмесөздері де болатын. Шамми Капур экранға шыққан бетте, көрермендер одан жаңа би қимылдарын ғана емес, сонымен қоса жаргон сөздерді естуді де тағатсыздана күтеді. Егер Раджеш Кханна аузын ашып ән сала бастаса болды, үнді мәдени мұрасы тағы бір жаңа ескерткішпен бес минуттың ішінде толығатыны сөзсіз деуге болады.
Жаңа кейіпкер айтылатын барлық монологтардан гөрі созылатын «Жо-о-оқ!» сөзін артық санағанда, оның гитарасын бағанға бір-ақ ұрып қиратқан болатын. Кез келген жаргон орнына құлақты тұндыра «А-а-а!»-деген айқайды қолданғанда, оның аяғын сындырған. Ал ол өзі сындырған кезде, ол тіпті аузын да ашпай, тек «Вестсайд тарихының» бұзақылары немесе, тіпті болмаса, ысылдаған жылан тәрізді саусақтарын қорқыта сыртылдатады. Ал оның визиткасы болып табылатын әндерінің сөздері тап хинди емес, басқа қандай да бір тілдік мұраға құрмет көрсететін болса: «Мен дискотека бишісімін! Мен дискотека бишісімін!» дейтін. Міне, осы жабайысымақтық, кешелі-бүгін жауласып жатқан Үндістан мен Қытай арасындағы темір пердені бұзып өтіп, онымен қоса сол жаққа аққан таспаларына Осакада ескерткіш ашылады, оның концертіне Лондонда 14 мың көрермен жиналса, ал КСРО-да оның сұрапыл өтетін фильмінің кассалық алымы үнділіктерден 15 есе жоғары болады. Сонымен әлемдік прокатқа шыққан картинаға үнділік абсолютті касса алымының көшбасшысы деген орын қамтамасыз етіледі, ал актердің өзі болса, 20 ғасырдың соңында Гиннестің рекордтар Кітабына ең көп басты рөлдердің орындаушысы ретінде енеді, ал олардың осы кезге дейінгі саны 250 болады. Бұл Жаңа 1983 жылға тура екі апта қалған кез, «Дискотека бишісі» (Disco Dancer) фильмі актерінің аты Митхун Чакраборти деп аталатын, — осы ақылға сыймайтындай дарынды және өте шапшаң қимылдайтын «жаратылыс» небәрі 32 жаста ғана болатын.
Бірден айтарымыз — актер хинди тілінде шынында өте нашар сөйлейтін. Тіпті оның адал Пигмалионы, продюсер әрі режиссер Баббар Субхаш оны әрдайым қолпаштап: «Митхунның екінші Амитабх болуына мүмкіндік бермеген — жалғыз ғана оның дикциясы» деген ескертпені қайталай беруге мәжбүр болатын. «Дискотека бишісі» фильміне дейін он жыл бұрын Калькуттадан Пунадағы Киноинститутының актерлік мамандығына түсуге келгенде, ол этюдтарын көрсетіп, қабылдау комиссиясымен өзінің туған бенгал тілінде сөйлесті. Сол жолы студенттерді таңдап отырған оның әйгілі жерлесі және оның болашақ жары Баччана — Джайю Бхадуриді: «Сен өзің ... тым біртүрлі екенсің» деп таңдануға мәжбүр етті.
Біртүрлі дегенде, оның тек жергілікті сөйлеу мәнерін ғана айтпаған. Біздің оның фильмдерінен білетініміз, оның пластикалық белсенділігінің тым көп болғандығы, кез келген сәтте не күтіп тұратыны белгісіз болатын — аласұрған би ме, акробатикалық этюд пе немесе каратэнің соққыларын көрсете ме? Оның шымыр кеудесіндегі және қолындағы дамыған бұлшық еттері бұлтылдап маңғазданып тұрды. Чакрабортиге дейін бірде-бір үнді актері жақсы дамыған дене бітімін жарқыратып көрсетпеген, әрі-беріден соң, бұл көріністен стриптизшінің тәнқұмарлық әдепсіз қылығы қылаң беретін. Оның өте үлкен көздерінің үмітсіз көзқарасынан Хиросиманың көрінісі қайта-қайта тым жиі қайталана берді. Бұл жолы оны оқуға қабылдамады. Себебі педагогтар: «киноиндустриясы жоғары дәрежеде дамыған, Бомбейдің болашақ жұлдыздарын жарқыратып жатқан өзінің Калькуттасынан Пунаға оқуға түсуге келген бұл жігітте бір гәп бар, полиция мен армия наксалиттерді аңдып ұстап, артынан өлім жазасына кесу және жаппай тазарту жүргізген кезде, мүмкін ол биліктен қашып шыққан шығар» деген уәжбен «екі плюс екі» деген баға қойған. Ал бұл шындық болатын: бүлікшілерге қосылған ұлдарын ата-анасы «бәледен аулақ» деп, студенттікке Бомбейдегі нағашысына жіберген еді. Алайда ол, келесі жылы хинди тілін үйреніп алып және Делиден келдім деп өтірік айтып, оқуға түсіп кетті.
Чакраборти Бомбейдегі алғашқы он жылын достарында түнеумен, көшеде билеу есебінен немесе 1976 жылдың өзінде жұлдызға айналып кеткен өзінің курстасы һәм ең жақын құрбысы Ранджитаның алғашқы гонорарына тамақтанумен қайыршылықта күн кешіп жүрді. Тіпті оның алғашқы, әрі бірден басты рөлі, оның өмірін өзгерте алмады. Қырсық қылғандай, ол дебюті үшін өз Отанына — Бенгалияға оралуға мәжбүр болды. Марксист Мринал Сен көтерілісті бастаушы тайпа көсемі туралы фильм ойлап шығарды.
Кейіпкер бүкіл фильм бойы бір ағаштан екінші ағашқа тек бір ғана белдемшемен секіруге тиіс еді, ал режиссердің рөлді орындаушыға, сол кездегі көрермендердің ешбір сүйіктісі қанағаттандыра алмайтын бір ғана талабы — керемет жаттыққан спорттық дене бітімі болуы қажет болды. Кино институтының студенттерін көруге бара жатып, ол мұны дәп Чакрабортиден тапты. Чакраборти алғаш рет шетелге — Мәскеу кинофестиваліне «Корольдік аңшылық» (Mrigayaa) фильмімен барған, ол жерде керемет әдемі таспа байқауға алынды, ал содан оралған соң, жылдың ең үздік актері ретінде 10 мың рупий Ұлттық кино сыйлығын алды. Бірақ 8 жыл бойы қарызға батып жүрген адам, сол кездегі сұхбатын: «түскі асқа тым болмаса бір тостаған күріш болса» деп бағалағанына қарағанда, ол сыйлықтың қалай тарап кеткенін, түсінуге болады.
Оны Хелен өзінің бишілер труппасына қабылдаған кезде ғана, оның жағдайы ептеп түзеле бастады. 1979 жылы күрт өзгеріс басталды. Режиссер Равикант Нагайчтің 1967 жылы қойған тыңшы туралы түкке тұрғысыз «Парыз» деген боевик киносы Джитендран шошақайды супержұлдыз етіп шығарды, рецепт қайталанды, соған ұқсас «Қорғау» (Surakksha) фильміне Ранджитаның ұсынысы бойынша Чакрабортиді түсіріп еді, қызық қылғанда ол да табысты кино болды. Мұнда «Б» санатындағы ақымақтыққа ұқсас, көрсетуге де ұят дүниесымақ кинопрокаттың үздік ондығына енді, оның продюсері Баббар Субхаш еді, ол үш жылдан кейін актерге арнап «Дискотека бишісі» деген моно-шоу шығарды, одан әрмен қарай оның тасы өрге домалай берді.
Бәлкім біреулерде: «Неге кенеттен нақты осы актердің өмірбаянын соншалықты тәптіштеп жазып жатырмыз, ол осы уақытқа дейін Ғажайып адамдардың өмірі сериясы материалының жинағынан емес, тек Болливудтың тарихын ғана көрсетуші еді ғой?!» – деген таңданыс туындауы мүмкін. Бірақ Чакрабортидің жастық жылдары — дайын кино сюжеті, мысалы, «Дискотека бишісі», ал одан кейін киноның атының өзі қазір экранда не көретіндеріңізді толықтай ашып беретін: «Карате» (Karate, 1983), «Боксшы» (Boxer, 1984), «Биле, биле» (Dance Dance, 1987), «Коммандос» (Commando, 1988) фильмдерін ұсынды. Енді осы рөлдердің бәрінде ол органикалық түрде шынайы ойнайтыны соншалықты, көрермендердің көз алдына шырылдаған шындықты және сюжеттегі бейқамдықты аз ғана диалогпен жеткізеді.
Тақырыпта аталған би де, төбелес те кәсіби шеберлікпен орындалады. Сайып келгенде, Чакраборти кейіпкерлері билесең, осылай биле, жекпе-жекке шықсаң осылай төбелес дегенді фильмдерінде еліктіре көрсетеді. Сол фильмдердің бірі «Родео» деп аталады, шынайы өмірде бұқаның назарын алаңдатып жүргенде, ковбойдың ершігінен ұшып түскен рөлді тек жалданған шебер клоун ғана ойнап бере алар еді.
Егер мен « Бишіні» қайталап айта бастасам, сіз оған қапаланып қалуыңыз мүмкін. Кейіпкер бала кезінде қоғамдық тәртіпті бұзады, анасы сол үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шығады, одан әрі қудалаудан құтылу үшін олар қаладан қашуға мәжбүр болады. Қашып барған жерде ол күнкөріс үшін үйлену тойларында билейді және бұлшық еттерін дамыту үшін кез келген ауыр жұмыстарды да атқара береді. Тамақ деп жейтіндері — тек жұқанан мен бір уыс күріш қана. Бірде, жуантық Тунның үйлену тойынан олардың өлшемдерімен жомарттық деп есептелетіндей сыймен шығады. Ол ансамбльдегі достарымен шарапты мейлінше көп сіміріп алады да («Ол кездері мен «ертеңгі күнім не боладыны ойламау үшін», не болса соны, есірткіден бастап араққа дейін, аузыма апара беретінмін» дейтін Чакрабортидің өзі), көпірдің үстінде аяғымен а-ля Травольта иректерін салып үйге келе жатады. Осы күйінде ол продюсердің көзіне түсіп қалады. Продюсер оны шоуға кіргізе қояды.
Джимми — Чакраборти микрофонмен залға еңкейіп: «Сэй: а-а-а!» деп айқайлап әндеткенде, қыздар күміс түсті көйлектің түймеленбеген алдынан адам айтқысыз еркектің кедір-бұдыр бұлшық етті кеудесін көріп қалады. Халық у-ду болып, ақша құйыла бастайды; ал ол алғашқы гонорарын өзімен сахнаға бірге шығып жүрген және қарызданып қалған достарына таратып береді. Одан әрі қарай жалғандық басталады, Чакраборти үшін толық гештальт рөлін атқаратын қиял болып табылады. Мүмкін ол Калькуттадағы өзінің курстастарының өмірін қиюға жібергендермен, ең жақсы жылдарын бөтен елде қайыршылық өмір кешуге айналдырғандармен бетпе-бет сөйлескісі келген шығар. Кейіпкер өзін кеудесінен итеріп жіберген туған қаласына гастрольдік сапармен барады және өзінің атақ-даңқының арқасында бұрыннан зұлым адамдар жиналатын бомондтар арасына түседі.
Ең алдымен өзінің жастық шағын құртқан жырық еріннің қызын арбап алады. Сонда оның аяқтарын, аспаптарын сындырады, электр гитараға деген қорқынышты ұялатады: анасы гитараға бас салғанда, оған бәсекелестері 5 мың вольтты қосып жіберіп құртады. Алайда ауқатты құрбысының (есімізде, Чакрабортидің Ранджитасы болған) арқасында оны қалпына келтіреді, ал дүниежүзілік бишілер жарысында жеңіске жеткен соң, енді ол жұлып алынған бампермен қаруланған жауымен жекпе-жекке шығып, оны электрощитке бір-ақ кіргізеді. Бұл жерде ешқандай сөз жоқ, бәрі тек катарсиспен айтылады: кейіпкер сұмырайдың қызын қолтықтап «Ай эм э диско дэнсер» әнін шырқаумен күннің батысына кетіп бара жатқанда фильм аяқталады.
Фильмді осылай айтып шығу, оның құрылымы туралы толық түсінік береді. Ал оның ең тартымды тұсы — Чакрабортидің биде салмақсыздық күйінде ұшатын аттракционы. Тіпті оның хореографиясы да — толықтай апыр-топыр, эстрадада бүйірінде жатып аэробика жасайды, сөйтіп жатып, оны пір тұтатын қызды аяғынан шап береді де, оны тап бір жалғыз аяқты адамдай өзімен бірге сүйрей жөнеледі. Оның бишілік жетістіктері сахналық билерінде емес, ең бастысы: әлгі көпірдің үстінде ирек сала жүрісінде, үйіндегі дайындық барысында, Чакраборти магнитофонды қосып қойып өкшесі-өкшесіне тимей билеп жатқанда, плакаттан Травольтаның көзін алмай тұрған кезінде көрінеді. Қозғалғанда ұшып-қону жағынан Травольтадан асып түсті. Ал өзі сол кездегі екі бірдей пір тұтушы: биші Траволта мен шыныққан денесін паш ететін Сталлоненің қосындысына айналды.
Бірақ шын мәнінде үшіншісі Ван Даммның да алдын орап кетті. Оның көк тиындық фильмдерінде: тек кадрдағы жігіттің ептілігі, шапшаңдығы мен бәденділігінен өзге еш әсер болған емес. Негізінде актер жекпе-жек өнерін кәсіби меңгергенімен, ол 1991 жылы Болливудқа келгенде, біз көруге құмар Акшай Кумардың дәуірі өтіп бара жатты, ал Чакраборти болса, өз жанкүйерлері үшін кино мен көрермендердің арасындағы қарым-қатынасқа қол жеткізіп, елдің алдына шықты, ал бұл дәуірге Батыстың киносүйер қауымы тек 1980–1990 жылдар шебінде ғана жетті. Бұл әлем Николсонға ынтық, бірақ Том Крузды тани бастаған және осы ғасыр киносының бет-бейнесін қалыптастырған үш жас алыптар: Депп, Питт пен Ди Каприоның алғаш экранға шыққан және аяқ-қолын сермеп құйқылжи беретін Жан-Клод Ван Даммның бейнекассеталары әбден жыртылғанша үйде қамалып отырып көретін кез еді. Бұл кезеңде арзанқолды кинолар басқалардың бәрін ығыстырған және Чакраборти 1982 жылдың өзінде ол туралы ашықтан-ашық жариялап айтқан. Шетелдердегі қаралым нәтижесін ескере отырып құрастырылған рейтингіде, тек бір ғана Үндістанда емес, сондай-ақ Кеңестер Одағында да, «Биші» киносымен ғана емес, Чакрабортидің бір жылдағы кассалық рейтингіде бірінші орынды қамтамасыз етті. Екі жылдан кейін ғана «Үш мушкетер сияқты» (Jagir, 1984) масала, дәл осындай жетістікке жетті.
Өткен тарауда біз 1970 жылдардағы масала-фильмдердің әдемі аранжировкасы туралы біраз айтқанбыз. Ал сіз Чакраборти қатысатын киноның құрылымын көз алдыңызға керісінше елестете аласыз: бұл үшін Болливудтан тым шалғай адам, посткеңестік шындықтың әйгілі колумнисі әрі шолушысы ресейлік Юрий Сапрыкиннің сөзі көмектесе алады. 2002 жылы Батыста Болливуд бумы орын алып, ал Ресейді өз кезегінде өткен кеңестік кезеңге деген ностальгия басып қалған кезде, орталық телеканалдардың бірі КСРО-да ескі танымал Бомбей фильмдерін апта сайын көрсетуді қолына алды. Балалардың есте сақтау қабілетімен өте ерекше түрде есінде сақталғанын сезінген Сапрыкин, енді киноларға ересек адамның көзімен қарауға қызығуышылығы оянып, қайталауларды көре бастайды. Ал «Зита мен Гитаны» көргеннен кейін жұмысқа келгенде маған: «Өткен аптада "Танцор диско" жүріп жатқанда, бәрі мен ойлағандай болды» деп, қарапайым сөздермен, таңырқай дәл айтты. Ал мына демалыс күндері "Зита мен Гитаны" көруге отырып едім... Бұл кәдуескі кино екен!» дегені.
Әрине дұп-дұрыс айтады: «Танцор диско» жай ғана кино емес! Ол жерде камераның қимылы жоқтың қасы, тек штативте бұрылу ғана: ал жұмысқа қосылып тұрған статикалық аппараттың алдында бір тик-токер жігіт билеп жатыр. Ол жерде сонша геометриялық және қарапайым интерьер болды, ондай үйде тұруға сіздер, құрметті оқырмандар, көпшілігіңіз қысылар едіңіз. Диалогтар туралы біз ендігі айтқанбыз. Жарықтандырылуы туралы да солай: жарықтандыру құралдары жоқ, кәсіби жарықтандыру құралдарының орнына табиғи құралдар тұр; түнгі биді көрсеткен кезде, мысалы, көшенің шамдары мен көліктің жанып тұрған фарлары ғана. Ал неліктен бұлай және сәтті болды, мұндағы «кино емеске» әкелген бірнеше факторлар осындай игілікті әсерлер беріп тұр. Бұл жағдайда саяси ахуалдардың аз ғана дәрежеде рөл атқарғаны — керісінше, мұнда Чакраборти мен Болливудтың кейіпкерлері аралайтын аумақта негізінен алдағы 10 жылда маңызды болады.
Мәселенің бірінші маңыздылығы — экономика тұрғысында. Масала-кинолар: «Кек және заң» бұрын-соңды болмаған алым берді, сол 1975 жылы Бомбей фильмдерінен кейін үкіметке түсетін қаржы жүйесін қайта қарауға мәжбүр етті, ал Америкада « Жақ» фильмі жүргеннен кейін де сол қаржы жүйесін қайта қарауға тура келді. Бұл кезде кино аяқ астынан баюдың амалы болып көрінді, енді не кранға, не арбаға, не пайымды сценаристерге, не жұлдыздарға ақшасы жоқ адамдар кино түсіруге құлшынып кетті. Осылайша Баббара Субхаштың да «Танцормен» бастап және оған ұқсас фильмдерді тек бетпақтықтың арқасында шығарды. 1985 жылдар ортасында бір жылда шығарылған фильмдер саны 914-ке — рекордтық деңгейге жетіп, үнді киносы артық өндіру дәуіріне кіріп кетті.
1982 жылы ақшасыз ұятсыздардың жолын ашқан тағы бір оқиға орын алды. Мүмкін оның не екенін білгенде, сіздің шегіңіз қататын шығар, алайда бұл жай ғана Амитабх Баччанның сол кездегі бүкіл Болливуд фильмдерін өндіру және тарату жүйесі үшін қандай зор тұлғаға айналғанын елестетіңіз. « Жүкші» (Coolie, 1983) фильмінің алдында трюк жасап, ол ауыр жарақат алды: үстелдің үстінен секіріп бара жатып, оның шетіне соғылып қалғанда көкбауыры жарылып кетеді. Ол бірнеше күн ес-түссіз жатып, өмірі ұзақ уақыт бойы қыл үстінде болады және теледидардағы күн сайынғы жаңалық оның хал-жағдайы туралы медициналық мәліметпен ашылып отырады.
Ал есі кірген кезде, Индира Ганди оны көруге ауруханаға барады. Оның денсаулығы әлі де нашар болып, Пан-Азия ойындарының ашылу салтанатына барып сөйлей алмайтын халде болады, бірақ оны алмастыруға ешкім табылмай, ұйымдастырушылар оған магнитофонмен барып, стадионда оның құттықтау сөзін дыбыстық жазба арқылы шығарды. Оның өміріне төнген қауіп жойылғанымен, енді ол «кинода рөл ойнай ала ма, жоқ па?» деген сұрақ тұрды. Себебі ол әлі де өте әлсіз еді. Киноиндустрия дүрбелеңге кірді — жаңа, айырбастайтын адамды енгізудің бұдан артық қолайлы уақыты болмас, сірә.
Аурухана төсегіне байланып, тек бір ғана дауысы қалған Баччанға қарағанда, Чакраборти сөзге жоқ, ал бойында қозғалыс рухы бар, би құдайы дейтіндей дарын еді, ал «Әділет» (Mujhe Insaaf Chaahiye, 1983) фильмі кезінде ол ваннадан шыққан су-су қалпында тек жамбасында сүлгі мен бұғанасының үстінде шынжыр түріндегі әшекейімен көздің жауын алатын Рати Агнихотри сұлудың соңынан жүгіріп жүрсе, бірде осы уақытқа дейін еркек көрмеген машинисткадан және кем дегенде, залдағы көрермен әйелдердің жартысынан басы айнала безіп жүрді.
Масала кинолары ақымақтарды түсіру бағытына көшті. Кеше ғана, қарама-қайшылықтармен, иллюзиялармен бөлшектенген, өздерінің балалық қателіктері мен шалалықтарының мәңгілік құрбандарының тағдырына табынған масалалар, енді көз алдымызда картақұмар ойыншыларға, бетперде киген кек алушыларға және жалғыз-жарым салт аттыға айналып шыға келді.
Бір жағынан мына жұртшылықты түсіну қажет. Ол үшін сіздерге бір өлең мен бір хат көмектеседі. Өлең 1990 жылдардың басында «Үндістан» журналында жарияланды, оны посткеңестіктегі жас ханымдар Чакрабортиге арнап: «Митхун — раушан. Митхун — көкнәр. Митхунчик — қараторым. Митхуша, мен сені сүйемін, әттең үйленіп қойғаның» дегендей, оның ішінде рифмаланғандары да бар, хабарламаларды үйіп тастады. Ал хат 2009 жылы, біздің кейіпкеріміз өзінің 60-қа толуын тойлайын деп жатқанда «Үнді киносының әлемі» журналының редакциясына келеді, жаңа пұттар дәуіріндегі поштада хаттың көбі Чакробортиге арналады, соның бірі мынау: «Мен Митхунның қандай қалада тұратынын, қай жерде киноға түскенін көргім келеді. Оның әйелі Йогита Бали қазір қандай? Шридеви туралы да? Митхун қызғаншақ па? Митхун өзіне жүріс жүруге рұқсат беріп, әйеліне неге рұқсат бермейді? Митхун орысша сөйлей ала ма? Ол өзіне пір тұтушылардың хатын сақтай ма, әлде жыртып тастай ма? Мен сізге бірнеше мәрте хат жаздым бірақ жауап бермейсіз менің хаттарымды лақтырып тастаңыз. Мен әлі күтудемін бірақ мен жерде мәңгі өмір жүрмеймін ғой. Ал жылдар өтіп жатыр Митхун да қартайды оның енді қанша жер басып жүретіні белгісіз. Сонымен сіз менің хаттарымды алып жатырсыз ба әлде жоқ па айтқан жоқсыз. Митхунға менен дұғай-дұғай сәлем. Мен оны таңдап алдым ол елдің бәрінен артық ойнады. Баччаннан әлдеқайда артық ойнады. Баччанның ойыны іш пыстырады күлкілі емес» (автордың тыныс белгілері мен емлесі сақталған).
КСРО-да, естеріңізге сала кетейін, орта білім міндетті, ал жоғары білім алу — тегін болатын. Үндістанда 1980 жылдары тұрғындардың көбі сауатсыз, теледидардан тек үлкен қалаларда, тек екі арнадан және аптасына тек төрт күн ғана хабарлар жүретін. Олар үшін Баччан шынында да «іш пыстыратын, күлкілі емес» еді. Оның психикасы ауытқыған кейіпкерлері және монологтарының күрделілігі және фильм тілін эстетикалық түрге келтіруге байланысты: тіпті осы үздіксіз панорамалардың барлығынан, камералардың айнала беруінен және төңкерілген ракурстардың барлығынан мында аудитория әбден шаршады. Ал мына жігіт, мүлдем басқаша: «Шынайы, ашық және өзім сүйген адамға әрқашан адал боламын» демекші, Чакрабортиге таяуда арналған өлеңдерде айтылғандай, Симладағы Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас арасында хайппен түсірілген «Кім және қалайша?» (Kaun? Kayse?, 1983) фильміндегі кісі өлтіру мүмкін еместігі туралы герметикалық детектив, ең күрделі, ең дөрекі түрдегі актердің өмірбаяндық фильмі. Камераны қостым, оны штативке бекіттім — ал енді билейік. Басынан соққы алды — жылап отыр. Көз жасын сүртіп — төбелеске кіріп кетті. Басынан сипады — тағы да билеп кетті. Бұл жерде ешқандай анау-мынау декор қажет емес, елдің бәріндегідей: тұсқағаз, диван, терезе болса жетеді.
Бұл Чакрабортидің дәуірі, сол 1980 жылдары белсенді кино көрермендері болған қазіргі 50 жастағы адамдарды туғызған шақ. Ал Болливуд мүлде эстетикалық санатта жоқ деу — жалпы қате түсінік.
Бір айта кетерлігі, бұл кедейшілікке байланысты, нақты — тұсқағазы, диваны, терезесі ғана бар пәтерлерде мәжбүрлі түрде түсірілгендіктен, ол тұрмыс елге етене жақын, ал кейінгі ауыр-ауыр аспашамдары бар масала кинолар өмірді түйсіну сезімін тудырады. Мұндай демократиялық тұрмысты көрсету, үкіметтің социалистік бағытының келесі орамымен үндес келді: 1980 жылы Индира Ганди өз орнына қайта оралып, қайтадан премьер-министр болды, орталықтандырылған биліктің қателігін жасамай, одан сабақ алып, енді импортты одан әрі шектеуге, экономиканың жеке секторын мемлекетке қайтаруға кірісті. Параллельді кино жұмысшылардың өз құқықтары үшін күресіне, ереуілдерге, кәсіподақтарды түсіруге ауысады. Картиналар бұрынғыдан да көп шығарылып, онда әйел теңдігі, өзін-өзі билеу құқығына баса назар аударатын тек отбасылық оқиғалар ғана емес, сонымен қатар интерьерлер де барынша шындыққа жақын түсіріліп жатты, оған «Танцор «диско» деген кинодан көзіміз жетті; Болливудты жек көріп, тек анда-санда ғана өздерінің «авторлық» фильмдерін жарнамалау үшін параллельді кино жұлдыздары Ом Пури және, әсіресе, Смита Патиль сол жақтан келісімдерді қабылдап, «Б. Субхашмувиюнитс» студиясының жұмыстарын қуана-қуана және көптеп ойнауы кездейсоқ емес, себебі олар «халық үшін адал ойын-сауық ұсынады және жалған пафостан ада еді». Шындығында, отбасылық мелодрама жылтырақтан айырылған, бірақ дәл осындай тозушылық пен алабажақ еместік сол кезде жақсы қабылданатын. 1984 жылы «Филмфэр»-дің «үздік әйел рөлі» деген бес номинациясының төртеуіндегі осындай фильмдердің басты кейіпкері Шабана Азми болды. Сол картиналардың бірі — «Базар алаңы» (Mandi, 1983), жезөкшелер үйі ұжымының өз мүлкін оған қол сұққан белсенділерден қорғау әрекеттері, азғындық жөнінде демагогиясы бар жезөкшелерге қарсы пікірді қалпына келтіруге тырысу туралы фильмді Шьям Бенегал қойды.
1980 жылдардағы параллелистердің ішінде ол фильмдері өз уақытынан асып кеткен жалғыз адам болып қала береді. Мен үшін бұл оның ең жақсы кезеңі болды деп есептеймін. « Алаңда» және Маркес стиліндегі сиқырлы реализмнен нәр алған Гоадағы португал билігінің соңғы айларындағы керемет гүлденген отбасының хроникасы, «Өткені, бүгіні, болашағымен» (Trikal, 1985) қатарлас ирониялық, бірақ сонымен бірге жанжалдаспаусыз Олтмен рухында, Болливуд жанрлары мен штамптарын қайта қарап шығып (Олтмен сияқты жұлдыздардың ығы-жығы болуымен көп фигуралы композициялар), әлеуметтік метафораның айқындығы, ностальгия және фильмді көргеннен кейін жаныңа ұялайтын осы шынайы уақыт сезімі, сіз не істесеңіз де, бәрібір саусақтарыңыздың арасынан сусылдап түседі, желменен бұрынғы қасбеттерге, жолдарға және сүйкімді жас денелерге шашыратады, ал оның орнына келетіндер барлық ескі қуаныштарды, қателіктерді және пенделік күнәларды жаңартады.
Алайда көрермендер Баччан күлкілі ойнамаған бұл таспаларға мән бермеді. Айта кетейік, Баччан сауығып, кино алаңына оралды, бірақ оның картиналарының авторлары мотивация мен эстетика тұрғысында бұрынғы тым білгірсіп кеткен қателіктерін ескерді. Қателіктерін олар хаттардан түсінген жоқ. Өйткені Баччан ауруханада емделіп жатқанда 1982 жылдың кинопрокатының нәтижесі шығарылды, сонда 7 жылғы алтын арқау ақшалар ұшып түсетін қара құрдымға айналғаны анықталды: сол жылы кино индустриясына бөлінген 2 миллиард рупийдің прокаттан тек жартысы ғана қайтқан. Керісінше, Чакрабортимен түсірілген болар-болмас тиындық ленталардан және оның ізін қуған Говиндадан, олар ешқашан бірінші болып келмесе де, би+төбелес+нөл би формуласына алаңдық клоунаданы қосып, олар үнемі алғашқы ондықтың ішіндегі төртінші позицияға көтеріліп және оларға жұмсалған көк тиындарды он еселеп қайтарып жүрді.
Масала кинолары ақымақтарды түсіру бағытына көшті. Кеше ғана, қарама-қайшылықтармен, иллюзиялармен бөлшектенген, өздерінің балалық қателіктері мен шалалықтарының мәңгілік құрбандарының тағдырына табынған масалалар, енді көз алдымызда картақұмар ойыншыларға, бетперде киген кек алушыларға, жалғыз-жарым салт аттыға және өздерінің күмәнді істерін жүзеге асыру үшін түрлі оқиғаларға килігіп жүретіндерге және 1930 жылдардағы жасөспірімдердің Эррол Флинді ойнағандарындай, өздерінің махаббат хикаяларын сондай ақымақтықпен және бейқамдықпен ойнайтындарға айналып шыға келді. Олар адам психикасының болжап болмайтындай тым күрделі лабиринттеріне сенбейтіндей сияқтанып, бұл фильмдерде адамның санасы басқа тірі жаратылыстарға көшіп, енді, міне, қанішер-сегізаяқ суға батып кеткен кеменің қазынасын адамдардан қорғауда («Самраат» / Samraat, 1982), улы жылан — махараджаның құнды заттары салынған қобдишасын күзетуде («Как три мушкетера»), адамжегіш қолтырауындармен шыңыраудың үстінде қалықтап тұрған Баччанды ақылды жылан құйрығымен бұтаққа «теңіз түйінімен» байлап, ал мойнымен білегіне оралып құтқарады («Ганга, Джамна, Сарасвати»/Gangaa, Jamunaa, Saraswaathi, 1988), тағы да Баччан ойнаған лентада «Раджа» (Mard, 1985), биліктің тізгіні толығымен итке беріледі және бұл бейнелі түрде ғана емес, тікелей мағынада беріледі, ал фильм шарықтау шегіне жеткенде, ит жалғыз өзі атқа жегілген арбаны айдап кете барады. Соңғы екі таспаны масала патшасы Манмохан Десаи қойды, ол осы жанрдың жеңімпазы және жарқыратушысы санатынан сыншылардың сүйікті нысанасына айналып кетті.
Жарайды, өз білгендерін істесін, «Филмфэрах» туралы ұмытуға тура келді, ал баспасөз бұл таспалардың авторларына тек психиатрия оқулығындағы сөздікпен ғана жүгінетін болды. Ал көрермендер кешегі өздері пір тұтқан актерлерінің киноларын көруге ақшаларын қимайтын болды. Бомбей киносының маманы Ирина Звегинцева 1990 жылы жариялаған шынайы пікірі бойынша: «экранда кедей кейіпкерлер алтын әшекейлерді көп тағатынына, ал жұмысыздардың сәнді сарайларда тұрып жататындықтарына көз жұма қарайтын үнді көрермендері, заманауи тақырыптағы таспа авторлардың сиқырдың элементтерін ашықтан-ашық таспаға енгізгенін ешқашан кешірмейді» деп жазған. Ақырында Болливуд бұл мәселені 1987 жылдың өзінде «Үндістан мырзамен» (Mr. India) суперқаһармандар туралы комикстерінің құнарлы өрісін жырту арқылы шешті, сәтсіздіктердің себебі тек бұл ғана емес еді.
Өйткені кеше ғана шаңды аспанға шығара сыған таборымен бірге билеп, артқа қарай сальто жасаған, пілдің арқасынан король (патша) ложасына, қоларбадан мотоцикл ершігіне, ал аттың ерінен жегілген арбаға секірген, бір-бірінің (кушлах?) құшағына еніп, достық туралы ән салып, арамзалардың қыздардың етегін көтергендерді ойнаған актерлер 10 жыл бойы масала жеңісіне жету үшін ақырында осы қыздарға үйленді, балалар туды, қарындарын қампайтты — ал оларды режиссерлері солай етуге мәжбүрледі. Соның нәтижесінде, «Самрааттағы» 33 жасар Хема Малини бүрмелі сарафан киіп және шашына қызыл раушан гүлін қыстырып алып, мотоциклімен джиптің соңына түсіп қуады, ол жерде Хеманың қазіргі күйеуі Дхармендра (оның ұлы дәл сол кезде біресе үйретілмеген аттарды, біресе олардың асау әйел қожаларын кезек-кезек қолға үйрететін басты еркектің рөлінде келесі жылы кассалық-фильмнің рекордсмені болған «Махаббат күші» (Betaab, 1983) киносына түсіп жатқан) 40 жастағы Джитендрамен: «Біздің достығымыз сенімді әрі күшті: төбелессек — біз жеңіске жетеміз, карта ойнасақ — ұтып біз аламыз!» деп әндетіп келе жатты, бұл Ильинскийдің «Карнавал түнінде» айтқанындай, жағымсыз әсер қалдырады.
Келесі бір нөмірде, Малини осы қос картақұмарлар (онымен қоса дайверлер) тұратын пәтерге ай-шайсыз кіріп барады. Бұл көріністегі режиссер Мохан Сегал Тарантиноның: «Полиция сияқты өмір сүр де, еркек сияқты өл» (1976) деген сүйікті фильмінен шабыттанады, онда қос полиция қызметкері бірге төбелесіп, бірге атысып және көлік айдағандарымен қоймай, сондай-ақ бірге тұрған. Алайда көрші төсекте жалаңаш және зығыр шашты тал шыбықтай 20 жасар Рэй Лавлок пен жіптіктей қараторы Марк Порель оянған кезде — сұрақтары болмайтын. Ал Малини оның өрнекті бриф-ішкиім киген өзінің 47 жасар күйеуі әрі өзінің қызының әкесі жуыну бөлмесінен шығуын бақылап отырады. Дау жоқ — тек қыз ғана емес, бәріміз де «Сүйікті раджа»-дағы (RajaJani) қысқа халаттағы әлі мастығынан айықпаған бекзада маскүнем оның көз алдында ойқастап жүргенін көріп таң-тамаша болып отырамыз. Бірақ бұл 1972 жылы болып еді! «Самраатта» ішкиімнен асып төгілген қамырдай бейнеленген керемет көрініс. Ал жуыну бөлмесінен оның шақырған даусына тарақ батпайтын қалың шашты Джитендра майкасыз шыға келгендегі оның апайтөс кеудесін көру — бір ғанибет дерсің, сүйсіне білетін адамға.
«Как три мушкетера» фильмінде Дхармендраның белбеуінің астынан қорқынышты салбырап тұрған қарнын тіпті ішкөйлегі де жасыра алмайды. Бірақ мұнда 1980 жылдары көптеген масала-фильмдеріндегідей Митхун Чакраборти ахуалды түзетіп жібереді: оның салыстырмалы жастық шағы және жаңалыққа құштарлығы бұл картинаны жаңартты, оның бар болуын – «Ежелгі ғибадатхананың қазыналары» (Taqdeer, 1982) бар болуы сияқты ақтады. Бірақ жезөкшелер үйіне сатылған Хему Малини ханым туралы кинодағы тәжірибелі ару Зинат Аманның бай есерсоқпен алаяқтық дуэтіндегі Чакраборти картинаны мейлінше жандандырып жіберді, бір жылдан кейін «Мушкетерлерде» күміс комбинезон киіп «полицияның қызын» ойнаған Зинат Аманға тыныс алуының және қозғалуының қиынға соққаны анық. Оның қашаннан бергі бақталасы Парвин Баби, «Стена» шыққан уақыттан бері Баччанға экранда серіктесі болды, ал Пракаш Мехраның «Жанқияр қызметші» (Namak Halaal, 1982) фильміндегі сол бір көріністі: оның зұлым әйелі әнімен және биімен, астында оны күтіп тұрған адамжегіш акулалар тұрған кемедегі қақпанға Шаши Капурды арбап түсіргеннен кейін, тіпті есінен айырылды, осы картинадан кейін одан ЦРУ (ОББ), патшайым Елизавета, ханзада Чарльз және жас актер Санджай Даттың, тіпті содан кейін де негізінен психиатрлардың оны өлтіру мақсатында бірлескен жоспарлары туралы әңгімелер естіліп жатты.
Торттағы көз тартатын шиедей болып, 1970 жылдардағы киноның көшбасшысы Яша Чопраның «Чандни» (Chandni) фильміндегі романтикалық табиғат көрінісі де көзтартарлық болды, ол Шридевиге арнап махаббат туралы әнді орындап жатқанда сезімнің шектен асқандығынан Риши Капур дала гүлдерінің үстіне құлап түсті. Енді бәрі жақсы болар еді, өзі де, оның әріптестері де мұны қаншама рет қайталап жасаған, бірақ ол мұны 1989 жылы бар ынта-шынтасымен жасаған кезде, оның кіндігі көрермендерге кадрды қоршап тұрған тау шыңдарымен бірдей болып кетті.
Жаңа кейіпкерлер шығып жатты, бірақ Митхунды қоспағанда, олардың бәрі міңгірлеген қаяз балықтардай еді. Жаңа сұлулар да жеткілікті, тіпті олардың арасында мінезділері де болды, бірақ... Сол уақыт туралы Бхавна Сомайя: «80 жылдары коммерциялық киноның құлдырауына не әкелгенін талдау еш мүмкін болмады, бірақ салиқалы актерлердің орнын жеңіл-желпіге жүрерлік манекендер басып алды. Олармен не келісетіндей, не дауласатындай, ешқайсының өз пікірі болмайтын» деп өте дәл айтты.
Сол онжылдықта өз пікірін тек Рекха ғана айта алатын. Ол кинода сонау 1970 жылдардың басында, айналасындағылардың бәрі сияқты толық, дөңгелекбет болған және Мумтаз ол туралы: «ол өте ебедейсіз болғандықтан, кадрдың бір шетінен екінші шетіне жүгіріп тұруы үшін итеруге тура келетін» деп еске алады. 1976 жылы Рекха «Бейтаныс екі кісі» (Do Anjaane) деген кинода ойнады, ол жерде оның кейіпкері оған киножұлдыз болуға кедергі жасаған өзінің күйеуі Амитабх Баччанды пойыздан лақтырып жібереді. Кино үшін өз жанын қиюға да, әрине, отбасылық өмірін де құрбан етуге даяр оның кейіпкері, Рекхаға ары қарай қалай өмір сүру керектігін айтып бергендей болды. 1970–1980 жылдардың тоғысында ол өзін толығымен өзгертеді: ол салмағын азайтып, катхак биінен сабақ алады, кейін «Рекхи ерін далабы» атанып пышақ үстінен тарап кететін, қара-қоңыр ерін далабын пайдалануды ойлап табады, чуридхар-камизға — орта кластың қисық жағалы көйлегін кең шалбар мен леггинстің сыртына шығара киіп, киімін ауыстырады, шиньонды тастап, шаштарын ортасынан айырып бөліп, бүйірінен екі бұрым өріп қояды.
Сонда, автобуста лық толы жас қыздарға ұқсап, бірақ тұлғасына «Жақындама — өліп қаласың?» деген мән беретіндей, бет-әлпетіне жыланның түрін беретіндей арнайы таңдалған макияжбен (визажбен) жүретін болды. Ер адамдарды Рекха өз өмірінен алып тастайды, ешқашан бала көтермейді, ал экранда бір фильмнен келесі фильмге өткен сайын біртіндеп эмансипациялана беретін қызмет істейтін қалалық әйелдің образын жасайды. «Бір қате» (EkHiBhool, 1981) картинасында біз оның кейіпкерін түнгі қалааралық автобуста кездестіреміз, ол жолаушылардың арасынан ұлы әлі кішкене кезінде айырылысып, екеулерін де өзі жақсы қамтамасыз еткен күйінде, бұрынғы күйеуін көреді. «Қасымда болмасаң» (Agar Tum Na Hote, 1983) фильмінде оның асырауында мүгедек күйеуі болады, ал «Правосудия!» деген кинода оның кейіпкері — феминистка-адвокат болады, ол жалғызбасты аналардың алименттерін алуға, алдаумен азғырылып некесіз туған балаларын әкелеріне мойындатып, оларға өздерінің фамилияларын берулеріне қолдарын жеткізеді. Ұзақ уақыт бойы оның танымал кейіпкерлері, эстрадаға шығу немесе рингтегі жетістікке жету жолдарын өздерінің ептілігімен ашу жағынан Чакрабортидің кейіпкерлеріне жалғыз ғана балама болды. Бірақ онжылдықтың соңында «Кек алуға құлшыну» (Khoon Bhari Maang, 1988) таспасында оның бетін жеп қоятын қолтырауындарға тап болып қалады. Ол өзін сол жаққа итеріп жібергендерден бір қолымен автоматын ұстап, ал екінші қолымен аттың жалынан ұстап және жаңа ғана лас шалшыққа былғанған былғары қолғаппен көзіндегі түрлі түсті линзаларды шығарып тастап кек алады. Осы түрлі түсті линзалардың арқасында зұлымдар оны бүкіл екінші серия бойы танымай жүрсе, ал енді линзасыз оны таныған кезде қалтырап кетеді.
«Бейтаныс екі кісі» фильмі тек Рекханың ғана емес, сонымен қатар Митхун Чакрабортидің де болашақ мансап жолын алдын ала сызып берді; бұл фильмнің атауының өзінде сәуегейлік үрей естіледі. Дәл осы жерде Митхунның Болливудтағы дебюті өтті: ол тек эпизодта бір көрші баланың рөлін ойнайды, бірақ сол орамды басына көтерген ерлі-зайыптылардың отбасылық кезекті жанжалынан шыққан айқайдан соң, ол Баччанмен төбелесуге белін буады. Ол өзінің экрандағы уәдесін орындап шығады. Екі бірдей алып «Отты жол» (Agneepath, 1990), картинасында тоқайласқанда, Баччан мен Раджеш Кханнаның оқиғасы қарама-қарсы қайталанады — жеті жыл бойы жануарлардың айғайын басуға қарлыға қоймаған Баччан, ал ауылдық жабайыны керемет ойнап шыққан Митхун «Филмфэромнан» кетті.
Сол жеті жыл бойы сикх сепаратистерінің қарулы көтерілісі Үндістанды қалтыратып жіберді, ол қан төгумен басылған және бейбіт тұрғындар арасында одан әрмен қанды тазарту жалғасты. Сикх жетекшілерінің бірі Индира Гандидің режимін «фашистік режим» деп атады да, көп ұзамай оны өлтіріп тастады. Оның орнын басқан ұлы Раджив, енді тамиль сепаратистерімен күресті, бірақ оны да сепаратистердің жанкештілері өлтіріп кетті. Одан кейін премьер-министрлер алты айға да жете алмай, сыбайлас жемқорлық жанжалдары салдарынан алмаса берді. Митхун әуелі тіс қаққан адамға айналып, артынан әдемі қартайып, бірақ енді жарылыстар мен атыстар бұрқылдап жатқан экранда екі бірдей автоматты асынып алып, қайсының: ішкі ме немесе сыртқы ма жаулардың соңынан жүгірерін білмей қалды («Коммандостағы» оның қару-жарақ қоймасының күзетшісі якудза мен сицилиялық мафиозаға қарсы тұрады, олар үнді оқ-дәрілерімен әлемді бірлесіп басып алу туралы келіскен). Ал көрермендер болса, бұл киноны көруге өздерінің тиындарын әсте қимады.
Осы бір қиын сәтте Болливудты Шамми Капурды ойлап тапқан, бірінші масала-фильмін түсірген тура сол Назир Хуссейн құтқарды. Енді ол үшінші рет Бомбей киносын мүлде жаңа деңгейге көтерді, бірақ ол бұрын Болливудты ол осы уақытқа батып кеткен мұндай өте терең шалшықтан құтқаруға мәжбүр болмап еді. Бомбей кинематографиясы өтпелі кезеңді бастан өткергені анық: айқайлау, зар жылау, соғыс ойындарын ойнау, анасына қитығып жараспайтын сәнмен киіну, ең жақсы дос — адал ит және бәрі т.с.с. Ең бастысы — дискотека ұйымдастыру, әрі қарама-қарсы тұру. Ал жасөспірімдерді дискотекадағы төбелестен не алаңдатады? Әрине, алғашқы махаббат. Бұл жолы әр нәрсені ойлап табушы Хуссейн, ештеңе жаза қоймады, оның орнына қазіргі Үндістан үшін қарапайым және әйгілі сценарий: «Ромео мен Джульеттаны» қойды. Шаммимен бұрынғы қойған фильмдеріндегідей, таулар, тартымды әндер нөпірі мен екі жас қашқын болуы тиіс. Әрине, тек жап-жас болулары керек. Оған жұмыстық нұсқа үшін өзінің бұйра шашты, түрік ерінді, мінсіз келбетті көрінетін 22 жасар жиені — Амир Кхан жарайтындай болып көрінді. Киноның аты «Үкім» (Qayamat Se Qayamat Tak, 1988) болды, ал одан түскен кассалық алым, бұл жерде көптен бері армандауды да ұмытып кеткен көлемде болып шықты.
Келесі жылы дәл сол оқиғаны біршама шымырлатып және жеңілірек ингредиент пен жастардың бақытқа жеткенін қосып аяқталды, бірінші және басты масала-фильмдерді экранда сценаристің ұлы ойнады, ол Салим-Джавед тандеміндегі көзі қара культурист, 23 жасар Салим Кхан: ал киноның аты қарапайым әрі түсінікті «Мен сүйдім» (Maine Pyar Kiya) болған бұл лента бәсекелесті артта ғана қалдырып қойған жоқ — тек үш фильм ғана оның табысының жартысына жетті, ал қалғандарды шаң қаптырып кетті. Жастар атыс-шабыстан, жабайылықтан және ентікпе қарттардан шаршап, ГДР туының жолақты эмблемасы бейнеленген банан-шалбар мен жейде киіп алып «Бауырым Луи» әуенінің астында билеуден жалықты. Оқушылардың мектеп бітіру кештеріндегі романтикасы — Болливудты 10 жыл бойы іздеп жүргені бекер болып шықты, ал оның емі үнемі өзінің тура мұрынның астында (көз алдында) болған екен.
1991 жылы «Ант» (Saugandh) фильмінде Бангкокта тай боксы бойынша тәлім алған нағыз жекпе-жек шебері, тэквондодан қара белбеу иегері болған 23 жасар Акшай Кумар дебют жасады, ол еңгезердей, қол-аяғы балғадай және кеудесін тура кілемдей-ақ түк басқан, жап-жас боп көрінетін еркек болатын.
Мына үшеуі қашанда үнді киносында жүріп, күні бүгінге дейін оның ханзадасы болып қала бермек. Олар тура бір күндері Америкада айтылғандай, Питт, Депп пен Ди Каприо, Ван Даммның пируэттерінің астынан таксимен шыға келіп, кинодағы адам эмоциялары туралы фильмге үміт қалдырмап еді.
Дегенмен Бомбей киносының «Күміс дәуірі» орнығуы үшін, екі басты кейіпкер, патша мен құдай әйел ерекше көңіл аударулары керек, соның нәтижесінде болашақта 1992 жылы түсірілім алаңында бүкіләлемдік Болливуд бумы пайда болады. Шындығында, олар қазірдің өзінде сол түсірілім алаңында, бірақ олар Бомбей киносын бүкіл әлемде атап өтілетіндей рухани мереке күніне айналдыруға дайын емес.
Не оқуға болады?
1. Осы тараудың өмірбаяндық бөлігімен жұмыс істеу барысында, мен «Сабан жанаттар» рок-группасының көшбасшысы Борис Усовтың: «Митхун Чакраборти: Калькуттадан шыққан мұрагер» (2009) деген кітабының материалдарына қайта-қайта үңілумен болдым.