AAVIKKO – ORIENTAL BABY

Батыстан шығысқа қарай: дыбыс географиясы

Киммо Метсаранта. Aavikko Тобы/Wikimedia Commons

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Aavikko тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында электрондық музыка бағытында аты шыққан фин триосы. Бұлар жұрт ескі синтезаторлар, сан алуан қарабайыр әуен үлгілері мен incredibly strange music стиліне әуес болған заман өкілдері. Олардың «Oriental Baby» атты ырғақты композициясы сол кезеңде көңіл көтеру үшін жиі қойылған әуендердің бірі. Авторлар бұл туындыда Таяу Шығыс мақамына ұқсас гармония мен финдердің электрондық музыка амалдарын біріктіруге талпыныс жасаған, осындай да үйлесім болады деп кім ойлаған... Мұндай дүниені қазір таппайсыз, оның болмағаны да жақсы шығар.

Көшірілді