ВИЗАНТИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР

7-дәріс. Империяның құлдырауы

ВИЗАНТИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР

Хосе Морено Карбонеро. Роже де Флордың мен Каталондық жасақтарының Константинольге кіруы. 1888 жыл / WIkimedia Commons

Византия түркілермен қалай танысты, қалай күресіп, татуласты, және олардың қолынан қалай талқандалды? Византиятанушы, ирантанушы және түркітанушы Рустам Шукуров жетінші дәрісінде Османдардың біртіндеп аймақтағы жетекші күшке айналуының себебін түсіндіреді. Дәріс түркі билеушілерінің гаремдеріндегі христиан шіркеулері туралы эссемен аяқталады. Иә, сұлтандардың әйелдері мен күңдері және шешелері көбінесе христиандар болғаны рас.

Орталығы Константинополь қаласы болған Византия мемлекетінің құлдырауы мен жойылуы Палеологтар династиясының билігімен тұспа-тұс келді. Империяны басқарған соңғы билеуші әулеттің негізін VIII Михаил қалаған болатын. VIII Михаил ПалеологiКонстантинопольді кресшілерден тартып алғаннан кейін Палеологтар династиясынан шыққан алғашқы билеуші 1261 жылы таққа отырды. Византияны 1453 жылы осман-түріктер толығымен жаулап алғанша басқарды. дәуірінде, әсіресе Константинопольді қайтарып алғаннан кейін империяның жағдайы түбегейлі өзгерді. Ол бұрынғыдай Анадолы өңірінде шоғырланған күш болуын қойып, қайтадан Жерорта теңізі елдерінің үлкен саясатына белсене араласуға ұмтылды. Империяның саяси көкжиегінің күрт кеңеюі және Балқан түбегіндегі (бірінші кезекте Фракия мен Македонияда) ықпалын нығайту қажеттігі Анадолыдағы шекаралық аймақтың әлсіреуіне әкелді. Дәл осы кезеңде византиялықтар үшін тиімсіз болған оқиға, көшпенділердің қоныс аударуының екінші толқыны басталды. Бұл византиялық-түркі шекаралық аймағы мен Анадолы үстірті сияқты ұлан-ғайыр жердің түркіленуі мен көшпенді халыққа айналу процесін жеделдетті. Аталған оқиға Византия өркениетінің жойылуына ықпал етіп, оның бастамасына айналды. Осы жолы византиялықтар тарихтың сын-қатерін қабылдап, тығырықтан шығар жолды таппады. Көп кешікпей Византия билігі Кіші Азияны тастап кетуге мәжбүр болды, ал түркілер Балқан түбегіне басып кіріп, орнығып алды.

Құлдырау алдындағы кезең

VIII Михаил патшаның ұлы II Андроник (1282–1328 жж) билік еткен кезеңде Кіші Азиядағы Византия иелігінің тағдыры қандай болатыны алдын ала анықталған еді. Оның билігі тұсында византиялықтар Анадолыдағы ықпалын сақтап қалудың соңғы амалын жасауға тырысты. 13 ғасырдың 80 және 90 жылдары Батыс Анадолыдағы Византия иелігіне түркі көшпенділерінің қысымы бұрын-соңды болмағандай күшейді. Жағдайды қиындатқаны монғолдардан қашып, бас сауғалаған түркілер Византия шекарасына жетіп, мол олжаға бату үшін бекіністі бұзып өтуге ұмтылғаны ғана емес. Бұдан бөлек сол дәуірдегі онжылдықтарда Ирандағы монғол хандары (Ильхандар) өздеріне тәуелді Селжұқ сұлтандығында көшпенділердің жорығы мен тонауының жиілеп кетуіне алаңдаулы болатын. Бұл жайт жергілікті отырықшы шаруашылықты шығынға батырып, сұлтандықтың салық төлеу мүмкіндігін азайтты. Көшпенділердің көзін жою мақсатында Иран монғолдары Селжұқ сұлтандығының батыс және солтүстік уджына бірнеше рет шабуыл жасады. Сондай жорықтардың бірін Гайхату ханның өзі (1291–1295 жылдары билік еткен) басқарды. Осы оқиғадан-ақ монғол билігі үшін көшпенділер мәселесінің қаншалықты маңызды болғаны байқалады. Монғолдар жазалау экспедицияларын өздеріне тән «өртенген жер» әдісімен жүргізіп, жаулап алынған жердегі халықты аяусыз қырып-жойып, тірі қалғандарын құлдыққа алып кетті. Соның салдарынан көшпенділер мұсылман жері саналатын Анадолыдан Эгей теңізінің жағалауындағы Византия аумағына жаппай көше бастады.

II Андроник бұл мәселені шешу үшін Батыс Анадолыға өзінің ең мықты қолбасшыларын жіберді. Әсіресе, 1293–1295 жылдары атақты қолбасшы Филантропин бастаған жорықтар нәтижелі болды. Жолы болған Филантропин византиялық Анадолыдағы түркі мәселесінің шешімі бар екенін анық көрсетті. Сол дәуірдегі византиялық жазушылардың бірі Филантропиннің Константинопольге жіберген тұтқын түркілердің көп болғаны соншалық, олардың құны қой бағасынан да төмен түсіп кеткенін айтады. Филантропиннің әскери таланты мен соғыста олжалаған қомақты байлығы көшпенділердің тұтас әулет болып, оны қолдауына ықпал етті. Алайда Филантропиннің жақтастары оны II Андроник патшаға қарсы бүлік шығаруға итермеледі. Нәтижесінде тұтқындалып, екі көзінен айырылған Филантропин Константинопольдегі түрмеге қамалды. Оның одақтастары болған түркілердің бір бөлігінің көзі жойылса, қалғандары қашып кетті.

Филантропиннің бүлігі мен жеңілісінен кейін көшпенділер шабуылының жаңа толқыны басталып, Батыс Анадолыда тәртіпсіздік күшейді. Бұған дейін бекіністерге сүйенген және көшпенділердің бытыраңқылығы мен ұйымдаспауын пайдаланып, қалалар мен бекіністердің сыртындағы құнарлы алқаптарға бақылау жасап келген византиялықтар осы мүмкіндігінен айырыла бастады. Бірақ бұл Византияның Анадолыдағы ықпалы анық жойылады деген сөз емес еді. Филантропин көрсеткендей, византиялықтардың өз иелігіндегі қалалар мен бекіністерге сүйене отырып, қарсы шабуыл жасау арқылы бұрын айырылған жерлерін қайтарып алуға мүмкіндік туды. Көп ұзамай византиялықтар үшін мұндай ұтымды сәт келіп жеткендей болды. Анадолы жерін қайтарып алуға бағытталған соңғы ауқымды жорық 14 ғасырдың басында жасалды.

Лев Фокадың соқыр қылынуы. «Мадридтік Скилица» қолжазбасынан алынған миниатюра. 12 ғасыр / Alamy

Лев Фокадың соқыр қылынуы. «Мадридтік Скилица» қолжазбасынан алынған миниатюра. 12 ғасыр / Alamy

1303 жылы қыркүйекте Константинополь қаласына каталондық топ, яғни каталондық жалдамалы әскерлер келді. Оларды тамплиер орденінің11Тамплиер орденi1119 жылы Қасиетті жердегі алғашқы крест жорығынан кейін пайда болған рухани-рыцарьлық орден. Француз тілінен аударғанда, «Темплар» сөзі «храмшылар» деген мағынаны береді. Орденнің ресми атауы – Христостың кедей рыцарларының ордені. 1312 жылға дейін қолданыста болған бұл орденді Рим Папасы V Клемент жойды. бұрынғы офицері және теңіз қарақшысы, бойында неміс пен итальян ұлтының қаны бар каталондық Рожер де Флор басқарды, ол 1302 жылы Анадолы жерін империя билігіне қайтарып беруге уәде етіп, ІІ Андроник патшаға өз көмегін ұсынған болатын. Каталондықтардың саны отбасы мен үй қызметшілерінен бөлек 6–8 мың адам болды (ауыр атты әскер мен теңізшілер). Санының аздығына қарамастан, каталондықтар бүкіл Жерорта теңізі аймағына ержүрек жауынгерлер ретінде аты шыққан мықты күш болып есептелді, олардың қызметіне де сұраныс жоғары еді. Тек қысқа найзамен, лақтырып шаншатын қысқа жебемен және қысқа сапты қанжармен қаруланған альмогаварлар22АльмогаварларАльмогаварлар – араб тілінен аударғанда, әл-мугавир «батыл жауынгер» дегенді білдіреді, шайқаста «шабуылдаушы отряд» қызметін атқарған Пиреней түбегінің жеңіл қаруланған жаяу әскерлерінің атауы жаяу жүріп соғысты. Олардың атты әскермен (соның ішінде ауыр қаруланған әскермен) шайқасы нәтижелі болды: олар бірінші кезекте жаудың астындағы атын құлатып, содан кейін үстіндегі адамды қанжармен ұрып-соқты.

Каталондық экспедицияның жылнамашысы әрі сол оқиғалардың қатысушысы болған Мунтанердің айтуынша, каталондықтар келіп жеткенде, Мәрмәр теңізінің тар сағасындағы Еуропа жағалауынан Азия жағындағы түркілерді көруге болатын және Еуропа провинцияларына түркі басқыншылығының қаупі төніп тұрған еді. Мунтанер айтқандай, көшпенділер Византиялық Анадолының «30 күндік жолға» тең жерін басып алған болатын. Каталондықтар византиялық Анадолы бойымен ұзақ қашықтықты еңсеріп, түркілерді талқандады. Түркілер Анадолы үстіртіне қарай шегіне бастады. Алайда сол сәтте II Андроник каталондықтардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермей, Еуропаға қайтарып алды.

Каталондықтарды шақыртып алудың себептері де көп болды, бірінші кезекте, бұл Рожердің Анадолыны өз патшалығы сияқты жеке басқаруға ұмтылысы еді. Бұдан бөлек каталондықтардың экспедициясы жергілікті грек халқына қолайсыздық тудырып, екіұшты сипат ала бастады. Олардың жеңісі жергілікті гректерге зорлық-зомбылық жасауға және қорғауды қажет ететін грек қалаларынан қомақты алым-салық жинауға ұласты.

Шамамен, 1304 жылы каталондықтар еуропалық Византияға оралып, Галлиполиді басып алды. Византиялықтар Адрианопольда Рожер де Флорға қастандық жасап, оны өлтірмекші болғаннан кейін каталондықтар кек қайтару мақсатында Фракия мен Македонияны тонап, ФессалияғаiЕжелгі Грекияның солтүстік-шағысында орналасқан тарихи аймақ. көшті, соңында латындық Афина княздігінi1204 жылы крест жорықшылардың Константинопольді жаулап алғаннан кейін құрылған латын мемлекеттерінің бірі. (1311 жыл) жаулап алып, бұдан кейінгі бірнеше онжылдыққа сол жерге тұрақтап қалды.

Түркілердің теңіз ісін меңгеруі әлемнің осы бөлігінің тарихына ғана тән құбылыстың пайда болуына әкелді. Түркі корсарлығы яғни «теңіз көшпелілігі» пайда болды.

Әрине, каталондықтар Анадолыдағы түрік әмірлерін айтарлықтай қомақты шығынға ұшыратып, аймақтағы түрік үстемдігінің әлсіздігін көрсетіп берді. Алайда византиялық билік жеңістің нәтижесін сәтті пайдалана алмады. Гректер тек ірі қалалар мен қамалдарды ғана бақылауға алды, олардың шегараны қалпына келтіріп, бекіністерден тыс аумақты қорғауға күштері жеткен жоқ. Каталондық топ Анадолыдан кеткеннен кейін көп ұзамай түркілер Византия жеріне жаңа күшпен шабуыл жасады. Түркілер бұрын мекен еткен жерлерін қайтарып қана қоймай, өзге қалалар мен қамалдарды да жаулап ала бастады. Бұл византиялық Анадолының құлдырауына әкеп соқты, бұдан кейінгі онжылдықтарда онда тек жекелеген византиялық анклавтар ғана сақталды.

Рожер де Флордың өлімі. «Испанияның иллюстрациялық тарихы» кітабындағы гравюра. 19 ғасыр / Alamy

Рожер де Флордың өлімі. «Испанияның иллюстрациялық тарихы» кітабындағы гравюра. 19 ғасыр / Alamy

Түркі бейликтері

Көшпенділердің шабуылы Кіші Азияның батыс бөлігінде тәуелсіз түркі әмірліктерінің, түрікше бейліктердің құрылуын жеделдетті. Жаңа мемлекеттік құрылымдардың осындай жылдамдықпен пайда болуы Византия жерлерін басып алуға бағытталған көшпенділер күшінің басымдығын және олардың отырықшы шаруашылықпен айналысатын Анадолы мұсылмандарымен қатар византиялық гректермен ынтымақтастық орнатқанын көрсетеді.

Алғашқылардың бірі болып, 1280 жылдардың басында түріктер Ментеше бектің (1294 жылға дейін қайтыс болған) төңірегіне топтасып, Кіші МендересiГрекше Каистр. және Үлкен МендересiГрекше Меандр. өзендері аумағындағы алқаптарды бақылауда ұстауға тырысты. Олар Филантропин мен каталондықтарға табанды қарсылық көрсетті. Ментешеоғуллары әмірлігі 13 ғасырдың аяғында толық қалыптасты. 14 ғасырдың басында Ментешеоғуллары таласқан солтүстіктегі жерлер ИзмирiГрекше Смирна. және Эфес қалаларынан тұратын қуатты теңіз әмірлігін құрған Айдыноғуллары түріктеріне өтті.

1286–1287 жылдары құрылған ертеректегі бейліктің тағы бірі — Якуб ‘Али-Шер әмірдің басшылығымен құрылған гермиян түркілерінің әмірлігі. Гермиян әмірлігі КютахьяiГрекше Котиэй. бекінісі маңында шоғырланды. Гермиян әмірлері өз иеліктерін оңтүстікте Үлкен Мендереске, батыста Эгей теңізі жағалауына және солтүстікте Мәрмәр теңізі мен Босфор бұғазына дейін кеңейтуге ұмтылды. Гермиян әмірлігінің территориясы шығыста Анкараны қоса алғанға дейінгі аумаққа жетті. Айдын түркілері және, мүмкін, Османлы әмірлігі (ол туралы кейінірек сөз болады) вассал болған Гермиян әмірлігі Батыс Анадолыдағы ең қуатты түркі княздігіне айналды.

Кейінірек Сарухан әмірлігі қалыптасты. 14 ғасырдың алғашқы онжылдығында Сарухан бек МагнезияныiТүрікше Маниса. бағындырса, оның ағасы Әли паша Измирдегі НимфейдіiҚазіргі Кемалпаша. иемденді. Сол кезеңде солтүстіктегі әмірліктердің бірі Караси Мәрмәр теңізінің жағалауы мен оңтүстікке қарай ПергамғаiТүрікше Бергама. дейінгі жерлерде қалыптаса бастады. Караси әмірлерінің шежіресі ежелгі Данишмандидтер әулетінен бастау алды. Көп кешікпей әмірлікті осман түріктері жаулап алып, Османлы мемлекетінің (1330 жылдары) провинцияларының біріне айналдырды.

Көшпенділердің лагерi. 16 ғасырдағы парсы қолжазбасынан алынған миниатюра / BNF, Paris

Көшпенділердің лагерi. 16 ғасырдағы парсы қолжазбасынан алынған миниатюра / BNF, Paris

Теңіздегі көшпенділер

Ең қызығы, Эгей теңізіне дейін жеткен түркілер тез арада өздерінің әскери және сауда флоттарын құрды. Оларға кеме жасау мен навигация ісінде жергілікті грек халқы көп көмек көрсетті. Мүмкін 14 ғасырдың басында түркі жасақтарындағы гректер «мартолос» деп атала бастаса керек, бұл сөз грекше «амортолос» «күнәһар» дегенді білдіретін сөзден шыққан болуы да мүмкін, сонымен қатар 14–15 ғасырларда османдардың Балқанды жаулап алуына қатысқан грек сатқындары да осылай аталған.

Түркілердің теңіз ісін игеруі әлемнің осы бөлігіндегі тарихтың ерекше феномені: «теңіздегі көшпенділік», түркі корсарлығыiБелгiлi билеушіге қызмет ететін теңіз қарақшылары. пайда болуына ықпал етті. Батыс Анадолы түркілері кемеге мінді, нақтырақ айтқанда аттарымен бірге кемелерге отырды. Эгей архипелагы аралдарына және Фракия мен Македонияның жағалаудағы аудандарына жойқын жорықтарын жалғастырған олар бұл жолы теңіз флотымен қаруланды. Қалыптасқан жағдайдың оғаштығы, яғни көшпенділердің жорығы, әскери жеңісі, құнды заттар мен тұтқындар түріндегі олжаға батуы енді құрлықта емес, теңізде де жалғасын тапты және айта кетерлігі, түркілер ешқашан «теңіз халқы» болмаған, олар 14 ғасырдың басында, сонымен қоса Османлылар билігі кезінде теңізге қауіптене қарайтын.

Дала менталитетінің теңіз кеңістігіне ауысуы сияқты ерекше құбылыстың түркілердің дала халқына тән базалық ойлау құрылымына әсер етуі екіталай еді, бұл әсіресе эгейлік Айдын түркілерінің эпостық тарихының авторы Энверидің «Дәстүрнамасында» жақсы көрініс тапқан. «Дәстүрнамада» теңіз маңызды, өз бетінше құнды және тәуелсіз құбылыс ретінде сипатталмайды. Теңіз — кеме палубасына айналған құрлықтың, жердің жалғасы немесе теңіз — даланың адамы ержүрек түркі көпірмен өткендей кеме палубасынан өтетін тұңғиық, шексіз шыңырау. Бұл тұрғыда 14 ғасырдың алғашқы жартысындағы түркілерден шыққан теңіз қарақшыларының сипаты Жерорта теңізінің «теңіз ұлттары» саналатын және оны күш-қуат пен өркендеу көзі деп көретін еуропалықтар грек, итальян, испан, француз және ағылшын қарақшыларынан ерекшеленеді.

Түркі корсарлығы Византияның ғана емес, Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы батысеуропалықтардың да мүддесін қозғады. 1306–1309 жылдары Эгей теңізінің кейбір аралдарында, әсіресе Ментеше түркілері қуылған Родоста Госпитальер33ГоспитальерлерИерусалимдегi Иоан (Жақия) ауруханасының ағайындыларының ордені. Шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанн немесе Джониттер – 1080 жылдары құрылған алғашқы рухани және рыцарь ордені. тіпті крест жорықтарына дейін Иерусалимдегі христиан қажыларына қамқорлық жасау. Крест жорықтары басталғаннан кейін бұйрықта әскери міндеттер де болды, мысалы, латын патшалықтарының шекарасын қорғау. Госпиталлердің заманауи мұрагері – Мальта ордені. орденінің орнығуы түркілерге үлкен кедергі келтірді. Госпитальерлер теңізде Ментеше түркілеріне алғашқы қатты соққы беріп, нәтижесінде әмірлік бірнеше рет флотынан айырылып, құлдырауға ұшырағандай болды.

Түркі корсарларына қарсы күресте 1332 жылдың қыркүйегінде Венецияның атсалысуымен құрылған Қасиетті лига шешуші рөл атқарды. Оның құрамына Венециядан бөлек Византия мен Госпитальерлер ордені, сондай-ақ Кипр королі IV Гуго (1324–1358) кірді. Қасиетті лиганың негізгі соққысы Айдын, Караси және Сарухан сияқты әмірліктерге бағытталды. 1334–1338 жылдары Лигаға қатысушылар бірнеше рет Эгей әмірлерінің флотын өртеп, суға батырып, ақыры оларды бейбіт келісімге келуге және жаңа кеме жасаудан мүлде бас тартуға мәжбүрледі. Бұдан кейінгі жылдары аймақтағы қуатты әскери күш болып қалса да, Эгей әмірліктерінің ықпалы біртіндеп әлсірей бастады. Эгей түркілерінің құлдырауы теңіздегі соғыстарға қатыспаған және өзін құрлықтағы қуатты мемлекет ретінде көрсете білген Осман әмірлігінің күшеюін жеделдетті.

Фаусто Зонаро. II Мехмед Константинопольды қоршау кезінде. 1896-1909 жж. / Alamy

Фаусто Зонаро. II Мехмед Константинопольды қоршау кезінде. 1896-1909 жж. / Alamy

Түркі жақтастары

Анадолы шайқасындағы сәтсіздіктер Константинопольді түркілерге қатысты жаңа стратегия іздестіруге итермеледі. Бұған империя ішіндегі талас-тартыс та себеп болды. ІІ Андроник патша мен оның немересі әрі мұрагері ІІІ Андроник өзара келісімге келе алмай, елде азаматтық соғыс отын тұтатты. Кейінірек атасы мен немересі татуласып, 1325 жылдан бастап тең билеуші болғанымен, билік басындағы дағдарыс пен баяу болса да, жалғасын тапқан азаматтық соғыс мемлекеттік машинаның әкімшілік және әскери тұрғыда тұралауына әкеп соқтырды. Фракия мен Македонияның сыртқы шабуылдардан күйреуі және ІІ Андроник пен оның немересі ІІІ Андроник арасындағы қақтығыстар экономиканы тұралатып, қаржылық және адами ресурстарды тауысты.

ІІ Андроник пен ІІІ Андрониктің тең билеуші ретінде елді басқара бастаған кезде Эгей түркілерімен қарым-қатынасты реттеу шаралары белсенді жүргізілді. Бір жерде күшті, енді бір ретте дипломатияны пайдалана отырып, Фракия, Македония және империя иелігіндегі Эгей аралдарында күшейіп келе жатқан түркілердің қысымына тосқауыл қою, сондай-ақ Византияның уысынан шыға қоймаған Анадолы жерлерінен түсетін табысты қазынаға қайтару мақсаты көзделді. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға ІІІ Андрониктің досы, іс жүзінде мемлекеттегі екінші адам саналатын ұлы доместик Иоанн Кантакузин белсенді атсалысты. 1328 жылы ІІІ Андроник жеке-дара билей бастағанда оның Эгей түркілерімен одақтасуға бағытталған саясаты ерекше жүйелі әрі табанды сипат алды.

14 ғасырдың 20 жылдарының соңында Константинополь Караси әмірі Темір-ханмен, әмір Сарухан-бекпен және Айдын әмірі Мұхаммед-бекпен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға тырысты. Византиялықтар Кіші Азияның батыс бөлігінде дипломатиялық қорғаныс құруға мүдделі болды: Айдын, Сарухан және Караси әмірлерінің заңды билігін мойындау арқылы Византия билеушісі оларды одақтас княздіктерге, былайша айтқанда ішкі Анадолыдағы ықтимал қауіп-қатерге қарсы буферге айналдыруға ұмтылды және Эгей теңізіндегі латындардың ықпалына қарсы тұрар күш ретінде пайдалануға тырысты.

Көп кешікпей Айдын әмірі Өмір-бек византиялықтардың басты одақтасына айналды. Ұлы доместик Кантакузин мен Өмір-бектің арасындағы достық хат алмасу арқылы басталған болатын. 1335 жылы Смирна жеріне жақын орналасқан Анадолы қаласында, — Клазоменде өткен жеке кездесу 4 күнге жалғасып, олардың бір-біріне деген сенімін толық нығайтты. Сол кезден бастап және одан кейінгі ондаған жыл бойы Өмір-бек бастаған айдындық одақтастардың флоты мен жаяу әскері Византия жағында соғысты. ІІІ Андрониктің қайтыс болғаннан кейін Өмірдің қол астындағы түркілер өзін император жариялап, ІІІ Андрониктің ұлы, заңды император V Иоаннға қарсы азаматтық соғыс бастаған Иоанн Кантакузинді қолдады. 14 ғасырдың 40 жылдары Өмір-бектің көмегі Кантакузинді толық күйреуден және саясаттағы мансабының сәтсіз аяқталуынан сақтап қалды.

Византиялықтар одақтас түркілердің әскери күшін Балқан түбегінде жүргізілген барлық соғыста, соның ішінде гректердің өз ішіндегі азаматтық қақтығыста, болгар, сербтермен және албандықтармен күресте пайдаланды. Әмір Өмір-бек көбіне-көп болгарлардың одақтасы ретінде әрекет еткен (түп-тамыры половецтерден бастау алатын Екінші Болгар патшалығын есімізге алайық) және мезгіл-мезгіл Фракияға жойқын шабуыл жасаған алтынордалықтарға қарсы шайқасқа да қатысты.

ІІІ Андроник пен Иоанн Кантакузиннің Анадолы әмірлерімен одақтастық саясатын ұстануы саясаткердің екеуіне де оң нәтижесін берді. Алайда Батыс Анадолы түркілерінің бұрын-соңды болмаған белсенділігінің, сондай-ақ византиялықтардың оған ықпал етуге ұмтылуының тағы бір әбден қисынды, бірақ өте қауіпті салдары болды. Енді түркі контингенттері іс жүзінде Византияның еуропалық бөлігіне тұрақтай бастады.

1351 жылғы Константинопольдағы Исихаст кеңесі. Иоанн Кантакузиннің «Теологиялық туынды» еңбегінен алынған миниатюра. 1370–1375 жж. / Agefotostock/Legion

1351 жылғы Константинопольдағы Исихаст кеңесі. Иоанн Кантакузиннің «Теологиялық туынды» еңбегінен алынған миниатюра. 1370–1375 жж. / Agefotostock/Legion

Османлы дос

Византиялықтардың тағы бір маңызды түркі одақтасы — Османлы әмірлігі болды. Османлы әмірлігі мен Византия қарым-қатынасының ертеректегі тарихы түркі одақтастары тақырыбының жалғасына айналды. Османлы династиясының негізін қалаған, қайы тайпасынан шыққан әмір І Осман ибн Ертұғырыл (1281–1324). Осман мен әкесі Ертұғырыл өз төңірегіне әртүрлі көшпенді түркілерден құралған топ пен Византия үшін стратегиялық маңызы бар ПрусаiТүрікше Бұрса. және НикейiТүрікше Изник. сияқты қалаларға жақын орналасқан Сёгюта ауданындағы Солтүстік-Батыс Анадолының құрлықтық бөлігін мекендеген отырықшы гректерді топтастырды. Османлылар көршілес түркі әмірлерінің иеліктерінің есебінен өзінің билігін кеңейтіп, өздерін құрлықтық әмірлік ретінде танытты.

Жаңа әмір Орхан ибн Османның (1324–1362 жж) тұсында солтүстік-батыс Анадолыдағы Византияның ірі стратегиялық бекіністерін: 1326 жылы Бұрсаны, 1331 жылы Никея қаласын және 1338 жылы НикомидияныiТүрікше Измит. басып алған Осман әмірлігі саяси сахнадағы нағыз ірі ойыншыға айналды. Османылар гректер Вифиния деп атаған ауқатты және өте урбандалған аумаққа үстемдігін орната отырып, қуатты экономикалық ресурсқа қол жеткізді, оның Осман әмірлігінің толыққанды мемлекетке айналуына септігін тигізгені сөзсіз. Осы ретте Византия тағы да тағдыршешті жеңіліске ұшырады, — византиялықтар үшін Вифиния ең маңызды бекініс саналатын, себебі еуропалық бөлігінде Константинопольдің өзі орналасқан тар Босфор бұғазына шығатын жолды жауып тұратын еді.

Османдардан ойсырай жеңілген ІІІ Андроник пен Иоанн Кантакузин Орхан әмірмен қарым-қатынас орнатуға тырысты. Бірақ Орханмен толыққанды келісімді 1341 жылы қайтыс болған ІІІ Андрониктің ұлы, V Иоанның регенті болып тағайындалған Иоанн Кантакузин ғана жасай алды. Сол сәттен бастап османлылар Кантакузинге тұрақты түрде әскери көмек беріп, османлы контингенттері Фракияға келіп орнықты. 14 ғасырдың 40 жылдарының соңында V Иоанн патшаның анасы император әйел Савойялық Анна мен Кантакузин арасында болған азаматтық соғыста Орхан әскерлерінің көмегімен Кантакузин саяси бақталасына шешуші соққы берді.

Әуел бастан Орхан әмір Иоанн Кантакузинге серіктестердің теңдігін көздейтін ерекше қарым-қатынас моделін ұсынды. Османлылар өздерін Византия билеушілерінен төмен қоятын дипломатиялық хаттаманы орындаудан бас тартты. Құрылған одақ 1346 жылы әмір Орханның Кантакузин қызы Феодораға үйленуі арқылы бекітілді. Савойялық Анна мен Орханның жақындасуынан сескенген Кантакузиннің өзі осындай ұсыныс жасаған болатын.

Византия жазушыларының бірінің айтуынша, Орхан сырттай естігені болмаса, ешқашан көрмеген Феодораға шексіз ғашық болған. Өйткені Феодора сұлулығымен аты шыққан ару болатын. Феодора туралы тағы бір мынадай оқиға таралған. Бұдан бірнеше жыл бұрын Кантакузин өзінің досы Өмір-бек Айдыноғулларына қыздарының біріне үйленуді ұсынған, бірақ Кантакузинді бауыры санаған Өмір-бек оның ұсынысынан бас тартты, өйткені мұсылман заңдары бойынша ағайынның қызына үйленуге тыйым салынған. Өмір-бекті аңшылық кезінде көрген Феодора оны ұнатып қалғанын жеткізгенімен, әмір ашуланып оның сөзін қабыл алған жоқ.

Орхан Гази. 16 ғасыр Османдық миниатюра / Alamy

Орхан Гази. 16 ғасыр Османдық миниатюра / Alamy

Дегенмен Феодора түркі жігіті Орхан әмірге күйеуге шықты. Үйлену салтанатының алғашқы бөлігі Орхан өкілдерінің қатысуымен СелимврияiҚазіргі Түркиядағы Силиври қаласы. түбінде өтті. Салтанатты шара Византия дәстүріне сәйкес прокипсистің хаттамасы негізінде өткізілді. Белгіленген уақытта Феодора жібек пен алтын жіптен тоқылған перделер арқылы ел көзінен тасаланған платформаға (прокипсис) көтерілді. Содан кейін шымылдық ашылып, жиналған қауым қалыңдықты көрді, оның оң және сол жағында қолында жағылған шам ұстаған евнухтар тізе бүгіп отырды, музыка ойнай бастады. Жиналғандар Феодораға қошамет сөздерін айтты. Мерекелік іс-шара аяқталғаннан кейін Феодора Османлы әмірлігіндегі күйеуіне аттанды.

Феодораға қатысты жағдайдың ерекшелігі — император қызының анадолылық түркіге күйеуге шығуы еді. Феодораның тұрмыс құруы әдеттегідей жағдайдың бірі болмаса да, 12 ғасырдан бастап мұсылмандар мен христиандар арасындағы некеге тыйым салған шіркеу тарапынан ешқандай наразылық тудырмады. Бұл оқиғаға қатысты шіркеу түсіністік танытып, үндеген жоқ. Османлылардың көмегі арқылы Иоанн Кантакузин 1347 жылы өзін император деп жариялады.

Бірақ Орхан мен Феодораның некелесуі түркілердің Византия аумағына шабуылын тоқтатқан жоқ. Түркілер қарақшылық жорықтарын жасап Македония мен Фракияны тонауды жалғастырды. Орханның өзге түркілердің Византия иеліктеріне жасайтын жорықтарын тоқтатуға шамасы келмесе керек.

Qalam редакциясы

Qalam редакциясы

Османлы дұшпан

Орханмен құрылған әскери одақ Кантакузиннің азаматтық соғыста жеңіске жетуіне ықпал еткенімен, көп ұзамай нәтиже бермейтін болды. 1348 жылы Кантакузин күшейіп келе жатқан серб экспансиясын тоқтатуға шешім қабылдады. Серб королі Стефан Душанның (1331—1355 жж.) жорығы серб билігін Фессалоникадан басқа бүкіл Македонияға таратты. СүлейменiОрхан сұлтанның ұлы және қолбасшыларының бірі. 1316-1357 жылдары өмір сүрген. бастаған 10 мыңнан астам түрік көп ұзамай соғысудан бас тартып, сербтерден азат етуге тиіс аумақты тонап, жергілікті халықты құлдыққа алуға кірісті. Бұл оқиға келесі жылы да қайталанды.

Дәл осы кезеңде Кантакузин мен Орханның арасында салқындық пайда болды. Түріктер уәделеріне тұрмай, қарақшылық шабуылдарын жалғастыра берді. Олар Балқандағы күштер арақатынасына елеулі әсер ететін дербес күшке айналды. Түрік контингенттері Фракиядан кетпей, жаулап алған стратегиялық жерлерде орнығып алуға тырысты.

Азаматтық соғыстар барысында VI Иоанн Кантакузин түркілерді ішкі саяси күреске араластырудың қалыптасқан тәсілдеріне жаңалық енгізді және бұның салдары ауыр болғанын айта кету керек. Кантакузин түріктердің көрсеткен қызметіне төленетін пронияiМемлекеттік және әскери қызметі үшін берілетін Византиядағы жер түріндегі сыйлық. ретінде олардың басым бөлігін отбасымен бірге Фракияның оңтүстігінде қоныстандырды. 1354 жылғы 2 наурызда Оңтүстік Фракияда күшті зілзала болып, көптеген жер қирандыға айналды. Азиядан Фракияға жедел жеткен Сүлеймен сол аймаққа қоныс тепкен жерлестеріне сүйене отырып, жер сілкінісінен зардап шеккен, Дарданелладағы маңызды нысан саналатын Галлиполиді басып алды. Османлылар осы жеңісін нығайтып, Константинопольге дейінгі Мәрмәр теңізінің бүкіл жағалауына бақылау орнатты.

Осылайша Кантакузин түркілерді жалдамалы әскер ретінде пайдаланып қана қоймай, олардың Еуропаға жаппай қоныстануына себепші болды. Фракияның жағалаудағы аумақтарында түрік басқыншылығына орай туындаған сыртқы саяси шиеленістің күшейіп келе жатқанын византиялықтар анық түсінді. Түріктердің Фракияға қоныстануы, олардың жеке-дара басқаруға ұмтылуы көп кешікпей империяның күйрейтінінен хабар берген оқиға болатын.

Галлиполи басып алынғаннан кейін Константинопольда дүрбелең басталып, қала тұрғындары Италияға және тіпті Испанияға көше бастады. Константинополь халқы оқиғаның бұлай өрбуіне Кантакузинді кінәлады. Көп ұзамай бұл жағдайдың да шешімі табылды, 1354 жылдың қараша айында Константинопольге оңай кірген 5 Иоанн Палеолог Кантакузинді тақтан тайдырды. Кантакузин Иоасаф Христодул деген атпен монах болып, бұдан былай әдеби еңбекпен айналысты, бірақ ара-тұра саясатқа араласуын қойған жоқ. Византия жаңа кезеңге аяқ басты, — Балқан түбегінде османлылардың билігі күшейе түсті.

Османлы түркілері мен византиялықтардың одақтасуына Османлы әмірлігіндегі халықтың да, билеуші әмір әулетінің де эллинизациялану дәрежесінің жоғары деңгейі де себеп болды. Бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені Османлы әмірлігі орталығы Вифиния мен Никомидия, Никея мен Бұрса қалалары болған Византияның мәдени және демографиялық маңызы зор аймағында орналасқан еді. Әмірліктегі басты дін мұсылмандық болғанымен, христиан гректер мен исламды қабылдаған гректер маңызды рөл атқарды. 1354 жылы наурызда белгілі діндар және фессалоникалық архиепископ Григорий Палама Тенедос аралынан Константинопольге сапары барысында түркі теңіз қарақшыларының қолына түсіп, бір жылдай Солтүстік Анадолыда тұтқында болды. Палама көптеген қала мен ауылдарды аралап, Орханның Бұрса түбіндегі жазғы резиденциясында бірнеше күн өткізді. Григорий Паламаның айтуынша, өзі аралаған Анадолы аумағында (Лампсак, Пеги, Бұрса, Никея) христиан гректердің (сондай-ақ ислам дінін жаңадан қабылдаған гректердің) саны көп болды әрі кейбір христиандар өте беделді адамдар болған. Бұл аумақтардың барлығында шіркеулер мен монастырьлар жұмысын жалғастыра берді. Сондай-ақ бұл аймақта мұсылмандар мен христиандар арасындағы даудың қақтығысқа ұласуы үйреншікті көрініс еді.

Осыған байланысты айта кетер жайт, Османлы әмірлерінің бойында грек қаны болатын. Орханның үш әйелі — Аспорча (Сүлейменнің анасы болуы мүмкін), Нилюфер (сұлтан І Мұраттың анасы) және Феодора (Халилдің анасы) грек ұлтынан шыққан. І Мұраттың әйелі, грек қызы Гюльчичек-хатун болашақ сұлтан І Байазидті дүниеге әкелді. І Мехмедтің анасы Девлет-хатун ислам дінін қабылдаған христиан болса, Константинопольді жаулап алған ІІ Мехмедтің анасы грек күңі Хюма-хатун болатын. Османлы әмірлерінің шығу тегі және аналарының есімдері түгелдей белгілі емес, бірақ 13–15 ғасырларда олардың көпшілігінің грек және өзге ұлт өкілдері болғаны анық.

Гюстав Буланже. Құл базар. 1886 жыл / Alamy

Гюстав Буланже. Құл базар. 1886 жыл / Alamy

Гаремдегі шіркеулер

Селжұқ сарайларының аумағында сұлтанның христиан әйелдері мен кәнизактарына, сондай-ақ діні христиан сарай қызметкерлеріне арналған шіркеулер жұмыс істеді. Сарайдағы шіркеуге екі храм жатады: олардың бірі бүгінге дейін жетпеген, Конья қамалындағы әулие Амфилохия шіркеуі (Эфлатун-месджит) және Аланьядағы селжұқ сарайында орналасқан, қазіргі кезге дейін сақталған шіркеу. Әулие Амфилохия шіркеуі Коньядағы Алаеддин төбесінде тұрған. Ол селжұқ сарай кешені аумағындағы Конья қамалының ішінде, атақты I ‘Ала ад-Дин Кай-Кубада (1219–1236) мешітінен 50 метр жерде орналасқан. 10–11 ғасырдың басында бой көтерген шіркеу 1920 жылы қиратылды. Шіркеуде атақты Икония епископы әулие Амфилохийдің (394 жылдан кейін қайтыс болған, еске алу күні 23 қараша) мүрдесі сақталды. Селжұқтар билеген заманда мұсылмандар әулие Амфиохийдің мүрдесін философ Платонның (шіркеудің мұсылманша атауы Эфлатун-месджит осыдан пайда болған) мүрдесі деп есептеген. 15 ғасырға дейін христиандар да, мұсылмандар да шіркеуді қасиетті жер санап келді. Алайда кейінірек мұсылмандар оны сәтсіз деп тауып, мұндағы мешіт жабылды, бұдан соң шіркеу күзет мұнарасы және қойма ретінде пайдаланылды. Бұл шағын ғибадатхана сарайдағы христиан әйелдерден, селжұқ сұлтанының діні христиан күтушілері мен қызметшілерінен тұратын христиан қауымының қажеттілігіне қолайлы жер болды. Шіркеу Османлылар билік құрған 1460–1470 жылдары мешітке айналса керек, өйткені бұған дейінгі жазбаларда саяхатшылар бұл жерде тек христиан шіркеуінің болғанын айтады. Демек селжұқ билеушілерінің кезінде әулие Амфилохий шіркеуі мешіт емес, сарай шіркеуі ретінде пайдаланылған деуге негіз бар.

Аланья қамалындағы XIII ғасырға тиесілі Византиялық шіркеу. Түркия. Аланья / Alamy

Аланья қамалындағы XIII ғасырға тиесілі Византиялық шіркеу. Түркия. Аланья / Alamy

Аланьядағы тағы бір шіркеу, қазір Arap Evliyası («Араб әулиесі») атауымен танымал ғибадатхана да сарайдағы христиан әйелдер мен ерлерге қызмет көрсеткен деген болжам бар. Аланьяны (Калонорос) шамамен 1221 жылы жергілікті грек билеушісі кир Варда I ‘Ала ад-Дін Кай-Кубадаға берген. Бірнеше жылдан кейін қалалық қамалдың орнында І Кай-Кубаданың сарайы бой көтерді. Сарай аумағының сыртқы шығыс қабырғасы жағында күмбезді үш шатырлы храм тұр. Шіркеу сарайдың құрылысы жүрген кезінде қайтадан салынған немесе сараймен бір мезгілде салынған болуы да мүмкін, соңғы болжам шындыққа жақындау сияқты. Аланьядағы шіркеудің ішкі көрінісінен михрабтың ізі байқалмайды, сонымен қатар шіркеудің неф бөлігіндегі фреска қалдықтары да сол күйі сақталған. Бұл шіркеу ешқашан мешіт ретінде қолданылмаған, ал 13 ғасырда гарем шіркеуі болған.

Конья мен Аланьядағы шіркеу селжұқ сұлтандарының гареміне қызмет көрсетті. Анадолының шығыс бөлігінде тағы екі гарем шіркеуі бар, бірақ бұлардың қай мұсылман билеушінің кезінде салынғанын анықтау мүмкін емес. Екі шіркеу де 13 ғасырдың басы мен 15 ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі кезеңде бой көтерген болуы ықтимал.

Испир қаласындағы шіркеу орналасқан қамал қазіргі кезде шаһардың батыс бөлігінде тұр. Қамал Чорох өзенініңiГрекше Акампсис. оң жағалауындағы биік жартаста бой көтерген және оңтүстік-батысқа қарай созылған өзен бойындағы құнарлы алқаптарды бақылауға мүмкіндік береді. Испир қаласы Эрзерумнан солтүстікке қарай Понт жағалауына апаратын жолда маңызды стратегиялық мәнге ие болды. Қазіргі кезде қамалдан сақталып қалғаны — шамамен 13 ғасырда, салтұқ немесе селжұқ билігі кезінде салынған мұнаралы Сұлтан Мәлік мешіті (Sultan Melik mescidi), бекініс қабырғаларының бір бөлігі, сондай-ақ мешіттен ондаған метр жерде тұрған шіркеудің апсиді мен нартексініңiҒибадатхананың кіреберісіне жалғастыра салынған жай бірнеше бөлігі ғана. Бұл тастан салынған, «өрнектелген крест» түріндегі, төрт тіректі күмбезі мен нартексі бар үлкен шіркеу болып саналады.

13 ғасыр қамалы. Түркия. Испир / Shutterstock

13 ғасыр қамалы. Түркия. Испир / Shutterstock

Байбурт шіркеуі қазіргі қаланың солтүстік-батыс бөлігінің маңайындағы биік төбеге салынған қалалық қамалдың ішінде орналасқан. Байбурт қаласы Қара теңіз жағалауындағы Трапезунд пен Офтан Эрзинджанға және одан әрі Ішкі Анадолы мен Батыс Иранға апаратын сауда жолындағы маңызды жүк ауыстырып тиейтін орын болатын. Атап өтетіні, 1072 жылы түркілердің иелігіне өткен Байбурт, 13–14 ғасырларда мұсылман билеушілерінің әскери базасы, ал кей кезде ұсақ әмірліктердің астанасы қызметін атқарды. Айталық, 1348 жылы қаланы тәуелсіз немесе жартылай тәуелсіз әмір Μαχμὰτ εἰκεπτάρις,iМахмат Икептарис ал шамамен 1355 жылдан 1361 жылға дейін әмір Қожа Латиф басқарған. Байбурттағы шіркеудің шағын ғана бөлігі сақталып қалғандықтан, оның күмбезі болған-болмағанын нақты айту қиынға соғады. Шіркеу Трапезунд сәулетінде кеңінен қолданылған, әдеттегі кірпіштен үлкендеу тастан салынған. Шіркеу еденінің астында тас камера, крипта болуы мүмкін.

Испир және Байбурт қалаларындағы шіркеулер 1204 жылдан 1461 жылға дейін Понт жағалауында болған Ұлы Комниндер империясының дәуіріне жатады. Олар империя аумағында кең таралған, Трапезунд сәулеті бойынша салынған шіркеуге ұқсайды. Конья және Аланья қалаларындағы шіркеулер сияқты Байбурт пен Испирдегі шіркеулер де мұсылман билеушілерінің христиан әйелдеріне, кәнизактары мен діні христиан қызметшілерге арналған болуы мүмкін. Мұндай болжам не себепті шіркеулердің әмірлер тұратын қамалдың ішінен салынғанын жақсы түсіндіреді. Бұл, әсіресе, Испирге қатысты алғанда маңызды — ондағы қамал қарапайым қала тұрғындарының үйлері сыймайтын тым шағын аумақта орналасқан: Испир бекінісі билеуші мен оның маңайындағы адамдарға арнап салынған. Әрине, Байбурт пен Испир қаласының христиан дінін ұстанатын қарапайым халқына арналған, күні бүгінге дейін сақталмаған шіркеулер де болса керек, бірақ болжам бойынша бұлар шаһардың төменгі бөлігінде, қамалдан тыс жерде салынған болуы мүмкін. Мұндай бекініс ішіндегі шіркеулер гаремдегі православ қыз-келіншектерге арнап бой көтерген, өйткені олар үшін армян және грузин шіркеуінің үлгісімен салынған ғибадатхана жат әрі үйреншікті емес, демек қолайсыз еді.

Жорж Франсуа Гийо. Гарем бишілері. 1880 жыл  / Wikipedia Commons

Жорж Франсуа Гийо. Гарем бишілері. 1880 жыл / Wikipedia Commons

Бұл шіркеулерді мұсылман билеушісіне күйеуге шыққан әлдебір грек деспинасыменiГрекше «тақсыр ханым». ғана байланыстыруға болмайды. Бұдан бөлек, шіркеулердің трапезунд үлгісімен салынуына тек Комниндер империясының ханшайымдары себеп болды деуге де келмейді, өйткені бұл діни нысандар Трапезундтағы және өзге аймақтағы ақсүйек грек әйелдеріне де арналған болуы мүмкін.

Шіркеулер орталығы сол аймақта орналасқан мұсылман билеушілерінің бұйрығымен салынғаны анық, олар сарай маңындағы барлық адамдары мен гаремін ертіп, Байбурт пен Испирге жиі барып тұрған және айта кететін маңызды жайт, олар шіркеу құрылысын қаржыландыруға жағдайы келетін ауқатты адамдар болған.