Ғасырлар бойы соғыс ерлік пен даңқтың белгісіндей, тіпті кейде киелі саналды. Жеке әскери компания (ЖӘК), қылмыскерлерді соғысқа жегу немесе «оққа жем болу» ұғымы — жаңалық емес. Осылардың Еуропада алғаш рет қалай пайда болған тұралы медиевист-тарихшы Елена Калмыкова әңгімелейді.
«Оққа жем болу» деген сөз тіркесіні ойлап тапқан Шекспирi
Соғыс — тек қаһармандар заманы емес. Айталық, Шекспирдің «IV Генрих»i
Вассалдық борыш
Даңқты шонжарлар мен патша сарайына жақын адамдар үшін соғысқа қатысу туралы сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті еді. Рыцардың вассалының1
Ал қарабайыр, патша сарайынан саяқ жүретін, әл-ауқаты көтермейтін, кез келген әскерде көпшілікті құрайтын жандарды патша жасағына кіруге не итермеледі?
Жаудың бейнесін жасау
Корольдің үгіт қағаздарында Филипп Валуа бастапқыда басқа біреудің мұрасын заңсыз тартып алған, табиғат пен Құдайдың заңдарын аяққа таптаған және соғыс өртінің тұтануына кінәлі адам ретінде көрсетілді. Францияда орнаған әйелдерді тәж мұрагерлігінен алып тастау ережесіне қарсы ағылшындардың алға тартатын ең тапқыр дәлелі — Мұсадан марқұм әкесінің енші жерін сұраған Салпадаадтың қыздары туралы хикаяны қамтитын Ескі Өсиет еді. Жаратқан Ие Мұсаға: «Израилдіктерге мынаны айт: егер біреу артынан ұл қалдырмай қайтыс болса, онда өтініші әділ болуы үшін оның мұралық жерін қызына табыстаңдар» (Руларды санау: 27:9), – деді. III Эдуард жаңа корольдік елтаңбада ағылшын қабыландары француз лалагүлдерімен қатар қойды. Ол барлық монеталар мен мемлекеттік мөрлерге қойылды және 1800 жылға дейін қолданылды.
Дегенмен Францияда өз королінің құқығының аяқасты етілуі туралы ақпарат қалың бұқараны жаумен күресуге итермелемейтін еді, ал Англияға шабуыл дайындалып жатқаны туралы ескертулер бұл мақсатқа жекізуге тиіс болды. Бұған қоса канондық құқықi
Жаудан төнген қауіп-қатер «үлкен зұлымдық жасады» немесе нақты айтқанда «адамдарды өлтірді, тонады, өртеді және басқа қылмыстар жасады» деп екіұшты сипатталды. Кейде жаудың нақты мақсаты, мысалы, «король Иоанды біздің қолымыздан ұрлап әкету»i
Жалдамашылық
1340 жылы король Эдуард келісімшарт бойынша әртүрлі дәрежедегі жауынгерлерді жалдау туралы ордонансi
Келісімшарт бойынша король армиясындағы қызметке көп қаражат төленгенімен, ол тек ресми соғыс қимылдары кезінде және корольдің қаржысы болған кезде ғана тиімді болуы мүмкін еді, ал жағдай үнемі олай бола бермеген. Демек жалдамашылар көп жағдайда басқа табыс көздерін өз бетімен іздеуге мәжбүр болған.
Кешірім беру
Адамдардың белгілі бір әлеуметтік санаты үшін келісімшарттың басқа түрі болды, ауыр қылмыс (ұрлық және кісі өлтіру) жасағаны үшін сотталған адамдар, сондай-ақ заңнан тыс адамдар соғысқа қатысқанына айырбас ретінде корольдің кешірімін алды. Соғыстың ең басында III Эдуард қылмыскерлер өз күнәларын Құдайдың әділдігі жолында «лайықты қызмет» атқару арқылы өтей алатынын мәлімдеді.3
Тұтқындарды сату
Табыстың едәуір бөлігі 1346 жылда өткен Креси шайқасынанi
Шаруалар да тұтқынның құнын алуға тырысты. Дармунд диқандары француз теңіз қарақшыларын талқандап, олардың көпшілігін қолға түсірген оқиға болған. Бұл үшін шаруалар корольдің өзінен сыйақы алды. Тұтқындар шаруалардың бастамасымен корольге берілген осы айрықша жағдайды қоспағанда, патша әскери пайданың осы түрінен тұрақты табыс алып отырды.
Барлық тұтқынға билік ету құқығы бар король әдетте тәж киген адамдар, тегі бойынша ханзадаларды, сондай-ақ басқа да ақсүйектерді немесе атақты адамдарды өзінің жеке тұтқындары деп жариялады. Бұл адамдарды тікелей қолға түсіргендер корольден құнның мөлшерінен айтарлықтай аз мөлшерде сыйақы алған, әдетте ол 500 фунт болған. Оның үстіне патша өзінің боданындағы адамдарға тұтқын үшін төленетін (шарт түрінде рәсімделгенін ғана емес, сондай-ақ ауызша келісім бойынша да) барлық құнның үштен бір бөлігін (кейде одан да көбін) алып отырды.
Жолы болғыш жауынгерлердің аяқ астынан байып кеткені туралы әңгімелер шайқас кезінде сарбаздардың ең алдымен үстіндегі сәнді сауытымен көзге түскен ақсүйек рыцарларға ұмтылуына түрткі болды. Сондықтан тәртіпті сақтау үшін қолбасшылар ұрыс кезінде тұтқындарды қорғауға тыйым салатын жарлық шығаруына тура келді. 1415 жылы Азенкур маңындағы шайқастан кейін V Генрих жау аумағымен саны жағынан өздерінен басым түсетін тұтқындарды күзеткен шағын және қажып, болдырған әскермен алға жылжу мүмкін еместігін түсініп, француздардың барлығын дерлік өлтіруді бұйырып, ақсүйек тектілерді ғана тірі қалдырды. Басып алған олжасынан айрылып қалуы бек мүмкін екенін түсінген жеңімпаздардың ұнжырғасы түскені туралы (күйзеліп қынжылғаны) ағылшын жылнамашылары бәрі дерлік баяндайды. Айта кету керек, қарапайым ағылшындардың бірі де Азенкур маңындағы шайқаста алған олжасын сақтап қала алмады. Калеге өткен кезінде ағылшын әскерінің қиыншылық көргені соншалық, тіпті сарбаздар жиналған олжа мен тірі қалған тұтқындарды азық-түлікке айырбастауға мәжбүр болды, бұл сөзсіз осынау құнды бірліктің девальвациясына әкеп соқтырды «және олардың көпшілігі тұтқындарды аздаған төлем алып босатып жіберді немесе уәдесін алып еркіне жіберді және сол кездегі тапшылықтан i
Тонау
Дәстүр бойынша елді бойлап алға жылжып бара жатқан әскер халықтың азық-түлігін тартып алып, тонап, жолында кездескеннің бәрін талқандап жатты. Біріншісі солдаттардың тіршілік етуі үшін қажет болды. Мысалы, Нормандиядағы немесе Аквитаниядағы әскери операциялар кезінде патша ағылшын жерінен өз азық-түлігін жеткізуді ұйымдастыруға тырысты, алайда әскерлер ішкерілеп алға жылжыған сайын оларды Англия тарапынан қамтамасыз ету толығымен тиімсіз болды. Сондықтан бір кездері әскер өзін-өзі тамақпен қамтамасыз етуге тиіс болды, сондықтан бұл жағдайда тонау мен қирату соғыстың жанама әсеріне айналды және жоғары қолбасшылық бұған көз жұма қарады.
Көп жағдайда әскери жорық кезінде тонап алған олжасын сарбаздар үйлеріне, туыстарына жіберетін. Қала берді олжаның көлемді болғаны соншалық, талан-таражға түскен қазынаны тасымалдау үшін ағылшын әскерінің соңынан жағалауды бойлап арнайы кемелер жүзді. Францияның Канн қаласын басып алғаннан кейін ағылшын сарбаздарына кемелерге «тек қымбат киім-кешекті немесе өте құнды зергерлік бұйымдарды ғана» алуға рұқсат етілді, қалған олжаны кемеге артық салмақ түсірмеу үшін тастап кетуге бұйрық берілді. Бір ағылшын жылнамашысы атап өткендей, Англияда «Канн, Кале немесе теңіздің арғы жағындағы басқа да қалалардан әкелінген киім-кешек, зергерлік бұйым, ыдыс-аяққа ие болмаған әйел қалған жоқ. Әр үйде зығыр дастарқан мен мата болатын. Тұрмыстағы әйелдер француз ханымдарының зергерлік бұйымдарын тағып жүрді, ал француз ханымдары бұйымдарынан айрылып қалғанынан күйінсе, соңғылары олжалы болғанына қуанатын». Жылнамашы Томас Бертон Каленің басып алынғаны туралы хабардан кейін ағылшындардың бұдан туған тың сезімін кең мағынасында: «Сонда жалпы бұқараның пікірінше, ағылшын королі француз корольдігін жаулап алуға қаншалықты ұзақ уақыт әрекет жасаса, сонша өркендеп, ішкені алдында, ішпегені артында жырғап жүреді, ал кері қайтуы құлдырау мен зиян әкеледі», – деп сипаттайды.
1357 жылдың наурызында король Эдуард Бордо қаласында II Иоанмен бітімге қол қойып, әскерімен кемесіне мініп, Англияға аттанғаннан кейін Францияда соғыс қимылдары тоқтаған жоқ. Көптеген ағылшын қанаудың қаншалықты пайдалы екенін көріп, еліне қайтудан бас тартты. Оларға оңай баюға болады деп еліккен басқа халықтардың өкілдері: бретондықтар, нормандықтар, пикардтар және т.б. келіп қосылды.
Жеке әскери компаниялар
Кейде қарақшы-бригандарi
Роберт Ноллистің әрекеті туралы баяндаған Лестердегі монах Генри Найтон оның атақ пен байлыққа тек өзінің әскери талантының арқасында ғана қол жеткізгенін атап өтеді: «Ол қарапайым солдат болған, бірақ уақыт өте келе ұлы рыцарь және құдіретті лордқа айналды, оған Ланкастер герцогы берген, сондай-ақ ол үлкен ағылшын әскерін жинап, бүкіл Францияны аралап шыққан төл қызметінің нәтижесінде [өзі алған] Франциядағы көптеген қамалдың, бекіністің және қалалардың коннетабліi
Ағылшын авторлары жергілікті халықтың айбарлы шешірліктен қатты қорыққанын көрсететін Францияда жазылған өлең шумақтарын мақтанышпен алға тартады. Мысалы, Найтон өзінің жылнамасында келтірілген жолдар Ноллистің отряды Авиньонды қоршауға алып, папа қаласының төңірегінде үрей тудырған кезде папаның сарайында жазылған деп мәлімдейдіi
Роберт Ноллис, Францияны етпетінен құлаттың,
Сенің елді тонаған семсерің баршаны қайғыға батырады.
Ортағасырлық тарихшылардың жазуынша, әскери ерлігінің арқасында ғана рыцарь атағын алып, орасан зор байлыққа, батыр даңқына ие болған және бүкіл Англияның мақтанышына айналған кедей де қарабайыр адам Роберт Ноллис бейнесі қалың бұқараға өте жағымды еді. Ортағасырлық тарихшылардың айтуынша, қарабайыр тонаушы өз отандастары үлгі алып, оған ұқсауды арман еткен халық қаһарманына айналды. Ағылшындардың пікірінше, бригандардың жасақтарына қосылу молшылыққа қол жеткізудің ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жағдайды жақсартудың өте сенімді жолы болды. Даңқ пен жеңіл ақша іздеушілер соғыстың беретін мүмкіндіктеріне дәмеленіп, қатары барған сайын артты. Генрих Найтон Францияда соғысқандардың арасында «тәжірибелі рыцарь атанып, үйлеріне бай адам болып оралған» қара халықтан шыққан адамдар мен малайдың көп болғанын бірнеше рет атап өтеді. Оның егде жастағы замандасы және оқиғалардың тікелей куәгері сэр Томас Грей де компаниялардың мүшелері «осы уақытқа дейін жағдайы өте мардымсыз болған, бірақ бұл соғыста мейлінше байып, шебер болған қарапайым адамдар, жас жігіттер тобыры ғана болды, сондықтан Англияның түкпір-түкпірінен келген жастар оларға келіп қосылды» деп атап көрсетеді.
Эпилог. Соғыс әлі де еліктіре береді
Шекспирдің туындысында Фальстаф прототипіне айналған сэр Джон Фастолфтың әскери талантының және ең бастысы, көрегендігі мен тапқырлығының арқасында қол жеткізген пайдамен салыстырғанда олжаға батқан ағылшындар кемде-кем. Норфолктан шыққан кедей рыцарь әулетінің бұл ұрпағының мансап жолы шынымен масаттануға жол ашады. 1412–1414 жылдарда ол Кларенс герцогының басшылығымен Гасконьде шайқасты, онда өзінің тамаша қабілеттерін барынша көрсетіп, Бордо коннетаблі және Вьёр капитаны лауазымдарына қол жеткізді. Нормандиядағы соғыстың нәтижесінде Фастолф баннеретi
Дегенмен соғыс қаһарманының барлығы бірдей Фастолф сияқты көрегендік танытқан жоқ. Соғыста жеңіске жеткенде және аумақтарды басып алған кезде мұның бәрі өз иелігіне жуық арада қайтарылатыны туралы ойлайтындар кемде-кем еді. 1420 жылы V Генрих Труадағы келісім бойынша Францияның мұрагері және регенті болып жарияланғанда, 30 жылдан кейін ағылшындар Нормандиядан қуылып, көп ұзамай Аквитаниядан айырылады деп ешкім күткен жоқ. 1450 жылы Нормандиядан, сондай-ақ 1453 жылы Иль-де-Франс, Понтье, Мен және ең соңында Гиеньнен айырылу сан түрлі жеке қайғы-қасіретке себеп болды. Өз иеліктерінен қуылған ағылшындар мен олардың жақтастары Француз корольдігіндегі жаңа өмір жағдайына қалай болса да бейімделуге немесе басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. «Плантагенеттерденi
Жеңіліске қарамастан Франциядағы соғыс ағылшындардың санасында әскери даңқ және ең бастысы, тонау жолымен баю мүмкіндігімен тікелей байланысты болып қала берді. Жүз жылдық соғыс аяқталғаннан кейін өздерін Пуатье мен Азенкур қаһармандарына ұқсатқан ұрпақтары ондаған жыл бойы тағы да мұндай табысқа жетуді армандап даурықты. 1491 жылы жаңа ағылшын–француз соғысының басталуына орай парламентте сөйлеген сөзінде король VII Генрих боданындағы халыққа француз тәжіне өзінің құқығы бар екенін еске салып қана қоймай, заңды мұраны қайтарып алуына қолдау көрсетуге үндеді, ата-бабасының ерлігін жадында қайта жаңғыртуға шақырумен ғана шектелмей, сонымен қатар француз жерлерін тонау есебінен сыйақы беретінін уәде етті: «Франция — шөл емес және мен үнемшілдік таныта отырып, соғыс (алғашқы күндері өткеннен кейін) өзін-өзі ақтайтындай бәріне қолбасшылық етемін деп үміттенемін». Әскери науқан басталғаннан кейін бірден мәмілеге келу Френсис Бэконның айтуынша «дворяндар мен армияның негізін құрайтын жандардың үлкен наразылығын тудырды, өйткені олардың көпшілігі соғыстан олжа алудан үміттеніп иеліктерін сатты немесе кепілге қойды... Ал кейбіреулер корольдің «егер соғыс басталса, оның өтеуі де болатынына еш күмәнім жоқ» деген парламентте сөйлеген сөзін келемеждеп, король уәдесінде тұрды, – деді».
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?
1. Басовская Н. И., 1337–1453 жылдардағы Жүз жылдық соғыс. М., 1985.
2. Калмыкова Е. В., Кейінгі Орта ғасырдағы ағылшындардың тарихи ұғымындағы соғыс бейнелері. М., 2010.
3. Перруа Э., Жүз жылдық соғыс. СПб., 2002.
4. Фавье Ж., Жүз жылдық соғыс. СПб., 2009.
5. Фруассар Жан. Хроникалар, 1325–1340 / Француз тілінен аударған, мақала мен ескертпелерді жазған М.В. Аникеев. СПб., 2005.
6. Жүз жылдық соғыстың хроникасы мен құжаттары. СПб., 2005.
7. Foedera, conventions, littarae, et cujuscunque generis acta publica inter reges Angliae et alios quosvis imperatores, reges, pontifices, principes, vel communitates / Ed. Th. Rymer. London, 1816–1869.
8. Avesbury Robertus de. De Gestis Mirabilibus Regis Edwardi Tertii / Ed. E.M. Thompson. London, 1889.
9. Burton Thomas. Chronica Monasterii de Melsa, a Fundatione usque ad annum 1396: 3 vols. / Ed. E.A. Bond. London, 1866–1888.
10. Capgrave John. The Chronicle of England / Ed. F. Ch. Hingtston. London, 1858.
11. Crecy and Calais from the Public Records / Ed. by G. Wrottesley. London, 1898.
12. Denys H. The Division of the Spoils of War in Fourteenth-Century England // Transactions of the Royal Historical Society, 5th ser. Vol. IV (1954).
13. Gesta Henrici Quinti / Ed. F. Talor, I.S. Roskell. Oxford, 1975.
14. iven-Wilson C. The Ransom of Olivier du Guesclin // Bulletin of the Institute of historical Research. Vol. LIV (1981).
15. Gray Thomas of Heton. Scalacronica / Ed. H. Maxwell. Glasgow, 1907. Knighton Henry. Chronicle 1337-1396 / Ed. G.H. Martin. Oxford, 1889.
16. Hewitt H.J. The Organization of War under Edward III, 1338–1362. New York, 1966.
17. Keen M.H. The Law of War in the late Middle Ages. London, 1965.
18. Le Bel Jean. Chronique: 2 vols / Ed. J. Viard and E. Déprez. Paris, 1904–1905.
19. Moisant J. Le Prince Noir en Aquitaine. Paris, 1894.
20. Prince A.E. The Indenture System under Edward III’s Reign // Historical Essays in Honor of J. Tait. Manchester, 1933.
21. Prince A.E. The Payment of Amy Wages in Edward III’s Reign // Speculum. Vol. XIX (1944).
22. Prince A.E. The Strength of English Armies in the Reign of Edward III // English Historical Review. Vol. XLVI (1931).
23. Reading Johannis de. Chronica, 1346–1367 / Ed. J. Tait. Manchester, 1914.
24. Register of Edward the Black Prince: 4 vols / Ed. M.C.B. Dawea. London, 1930–1933.
25. Rogers C.J. War Cruel and Sharp: English Strategy under Edward III, 1327–1360. Woodbridge, 2000.
26. The Essential Portions of Nicholas Upton’s De Studio Militari before 1446 // De Studio Militari / Ed. by F.P. Barnard. Oxford, 1931.
27. Thorne William. Chronicle of St. Augustine’s Abbey, Canterbury / Ed. by A.H. Davies. Oxford, 1934.
28. Titus Livius de Frulovisi. Vita Henrici Quinti / Ed. T. Hearne. London, 1716.
29. Walsingham Th. Historia Anglicana. Chronica Monasterii S. Albani: 2 vols / Ed. H. Rily. London, 1863–1864.
30. Walsingham Thomas. Ypodigma Neustriae. London, 1876.
31. Waurin Jehan. Recueil des Croniques et Anchiennes Istories de la Grant Bretaine: 5 vols / Ed. W. Hardy and E.L.C.P. Hanry. London, 1864–1891.