Заманауи адамдардың арасында Аяз атаны білмейтіндер жоқ шығар. Жаңа жыл сайын бұғы жеккен шанасымен аспанда ұшып жүрген көңілді атаны әртүрлі халық жылы қабылдайтыны, бұл бейненің әлемдік поп-мәдениетте нықтап тұрып орныққаны анық. Бірақ Жаңа жылда жұртты шаттыққа бөлейтін осы бір атаның тұрағы қайда? Ойға бірден Солтүстік полюс пен Лапландия келеді. Айталық, финдердің Рованием деп аталатын қаласында Аяз атаның ресми өкілдігі ашылған.
Бірақ Жаңа жылдың символына айналған атаның тұрағына қатысты мұндай тұжырыммен келіспейтіндер де бар. Мәселен, Түркия мемлекетінің тұрғындары Аяз атаны (Славян халықтары Дед Мороз, ал батыс халықтары Санта-Клаус деп атайды) жерлесі деп санайды; өйткені көңілді атаның прототипі болған әулие Николай бірнеше ғасыр бұрын заманауи Түркияның аумағында өмір сүрген.
Оның үстіне, түріктер өздері Aziz Nikola (я Aya Nikola) деп атаған әулие Николайды ертеден құрмет тұтқан. Дегенмен қазіргі уақытта Түркия халқы бұл Жаңа жылдық кейіпкерді Ноэль Баба (Noel Baba) дейтін франциялық лақап атымен атайды, сондай-ақ ол «Жаңа жылдың әкесі»i
Әулиелерді құрмет тұту — ислам дінін ұстанатын түрік халқының маңызды жоралғысы. Мұндағы халық ішінде ең кең тараған аңыздар мен ертегілерде көбіне-көп сопылар, әулиелер және олардың ғаламаты сөз болады. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сюжеттердің кең тарауына бірнеше фактор әсер еткен. Біріншісі — сопылық идеясы, яғни исламды әсіре догмат емес, мистика аралас дін ретінде санайтын бағыт болса, екіншісі — түркілердің ата-баба культімен қабыса кеткен (түріктер менкабе-аңыздарында әулиелерді «baba» (әке) және «dede» (ата) деп бекерден-бекер атамаса керек), жүзден астам өз әулиесін құрмет тұтатын көршілес Балқан және анатолиялық халықтарының ықпалы.
Түркияда Ноэль баба жөнінде дауыл кезінде теңіздің суын тыныштандырған, аштық болған жылы ғаламат жолмен қамбаның бәрін асқа толтырған, оба індетін тоқтатуға көмектескен деген әфсаналар айтылады. Дегенмен әулие Николай туралы аңыздардың ең танымалы — оның түн ортасында әлдебір кедейдің қыздары күйеуге тию үшін жасау дайындасын деп үйінің терезесінен бір қап алтын бергені жөніндегі оқиға (түріктерге де өте таныс жайт) болар. Осы тұста бір сәтке аялдап, ежелде өмір сүрген жазушылардың заманауи Түркияның оңтүстік-батысындағы Ликияда бірі 3–4-ғасырда, екіншісі 6-ғасырда өмір сүрген екі бөлек Николай әулиені бір адамға біріктіріп, оған тағы қандай керемет істерді теліп тастағанын анықтап алу қажет.
Қазіргі уақытта қос әулие Николай өмір сүрген Ликия қаласының маңында түріктердің үлкен демалыс орны бар. Мұнда тарих бетінде Ликияның Мирасы ретінде танымал болған Демре қаласында ресми Ноэль Баба (Noel Baba Kilisesi) деп аталатын базилика әлі тұр. Сондай-ақ Ноэль Баба музейі де осы қалада орналасқан. Әлбетте, аталған шіркеу ешқашан мешітке айналмаған.
Сондай-ақ бұл қалада ресейлік мүсінші Григорий Потоцкийдің әулие Николайға арналған мүсіні бой көтерген. 2000 жылы аталған мүсін қала орталығына қойылғанымен, 2005 жылы билік өкілдері алып тастау жөнінде шешім шығарды. Сірә, Николай бейнесі христиандық жосық бойынша салынғаны себеп болса керек. Демре қаласының жаңа әкімі Сүлеймен Топчу бұл мүсінді музейге ауыстырып, оның орнына Кока-кола жарнамасындағы қолына бір қап сыйлық ұстаған, қызыл шапан киген мейірімді ата кейпіндегі Аяз атаның мүсінін орнатуға бұйрық берген. Топчу мырза және түркиялық қоғамдық белсенділер Николай әулиенің мүсінін алып тастауға түркиялықтардың христиандарға деген жек көрініші немесе ксенофобиясы емес, батыстық Аяз атаның бейнесінің туристерді тартатын әлеуетінің зор болуы әсер еткенін алға тартқан. Бірақ Аяз атаның жаңа мүсіні Түркияның мәдениет және туризм министрі Ертұғрыл Гюнайға ұнамай қалыпты. Оның ойынша, шапанды ата мінген шананы тартқан бұғылардың бейнесі күншуақты Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан қаламен үйлесе бермейді.
Сондықтан 2008 жылы Аяз атаның да мүсіні алып тасталып, үшінші жаңа мүсін қойылған (бұл жолы «Ликиядан шыққан нағыз әулиенінің» мүсіні орнатылды). Мүсіншілер Ноэль Бабаның бейнесін жергілікті халықтың біріне ұқсатып салуға тырысқан. Әрі олардың ойлағаны іске асқан: мүсіннің түр-тұлғасына, басындағы тақиясы мен үстіндегі киіміне қарап, Жерорта теңізі жағалауында өмір сүрген түрік азаматы тұрғанын аңдайсыз. Ноэль Баба кішкентай қызды жетектеп, иығына ұл баланы мінгізіп алған. Бұл құдды бір кішігірім түрік отбасындағы бақытты әкенің бейнесі іспеттес!
Әлбетте, зайырлы Жаңа жыл мен оның тойлау жосығы — Түркия халқы үшін салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Түркия григориандық күнтізбегеi
Ал бұл аралықта 2005 жылы Түркияда Дж. Р. Р. Толкиннің «Аяз атаның хаттары»i