Византия түркілермен қалай танысты, қалай күресіп, татуласты, және олардың қолынан қалай талқандалды? Византиятанушы, ирантанушы және түркітанушы Рустам Шукуров жетінші дәрісінде Османдардың біртіндеп аймақтағы жетекші күшке айналуының себебін түсіндіреді. Дәріс түркі билеушілерінің гаремдеріндегі христиан шіркеулері туралы эссемен аяқталады. Иә, сұлтандардың әйелдері мен күңдері және шешелері көбінесе христиандар болғаны рас.
Орталығы Константинополь қаласы болған Византия мемлекетінің құлдырауы мен жойылуы Палеологтар династиясының билігімен тұспа-тұс келді. Империяны басқарған соңғы билеуші әулеттің негізін VIII Михаил қалаған болатын. VIII Михаил Палеологi
Құлдырау алдындағы кезең
VIII Михаил патшаның ұлы II Андроник (1282–1328 жж) билік еткен кезеңде Кіші Азиядағы Византия иелігінің тағдыры қандай болатыны алдын ала анықталған еді. Оның билігі тұсында византиялықтар Анадолыдағы ықпалын сақтап қалудың соңғы амалын жасауға тырысты. 13 ғасырдың 80 және 90 жылдары Батыс Анадолыдағы Византия иелігіне түркі көшпенділерінің қысымы бұрын-соңды болмағандай күшейді. Жағдайды қиындатқаны монғолдардан қашып, бас сауғалаған түркілер Византия шекарасына жетіп, мол олжаға бату үшін бекіністі бұзып өтуге ұмтылғаны ғана емес. Бұдан бөлек сол дәуірдегі онжылдықтарда Ирандағы монғол хандары (Ильхандар) өздеріне тәуелді Селжұқ сұлтандығында көшпенділердің жорығы мен тонауының жиілеп кетуіне алаңдаулы болатын. Бұл жайт жергілікті отырықшы шаруашылықты шығынға батырып, сұлтандықтың салық төлеу мүмкіндігін азайтты. Көшпенділердің көзін жою мақсатында Иран монғолдары Селжұқ сұлтандығының батыс және солтүстік уджына бірнеше рет шабуыл жасады. Сондай жорықтардың бірін Гайхату ханның өзі (1291–1295 жылдары билік еткен) басқарды. Осы оқиғадан-ақ монғол билігі үшін көшпенділер мәселесінің қаншалықты маңызды болғаны байқалады. Монғолдар жазалау экспедицияларын өздеріне тән «өртенген жер» әдісімен жүргізіп, жаулап алынған жердегі халықты аяусыз қырып-жойып, тірі қалғандарын құлдыққа алып кетті. Соның салдарынан көшпенділер мұсылман жері саналатын Анадолыдан Эгей теңізінің жағалауындағы Византия аумағына жаппай көше бастады.
II Андроник бұл мәселені шешу үшін Батыс Анадолыға өзінің ең мықты қолбасшыларын жіберді. Әсіресе, 1293–1295 жылдары атақты қолбасшы Филантропин бастаған жорықтар нәтижелі болды. Жолы болған Филантропин византиялық Анадолыдағы түркі мәселесінің шешімі бар екенін анық көрсетті. Сол дәуірдегі византиялық жазушылардың бірі Филантропиннің Константинопольге жіберген тұтқын түркілердің көп болғаны соншалық, олардың құны қой бағасынан да төмен түсіп кеткенін айтады. Филантропиннің әскери таланты мен соғыста олжалаған қомақты байлығы көшпенділердің тұтас әулет болып, оны қолдауына ықпал етті. Алайда Филантропиннің жақтастары оны II Андроник патшаға қарсы бүлік шығаруға итермеледі. Нәтижесінде тұтқындалып, екі көзінен айырылған Филантропин Константинопольдегі түрмеге қамалды. Оның одақтастары болған түркілердің бір бөлігінің көзі жойылса, қалғандары қашып кетті.
Филантропиннің бүлігі мен жеңілісінен кейін көшпенділер шабуылының жаңа толқыны басталып, Батыс Анадолыда тәртіпсіздік күшейді. Бұған дейін бекіністерге сүйенген және көшпенділердің бытыраңқылығы мен ұйымдаспауын пайдаланып, қалалар мен бекіністердің сыртындағы құнарлы алқаптарға бақылау жасап келген византиялықтар осы мүмкіндігінен айырыла бастады. Бірақ бұл Византияның Анадолыдағы ықпалы анық жойылады деген сөз емес еді. Филантропин көрсеткендей, византиялықтардың өз иелігіндегі қалалар мен бекіністерге сүйене отырып, қарсы шабуыл жасау арқылы бұрын айырылған жерлерін қайтарып алуға мүмкіндік туды. Көп ұзамай византиялықтар үшін мұндай ұтымды сәт келіп жеткендей болды. Анадолы жерін қайтарып алуға бағытталған соңғы ауқымды жорық 14 ғасырдың басында жасалды.
1303 жылы қыркүйекте Константинополь қаласына каталондық топ, яғни каталондық жалдамалы әскерлер келді. Оларды тамплиер орденінің1
Каталондық экспедицияның жылнамашысы әрі сол оқиғалардың қатысушысы болған Мунтанердің айтуынша, каталондықтар келіп жеткенде, Мәрмәр теңізінің тар сағасындағы Еуропа жағалауынан Азия жағындағы түркілерді көруге болатын және Еуропа провинцияларына түркі басқыншылығының қаупі төніп тұрған еді. Мунтанер айтқандай, көшпенділер Византиялық Анадолының «30 күндік жолға» тең жерін басып алған болатын. Каталондықтар византиялық Анадолы бойымен ұзақ қашықтықты еңсеріп, түркілерді талқандады. Түркілер Анадолы үстіртіне қарай шегіне бастады. Алайда сол сәтте II Андроник каталондықтардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермей, Еуропаға қайтарып алды.
Каталондықтарды шақыртып алудың себептері де көп болды, бірінші кезекте, бұл Рожердің Анадолыны өз патшалығы сияқты жеке басқаруға ұмтылысы еді. Бұдан бөлек каталондықтардың экспедициясы жергілікті грек халқына қолайсыздық тудырып, екіұшты сипат ала бастады. Олардың жеңісі жергілікті гректерге зорлық-зомбылық жасауға және қорғауды қажет ететін грек қалаларынан қомақты алым-салық жинауға ұласты.
Шамамен, 1304 жылы каталондықтар еуропалық Византияға оралып, Галлиполиді басып алды. Византиялықтар Адрианопольда Рожер де Флорға қастандық жасап, оны өлтірмекші болғаннан кейін каталондықтар кек қайтару мақсатында Фракия мен Македонияны тонап, Фессалияғаi
Түркілердің теңіз ісін меңгеруі әлемнің осы бөлігінің тарихына ғана тән құбылыстың пайда болуына әкелді. Түркі корсарлығы яғни «теңіз көшпелілігі» пайда болды.
Әрине, каталондықтар Анадолыдағы түрік әмірлерін айтарлықтай қомақты шығынға ұшыратып, аймақтағы түрік үстемдігінің әлсіздігін көрсетіп берді. Алайда византиялық билік жеңістің нәтижесін сәтті пайдалана алмады. Гректер тек ірі қалалар мен қамалдарды ғана бақылауға алды, олардың шегараны қалпына келтіріп, бекіністерден тыс аумақты қорғауға күштері жеткен жоқ. Каталондық топ Анадолыдан кеткеннен кейін көп ұзамай түркілер Византия жеріне жаңа күшпен шабуыл жасады. Түркілер бұрын мекен еткен жерлерін қайтарып қана қоймай, өзге қалалар мен қамалдарды да жаулап ала бастады. Бұл византиялық Анадолының құлдырауына әкеп соқты, бұдан кейінгі онжылдықтарда онда тек жекелеген византиялық анклавтар ғана сақталды.
Түркі бейликтері
Көшпенділердің шабуылы Кіші Азияның батыс бөлігінде тәуелсіз түркі әмірліктерінің, түрікше бейліктердің құрылуын жеделдетті. Жаңа мемлекеттік құрылымдардың осындай жылдамдықпен пайда болуы Византия жерлерін басып алуға бағытталған көшпенділер күшінің басымдығын және олардың отырықшы шаруашылықпен айналысатын Анадолы мұсылмандарымен қатар византиялық гректермен ынтымақтастық орнатқанын көрсетеді.
Алғашқылардың бірі болып, 1280 жылдардың басында түріктер Ментеше бектің (1294 жылға дейін қайтыс болған) төңірегіне топтасып, Кіші Мендересi
1286–1287 жылдары құрылған ертеректегі бейліктің тағы бірі — Якуб ‘Али-Шер әмірдің басшылығымен құрылған гермиян түркілерінің әмірлігі. Гермиян әмірлігі Кютахьяi
Кейінірек Сарухан әмірлігі қалыптасты. 14 ғасырдың алғашқы онжылдығында Сарухан бек Магнезияныi
Теңіздегі көшпенділер
Ең қызығы, Эгей теңізіне дейін жеткен түркілер тез арада өздерінің әскери және сауда флоттарын құрды. Оларға кеме жасау мен навигация ісінде жергілікті грек халқы көп көмек көрсетті. Мүмкін 14 ғасырдың басында түркі жасақтарындағы гректер «мартолос» деп атала бастаса керек, бұл сөз грекше «амортолос» «күнәһар» дегенді білдіретін сөзден шыққан болуы да мүмкін, сонымен қатар 14–15 ғасырларда османдардың Балқанды жаулап алуына қатысқан грек сатқындары да осылай аталған.
Түркілердің теңіз ісін игеруі әлемнің осы бөлігіндегі тарихтың ерекше феномені: «теңіздегі көшпенділік», түркі корсарлығыi
Дала менталитетінің теңіз кеңістігіне ауысуы сияқты ерекше құбылыстың түркілердің дала халқына тән базалық ойлау құрылымына әсер етуі екіталай еді, бұл әсіресе эгейлік Айдын түркілерінің эпостық тарихының авторы Энверидің «Дәстүрнамасында» жақсы көрініс тапқан. «Дәстүрнамада» теңіз маңызды, өз бетінше құнды және тәуелсіз құбылыс ретінде сипатталмайды. Теңіз — кеме палубасына айналған құрлықтың, жердің жалғасы немесе теңіз — даланың адамы ержүрек түркі көпірмен өткендей кеме палубасынан өтетін тұңғиық, шексіз шыңырау. Бұл тұрғыда 14 ғасырдың алғашқы жартысындағы түркілерден шыққан теңіз қарақшыларының сипаты Жерорта теңізінің «теңіз ұлттары» саналатын және оны күш-қуат пен өркендеу көзі деп көретін еуропалықтар грек, итальян, испан, француз және ағылшын қарақшыларынан ерекшеленеді.
Түркі корсарлығы Византияның ғана емес, Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы батысеуропалықтардың да мүддесін қозғады. 1306–1309 жылдары Эгей теңізінің кейбір аралдарында, әсіресе Ментеше түркілері қуылған Родоста Госпитальер3
Түркі корсарларына қарсы күресте 1332 жылдың қыркүйегінде Венецияның атсалысуымен құрылған Қасиетті лига шешуші рөл атқарды. Оның құрамына Венециядан бөлек Византия мен Госпитальерлер ордені, сондай-ақ Кипр королі IV Гуго (1324–1358) кірді. Қасиетті лиганың негізгі соққысы Айдын, Караси және Сарухан сияқты әмірліктерге бағытталды. 1334–1338 жылдары Лигаға қатысушылар бірнеше рет Эгей әмірлерінің флотын өртеп, суға батырып, ақыры оларды бейбіт келісімге келуге және жаңа кеме жасаудан мүлде бас тартуға мәжбүрледі. Бұдан кейінгі жылдары аймақтағы қуатты әскери күш болып қалса да, Эгей әмірліктерінің ықпалы біртіндеп әлсірей бастады. Эгей түркілерінің құлдырауы теңіздегі соғыстарға қатыспаған және өзін құрлықтағы қуатты мемлекет ретінде көрсете білген Осман әмірлігінің күшеюін жеделдетті.
Түркі жақтастары
Анадолы шайқасындағы сәтсіздіктер Константинопольді түркілерге қатысты жаңа стратегия іздестіруге итермеледі. Бұған империя ішіндегі талас-тартыс та себеп болды. ІІ Андроник патша мен оның немересі әрі мұрагері ІІІ Андроник өзара келісімге келе алмай, елде азаматтық соғыс отын тұтатты. Кейінірек атасы мен немересі татуласып, 1325 жылдан бастап тең билеуші болғанымен, билік басындағы дағдарыс пен баяу болса да, жалғасын тапқан азаматтық соғыс мемлекеттік машинаның әкімшілік және әскери тұрғыда тұралауына әкеп соқтырды. Фракия мен Македонияның сыртқы шабуылдардан күйреуі және ІІ Андроник пен оның немересі ІІІ Андроник арасындағы қақтығыстар экономиканы тұралатып, қаржылық және адами ресурстарды тауысты.
ІІ Андроник пен ІІІ Андрониктің тең билеуші ретінде елді басқара бастаған кезде Эгей түркілерімен қарым-қатынасты реттеу шаралары белсенді жүргізілді. Бір жерде күшті, енді бір ретте дипломатияны пайдалана отырып, Фракия, Македония және империя иелігіндегі Эгей аралдарында күшейіп келе жатқан түркілердің қысымына тосқауыл қою, сондай-ақ Византияның уысынан шыға қоймаған Анадолы жерлерінен түсетін табысты қазынаға қайтару мақсаты көзделді. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға ІІІ Андрониктің досы, іс жүзінде мемлекеттегі екінші адам саналатын ұлы доместик Иоанн Кантакузин белсенді атсалысты. 1328 жылы ІІІ Андроник жеке-дара билей бастағанда оның Эгей түркілерімен одақтасуға бағытталған саясаты ерекше жүйелі әрі табанды сипат алды.
14 ғасырдың 20 жылдарының соңында Константинополь Караси әмірі Темір-ханмен, әмір Сарухан-бекпен және Айдын әмірі Мұхаммед-бекпен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға тырысты. Византиялықтар Кіші Азияның батыс бөлігінде дипломатиялық қорғаныс құруға мүдделі болды: Айдын, Сарухан және Караси әмірлерінің заңды билігін мойындау арқылы Византия билеушісі оларды одақтас княздіктерге, былайша айтқанда ішкі Анадолыдағы ықтимал қауіп-қатерге қарсы буферге айналдыруға ұмтылды және Эгей теңізіндегі латындардың ықпалына қарсы тұрар күш ретінде пайдалануға тырысты.
Көп кешікпей Айдын әмірі Өмір-бек византиялықтардың басты одақтасына айналды. Ұлы доместик Кантакузин мен Өмір-бектің арасындағы достық хат алмасу арқылы басталған болатын. 1335 жылы Смирна жеріне жақын орналасқан Анадолы қаласында, — Клазоменде өткен жеке кездесу 4 күнге жалғасып, олардың бір-біріне деген сенімін толық нығайтты. Сол кезден бастап және одан кейінгі ондаған жыл бойы Өмір-бек бастаған айдындық одақтастардың флоты мен жаяу әскері Византия жағында соғысты. ІІІ Андрониктің қайтыс болғаннан кейін Өмірдің қол астындағы түркілер өзін император жариялап, ІІІ Андрониктің ұлы, заңды император V Иоаннға қарсы азаматтық соғыс бастаған Иоанн Кантакузинді қолдады. 14 ғасырдың 40 жылдары Өмір-бектің көмегі Кантакузинді толық күйреуден және саясаттағы мансабының сәтсіз аяқталуынан сақтап қалды.
Византиялықтар одақтас түркілердің әскери күшін Балқан түбегінде жүргізілген барлық соғыста, соның ішінде гректердің өз ішіндегі азаматтық қақтығыста, болгар, сербтермен және албандықтармен күресте пайдаланды. Әмір Өмір-бек көбіне-көп болгарлардың одақтасы ретінде әрекет еткен (түп-тамыры половецтерден бастау алатын Екінші Болгар патшалығын есімізге алайық) және мезгіл-мезгіл Фракияға жойқын шабуыл жасаған алтынордалықтарға қарсы шайқасқа да қатысты.
ІІІ Андроник пен Иоанн Кантакузиннің Анадолы әмірлерімен одақтастық саясатын ұстануы саясаткердің екеуіне де оң нәтижесін берді. Алайда Батыс Анадолы түркілерінің бұрын-соңды болмаған белсенділігінің, сондай-ақ византиялықтардың оған ықпал етуге ұмтылуының тағы бір әбден қисынды, бірақ өте қауіпті салдары болды. Енді түркі контингенттері іс жүзінде Византияның еуропалық бөлігіне тұрақтай бастады.
Османлы дос
Византиялықтардың тағы бір маңызды түркі одақтасы — Османлы әмірлігі болды. Османлы әмірлігі мен Византия қарым-қатынасының ертеректегі тарихы түркі одақтастары тақырыбының жалғасына айналды. Османлы династиясының негізін қалаған, қайы тайпасынан шыққан әмір І Осман ибн Ертұғырыл (1281–1324). Осман мен әкесі Ертұғырыл өз төңірегіне әртүрлі көшпенді түркілерден құралған топ пен Византия үшін стратегиялық маңызы бар Прусаi
Жаңа әмір Орхан ибн Османның (1324–1362 жж) тұсында солтүстік-батыс Анадолыдағы Византияның ірі стратегиялық бекіністерін: 1326 жылы Бұрсаны, 1331 жылы Никея қаласын және 1338 жылы Никомидияныi
Османдардан ойсырай жеңілген ІІІ Андроник пен Иоанн Кантакузин Орхан әмірмен қарым-қатынас орнатуға тырысты. Бірақ Орханмен толыққанды келісімді 1341 жылы қайтыс болған ІІІ Андрониктің ұлы, V Иоанның регенті болып тағайындалған Иоанн Кантакузин ғана жасай алды. Сол сәттен бастап османлылар Кантакузинге тұрақты түрде әскери көмек беріп, османлы контингенттері Фракияға келіп орнықты. 14 ғасырдың 40 жылдарының соңында V Иоанн патшаның анасы император әйел Савойялық Анна мен Кантакузин арасында болған азаматтық соғыста Орхан әскерлерінің көмегімен Кантакузин саяси бақталасына шешуші соққы берді.
Әуел бастан Орхан әмір Иоанн Кантакузинге серіктестердің теңдігін көздейтін ерекше қарым-қатынас моделін ұсынды. Османлылар өздерін Византия билеушілерінен төмен қоятын дипломатиялық хаттаманы орындаудан бас тартты. Құрылған одақ 1346 жылы әмір Орханның Кантакузин қызы Феодораға үйленуі арқылы бекітілді. Савойялық Анна мен Орханның жақындасуынан сескенген Кантакузиннің өзі осындай ұсыныс жасаған болатын.
Византия жазушыларының бірінің айтуынша, Орхан сырттай естігені болмаса, ешқашан көрмеген Феодораға шексіз ғашық болған. Өйткені Феодора сұлулығымен аты шыққан ару болатын. Феодора туралы тағы бір мынадай оқиға таралған. Бұдан бірнеше жыл бұрын Кантакузин өзінің досы Өмір-бек Айдыноғулларына қыздарының біріне үйленуді ұсынған, бірақ Кантакузинді бауыры санаған Өмір-бек оның ұсынысынан бас тартты, өйткені мұсылман заңдары бойынша ағайынның қызына үйленуге тыйым салынған. Өмір-бекті аңшылық кезінде көрген Феодора оны ұнатып қалғанын жеткізгенімен, әмір ашуланып оның сөзін қабыл алған жоқ.
Дегенмен Феодора түркі жігіті Орхан әмірге күйеуге шықты. Үйлену салтанатының алғашқы бөлігі Орхан өкілдерінің қатысуымен Селимврияi
Феодораға қатысты жағдайдың ерекшелігі — император қызының анадолылық түркіге күйеуге шығуы еді. Феодораның тұрмыс құруы әдеттегідей жағдайдың бірі болмаса да, 12 ғасырдан бастап мұсылмандар мен христиандар арасындағы некеге тыйым салған шіркеу тарапынан ешқандай наразылық тудырмады. Бұл оқиғаға қатысты шіркеу түсіністік танытып, үндеген жоқ. Османлылардың көмегі арқылы Иоанн Кантакузин 1347 жылы өзін император деп жариялады.
Бірақ Орхан мен Феодораның некелесуі түркілердің Византия аумағына шабуылын тоқтатқан жоқ. Түркілер қарақшылық жорықтарын жасап Македония мен Фракияны тонауды жалғастырды. Орханның өзге түркілердің Византия иеліктеріне жасайтын жорықтарын тоқтатуға шамасы келмесе керек.
Османлы дұшпан
Орханмен құрылған әскери одақ Кантакузиннің азаматтық соғыста жеңіске жетуіне ықпал еткенімен, көп ұзамай нәтиже бермейтін болды. 1348 жылы Кантакузин күшейіп келе жатқан серб экспансиясын тоқтатуға шешім қабылдады. Серб королі Стефан Душанның (1331—1355 жж.) жорығы серб билігін Фессалоникадан басқа бүкіл Македонияға таратты. Сүлейменi
Дәл осы кезеңде Кантакузин мен Орханның арасында салқындық пайда болды. Түріктер уәделеріне тұрмай, қарақшылық шабуылдарын жалғастыра берді. Олар Балқандағы күштер арақатынасына елеулі әсер ететін дербес күшке айналды. Түрік контингенттері Фракиядан кетпей, жаулап алған стратегиялық жерлерде орнығып алуға тырысты.
Азаматтық соғыстар барысында VI Иоанн Кантакузин түркілерді ішкі саяси күреске араластырудың қалыптасқан тәсілдеріне жаңалық енгізді және бұның салдары ауыр болғанын айта кету керек. Кантакузин түріктердің көрсеткен қызметіне төленетін пронияi
Осылайша Кантакузин түркілерді жалдамалы әскер ретінде пайдаланып қана қоймай, олардың Еуропаға жаппай қоныстануына себепші болды. Фракияның жағалаудағы аумақтарында түрік басқыншылығына орай туындаған сыртқы саяси шиеленістің күшейіп келе жатқанын византиялықтар анық түсінді. Түріктердің Фракияға қоныстануы, олардың жеке-дара басқаруға ұмтылуы көп кешікпей империяның күйрейтінінен хабар берген оқиға болатын.
Галлиполи басып алынғаннан кейін Константинопольда дүрбелең басталып, қала тұрғындары Италияға және тіпті Испанияға көше бастады. Константинополь халқы оқиғаның бұлай өрбуіне Кантакузинді кінәлады. Көп ұзамай бұл жағдайдың да шешімі табылды, 1354 жылдың қараша айында Константинопольге оңай кірген 5 Иоанн Палеолог Кантакузинді тақтан тайдырды. Кантакузин Иоасаф Христодул деген атпен монах болып, бұдан былай әдеби еңбекпен айналысты, бірақ ара-тұра саясатқа араласуын қойған жоқ. Византия жаңа кезеңге аяқ басты, — Балқан түбегінде османлылардың билігі күшейе түсті.
Османлы түркілері мен византиялықтардың одақтасуына Османлы әмірлігіндегі халықтың да, билеуші әмір әулетінің де эллинизациялану дәрежесінің жоғары деңгейі де себеп болды. Бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені Османлы әмірлігі орталығы Вифиния мен Никомидия, Никея мен Бұрса қалалары болған Византияның мәдени және демографиялық маңызы зор аймағында орналасқан еді. Әмірліктегі басты дін мұсылмандық болғанымен, христиан гректер мен исламды қабылдаған гректер маңызды рөл атқарды. 1354 жылы наурызда белгілі діндар және фессалоникалық архиепископ Григорий Палама Тенедос аралынан Константинопольге сапары барысында түркі теңіз қарақшыларының қолына түсіп, бір жылдай Солтүстік Анадолыда тұтқында болды. Палама көптеген қала мен ауылдарды аралап, Орханның Бұрса түбіндегі жазғы резиденциясында бірнеше күн өткізді. Григорий Паламаның айтуынша, өзі аралаған Анадолы аумағында (Лампсак, Пеги, Бұрса, Никея) христиан гректердің (сондай-ақ ислам дінін жаңадан қабылдаған гректердің) саны көп болды әрі кейбір христиандар өте беделді адамдар болған. Бұл аумақтардың барлығында шіркеулер мен монастырьлар жұмысын жалғастыра берді. Сондай-ақ бұл аймақта мұсылмандар мен христиандар арасындағы даудың қақтығысқа ұласуы үйреншікті көрініс еді.
Осыған байланысты айта кетер жайт, Османлы әмірлерінің бойында грек қаны болатын. Орханның үш әйелі — Аспорча (Сүлейменнің анасы болуы мүмкін), Нилюфер (сұлтан І Мұраттың анасы) және Феодора (Халилдің анасы) грек ұлтынан шыққан. І Мұраттың әйелі, грек қызы Гюльчичек-хатун болашақ сұлтан І Байазидті дүниеге әкелді. І Мехмедтің анасы Девлет-хатун ислам дінін қабылдаған христиан болса, Константинопольді жаулап алған ІІ Мехмедтің анасы грек күңі Хюма-хатун болатын. Османлы әмірлерінің шығу тегі және аналарының есімдері түгелдей белгілі емес, бірақ 13–15 ғасырларда олардың көпшілігінің грек және өзге ұлт өкілдері болғаны анық.
Гаремдегі шіркеулер
Селжұқ сарайларының аумағында сұлтанның христиан әйелдері мен кәнизактарына, сондай-ақ діні христиан сарай қызметкерлеріне арналған шіркеулер жұмыс істеді. Сарайдағы шіркеуге екі храм жатады: олардың бірі бүгінге дейін жетпеген, Конья қамалындағы әулие Амфилохия шіркеуі (Эфлатун-месджит) және Аланьядағы селжұқ сарайында орналасқан, қазіргі кезге дейін сақталған шіркеу. Әулие Амфилохия шіркеуі Коньядағы Алаеддин төбесінде тұрған. Ол селжұқ сарай кешені аумағындағы Конья қамалының ішінде, атақты I ‘Ала ад-Дин Кай-Кубада (1219–1236) мешітінен 50 метр жерде орналасқан. 10–11 ғасырдың басында бой көтерген шіркеу 1920 жылы қиратылды. Шіркеуде атақты Икония епископы әулие Амфилохийдің (394 жылдан кейін қайтыс болған, еске алу күні 23 қараша) мүрдесі сақталды. Селжұқтар билеген заманда мұсылмандар әулие Амфиохийдің мүрдесін философ Платонның (шіркеудің мұсылманша атауы Эфлатун-месджит осыдан пайда болған) мүрдесі деп есептеген. 15 ғасырға дейін христиандар да, мұсылмандар да шіркеуді қасиетті жер санап келді. Алайда кейінірек мұсылмандар оны сәтсіз деп тауып, мұндағы мешіт жабылды, бұдан соң шіркеу күзет мұнарасы және қойма ретінде пайдаланылды. Бұл шағын ғибадатхана сарайдағы христиан әйелдерден, селжұқ сұлтанының діні христиан күтушілері мен қызметшілерінен тұратын христиан қауымының қажеттілігіне қолайлы жер болды. Шіркеу Османлылар билік құрған 1460–1470 жылдары мешітке айналса керек, өйткені бұған дейінгі жазбаларда саяхатшылар бұл жерде тек христиан шіркеуінің болғанын айтады. Демек селжұқ билеушілерінің кезінде әулие Амфилохий шіркеуі мешіт емес, сарай шіркеуі ретінде пайдаланылған деуге негіз бар.
Аланьядағы тағы бір шіркеу, қазір Arap Evliyası («Араб әулиесі») атауымен танымал ғибадатхана да сарайдағы христиан әйелдер мен ерлерге қызмет көрсеткен деген болжам бар. Аланьяны (Калонорос) шамамен 1221 жылы жергілікті грек билеушісі кир Варда I ‘Ала ад-Дін Кай-Кубадаға берген. Бірнеше жылдан кейін қалалық қамалдың орнында І Кай-Кубаданың сарайы бой көтерді. Сарай аумағының сыртқы шығыс қабырғасы жағында күмбезді үш шатырлы храм тұр. Шіркеу сарайдың құрылысы жүрген кезінде қайтадан салынған немесе сараймен бір мезгілде салынған болуы да мүмкін, соңғы болжам шындыққа жақындау сияқты. Аланьядағы шіркеудің ішкі көрінісінен михрабтың ізі байқалмайды, сонымен қатар шіркеудің неф бөлігіндегі фреска қалдықтары да сол күйі сақталған. Бұл шіркеу ешқашан мешіт ретінде қолданылмаған, ал 13 ғасырда гарем шіркеуі болған.
Конья мен Аланьядағы шіркеу селжұқ сұлтандарының гареміне қызмет көрсетті. Анадолының шығыс бөлігінде тағы екі гарем шіркеуі бар, бірақ бұлардың қай мұсылман билеушінің кезінде салынғанын анықтау мүмкін емес. Екі шіркеу де 13 ғасырдың басы мен 15 ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі кезеңде бой көтерген болуы ықтимал.
Испир қаласындағы шіркеу орналасқан қамал қазіргі кезде шаһардың батыс бөлігінде тұр. Қамал Чорох өзенініңi
Байбурт шіркеуі қазіргі қаланың солтүстік-батыс бөлігінің маңайындағы биік төбеге салынған қалалық қамалдың ішінде орналасқан. Байбурт қаласы Қара теңіз жағалауындағы Трапезунд пен Офтан Эрзинджанға және одан әрі Ішкі Анадолы мен Батыс Иранға апаратын сауда жолындағы маңызды жүк ауыстырып тиейтін орын болатын. Атап өтетіні, 1072 жылы түркілердің иелігіне өткен Байбурт, 13–14 ғасырларда мұсылман билеушілерінің әскери базасы, ал кей кезде ұсақ әмірліктердің астанасы қызметін атқарды. Айталық, 1348 жылы қаланы тәуелсіз немесе жартылай тәуелсіз әмір Μαχμὰτ εἰκεπτάρις,i
Испир және Байбурт қалаларындағы шіркеулер 1204 жылдан 1461 жылға дейін Понт жағалауында болған Ұлы Комниндер империясының дәуіріне жатады. Олар империя аумағында кең таралған, Трапезунд сәулеті бойынша салынған шіркеуге ұқсайды. Конья және Аланья қалаларындағы шіркеулер сияқты Байбурт пен Испирдегі шіркеулер де мұсылман билеушілерінің христиан әйелдеріне, кәнизактары мен діні христиан қызметшілерге арналған болуы мүмкін. Мұндай болжам не себепті шіркеулердің әмірлер тұратын қамалдың ішінен салынғанын жақсы түсіндіреді. Бұл, әсіресе, Испирге қатысты алғанда маңызды — ондағы қамал қарапайым қала тұрғындарының үйлері сыймайтын тым шағын аумақта орналасқан: Испир бекінісі билеуші мен оның маңайындағы адамдарға арнап салынған. Әрине, Байбурт пен Испир қаласының христиан дінін ұстанатын қарапайым халқына арналған, күні бүгінге дейін сақталмаған шіркеулер де болса керек, бірақ болжам бойынша бұлар шаһардың төменгі бөлігінде, қамалдан тыс жерде салынған болуы мүмкін. Мұндай бекініс ішіндегі шіркеулер гаремдегі православ қыз-келіншектерге арнап бой көтерген, өйткені олар үшін армян және грузин шіркеуінің үлгісімен салынған ғибадатхана жат әрі үйреншікті емес, демек қолайсыз еді.
Бұл шіркеулерді мұсылман билеушісіне күйеуге шыққан әлдебір грек деспинасыменi
Шіркеулер орталығы сол аймақта орналасқан мұсылман билеушілерінің бұйрығымен салынғаны анық, олар сарай маңындағы барлық адамдары мен гаремін ертіп, Байбурт пен Испирге жиі барып тұрған және айта кететін маңызды жайт, олар шіркеу құрылысын қаржыландыруға жағдайы келетін ауқатты адамдар болған.