ҰМЫТ ҚАЛҒАН БІР ПАТШАЛЫҚТЫҢ ТАРИХЫ

Астрахан хандығы: қажылық, шоқыр және сауда жолдары

Августин Франсуа Леметр (1797-1870). Француз гравері және литографы. Виктор-Мари-Феликс Данвен (1802-1842). Ресей, Астрахан. Еділ атырауының жоғарғы бөлігіндегі қаланың панорамасы/Alamy

Астраханды түркілер Қажы-Тархан деп атайды. Бір уақытта бұл қала Астрахан хандығының астанасы болған (Жошы ұлысы немесе Алтын Орда ыдыраған соң 15 ғасырда пайда болған мемлекеттің бірі). Саудагерлер мен қажылыққа аттанған жолаушылар үшін маңызды жолдардың торабында орналасқан, ұмыт болған мемлекет жөнінде атақты шығыстанушы Илья Зайцев сөз етеді.

Мазмұны

АТАУЫНЫҢ ШЫҒУЫ

Дәстүрлі көзқарас бойынша, Қажы-Тарханның негізі 13 ғасырда қаланған. Ибн БаттуттыңiШыққан тегі берберлік мұсылман саудагері әрі жазушы (1304–1368/69) айтуынша: «Қаланың атауы осы аймақта қоныс тепкен араб қажысына байланысты қойылған. Сұлтан оған бұл аймақты қайтарымсыз (яғни, тархан – И. З.) берген, және аймақ кейін ауылға айналып, бертін келе ұлғайып қала болған». Мұсылман дәстүрінде қажы деп Меккеге тәу етіп келген адамды айтады. Осыған қарап қаланың атауын «салықтан босатылған ары таза қажы» деп аударуға болады.

Салт атты араб саяхатшысы Ибн Баттут (шамамен 1307 - 1377) /Legion-Media/Alamy

Кейінде аталған қажы Астрахан тарихында маңызды рөл ойнаған. Астрахан хандығы Орталық Азия, Иран, Осман империясы, Дешті Қыпшақ жеріменiiЕуразияның тарихи мекені — Дунайдың төменгі сағасынан Ертіс өзеніне дейінгі алқапты алып жатқан қыпшақ немесе половшылар даласы тығыз байланыста болған. Бұл байланыс тек сауда-саттық үшін ғана емес, бір діндегі халықтардың мүддесі үшін орнады: Қажы Тархан Орталық Азия халықтарының Меккеге қажылыққа барар жолында орналасқан. Астрахандықтар да қажылыққа барған және олардың Меккемен байланыстары 16 ғасырдың орта тұсында қала Мәскеу князьдігіне қосылған алғашқы жылдарында да толастамаған. Алайда Орталық Азия тұрғындары Астраханды орыстар жаулап алғаннан кейін, қажылыққа үйреншікті болған Еділдің төменгі сағасы арқылы емес, мұсылман-сүниттердің11Сүниттер. Исламның бастапқы қағидаттарына, яғни Мұхаммед пайғамбардың өмірлік жолын ұстанатын үлкен бағыт ата жауы болған «қызылбастар», яғни шиіттік22Шиіттер.i«Ізінен ерушілер», «ұстанушылар» деп аударылатын — Пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы және Мұхаммедтің жалғыз заңды мұрагерлері Әли ибн Әбу Талибті мойындап, соның аясында біріккен Ислам әлеміндегі үлкен қауым. Шиіттер мұсылман қауымдастықтарын сайланған халифтер емес, Алла тағайындаған имамдар басқару қажет деп санайды Иранмен жол салуға мәжбүр болды.

Альфред Деоденк. Қажылық/Alamy

ХАНДЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Алтын Ордалық Қажы-Тархан қаласын Әмір Темір33Әмір Темір. iҚазіргі Ауғаныстан, Иран, Қос өзін, Солтүстік Индия және Орталық Азия (1336–1405) аймағында құрылған Темір империясының негізін қалаушы түркі-моңғол билеушісі 1395–1396 жылдың қысында қиратқан. Негізінен, көне Астрахан қаласының ескі қонысы Шарен Бугреде (заманауи қала тұрған жерден жоғарыда орналасқан Еділ өзенінің оң жақ жағалауындағы алтынордалық кешеннің бір бөлігі) орналасқан. Қазірге уақытта аталған кешенді толықтай су шайып кетті немесе құрылыс жұмыстары кезінде бұзылды. Қажы-Тарханды Әмір Темір жаулап алған соң қала құлдырап, 15 ғасырда сауда-саттық үшін маңызды болғанымен, салыстырмалы түрде кішігірім елді мекен ретінде ғана қалды.

Әмір Темір. 18 ғасыр миниатюрасы/Adrianus Canter Visscher манускрипті, шамамен 1750 - 1755/Rijksmuseum, Amsterdam

Қала халқы — негізінен, қыпшақ тобына жататын түркі тайпаларының өкілдерінен тұрды. Дегенмен қала халқының саны көп болмағанына қарамастан, этностық және тілдік қатынас, алуан түрлі болған секілді. 16 ғасырдың орта тұсына қарай Астраханың тұрғындарының саны, шамамен 10 мыңға жуық немесе одан сәл көптеу болған. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде қалада түркі тілді халықтармен қатар парсылар, армяндар, орыстар өмір сүрген. Кейінгі Астрахан татарларының этностық негізі ескі түркі халықтары және ноғайлықтардан тамыр тартады. Ақырында қалаға Еділдің ортаңғы сағасындағы түркі халықтары жаппай келе бастады: Астрахан қаласында 19 ғасырға дейін «қазан кварталы» болғаны кездейсоқ емес, ал мұсылман мазары Машаихта — Нижний Новгород, Пензен және т.б. өлкелерден келген татарлар жерленген.

Ресей, Астрахан, 1670 жылы Сепан Резинннің ереуілдегі шаруаларының Астраханды жаулап алуы (Астрахан бекінісіндегі қырғын), Гравюра, 1719 жыл/Wikimedia Commons

Әмір Темір қаланы қиратқан соң, жаңа Астраханның негізін бұл аймақтан Темір әулеті 1396 жылы кеткеннен кейін өз бақылауына алған Орыс ханның немересі, Темір-Мәліктің баласы Темір-Құтлық (1395–1399 жж.) қалады. 16 ғасырда Ноғай мырзалары, Астраханды — «Темір-Құтлық патшаның жұрты»iiяғни қонысы деген сөз ретінде санаған. Қаланың Темір-Құтлықпен байланысы тек бертіндегі татар тарихшыларының еңбектерінде ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия авторларының туындыларында да айтылады. Тарих бетінде соңғы рет бұрынғы Жошы ұлысының үйлері біріккен 1402 немесе 1403 жылы қаланы Темір-Құтлықтың ізбасары Шәдібек басқарған және осы уақытта Астраханда «Қажы-Тарқан әл-Жедид» яғни «Жаңа Астрахан»* деген атау жазылған теңге соғылды.44Астрахан теңгесі. Кейінгі бірнеше жыл ішінде қала әртүрлі билеушілердің қолына өтіп отырды. Қалада теңгені Тоқтамыстың баласы Жалаладдин; Шәдібектің ұлы Болат; Болаттың ағасы Темір хан, Тоқтамыстың Кепек деген баласы; Шекре, Дервиш, Күшік-Мұхаммед; Ұлық-Мұхаммед; Дәулет-Берді (Қажы Керейдің ағасы Таш-Темірдің баласы) және т.б. билеушілер соққан

Астрахан хандығы қалаға Темір-Құтлықтың алдында, 14 ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысы мен 70-жылдардың орта тұсына дейін иелік еткен Қажы-Шеркес әмірдің ескі қосыны негізінде қаланды. Хандықтың құрылған уақытына қатысты тарихнамада бірыңғай пікір жоқ. Бәлкім, хандық 15 ғасырдың 50–70 жылдары Үлкен Орданың55Үлкен Орда.i 15 ғасырдың ортасында Алтын Орда ыдыраған соң құрылған Қазан, Қырым хандығы, Ақ Орда мен өзге де хандықтар сынды татар хандығының атауы. Үлкен Орда Дон мен Еділ, Еділдің төменгі сағасы мен Солтүстік Кавказ аралығындағы жерлерді алып жатқан «Намаған жұртының» бір бөлшегі ретінде құрылған болса керек. Намаған — Темір-Мәліктің немересі, Темір-Құтлықтың баласы Темір ханның лақап аты немесе екінші есімі. Шын мәнінде, дербес мемлекет жөнінде Қырым ханы Меңді-Керей Үлкен Орданы 1502 жылы талқандағаннан кейін айтыла бастады. Астрахан саяси тұрғыдан Үлкен Орданың мұрагерлерінің бірі болып қалды.

Меңді-Керей хан Осман сұлтаны Беязитпен. Миниатюра. /16 ғасыр/Legion-Media

1508 жылы Мәскеуде алғаш рет «астрахандық елшілер» қабылданды. Сол уақытта арнаулы дипломатиялық құжаттар пайда болды (қайта құрылған мемлекетпен Мәскеудің ара-қатынасын хатқа түсірген елшілер кітабы). Ресей Ұлттық кітапханасында Софиялық собордың екі жинағында «Татар жеріне атаулар...» деген сөздермен басталған екі мақала сақталып қалған және бұл түрлі мұсылман елдерінің* тізімі саналады.66«Татар жеріне атаулар...». iМақаланың дереккөзі «Ақсақ Темір жыры» (15 ғасырдың басы), онда Әмір Темірдің басып алған жерлерінің тізімі берілген. «Жыр...» тізімі 16 ғасырдың басында, «Татар жеріне атаулар...» мақаласы жазылған уақытта, саяси жағдаятқа байланысты қайта жасақталған болатын. Тізім түпнұсқа дереккөзде жоқ «татар» жерлерінің атауларымен толықтырылған Аталған тізімге Үлкен Орда, Қырым, Азау, Қазан, қалмақ, ноғай, Сарай және «Шибан» (Сібір) елдерімен қатар «Васьторкан», яғни Астрахан да қосылған.

Иван III Васильевич (22 Қаңтар 1440 - 27 Қазан 1505), Ұлы Иван, Мәскеудің және бүкіл Ресейдің Ұлы князі болды. "Космографиядан" Гравюра Андре Теве, 1575 ж./Legion-Media/Alamy

Мәскеудің ұлы князі III Иван77III Иван. 1472 жылдың өзінде Ордаға салық төлеуден ресми түрде бас тартқан Мәскеу және Владимирдің ұлы князі (1452–1505 жж.) өзінің мұрасында (сол кезде рухани жарлық деп аталған) Ордадан «шығу үшін» 1000 рубль (салық) Қырым, Қасым және Қазан хандықтарымен қатар, сондай-ақ Астраханға төленгені жөнінде айтылады. III Иванның рухани құжаты 1504 жылдың 16-маусымында жазылған. Әлбетте, ол кезде Қажы-Тархан дербес жұрт атанып қойған және Орданың мұрагері ретінде салықтан өз үлесін алуға қақылы болған. Салықтан алған үлесі қанша болғаны белгісіз. 16 ғасырдың басында қатардағы салық (яғни төлемдер) сомасы аз болуы да мүмкін, айталық, 500 рубль.

Qalam редакциясы

Хандықтың солтүстіктегі шегарасы, шамамен қазіргі Волгоградпен шектескен, дегенмен қандай да бір кезеңде Астрахан жері қазіргі Саратовпен шегаралас Үкек маңайына дейін қысқарып отырған; ал оңтүстікте табиғи шегарасы Каспий теңізімен шектелген, бәлкім, теңіздің жағалауынан Кума өзеніне дейін созылуы мүмкін; батыстағы шегарасы Донның жоғары сағасына дейін жеткен (бәлкім, белгілі бір уақыт аралығында хандықтың Қырым жұртымен шегарасы Миус — «Тұнық су» болса керек). Негізінен, Еділдің оң жағалауындағы Астрахан иеліктері өзеннің тар жағалық белдеуімен шектелсе керек. Ал Астрахан иеліктерінің шығыстағы шегарасы (ноғайлық) Бузан өзенінің атырауымен шектелген.

АСТРАХАНДЫҚТАР НЕГЕ СЕНДІ ЖӘНЕ НЕ ЖӨНІНДЕ ОЙ ЖҮГІРТТІ?

Астрахан хандығының ерте кезеңдерінде, бәлкім, Алтын Ордадағыдай жағдаят орнаған болуы мүмкін: қаланың өзі мемлекеттегі исламның тірегі болса, ал дала мен қала маңайындағы аймақтарда ислам толықтай тарамаған. Тәуелсіз хандық болып тұрған уақытта қаладағы мұсылман дінбасылары Астраханның шығысындағы жерлерде белсенді түрде миссионерлік әрекеттерін жасап, қазақтардың арасында мұсылман мәдениеті мен ислам дінін таратып, орнықтырған. 16 ғасырдың басында Қажы-Тарханнан шыққан ғұламалар (яғни Ислам дінінің білгірлері) қазақтар арасындағы тәңіршілдіктің тамырына балта шапты. Ханафилік масхаб, Алтын Орданың өзге қалаларындағыдай, мұнда да үстем88Ханафилік масхаб i 8 ғасырдан бері келе жатқан сүниттік исламдағы төрт құқықтық мектептің бірі. Дегенмен Астраханда Ханафилермен қатар, тағы да екі құқықтық мектептің өкілдері өмір сүрген: шафиғилар мен мәликилер болған. Астрахан мұсылмандары ислам заңнамасына (фикх) қатысты классикалық туындылармен, айталық Хафизаддин Несефидің (1310 немесе 1320 жылы қайтыс болған) еңбегімен таныс болған.

Дервиштер биі, Хафиз диванының томы. Бихзадқа жатқызылатын кескіндеме (шамамен 1450-1535/36). Шамамен 1480. миниатюра. Метрополитен өнер мұражайы, Нью-Йорк, АҚШ

Еділдің төмен сағасын жайлаған мұсылмандардың басым бөлігі сүниттік бағыттағы исламды ұстанғанына еш күмән жоқ, алайда, бәлкім, шиіттерде (сефевидтік Иранның жақын екенін ескерсек) болуы бек мүмкін. Қажы-Тархандағы мұсылмандар сопылықпен* де таныс болды.99Сопылық. iИсламдағы тұлғалығыңды тәрбиелеп, нәпсіңмен күресуге бағытталған, айрықша рухани тәжірибелерді қамтитын аскеттік-мистикалық бағыт. Бәлкім, бастапқыда Астраханда 12 ғасырда Ахмет Яссауи негізін қалаған, Яссауилік тарихат (мектеп) кең тараған болуы ықтимал. Бертін келе, мұнда дәл Қазандағыдай 14 ғасырдың соңында Темір мемлекетінде пайда болған Нақышпанди тарихаты мәшһүр бола түскен тәрізді. Бірақ, Астраханда сонымен қатар, Орталық Азияда ықпалды болған және тарихаттың негізін қалаған Хиуалық Нәжімеддин Кубраның (1145–1221) есімінің құрметіне қойылған Кубрауилік бауырластық өкілдері де болғаны жөнінде белгілі. Орталық Азиядағыдай, Қырым мен Қазанда да жамағаттың жетекшісі, діни беделді жандар, аса құрметті әрі сыйлы шейхтар (немесе ишандар) болды.

Ахмет Яссауи, заманауи иллюстрация An illustration of Ahmad Yasawi by Ahmet Yesevi University 2020/ Cihangir ASHUROV/Wikimedia Commons

Қажы-Тархан қаласы Орыс мемлекетінің құрамына кіргенге дейін жазылған сенімді ислам қолжазбалары белгісіз.1010Бір қолжазбаның құпиясы. Бәлкім, XV ғасырдың соңында немесе XVI ғасырдың басында Мәуренахр я Хорасанда қайта көшірілген Рашид ад-Диннің 1306/7–1310/11 жылдар аралығында жазылған «Жылнамалар жинағы» еңбегінің үшінші томының манускрипті «Шу’аб-и панджгана» («Бес шежіре») туындысы астрахан хандарының біріне (Қасымға) тиесілі болған тәрізді. Аталған еңбек «бес халықтың» (түрік, моңғол, мұсылман (араб), еврей, франктер мен қытайлықтар Билеуші әулеттерінің генеалогиясына арналған. Қолжазбаның өңірбетінде: «Ахмад Сейіт хан әл-Ғазидің баласы Қасым сұлтанның (Құдіретті Құдай оны алқауына алсын) кітап қоймасындағы «Жылнамалар жинағы» туындысынан алынған» деген сөйлем жазылған. Қасым сұлтан – Астрхан хандығының билеушісі Сейіт Ахмет ханның (1502–1532 жж.) ұлы. Ахмет-Зәки Уәли Тоғанның жорамалы бойынша, аталған қолжазбаны XVI ғасырдың басында Самарқан мен Бұхараны жаулап алған соң Мұхаммед Шайбани хан досы Қасым ханға сыйға тартқан болуы мүмкін. Бірақ, сондай-ақ қолжазбаны Иранға сәтті жорық жасаған Жәнібек хан да әкеліп, Қасым хан Алтын Орда хандарының сарайдағы архивінен алуы да ықтимал. Қолжазба қазіргі кезде Ыстамбұлдағы Топкапы музей-сарайында (№ 2937) сақталып тұр және таяуда ғана Қазанға туындының факсимилесі жеткізілді). Астрахан орыс мемлекетінің құрамына кіргеннен кейін ғана қала мұсылмандарының манускриптерінің бірнеше данасы бізге жетті. Бұл тізімде қолданбалы діни мазмұндағы еңбектер (Құрандағы тыйым салатын және тыятын сүрелер жөніндегі трактат) және «зайырлы» сипаттағы қолжазбалар болды: поэтикалық диуандар1111Диуан – Таяу Шығыс және Орталық Азия әдебиетіндегі қандай да бір қағидат бойынша біріктірілген кішігірім өлеңдер жинағы және «Жүсіп пен Зылиха» сынды жекелеген поэтикалық шығармалар, сондай-ақ тарихи шығармалар («Дастан-и насл-и Чингиз-хан», «Шаджара-и турки», «Тарих-и Надири»). Осы тұста классикалық жағдаят байқалады: Құран туралы ғылым тек араб тілінде ғана жазылды; парсы тілінде әртүрлі жанрдағы (этика, поэзия, тарих) туындылар қамтылды; түркі тілі «зайырлы» поэзия мен тарих саласына толықтай ығыстырылды.

Юсуф пен Зүлейха. Персы миниатюрасы 15 ғасыр/Wikimedia commons

Қалада әдеби және тарихи шығармалар да жазылды: 1550 жылы орыс әскерінің Қазанға жасаған сәтсіз жорығына арналған, Астрахан тумасы, ақын әрі жазушы Шериф Қажытарханидің «Зафер нама және Уилайет Қазан» деп аталатын туындысы жарық көрді. Астраханның өзіндік тарихнамалық дәстүрі болғанына да еш күмән жоқ. XVI ғасырдағы хорезмдік тарихшы Өтеміс қажының ақпарат жинаушылары, астрахандық Баба-Әли мен Қажы Нияз1212Қажы Нияз. Қажы Нияз «Хонеяз» деген атпен мәскеулік елші Кубенскийдің хатында айтылады (1500 жыл, қазан). Сондай-ақ оның бауыры Ақ-Молда («Ахмолна») да үлкен көпес болған: өзге астрахандықтармен бірлесіп ол Мәскеумен сауда-саттық қатынастар орнатқан, тіптен, белгілі бір уақыт аралығында сонда қамауда отыруы да мүмкін өз заманының көзі ашық, оқыған азаматтары болатын. Өз кезегінде Қажы Нияз («қисапсыз байлығымен танымал» көпес) – Өтеміс Қажыға Берке (1257–1266 жж.) мен Құлағу (1261–1265 жж.) арасындағы соғыс жөнінде баяндап берген. Сондай-ақ ол баянында аталған оқиғалар өткен жерлерге қатысты өз пікірін қосып отырған.

Алтын Орда тарихының оқиғалары хатқа түсіп отырған хандықта, көбіне-көп Астраханның өзімен байланысты, тарихтың өрбу бағытын қамтыған, тұрақтап қалған ауыз-екі баяндау дәстүрі болды деп жорамалдауға болады. Сондай-ақ мұсылман тарихнамасының классикалық, айталық, Рашид ад-ДинніңiПарсының мемлекеттік қайраткері, дәрігер әрі тарихшы (1298–1317). еңбегі де кең тарап, көпшілікке мәшһүр болған тәрізді. Алайда болғанына еш күмән келтіруге болмайтын арнайы Қажы-Тарханның тарихын қаузаған татарлардың тарихи шығармалары бізге жетпеген. Астрахан хандарының сарайында іс-қағаздарды, дипломатиялық жазбаларды, сондай-ақ кітаптарды қайта көшірген жазушылар (бакши) болған.

Келіссөздер. Рашид ад-Диннің "Джами ат-таварих" кітабындағы иллюстрация. Табриз 1 половина 14 век/Staatsbibliothek, Berlin/Wikimedia Commons

ТҰЗ, ШОҚЫР, ҚҰЛДАР МЕН ҚАРБЫЗ

XIV ғасырдан бастап Қажы-Тархан – Еділдің төменгі сағасында орналасқан, Жерорта теңізі мен Шығысты байланыстырушы ұлы керуен жолы кесіп өткен маңызды сауда нүктесіне айналды. Қажы-Тархан қаласының негізінен, Солтүстік Әзірбайжан қалаларымен, сондай-ақ Азақпенiяғни Азаумен және Қара теңіз порттарымен сауда-саттық қатынастарды қарқынды түрде өрбіді. Төменгі Еділ мен Қажы-Тарханның, атап айтқанда Хорезммен байланысы өте тығыз болды. Сондықтан XIV ғасырдың екінші ширегінде Орталық Азиядағы ұлы өзеннің төменгі сағасында Үстіртте (Орталық Азияның батысындағы үлкен шөл) керуен-сарайлардың тұтастай кешендері қалыптасып, XIV ғасырдың 70-жылдары Әмір Темірдің Хорезмге жасаған күйретуші жорығынан кейін кешендердің жұмысы тоқтады.

1391 және 1395 жылғы Әмір Темірдің жорықтары, Астраханның Азау бағытындағы сауда-саттығына да орасан зор зиян шектірді. Аталған жол, түптеп келгенде, Каспийдің ирандық жағалауларын (Астрахан мен Азау арқылы) Кафпен (яғни Қырымның ауқымды сауда орталығы саналған Феодосиямен), сосын Осман империясының ішкері аудандарымен біріктірді. XV ғасырдың аяғында шығыстан дәмдеуіштерді Астрахан арқылы тасымалдау (негізінен Индиядан Шемаха және Баку арқылы) еш толастамады.

Қажы-Тархан негізі қаланғаннан бастап, орыстар жаулап алғанға дейінгі аралықта құл саудасы өрістегені үлкен орталық болды. Құлдар Қырым, Қазан, Орталық Азия мен Иранға сатылып отырды. Қала Мәскеу мемлекетінің құрамына қосылған соң, ұлты орыс құлдардың өз отандарына оралуы ұзақ уақытқа созылды.

Астрахан экономикасының тірегі, негізінен, екі сала болды – транзиттік сауда-саттық пен жергілікті өнімдерді экспорттау. Астрахан экономикасын ұшпаққа шығарған негізгі төл тауарлары балық пен тұз. Қала халқы аталған тауарларды Еділ бойындағы қалаларға, сондай-ақ каспий бассейні мемлекеттеріне (оларға аз көлемде сатуы мүмкін) сатты. Тұзды қала маңайындағы көлдерден («Тұнба көлдерден») жинады. Тұзы судан күректен қазып алып, күн көзіне құрғатып, сосын тасымалдаушы көліктерге тиеді. Төбе болып үйілген тұз уақыт өте келе тас болып қатып қалғанымен, ұзақ уақыт бұзылмай сақталып тұрды. Артынша тас боп қатқан тұзды сүймен және балтамен шауып бөлуге тура келді.

Қажы-Тарханда балықты ерте кезеңдерден бері аулайды. Еділдің төменгі сағасындағы балық аулауға қатысты қолданылған терминдер толықтай дерлік түркі тілінен шыққан. Сондықтан орыс балықшылары жергілікті халықтың дайын тұрған сөздерін қабылдай салған. Бұл салада татар сөздері үстем, мәселен, учугiУчуг. Балықты аулау үшін жасалған өзенді бөгейтін арнайы құрылыс құрылысына қатысты сипаттамаларды айтсақ болады. Бекіре тұқымдас балықтар XIV ғасырдағы астрахандық кейбір теңгелерде бейнеленген.

Бекірелер жылдың үш айында ғана ауаланды (мамыр айының соңынан тамыз айының соңына дейін). Қолға түскен бекірелерді сол орында тұздап, сосын кемеге тиеп Еділдің ағысымен жоғары аймақтарға тасымалдап отырған. Сатылымға шығарылған балықтардың түрі әр алуан болмаған тәрізді: орыс құжаттарында негізінен бекіре, қортпа мен шоқырдың тасымалданғаны жөнінде айтылады. Балықты тұздауға қатысты терминдер де тұтастай түркі тілінде болған. Осыған қарап, Қажы-Тарханда хандар билік етіп тұрған тұста да балықты, шамамен, осылай тұздады деп жорамалдауға болады. Сонымен қатар астрахандықтар балықты кептірген. Кепкен балықты халық кейде нанның орнына тұтынған. Балықтарды аулауға арналған учугтар, XVI ғасырдың алғашқы жартысында, негізінен, астрахандық ақсүйек әулеттерге тиесілі болған тәрізді. Еділ атырауында және тармақтарында (яғни екі су қоймасын қосатын тармақ) орналасқан учугтардың бір бөлігін хан иеленген.

Астраханға нанды сырттан әкелуге тура келді. Соған қарағанда, қала халқы үнемі бидайдың тапшылығынан қиналған тәрізді – мұндай жағдайда жергілікті халық арасында індет пен аштық жиі орнап тұрған.

Хандықтың экономикасында мал шаруашылығының орны да елеулі болған. Фазлаллах ибн Рузбихан ИсфаханиiФазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Парсы ғалымы, тарихшы әрі ақын (1457–1521 өз еңбегінде: «Қажы-Тарханнан көптеген пайдалы заттар, семіз қойлар, жылқылар мен түйелер, сондай-ақ өзге де құнды тауарлар жеткізілді» деп жазған. Осы күнге дейін татардың: «Астрханда сиыр бір теңге [тұрады], ал сәл ұзай қойсаң мың теңгеге аласың» (Ačtarqanda sə̂jə̂r bər aqča, kilä-kilä mə̂ŋ aqča) деген мақалдың сақталып қалғаны тегін емес. Бәлкім, хандықтың шаруашылығында бау-бақша өсіру, көкөніс егу және аңшылық сынды салаларда белгілі бір дәрежеде маңызды болған шығар, алайда олардың үлесі айтарлықтай қомақты болды деп айта алмаймыз.

ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазан мен Қырым хандығындағыдай, Астраханда да бір әулеттің (Жошы) өкілдері билік құрды: Шыңғыс ханның ұлы Жошыдан, нақтылар болсақ, Құтлық-Темірден тараған ұрпақ хан көтерілді. Астрахан хандығы бүкіл тарихында кіріптар күйде болды. Сюзерен рөлін бірде Ноғай Ордасы, бірде Солтүстік Кавказ хандығы, бірде Қырым хандығы атқарды. Астрахан хандары сыртқы күштердің араласуымен орнаған қантөгістер мен төңкерістердің нәтижесінде жиі алмасып отырды.

Өзге Жошылық мемлекеттердегі секілді, мұнда да ханнан кейінгі екінші тұлға калга (ханның мұрагері, негізінен оның ұлы немесе бауыры я інісі болуы керек) саналды. Ақсүйектер қауымы сұлтандардан, оғландар (ұлан), бектер мен мырзалардан құралды. Орыс дереккөздері бойынша, ақсүйектердің саны 1554 жылға қарай 500 адамға жеткен және олардың әрқайсысының өз иеліктері болған. Сонымен қатар Астрахан хандығында қараша-бейлердіңi«Уәзір» титулына пара пар институты болғанына еш күмән жоқ. Астрахан хандарының қол астында қоңыраттарiҚоңырат. Түркі-моңғол тайпасы үстемдік орнатқан тәрізді. Олардан өзге, хандықта маңғытiМаңғыт. Түркі-моңғол тайпасы руының өкілдері де тұрған.

Қаладағы салық төлеуші, тәуелді халықтар «қарапайым адамдардан» құралды. Үй шаруашылығында, көбіне-көп құлдар еңбек етті (тұтқындағылардың басым бөлігі славян және кавказдықтардан тұрды). Дереккөздерде астрахандық дінбасылары жөнінде де сөз болған («молдалар мен ахундар, сейіттер мен абыздар»). 1554 жылға қарай олардың саны, шамамен, 3 мың адамға жеткен.

Ұлдары Жошы мен Өгедеймен бірге отырған Шыңғыс Хан. Рашид Ад-Диннің «Джами Ат-Таварих» кітабынан, XIV ғасырдың басы.Bibliothèque Nationale De France, Paris/Alamy

Хандықта хан мен калганың (калгалық) жеке иеліктері болды деп сенімді түрде айтуға болады. Әрі калгаға иеліктер тек қолданыс үшін ғана берілген. Калгалықтың жерінде өмір сүрген шаруалар, ханның иелігіндегідей, тек жердің 10 нан бір бөлігінде ғана еңбек еткен. Астраханда, қырым мен қазандағыдай бейліктерiБейлік. Феодалдық иеліктердің түркілік атауы жөнінде дерек жоқ. Дегенмен мұнда да бейліктердің болғанына еш күмән жоқ. Сондай-ақ дінбасылар мен ұстаздардың да жекеменшік жер тілімдері (қожалық) болуы бек-мүмкін. Егістік жерлердің қандай да бір бөлігі жалпы қолданыста болуы да ғажап емес. Сонымен қатар Астраханда сойургал институты да болған тәрізді. Белгілі бір уақыт аралығында өз пайдасына рента (ертеректер ханның қазынасына түсіп отырған салық түрі) алып отырған, әскери-лендік жер иеліктері шартты түрде осылай аталды.

ҚЫРЫМ МЕН МӘСКЕУ АРАСЫНДА

Қырым хандарымен кикілжіңді Астрахан Үлкен Ордадан мирас етіп алды. Астраханға жасалған қырымдықтардың жорықтарының ішінде 1523 жылы Мұхаммед Керей мен 1546 жылғы Сахиб Керейдің күйретуші соққыларын айрықша атап өтуге болады. Сахиб Керейдің жорығы Астрахан ханы Ямгурчидің (Ягмурджи) Қазан мен Қырымға жол салған керуенді басып алғанына байланысты орнаған болатын. Тауарынан қағылған көпестер Сахиб Керейге шағымданған. Ал ол XVI ғасырдың 20-жылдарының алғашқы жартысында Қазан тағында отырғандықтан, Қазан мен Қырым арасындағы сауда-саттықтың маңызын жете түсінген. Астрахандық билеушінің әрекетіне разы болмаған Сахиб Керей қалаға ауқымды жорық жасау үшін әзірлікке кіріскен. Қырым ханының жақтасы, сол оқиғалар өткен кезеңде өмір сүрген Реммал-Қожаның айтуынша, Астрахан жорығы үшін жаппай мобилизация жарияланған: хан шығарған жарлықта, «ешкім бұл жерде қала алмайды, бүкіл халық немесе әскер толыққанды соғысқа дайындалуы қажет және егер әлдебіреу Орқапыдан кейін ханның жанынан табылмайтын болса, онда ол адамның жеке иеліктері тоналып, басы кесілуі керек» деп жазылған.

Сахиб Керейдің Мәскеуден қашуы/public domain

Жорықтағы қырым әскерінде 200 ден 1000 аралығында тюфенкчиiосмандық үлгі бойынша қаруланған жауынгерлер – тюфенк болған және ханның жеке әскері 10 мың болса, рулар шығарған әскер саны 250 мыңға дейін жеткен. Қырым әскері Астрахан жолындағы жалғыз үлкен кедергі Донды бір тәулік ішінде бақылауға алған соң, қаланың ары қарайғы тағдыры шешілді. Астрахан жаяу әскер мен тюфенкчи жасағының арқасында жауланды. Ямгурчи қаладан қашып кетті, ал оның ақсүйектер қауымының бір бөлігі қоршауда қалып, тұтқынға түскен. Артынша ешқандай да зиян шекпейтіні уәде етіліп, олар Қырымға жеткізілген. Аталған жеңіліс келешекте орнайтын апатқа жол салып берді.

Бастапқыда, XVI ғасырдың 50-жылдарына дейін, ортақ жау Қырымдықтарға байланысты Астрахан хандығы мен Ұлы Мәскеу княздігінің ара-қатынасы достық ауанда өрбіді. 1551 жылға дейін астрахандықтар Мәскеуге ноғайлықтармен бірге келетін болған. Ал 1552–1557 жылдары Мәскеудегі Астрахандықтардың жеке сарайы болғаны жөнінде деректер кездеседі, яғни елшілік іспеттес мекеме. Бірақ оның қайда орналасқанына қатысты ешқандай ақпар жоқ.

Николай Дмитриев-Оренбургский, хан елшісімен келіссөздер/WikiMedia Commons

1552 жыл бәрін өзгертті. Дәл осы жылы Мәскеу княздігі Қазанды басып алып, орыс патшасына Еділ өзені бойындағы барлық сауда жолдарын бағындыруды ойға алды. Соғысқа себеп іздеген Иван Грозный, әлбетте, астрахандықтардың тигізген залалын тізіп шығып, сонымен қатар, Астрахан ілкі кезеңнен бері орыс мемлекетінің иелігі саналғанын жариялаған. Бұл мәлімдеме өтірік болатын. Мәскеу дьяктері (яғни министрлер) Астраханды Ұлы Киев князі Святослав Игоревчтің тұсынан бері Орыстарға қараған Тмутараканның орнына тұрғызылған қала деп санады. Шынтуайтында, Тмутаракань (көне гректердің Гермонасса қаласы, кейін Түркі қағанатына қараған Түмен-Тархан қаласына айналған) мүлдем басқа аймақта, нақтылар болсақ, қазіргі Тамани ауданында орналасқан еді.

Григорий Угрюмов. Иван Грозныйдың Қазанды жаулап алуы. 1800/Wikimedia commons

1554 жылдың сәуір айында Астраханға Мәскеуден әскери экспедиция аттанды: әскерді Ю.И. Пронский-Шемякин князь 30 мыңға жуық «жолдастарымен» бірге бастап шықты. Қажы-Тархан қаласы ешқандай да соғыссыз 2 шілде күні алынды, «ол кезде қалада қалған кісі қарасы аз болатын». Қырымдықтардың шабуылынан кейін оралған Ямгурчи қайта қашуға мәжбүр болды. Ол Дағыстандағы құмық билеушісінің қызын алғандықтан, Солтүстік Кавказдағы Тюменде бас сауғалады.

Астраханға осыған дейін Мәскеуде ұзақ уақыт өмір сүрген Дервиш-Әли хан болып тағайындалды. Ханның қасына (дереккөздерде «бір жылға» делінген) көмекші етіп аздаған әскермен П.Д. Тургенев қалған. Астраханға жыл сайын төленетін салық бекітілді. Салықтың сомасына қатысты деректер бірізді емес. Келісімде 1000 рубль ақша мен 3000 балық деген ақпар кездеседі. Ал өзге дереккөздерде салықтың көлемі басқаша айтылған («жылына 10 мың жылқы, 20 мың қой, 30 мың бекіре мен қортпа балық»). Келісімде Дервиш қаза болған жағдайда, астрахандықтар Мәскеуге ұлы князьге тікелей өтініш білдіре алатыны да қарастырылған.

Алайда Дервиш-Әли көп өтпей Қырыммен одақ құруға ұмтылды. Мәскеулік мергендер мен жергілікті казактардың асау қаланың рухын түбегейлі сындыруы үшін, 1555-1556 жылдар аралығында тағы екі жорық жасауына тура келді. 1556 жылдың жазында Қажы-Тарханға жеткен әскер, қаланың бос қалғанына куә болды: «Астрахан ханы қашып, қаланы өртке орап кеткен».

Дервиш-Әли хан Қажы-Тарханда/Wikimedia Commons

Астрахан ақсүйектерінің бір бөлігі Қырым мен Осман империясына қашып кеткен. 1572 жылдың 30 шілдесінде Қырымдықтармен болған Молодин шайқасы кезінде Мәскеу әскеріне астрахан ханзадасының бірін «тірідей» қолға түсірудің сәті түскен. Дервиш-Әлидің ұлы Мұхаммед 1570 жылдың басында Осман империясында өмір сүріп, сұлтанның алқауында болып, ақша* алып тұрған.1515Осман сарайындағы Астрахан мұрагері. Османдықтардың № IV маңызды мәселелер реестрінде хижра жыл санауы бойынша 967 жылдың жумада айыны 23 жұлдызында (1560 жылдың 20 наурызы) Түркияға бас сауғалап келген Дервиш-Әлидің ұлдарына 30 акче берілгені жөнінде қысқаша есептік жазба сақталып қалған. 1570 жылы Түркиядағы Мәскеу елшісі И. П. Новосильцев: «Түрік сұлтанының қолында астрахандық Дервиш-Әлидің баласы Мұхаммед ханзада бар. Ол Үрім қаласында тұрады және оны қаладан тысқарыға шығармайды әрі өзіне келуге де рұқсат етпейді» деп жазған. Сонымен қатар аталған дереккөзде «Астрахандық Семен-мырза мен Теребердеев есімді жолдасы бар. Олар Астраханнан Азауға ертерек қашып келген» деген де дерек кездеседі. Кейінірек аты аталған мырзалар 1569 жылы Қырым және Османдықтардың бірлесіп жасаған астрахандық жорығына қатысқан

Селим II (1566-1574), Осман империясының 11-ші сұлтаны /Wikimedia Commons

Бастапқыда қырымдықтардан, кейін мәскеуліктерден қашқан Ямгурчи ханның жақтастары да Ыстамбұлға келген. Дегенмен дәл осы уақыттарда тәуелсіз Астраханның соңғы хандарының ізін жоғалтып аламыз. Көп өтпей бір кезеңдерде атағы дүркіреген хандықтың астанасы Мәскеу княздігі мен оның мирасқоры Ресей империясының шеткері аймақтарындағы кішігірім бір қала болып қана қалды.

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ

Духовные и договорные грамоты великих и удельных князей XIV–XVI вв. М.–Л., 1950.

Зайцев И.В. Астраханское ханство. 2-е изд., исправленное. М., 2006.

Ислам в истории Нижнего Поволжья. Издание к выставке. Текст, переводы И.В.Зайцев. Астрахань: Астраханский музей-заповедник, 2022.

Казакова Н.А. «Татарским землям имена» // Труды отдела древнерусской литературы. Т. XXXIV. Л., 1979.

Комиссаренко А.И., Моисеев М.В. Астраханское ханство по документам ногайской посольской книги за 1551–1556 гг. // Исторический архив. 2004, № 2.

Полное собрание русских летописей. Т. XIII (Патриаршая или Никоновская летопись). СПб., 1904.

Посольская книга по связям России с Ногайской Ордой 1489–1508 гг. М., 1984.

Посольская книга по связям России с Ногайской Ордой (1576 г.). М., 2003.

Путешествия русских послов XVI–XVII вв. Статейные списки. М.–Л.,1954.

Разрядная книга 1550–1636 гг. Т. 1. М., 1975.

Сборник Русского исторического общества. Т. 41. СПб., 1884.

Сборник Русского исторического общества. Т. 59. Памятники дипломатических сношений Московского государства с Польско-Литовским: Т. II (1533–1560). СПб., 1887.

Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. 1 (Извлечения из сочинений арабских). СПб., 1884.

Джиханшах б. Абд ал-Джаббар ал-Нижгарути ал-Хаджитархани. Тарих-и Астархан. Астрахань, 1907 (араб. шрифт).

Көшірілді