ЖЕРДІҢ ТЕГІС ЕКЕНІ РАС ПА?

Біздің абсурд гербарийі

Пол Кидби. А'Туин есімді тасбақа мен 4 пілдің арқасында тұрған Жер шары. Терри Пратчеттың романына жасалған иллюстрация / Orion Books

Жердің пішіні шар тәрізді емес, диск секілді тегіс деп есептейтін адамдардың тобы туралы жиі естиміз. Мұндай сенім 21 ғасырда қалай сақталды? Бұл мүмкін болмады. Сақталған жоқ.

Ежелгі заманда барлық адамдар мен халықтар Жерді тегіс деп есептеді деген дүниеге біз бекер сенеміз. Жердің шар екендігі ерте дәуірден-ақ белгілі болған.

«Жер орталықтан шығып, үздіксіз айналу әсерінен өзінің үлкен массасын шарға айналдырады... Ғалымдар ғылыммен айналыспайтын адамдармен «адамдар жер шарының кез келген жерінде өмір сүре ме, жоқ па?» деген ой жөнінде қызу талқы жүргізеді: егер солай болса, онда олар оның қарама-қарсы жағында аяқтарын бір-біріне қойып тұрады және барлық жағдайда, олардың бас жағында аспан полюсі болады, олардың аяқтары сол сияқты Жердің ортасына қарайды; ғалым еместерде «неге бізге қарама-қарсы тұрғандар Жерден құламайды» деген сұрақ бірден туындаса да, олар неге өзіміздің құламайтынымызға таңғалмайды?» («Табиғат тарихы», Плиний 11Гай Плиний Секунд аға (22/24-79 ж.) Рим ғалымы, философ және саясаткер.

Оның үстіне, бұл шардың диаметрі біздің дәуірімзге дейінгі III ғасырдан бері белгілі, оны Киренский Эратосфен 22Эратосфен (б.з.б. 276–195/194 ж.) Ежелгі грек ғалымы, физигі. Өте дәл есептеп, жазғы күнгі тоқырау күні түсте түрлі қалаларда бағаналардан түсетін көлеңкенің ұзындығын өлшеген. Ал оған дейін Жердің шар тәрізділігі ежелгі физиктер мен астрономдардың еңбектерінде ортақ түсінікті нәрсе болған.

Біздің дәуірімзге дейінгі VI ғасырда дүниеге келген үнді математигі Арьябхата Жер шарының қасиеттері мен өлшемдерін зерттеп, дұрыс әрі нақты нәтижеге өте жақын болды.

Қытай ғылымы басқа ғылымдардан біршама ерекшеленеді, ол ғылым, тұтастай алғанда, бұл сұраққа аса қатты бас қатыра қойған жоқ; себебі, түптеп келгенде, Ежелгі Қытай теңіз державасы болған жоқ және мемлекет үшін теңіз өркениетінің өзекті мәселелері тым абстрактілі болып көрінді. Бірақ Қытайда да олар Жер тегістігін тым көп талап етпеді: дәстүрлі түрде ол мифтерде төртбұрыш ретінде сипатталады, бірақ мұнда үнді шығармалары көп дау тудырмай, оңай аударылды.

Міне, әлемнің гелиоцентрлігі деген ұғым ұзақ уақыт бойы үлкен қарсылықпен қабылданды. Бұл ғаламның ортасында айналатын кішкентай күн емес, үлкен әдемі Жер, бірақ кішкентай адам үйі алып ыстық шардың айналасында айналатынын түсіну — бұл заттардың реті туралы идеяны тым қатты бұзды. Алғаш рет гелиоцентрлік жүйені Самосский Аристарх 33Аристарх Самосский (310–230) ежелгі грек астрономы, математик, физик ұсынғанымен, б.з.б. IV ғасырда, бірақ Коперник 44Николай Коперник (1473–1543) Күн жүйесінің гелиоцентрлік құрылымының теориясын ұсынған поляк және неміс астрономы және математигі. Тіпті Галилей 55Галилео Галилей (1654–1642) итальян ғалымы, астроном, математик, физик, механик, гелиоцентрлік жүйенің жақтаушысы дәуіріне дейін Еуропа мен Азияда ол мүлдем маргиналды болып саналды.

Әрине, жақсы мектептер мен ұстаздарға қол жеткізе алмаған білімсіз адамдар тасбақада тұрған пілдердің арқасында жатқан жер дискіне сенуі мүмкін. «Жер дискісінің» сипаттамасы анда-санда көне және ортағасырлық мәтіндерде кездеседі — әрине, жаратылыстану ғылымында жоқ, бірақ философ, теолог немесе тарихшылар мұны мойындай алады. Жанама түрде мұндай сипаттама Інжілге де еніп кетті.

«Сосын шайтан Оны биік тауға алып шығып, бір сәтте Оған әлемнің барлық патшалықтарын көрсетті» (Лұқа 4–5). Әрине, жер тегіс болған жағдайда ғана таудан БАРЛЫҚ патшалықтарды көруге болады.

Міндетті бастауыш, содан кейін орта білімнің таралуымен жері тегіс деген түсінік-ақпар толығымен аяқталды. Иә, бүгінде «тегіс Жерлестердің» сайттары бар, онда негізінен абсурдты ұнататындар, алаяқтар, тролльдер, сонымен бірге психикалық денсаулығында проблемалары бар адамдардың аз пайызы жиналады.

2000 жылдарға дейін «Тегіс Жер қоғамы» тіпті Америка Құрама Штаттарында ресми түрде жұмыс істеді, оны негізінен көңіл көтеруді ұнататындар қолдаған. Қоғам ғарыштан түсірілген барлық бейнелерді, барлық физикалық аксиомаларды өтірік және жаһандық қастандық деп жариялады, ал басты қастандық жасаушылардың рөлі капиталистерге, масондарға, сатанистерге, еврейлерге және коммунистерге жүктелді. Бірақ, шамасы, тіпті тікелей қоғам мүшелерінің көпшілігі оған тек хохмалар үшін, яғни тек көңіл көтеру мақсатында ғана жазылған. 1970 жылдардың басында Чарльз Джонсон қоғамдық билікті өз қолына алды және оны отыз жыл бойы өте сәтті басқарды. Джонсонның бұрынғы авиамеханик болғандығы және Австралия сынды елдерге демалыс мақсатында керемет ұшқаны оның шынайылығына күмән тудырады — бірақ ол бұл істі жақсы білді, онымен бірге маржиналдардың кішкентай кабалы күшейе түсті және өзі туралы жалпақ жұртқа жариялады. Қоғам өзінің танымалдылығының шыңында үш жарым мың адамнан тұрды және баспасөздің назарына ерекше ие болды. Қоғам шығарған америкалықтардың айға қонуы — бұл Голливудта Стэнли Кубрик түсірген жалғандық деген мәлімдеме ерекше жетістікке айналды. Бұл үндеуде айтылған идеялар бүкіл әлемдегі антиамерикалық азаматтардың жүрегінде орын алды және ондағы дәйексөз мәтіндерді ресейлік телебағдарламалардан табуға болады (бірақ кейін бұл үзінділерден тегіс жер туралы ақпарлар мүлдем мұқият жойылған). Тіпті ғарышкер Леонов Айды шолудағы барлық «фальсификация белгілері» бос сөз, ал америкалықтар Айға қонды, онда ол жеке кепілдік береді деп ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болды. Олар Леоновтың мәлімдемесіне сенді, ал осы тақырып буыны бәсеңдей бастады.

2001 жылы Чарльз К. Джонсон қайтыс болғаннан кейін қоғам табиғи түрде ыдырап, өмір сүруін тоқтатты. Бүгінгі әлеуметтік желідегі «тегіс Жерлестер» — танымалдылыққа, жұртшылықтың назарына ілініп, сахна сыртындағы әлеммен есеп айырысу үшін өздеріне кең таралған тақырып таңдаған тәуелсіз азаматтар.

Фламмарионның боялған гравюрасы. Ғаламның құрылымына жер шетінен көз салған пірәдәр. 1888 жыл / Orion Books

Көшірілді