Скандинавия мифологиясында бұл әлем және осыған дейін жаратылғанның бәрі бір күні Апокалипсистің немесе заман ақырдың солтүстік-батыс нұсқасы Рагнарёкты күтеді, бұл барлық жақсылық атаулының жамандықтан жеңіліс табатын, ал ғалам мәңгілік мұз құрсанатын соңғы шайқас саналады. Жалпы скандинавиялықтар өмірге құштар жандар, оларға күн көп түспейді, дәрумендер де жеткіліксіз… Десе де, Рагнарёк туралы аңыздың кей нұсқаларында әлемнің бірде қайта пайда болатыны, жер бетінде қайта тіршілік ету үшін тіпті бірнеше адамның тірі қалатыны туралы да айтылады. Бірақ мұның қашан болатыны тек бір Құдайға аян. Рагнарёк әртүрлі қызықты оқиғаға тап болады.
Жаһаннамнан ажал құшқандардың тырнағынан жасалған кеме — Нагльфар жүзіп шығып, Аса құдайларымен шайқасу үшін мұз жамылған алып Ётундар келеді. Мұхит қойнауының тамұғынан әлемді орап алатын алып жылан Ёрмунганд көтеріледі, оған адамдар мекен еткен әлемді алып толқындармен шайып өтіп, суға батыру дейтін құрметті міндет жүктеледі. Бәрі алып қасқыр Фенрирді азат етуден басталады. Негізі Фенрир құдайлардың қасақана көзін жою үшін алдау құдайы Локиді дүниеге әкелген, скандинавиялықтар оларды Аса деп атаған. Фенрир Құдайлардың түбіне жетеді. Бірақ Фенрир алғашқы жолы қалауынша сейіл құра алмады, тек батылдық құдайы — Тюрдың қолын тістеп үлгерді, ал ол сәтте асалар ұлы қасқырды асқан айламен Глейпнир шынжырымен байлап тастаған еді. Глейпнир шынжыры жұмсақ әрі жеңіл болып көрінеді. Бірақ азуын семсермен тесіп жіберген құбыжықты ұстап тұруға шынжырдың күші жетеді, Фенрирдің жарасы қанап, оның сілекейі мен қанынан алып өзен пайда болады.
Өзен — Құс жолы деп аталады. Фенрир — кішкентай қасқыр емес. Фенрир босатылған кезде оның ұлдары — Сколль мен Хати Күн мен Айды жеп қояды, ал Фенрир жоғары мәртебелі асаны, яғни скандинавиялықтардың басты құдайы — Одинді өлтіреді, бұл Рагнарёктағы құдайлардың өліміне түрткі болады. Фенрир бостандыққа шыға ма? Өзіңіз ой елегінен өткізіп көріңіз. Глейпнир шынжыры өте берік, бастысы сирек материалдардан жасалған. Оның құрамында: Әйелдің сақалы,Балықтың дауысы,Балықтың тынысы,Құстардың сілекейі,Мысықтардың адымының дауысы,Аюдың жүйке талшықтары бар. Бұл элементтер бастапқыда ғана экзотикалық болып көрінеді.
1. Сақалды әйелдер — ғылым мен қоғамға жақсы таныс. Мәселен, 28 сантиметрлік сақалы бар АҚШ азаматшасы Вивиан Уиллер Гиннес рекордтар кітабына енген. Вивиан сирек кездесетін гипертрихоз атты генетикалық дертке шалдыққан, ол шаш жабынының күтпеген жерден тез өсуімен сипатталады.
2. Барлық балық атаулы үнсіз емес және олардың бәрі желбезек арқылы тыныс алмайды. Мысалы, «кәдімгі үйіршек» немесе «шиқылдақ» тері арқылы демала алады, бірақ бұл процесс оның жанына жақпайтын сыңайлы, себебі судан шыққан балық мазасызданып шиқылдай бастайды. Терімен тыныс алып, шиқылдайды.
3. Барлық құстың сілекей безі бар, бірақ қарғаларда ол жақсы дамыған. Ал тотықұстарда сілекей безі дамымаған.
4. Ежелгі Скандинавияда қалай болғаны белгісіз, бірақ, қазіргі мысықтар адымдап қана қоймайды, тыпырлайды да. Әсіресе таңертең, оны үй иелері жақсы біледі.
5. Аюдың жүйкесі. Аю мен адамның кездескені туралы жақсы білеміз, қайткен күнде бұл олардың жүйкесі қалыпты екенін білдірсе керек. Бірақ адамға глейпнир шынжырының құрсауынан азат болудан бөлек, аюдың жүйкесіне тиюдің қажеті жоғы да белгілі.
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ
1. Сэмунд Мудрый. Старшая Эдда. М., 2023.
2. Снорри Стурлусон. Младшая Эдда. М., 2021.