ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІН ҚАЛАЙ ҚОРҒАДЫ

Әшекейлер: шолпы, шашбау, шашқап…

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІН ҚАЛАЙ ҚОРҒАДЫ

Кимешек киген қазақ әйелі. Түркістан альбомы/Wikimedia Commons

Қазақ тарихының өз Ромеосы мен Джульеттасы болған, олардың есімдері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу. Уақыт жағынан эпосымыз ұзағырақ  14 жылды құрайды, сюжеті жағынан күрделірек, мәні жағынан да дәл солай: ата-анасының қарсылығына (біздің жағдайда әкелердің бірі қарсы тұрады) қарамастан бас қосқысы келген екі ғашық, ақыр соңында ажал құшады. 

Мазмұны

Тағы бір жайт, қазақтың Джульеттасы Баян Сұлу әуелі күйеу жігітті өлтірген Қодардан кек алады. Ол Қодарға дала құдығына түсуін өтінеді де, оның күшті ұзын арқан керек деген қарсылығына жауап ретінде өзінің ұзын бұрымын алға тартады. Жазушы Сәтімжан Санбаев ыңғайлаған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» эпосында «тастай ауыр шолпы таққан Баян Сұлудың бұрымы құдықтың түбіне дейін жетті» деген тұстары бар. Қодар су алып, жоғарыға көтерілген сәтте Баян өзінің керемет бұрымын қиып тастайды. Тек тереңге құлаған шолпының үні еміс-еміс құлаққа шалынды, сол кесілген бұрыммен бірге Қодар да тереңге құлдилады.

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорындағы зергерлік бұйымдар: шашбау, шекелік, тұмар, ұқияқ, шолпы/Гүлнар Танкаева

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорындағы зергерлік бұйымдар: шашбау, шекелік, тұмар, ұқияқ, шолпы/Гүлнар Танкаева

Шолпы — қазақтың зергерлік бұйымы. Ол аса романтикалық мәнге ие: шолпы тек аңыздарға ғана емес, өлеңдер мен романдарға да арқау болды. Бұл ретте шолпы әшекей-бұйымның бірі ғана, одан бөлек қазақ қыздары шашына шашбау таққан; өрімнің басына, бастың артқы жағына — шашкерме қадаған; ал көшу кезінде шаштарына арнайы шашқап киген.

Шашқа арналған әшекейлердің дала өмірінде және қазақ жырлары мен аңыздарында неге ерекше орын алғаны туралы тарқатып айтайық.

Қола дәуірі

Әуелі тарихына назар салсақ. Атақты қазақстандық археологтар Э.Р. Усманова мен В.Н. Логвиннің еңбегі «Әйелдердің бұрымға арналған әшекейлері. Қола дәуірі» деп аталады. Онда Солтүстік және Орталық Қазақстандағы көне қорымдардан табылған шашқа арналған әшекейлер толық сипатталады.

Ғалымдар мақаланың басында «Қазақстанның көне жәдігерлерін біздің эрамызға дейінгі 2 мыңжылдықтың ортасынан археологиялық зерттеулер адамзатқа қола дәуіріндегі дала тайпаларының заттық дүниесінің қаншалықты сан алуан екенін көрсетті. Осы алуан түрліліктің ішінен бізді салыстырмалы түрде шағын, бірақ таңғажайып олжаны білдіретін бұрымға арналған бұйымдар таңғалдырды. Олар әдетте әйелдер қорымында кездеседі», – деп жазады.

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорындағы зергерлік бұйымдар: шашбау, шекелік, тұмар, ұқияқ, шолпы/Гүлнар Танкаева

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорындағы зергерлік бұйымдар: шашбау, шекелік, тұмар, ұқияқ, шолпы/Гүлнар Танкаева

Қола дәуіріндегі бұрымға арналған әшекейлер. Дереккөз: Вестник ЮУрГУ. «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» сериясы. Е.В. Куприянова. Синташа және Петровка мәдениеттерінен әйелдердің бұрымға арналған зергерлік бұйымдарының формалары туралы жаңа деректер.

Ғалымдар өздері сипаттаған зергерлік бұйымдарды (алдын ала) екі түрге бөлуді ұсынды (кейінірек нақтылаулар жасалды).

Біріншісі — жапырақ тәрізді салпыншақпен түйінделетін екі төменгі моншақ немесе қыстырғыш түріндегі бұрымға арналған бұйым. Мұндай әшекейлерді бас киімге қыстырғыштар арқылы бекітуге немесе шашқа арнап өруге болады. «Десе де салпыншақ еркін қозғалып, таққан кезде қоңыраудай сыңғырлайды, ал салпыншақ, айылбас сынды қосымша детальдар бұйымды таққан кезде оның нық бекуіне мүмкіндік берді».

Екіншісі — төменгі жағында пластиналар, құрсау, моншақ пен салпыншақтың күрделі комбинациясынан тұратын бұрымға арналған бұйым. Мұның бәрі тоқылған былғарыдан немесе өрілген жолақтардан тұратын негізге бекіді. Мұндай өрім Сатан (Қарағанды ​​облысы) қорымынан табылған: оның бөліктері бір кездері теріге мықтап бекітілген.

«Жерлеу рәсімдерінің рәсімдік әлеміне тиесілі зат бола отырып, бұрымға арналған әшекей эстетикалық және практикалық мағынадан басқа, символдық мәнге де ие болды. Кейбір бұйымдар қорымға қойғанда үзіліп кеткен болуы да мүмкін… – деп жазады. Э.Р. Усманова мен В.Н. Логвин. — Сірә, зергерлік бұйымдардың тұтастығын бұзу дүниеден озған әйелдің тірі тайпаластар әлемімен байланысының үзілуін білдірсе керек».

«Шаш кескен — бас кескен»

Ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өтеді, бүгінгі Қазақстан аумағында басқа тайпалар мен халықтар өмір сүреді, бірақ бұрымға арналған әшекейлердің практикалық және символдық мәні және көбіне олардың формалары ғажайып түрде сақталады.

Императорлық рубльдер мен поляк злотыларынан жасалғын  көне шолпы, Қарағанды ​​облысы/Гүлнар Танкаева

Императорлық рубльдер мен поляк злотыларынан жасалғын көне шолпы, Қарағанды ​​облысы/Гүлнар Танкаева

Ресей рублімен және поляк злотысынан жасалған шолпы, Қарағанды ​​облысы. Автордың суреті.

«Шаш кескен — бас кескен» — бұл көнеден жеткен мәтел қазақтың шашқа деген көзқарасын тамаша көрсетеді. Біздің ата-бабаларымыз шашта адам жанының бір бөлігі, оның өмірлік қуатының бір бөлшегі бар деп санаған, сондықтан: «шашты басуға болмайды», «түскен шашты өртеуге болмайды», «кешке шаш қиюға болмайды» сынды т.б. тыйымға ұласқан көптеген ырымдар бар. Шашқа дұрыс күтім жасау керек екенін айтпағанның өзінде — мұны әр қызға өз уақытында түсіндірген. Айраннан жасалған маскалар және басқа да «күтім шаралары» өз нәтижесін беріп, даланың сұлулары қалың, жылтыр шашымен мақтана алатын — мұны кезінде қазақ даласына табан тіреген саяхатшылар да атап өткен еді. Әрі қазақ әйелдерінің бұрымға арналған әшекейлері де бірден көзге түсетін. Неміс этнографы Рихард Карутц біздің даладағы ақшаға деген көзқарасты сөз ете отырып: «Күміс рубль сандықта жатпайды, бірден әйелдің бұрымына тағылады» деп жазған еді.

Мұндай зергерлік бұйымдардың «шаштеңге» немесе «сөлкебай» сынды (екіншісі орыстың «целковый» яғни рубль деген сөзінен шыққан) арнайы атауы болған.

Шашбау. Естай Дауренбаев/Qalam

Шашбау. Естай Дауренбаев/Qalam

Атауынан көрініп тұрғандай, бұл әшекейлер толығымен дерлік монеталардан, көбіне орыс монеталарынан жасалған. Кейде рубльден ғана емес, тиыннан да жасалған. Сондай қарапайым сөлкебайдың бірі, дәлірек айтсақ, оның бір фрагменті Мәскеуде, оның негізін қалаушы, көпес және меценат Алексей Бахрушиннің есімімен аталатын театр мұражайында сақтаулы: мұражай каталогында ол “5 тиын” деп аталады. “К. Бәйсейітоваға тиесілі болған” деп жазылған әшекейдің астында. Сөз “қазақтың бұлбұлы”, әнші, «КСРО халық әртісі» атағын алған алғашқылардың бірі – Күләш Бәйсейітова туралы болып отыр. Ол оны 1936 жылы, небәрі 24 жасында алған.

Әншінің шаштеңгесі/сөлкебайы өте қарапайым көрінеді – бұл ең кішкентайынан үлкеніне қарай түзу сызықпен сымға тігілетін тиындар. Бірақ бұл жалпы ережеден өзгеше ерекшелік: әдетте қазақ зергерлері тиындардан күрделі туындылар жасап, оларды үлкен айылбасқа бекіткен. Олардың жалпы атауы – шолпы (сөлкебай соның бір түрі).

“Шолпы мен шаштеңге бұрымның ұшына өріліп, монеталардан (екіден тоғызға дейін) тұрады. Аталған монеталар бір немесе үш қатардағы ілмекті сақина тәсілімен тігінен жалғанып, седеп айылбасқа құйылған ақықтан жасалған ендірмесі бар тұтас металдан немесе үдірлі медальоннан тұрады”, - деп жазады әшекейдің бұл түріне өзінің “Мәдениет және этномәдениет” еңбегінде анықтама берген философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х.Ғабитов. Бірақ бұл тек негізі, содан кейін бәрі зергердің шеберлігі мен қиялына байланысты: қаралтымдалған күміс және зер, эмаль және бедер, ақық пен түрлі-түсті шыны – зергерлік бұйымдардың ең сәтті табылғандары бекітіліп, осылайша әртүрлі бұрымға арналған бұйымдар пайда болды. Тасты шолпы (тастан жасалған ендірмесі бар), ширатпа шолпы (астықпен үйлестіре отырып, үлдірлі зер әдісімен жасалған медальондардан тұрады), меруерт шолпы (меруерттен жасалған), қоңыраулы шолпы/сылдырмақ шолпы (көптеген сылдырлақ салпыншақтан жасалған) – бұл тізімді жалғастыра беруге болады.

Шашбау. 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басы. Зергер Серікқали Көкенов  жеке коллекциясынан/Гүлнар Танқаеваның

Шашбау. 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басы. Зергер Серікқали Көкенов жеке коллекциясынан/Гүлнар Танқаеваның

Қазақтың тағы бір танымал бұрымға арналған әшекейі — шашбау. Тағы да, атаудың өзі — бұйымның пошымы: бұл жібек немесе жүн бау, ұштарында шатысқан күміс шынжыр немесе маржан моншақтар болуы мүмкін. Салпыншақтар екі өрімге бекітіледі, ал шынжыр немесе бау оларды біріктіріп, айталық, атпен салт жүріп бара жатқан кезде кеудеге ауысуына жол бермеген.

«Салпыншақтар қылқалам (жібектен, мақтадан, жүннен және маржан моншақтарынан тігілген), доп түріндегі металл әшекейлі фигуралар, өрнектелген жыланның басы, гүл жапырақшасы, табақ тәрізді сопақ, шеңбер, ромб, конус жарты шар тәрізді розетка, аспалы монеталар салынған екі деңгейлі шиыршықтар және т.б. пішінде болады», – деп жазады «Қазақ шеберлерінің күміс жолы» кітабында тарих ғылымдарының докторы Ш.Ж. Тоқтабаева.

Шашбаудың тағы бір түрі де көзге оттай басылады, ол — шаштүлек. Ол көбіне қарайтылған күміс элементтер тігілген екі мата таспасынан тұрады. Шолпыдан айырмашылығы — шаштүлек әр өрімнің басына бекітіледі және шаштың өзі сияқты ұзын болуы керек.

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорындағы зергерлік бұйымдар: шашбау, шекелік, тұмар, ұқияқ, шолпы/Гүлнар Танкаева

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорындағы зергерлік бұйымдар: шашбау, шекелік, тұмар, ұқияқ, шолпы/Гүлнар Танкаева

Шашкерме – сирек, жартылай ұмыт болған әшекейлердің бірі. Мұндай үлкен сопақ танамоншақ бұрымның басына бекітіліп, оларды түзетуге көмектескен.

Енді бұрымға арналған қапшық – шашқап туралы сөз қозғайық. Оны әдетте барқыттан тіккен және кесте немесе күміспен безендірген. Этнодизайнер, қазақ кестелеу өнерінің шебері Тілек Сұлтанның айтуынша, Қазақстанның әр өңірінде бұл бұйым құрылысы жағынан ерекшеленеді: бір жерде жай қапшық тігіп, бұрымға кигізсе, бір өңірде шашқап бас киімнің жалғасы болған – оны әдетте қырғыз әйелдері киетін.

Ал бұрымға арналған бұйымдардың символдық мағынасына оралсақ. Қазақтың барлық зергерлік бұйымдары сияқты, шолпа мен шашбау да әуелі иесін қорғап, содан кейін ғана оған әсемдік үстеуге тиіс еді. Біздің ата-бабаларымыз күмістің қорғаныш күшіне, ақықтың, меруерттің, көгілдір ақықтың, інжу-маржанның сиқырына сенген, ал жан мен өмірлік қуаттың бір бөлшегін сақтайтын (жоғарыдан оқыңыз) шашты көз тиюден, күндес сөз бен зұлым рухтардан ерекше қорғап, күтімге алу керек еді.

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

Э.Р. Усманова и В.Н. Логвин. «Женские накосные украшения Казахстана. Эпоха бронзы» //Карагандинский государственный университет имени Е.А. Букетова, Кустанайский государственный университет имени А. Байтурсынова, Лисаковский музей истории и культуры народов Верхнего Притоболья. — Лисаковск, 1998.

Ш.Ж.Тохтабаева. «Серебряный путь казахских мастеров» // Институт востоковедения им. Р.Б.Сулейменова МОН РК. — Алматы: «Дайк-Пресс», 2005.

Гүлнар Танқаева

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ