THE KINKS – FANCY

Батыстан шығысқа қарай: дыбыс географиясы

The Kinks. (Оңнан солға) Дэйв Дэвис, Рэй Дэвис, Питер Куэйф и Мик Эйвори/Photo by Hulton Archive/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Үндістандық ситар алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бастап англо-америкалық поп-музыкадағы жалпыға ортақ орынға айналды — оны The Beatles, The Rolling Stones, The Mamas & The Papas және әлбетте Элвис те бағалады.

Бірақ десе де талант тұрғысынан битлдарға жол бермеген, алайда паблиситиде жеңіліске ұшыраған — The Kinks тобы ситарды жаппай сәнге айналмай тұрып өз туындыларына қосты. Аталған лондондық дендилер 1965 жылы шыққан «See My Friends» туындысында мәдени меншіктеумен айналыспай, электрогитара және ішінара мұрын дауысының көмегімен ситарды дыбыстады. Бір жылдан кейін олар қайтадан Үндістанға мойын бұрып, өздерінің төртінші альбомында тек гитарада ойнайтын тамаша псевдо-дыбысы бар «Fancy» атты шығыс миниатюрасын жазды. Сол дәуірде осыған ұқсас ондаған композиция болды, десе де The Kinks ең талғампаз саналады.

Көшірілді