Қазақ тарихындағы ұлт болып сақталып қалу жолында күрделі де қиын-қыстау кезеңді айтқанда Жоңғар шапқыншылығын айналып өте алмаймыз. Алайда ойрат, жоңғар немесе қалмақ деп аталған халықтың біз біле бермейтін қандай қилы тағдыры бар? Бір кездегі құдыретті хандық қалай жойылды? Тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы Qalam-ға Жоңғар хандығының құрылуы мен құлдырауы жайында әңгімелеп берді.
Үш атаудың шығу тегі
Әдетте ойрат, жоңғар және қалмақ деген үш атау қатар жүреді. Осылардың ішінде «ойрат» ең ертедегі атаудың бірі болса, түпкі мекендеген жері Саян бөктерлері еді. Бұларды ежелгі моңғол тайпаларымен қатар қоюға келмейді. Шығысында — меркіттер, солтүстік батысында — хакастар, батысында — алтайлар, оңтүстігінде наймандар мен керейлер болғандықтан, олар түркілік кеңістікте бірге жасаған халық. Солармен «төскейде малы, төсекте басы қосылып», құдандалы өмір сүрген.
Тұрсынхан Зәкенұлы / Qalam
Ежелде ойраттардың құрамында төрт тайпа болған: дөрбіт, өлет, хойт және шорос. Ақсүйек тайпасы деп шоростарды айтамыз, олар кәдімгі төре саналған. Билік басында осылар жүретін. Хойт тайпасын төлеңгіттер десек, одан кейін өлет пен дөрбіттер тұрады.
Кейін ойраттар Шыңғыс ханға өз еркімен беріледі. Орталарында төрелері барын және өз еркімен бағынғанын ескерген Шыңғыс хан олардың ішкі ісіне араласпаған, қыз алысып, қыз беріскен. Ойраттар да сенімін ақтап, Шыңғыс хан әскерінің алдыңғы қатарында ұрысқа түсетін. Дала халықтарының жорықтарында оң, сол және орта қанат деген бар. Ойраттар үнемі сол қанатта жүргендіктен, бара-бара «зюнғар», яғни жоңғар аталып кетті.
Джузеппе Кастильоне. Цин империясына қызмет етіп жүрген жоңғар сарбазы. 1755 жыл / Wikimedia Commons
13-ғасырда жоңғар атанған төрт ойрат кеңейіп, 15-ғасырда алты ойратқа жетеді. Шыңғыс ханның інісі Әбду Хасардың сегізінші ұрпағы — Орақ Темір туыстарымен сыйыспайi
Ойраттардың моңғолдарды құтқаруы
1260–1368 жылдар аралығында бүкіл Қытай моңғол әулетініңi
Лю Гуаньдао. Құбылай ханның аңға шығуы. 13-ғасыр / Wikimedia Commons
Юань патшалығы баяғы күш-қуаты мен айбатынан айырылды. Осы кезде ойраттар империяны сақтап қалу үшін күресті. Мемлекетті ұстап тұру қиын соққан шақта олар «Билікті біз дұрыстап жолға қойып берейік» деген ұсыныс айтады. Шыңғыс тұқымдары намысқа басып, оған жол бермейді. Сонда ойраттардың Есен тайшы қолбасшысы Мин патшалығына соққы беріп, 25 мың әскерімен жаудың 500 мыңдық қалың қолын талқандайды. Бұл өзі 1449 жыл болған оқиға. Тіпті императорды тұтқындап, «Пекинді босатыңдар» деп бұйырады. Орталықтағылар арасында неше түрлі әңгіме жүріп, бірі «Патшамыз жоқ, бәрін тастап, тыныш кетейік» десе, енді бірі қарсы шығып, «Бізге патша емес, астана керек, қайтсек те сақтап қаламыз» дейді. Сөйтіп, патшаның інісін таққа отырғызып, қақпаны жауып, ешкімді кіргізбей қояды. Қыс түсіп, жем-шөп пен азық-түлік таусылып, жағдай қиындаған соң, Есен тайшы кері қайтады. Императорды өлтірмей, өздерімен бірге ала кетеді. Келер жылы тағы шабуылдап, ақыры ала алмағасын, оны босатып қоя береді. Патша қайта оралғанымен, ел іші бәрібір екіге жарылып, ақырында, бұл мемлекет мәнжүрлердің шабуылынан құлап тынады. Есен тайшы болса, сол кездегі ерлігінің арқасында моңғол-ойраттың бас ханы атанады.
Есен тайшы тұтқынға алған Чжу Цичжэнь патша / Wikimedia Commons
Тұңғыш рет Моңғол империясына Шыңғыс әулетінен емес, ойраттан хан сайланады. Кейін моңғолдар оған наразы болып, қайтадан хандықты тартып алуды көздейді. Даян ханның кезінде моңғолдар мен ойраттар соғысады. Содан кейін ойраттар «моңғолдардың бізге өкпесі жоқ шығар» деп, батысқа қарай көшеді. Біртіндеп Шығыс Түркістанға, Алтайдың шығысына жетеді. 1465 жылдары Шу бойында Қазақ хандығы құрылып жатқанда, бұлар Шығыс Түркістанды иеленіп те үлгерген еді.
Ойрат құрылтайы: буддизм және болмыстың өзгеруі
1635 жылы Батыр қонтайшыныңi
Джузеппе Кастильоне. Цяньлун патшаның лагеріне келген ойрат делегациясы. 1754 жыл / Wikimedia Commons
Олар бұған дейін тәңір дінінде еді. Бірді-екілі сыртқы діндер әсер еткенімен, құрылтайдан бастап ресми түрде буддизмді мемлекеттік дін ретінде бекіттіi
Тәуке ханның баласы неге буддизмді қабылдады?
Қалдан Бошоқты қонтайшы Тәуке ханның аманаттағы баласын он жыл буддизм мектебінде оқытып, содан ордасына жібереді ғой. Жанына бес жүз ламаны атқосшы ретінде қосады. Далалықтар дәстүрінде аманат деген сенім мен достықтың кепілі. Бірақ олар баланың миына буддизмді сіңіріп, тақыр бас қылып, мойнына маржанын тағып ордаға әкеледі. Мұны көрген Тәуке хан шошып кетеді. Әрі еріп келгендер монах емес, іштеріне қылыш жасырған әскер еді. Тәуке хан бұйрық беріп, бәрінің басын алдырады. Бұл оқиғадан соң жағдай шиеленісіп, жоңғарлар «соғыс ашуға мәжбүрміз» деп өз-өздерін ақтаған сыңай танытады. Алайда олар қазақтардың діни сеніміне тигеннен бөлек, баласын будда қылып әкеліп отыр емес пе... Қазақтар мұны қабылдамайтыны айдан анық. Сөйтіп, 1698 жылы үлкен шайқас болды.
Жоңғарлардың шаруашылығы
Олар мал шаруашылығын сақтағанымен, Батыр қонтайшыдан кейін, әсіресе 17-ғасырдың соңы мен 18-ғасырда отырықшылыққа ден қойды. Тарбағатайдың күнгейіндегі ордасын қазіргі Текес өзенінің бойындағы Қалмақ-күре деген жерге көшірді. Бұл олардың Сыбан Рабданның кезінде орныққан ордасы болды. Бірте-бірте маңайына отырықшы жұрт жиналады. Әскери әлеуетін арттыру мақсатында қолөнерге, ұсташылыққа көңіл бөледі. Онымен қоса, егіншілікті қолға алғандықтан, Қотан, Қашқар, Күшар, Ақсу және Қарашәріден жатақ жұртты алып келіп, Құлжада егін ектіреді. Олардың бәрін сол кезде «тараншы» деп атайтын, кәдімгі «егінші» деген сөз ғой. Бұл жердің табиғаты егіншілікке қолайлы, топырағы құнарлы болатын.
Цин империясы және Әмірсана
Сол уақыттары жеке мүддесі жолында Цин империясынан қолдау күткендер де бар еді. Алайда ел үшін соларға қарсы күрескен Әмірсана секілді тұлғалар да шықты. Оның тегіне қатысты «хойт немесе хошоуыт» деп айтқанымен, қиын-қыстау заманда Әмірсанаға тарихтың таңдауы түсті.
Әмірсана ескерткіші. Қобда (Ховд), Моңғолия / Wikimedia Commons
Ол Халдан Цереннің баласы Дауашыны таққа отырғызуды көздеді. Екеуі «мемлекеттті қалай басқарамыз» деп ақылдасып, тең басқаруға келіседі. Бірақ таққа отырған Дауашы төрт ойратты қолына алғысы келеді. Ендігі кезекте Әмірсана Пекиннен қолдау күтеді. Цяньлун патша бүкіл ойратты саған беремін деп уәде еткенімен, ойратты төртке бөліп, әрқайсына хан сайлап жібереді. Бұл әлі 1754 жыл, Жоңғар хандығы құламаған кез еді. Осылайша, Әмірсана жеткенше жарлық басқалай шығып, бұл оған қарсы шығады.
Жоңғар қырғыны
Цин империясы Жоңғарияны талқандап, жерін алуды мақсат етті. Себебі солтүстік батысында кеңінен қанат жаюына жоңғарлар көп кедергі жасады. Әмірсананың бүлігінен кейін Цяньлун патша «Жоңғар мемлекеті жойылсын» деген жарлық шығарып, 300 мың әскер жоңғарларды талқандап өтеді.
Орой-Жалату түбіндегі шайқас. 18-ғасыр / Wikimedia Commons
Тарихтағы жоңғар қырғынын «геноцид» деп те айтуға болады. Тіпті жарты миллионға жуық адам өлген болуы мүмкін. Қашқаны бас сауғалап үлгерген, ал қалғандары қырғынға ұшыраған. Кейін сол маңға ат ізін салғандар сұмдық көріністерді көрген. Қараусыз малы жабайы аң секілді боп кеткен екен дейді. Баласы бесігінде жатып, қариясы төсегінде жатып өлген. Қырылған адамның сүйектері сай-сала мен арық-жырада шашылып қалған көрінеді.
Абылай хан, Әмірсана және қазақ мүддесі
Абылай хан мен Әмірсана арасында достық қарым-қатынас, құдандалық байланыс орнаған. Жеке өшпенділік жоқ, тіпті Сыбан Рабдан, Халдан Церен сияқты араларында кек болған емес. Әмірсана әуелгіде Абылайға екі рет келіп кеткен.
Абылай хан ескерткіші, Түркістан / Alamy
Соңғы келуінде жеңілетінін, артынан қуғандардың бәрібір діттегеніне жетпей қоймайтынын сезген ол Ақшиде отырған Қожаберген батырдың ауылына жетеді. Содан Қожаберген батыр Абылайға кісі жібергенде, «ауылыңда тұра тұрсын» деген хабар алады. Ақырында, тықыр таянғанын білген Әмірсана балаларын батырдың ауылына қалдырып, Абылайға келеді. Енді мынаған қараңыз: батырдың Жүзік есімді үшінші әйелінен жеті ұл тарайды. Соның бір ұлының аты Қазақбай екен. Сол Әмірсананың балалары дейді. Қазаққа сіңіп кеткен. Ал Әмірсана Абылайдың жанына жеткенімен, Цин империясы тарапынан бірнеше мәрте «бізге тапсыр» деген талап жетеді. Соңында Абылай оны қайтарып бермек болып, екі тарап бір-біріне жақын қалған сәтте Әмірсана сытылып қашып, орыстар шебіне өтіп кетеді. «Әкелдім, ие бола алмай қалдық» деп құтылған Абылай анығында оны қашырып жібереді. Әмірсана сол жақта шешектен қайтыс болғанымен, сонда да өлігін сұратып алып, тексерген екен.
Одан әрі Цин империясымен дипломатиялық қарым-қатынас басталғанымен, қазақтар жоңғарлардың құрып кетуіне мүдделі болмаған. Мұны Абылайдың әр әрекетінен де аңғара аламыз. Егер Жоңғар хандығы тұра бергенде, ортадағы «буферлік аймақ» сақталатын еді. Алайда қазақтар соңында Цин империясымен шекаралас болып қалды.
Бұл — Жоңғар хандығының құрылуы мен құлдырауы, қазақ-жоңғар қарым-қатынасы жайында тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлымен жүргізген сұхбаттың бір бөлігі ғана. Толық нұсқасын Qalam Tarih атты YouTube-арнамыздан көре аласыз.