Гизадағы музей қазір сынақ режимінде жұмыс істеп тұр, ал басты экспонат — Тутанхамонның қазынасы әлі ескі Каир музейінде сақтаулы.
Үлкен Мысыр музейінің құрылысы 2002 жылы бұрынғы президент Хосни Мүбәрактың тұсында басталған. Әдеткі ірі құрылыстар секілді, бұл жобаның құрылысын бірнеше рет кейінге шегеріп, жобаның құны қымбаттай түсті. Енді, міне, әлемдегі ең үлкен археологиялық музей (аумағы 81 000 м.кв. ) келген қонақтарға есігін айқара ашты.
Ғимараттың негізгі ерекшелігі — алебастрдан жасалған жартылай мөлдір қабырға, ол ғимараттың фасады. Музейдің есігі де Мысырдың басты ескерткіштерін еске салады: онда перғауындардың есімдері жазылған картуш қашалған. Үлкен залы атриум ретінде жасалған, мұнда үлкен экспонаттар қойылады. Қазір ол жерде, басқа да құнды заттармен қатар, 3200 жыл бұрын жасалған ІІ Рамсес патшаның алып мүсіні қойылған. Музей кешенінде балалар музейі, зертхана, оқу және конференция орталығы болады. Сонымен қатар шынайы көрінетін витруал кеңістік секілді заманауи технологиялар да қолданылады.
Музейде 100 мыңнан астам артефакт қойылады, олардың көбі алғаш рет көпшілікке ұсынылады. Мысалы, Тутанхамонi
Музейдің экспозициясы Мысыр тарихын ежелгі дәуірден бастап (шамамен 700 мың жыл бұрын) б.з. 4 ғасырына дейін, Мысыр Рим империясының провинциясына айналған кезеңге дейін қамтиды. Музей қорын толтыру үшін Каирдегі ескі музейдің артефактілері қолданылады, себебі ғасыр бұрын салынған көне ғимарат жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар Мысыр билігі Британдық музейдегі Розетта тасыi
Алайда 2011 жылғы революциялық оқиғалар кезінде Каир музейі шабуылға ұшырағаннан кейін, еуропалық музейлер бұл мәселеге келгенде өте сақ. Жергілікті музейлер де өз артефактілерін беріп жатыр. Мысалы, 2021 жылы Хуфу патшаның 4,5 мың жыл бұрын жасалған Күн қайығы Үлкен музейге көшірілді.