ХАСЕН БИЖАНҰЛЫ ТУРАЛЫ

Балқаш өңірі

Мазмұн

Армысыздао, дәстүрлі Қазақ Елі! Өзім Балқаш өңірінің Арғын елден болған соң осы мақаламды Солтүстік Балкаш өңірінде өмір сүрген ұлы тұлга Хасен Бижанұлы тұралы бөліскім келеді. Хасен атамыз туралы Қазақстан тарих бетінде жане Алашқа арналған жазбаларда, музейлерде, ұйымдастыратын мерейтойларда және тағы баска жерлерде аз айтылады. Хасен Бижанұлы тек Балкаш қаласы және оның маныңда өмір мекендейдін тарихи қызметкерлер, өлкетану энтузиастар, Бижановтың ұрпақтары, жалпы алғанда таң шеңбер біледі. Отандастарымның елесінде Хасен Бижанұлының Алаш арыстарымен бір қатарда тұру уақыты келді. Осы мақаламның мақсаты -- осы тарихи әділетсіздікті көрсету.

Алашпен байланысы

Хасен Бижанұлы 1858 жылы Сарыарқаның Дадан-Тобыкты ауылында өмірге келген. Руы Дадан-Тобыкты болып келеді. Әкесі Бижан Жантасұлы малшы болған. Кішкентай кезінең әкесінің ағасы Нұржан деген болыстық бидың жаныңда өткізеді. Нұржан би оны Омск каласындағы орыс-кыргыз училищесына окуга жібереды осы туралы уездік орталығының бұйрығы дәлелдейді. Сол жерде ол сол кездегі заманауи білім алды.

1900 жылдың 5 қарашада Семипалатинск врач-инспектор Владимирский Хасен Бижанұлы туралы бізге дейін жеткен құжаттарында осындай жазба қалтырған. Деректерге карасақ «1180 номер, 2 және 3 участок Қарқалы уезды Хасен Бижановты тағайындаймын». Осылай Хасен Бижанұлы уезды өз қарауына алып, өз аулында Қарабулақты стационар кылдырады.

Кейін, 1905 жылы, импершіл Думада сайлау басталады. Соған Хасен Бижанұлы Семипалатинск өлкесі Катон-Булак болыстың ауылынан депутаттыққа кандидат боп шықкан. Бірак Думаға Солтүстік Балқаш өңірінің басқа тұмасы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов өтеді. Жерлес, бірдей құнды адамдар болған соң, екеуі араласып кетеді. Бижанұлы Алаш қозғалысының баспасөз шығуына «Қазақ» газетіне қаржылай көмек көрсетіп үлесін қосты.

1909 жылы ол өз аймағында алқаби бола бастады, бірак әзіргі уақытта бұл туралы деректер зерттелмеген. Семипалатинк губернатор бұйрығымен 1911 жылы 5 сәуірден бастап 1913 жылы 14 желтоксанға дейін болыс болды. Сол уақыт арада орыс зерттуші Григорий Потанинге экспедециясымен көмектеседі.

1920 жылдарында Хасен Бижанұлы Кокщелев деген шаруамен бірге балық шаруашылығымен айналаса бастады. Бұл кәсіпорын сәтті болды, кейінірек оны Хасенның ұлы басқарды.

1921-22 жылдары, Ашаршылық кезінде Алашорда үкіметімен бірге Жетісу аймағынан мал әкеліп, қазақ халқын көбісін аман қалдырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылық, егін, агрономия, кәсіптік саласын, мектептердер саласын дамыдып көтере бастады. Өмірінің соңғы жылдарында екі ұлы репрессия ұшырап, Жетісуға жер аударып 12 жылдан кейін өмірден озады.

Білім мен шаруашылықты дамытқан фельдшер Хасен

Қазақтарды отарлау саясаты әсерінен көптеген өзгірістерге ұшырады. Сол заманда адам болу үшін, бірденеге жету үшін білім керек еді. Көптеген жастар училищедегы оқуларын әртүрлі қиындыктардан өте алмағаннан, мектеп бағдарламасын игере алмағандықтан оқуларын тастап кететін. Бірақ Хасен Бижанүлы өз ниеті және білікті күші арқылы орыс тілін тез менгеріп, училищедегы оқуын бітіріп, фельдершер мамандығына түсіп оны жоғары деңгейде аяқтап, өз туған өлкесіне мамандырылған дәрігер ретінде келеді.

Әрі қарай кете өз ауылының манында стационарды пункттар аша бастады. Көптеген профилактикалык жұмыстар, екпенін пайдасы туралы жумыстар, жұқпалы эпидемия қарсы жүргізеді. Халықта «Фельдшер Хасен» атпен танымал болды. Сол уақытта адамдарға тек медициналық көмекпен, шектемей балаларға мектеп интернат оқитын жер ашып берды.

Бірінші инженер профессор Алихан Мусин, академик АН Өмірбек Жаутықов, заңгер Қабдырахым Кәукенов және тағы басқа әйгілі тұлғалар оның мектепінде сауат ашқан. Осылайша болашақ Қазақстан дәрігерлеріне, ғалым, мұғалімдерге жол ашты.

Осымен қатар ауыл шаруашылыгы, балык шаруашылыгы, тер илеу зауыты, диіермен ашып, мекендеген тұрғындарға жұмыс орнын ұйымдастырып берді. Тек ғана осымен тоқталмай, өз өнімдерін Ресейге және басқада аймақтарға сататын. Осылайша тек қарапайым дәрігер қызметін ғана емес, өзінін мойнына бүкіл аумақтағы ағартушылық кызметты алып, экономика, инфаструктра, өндіріс саласын құрастырды.

Яғни сөзіне емес ісіне қарасақ бірталай дүниемен айналасқан. Хасен Бижанұлынң білімге кұштарлығын және бір жеткен затқа тоқталмай көкжиегін арттырып, бүкіл жаңа дүние үйренуге дайын екеннін көре аламыз. Ештенеден қорықпай бүкіл бастаған істерін сәтті аяқтайдын.

Сонымен катар оның бүкіл адамзатты өз кұшағына алып өзінде не бар бүкілін бергенін кең мейірімді жан. Кәсіпкер ретінде жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп, мұктаж адамдарға тұракты қайырымдылықпен көмектескен.

Ол тек өзі туралы және жеке капиталын ұлғайту туралы ойлаған жоқ. Кішіпейіл адам болган. Өз қалтасынан нөлден бастап дерлік тізімделген өндірісті құрып көтерді.

Қазіргі заманның тілімен айтқанда данышпан, меценат, филантроп болган. Мейірімділік, қарапаймдылық, іскерләк, адалдық, білімге және еңбекке сүйіспеншілік осындай касиеттерге ие болған. Заманга кажет боладын өзгерсетер бағындай білген, өз өлкесіне және халқына адал кызмет еткен патриот.

Тарихи әділдік

Бижанұлы патриоттар сиякты өз ұлтына қызмет еткен үшін Кенес үкімет кезінде тиім салыңған еді. 1980 жылдардың сонына қарай «Қайта кұру» Хасен Бижанұлыны реалибитациялау үшін өлкетанушы, тарихшы Күлеш Сардарбеққызы ақпарат жинап кітаптар, материалдар шығара бастады. Сосын Бижанұлы турал зеттеу шығарған қазақстандық тарихшы Юрий Попов.

Хасен Бижанұлыны қалай еске алуға болады? Жоғарыда айтқандай бәймәлім болған кейін менде осындай ұсынастар бар. Меценаттык премияларға Хасен Бижанұлынның атын беру, оқу орындарына атын беру, ескерткіш кою, ұрпақтармен акылдасу. Совет уақытында калған көше аттарын Хасен Бижанұлынның атына ауыстыру.

Хасен Бижанұлы отарлау саясаты, ақ пен қызыл шайқасын, аштық, сталиндық репресиия, зорлық-зомбылық, қуғын-сүргін заманында өмір сүрген пенде. Мал бағып, орысша оқып, мамандық алып, терең ойлы данышпан, кең пейлі жаңашыл іскер ірі тұлға болып қалыптасып, адамзат бетін жоғалтқан жок. Өңірдегі бірінші дәрігер, тұнғыш балық аулау кәсібін, осымен тоқталмай егін, ауыл шарушылығын, зауат ашып, диірмен жүргізген. Өресіде беделі биік Хасен атамыз өз елін, ұлтын сүйіп қоймай зар заман ұакытында халыққа адал қызмет етудін керемет үлгісі

Қолданылған дерек

К. Сардарбеккызы "58 статья"

Ю. Попов "Хасен Бижанов"

Амосов П. Г "Народное хозяйства Казахстана"

Дастан Кокымжанов

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Көшірілді