Курсы
Біреуі ғана аман қалған адамдардың үш түрі
Біздің түпкі ата-бабаларымыз және олардың туыстары туралы біліміміз 19-20 ғасырда қалыптасқан. Сол кезден бері таңғалдыратын ештеңе болмайтын сияқты еді. Адамның бас сүйегі мен жағы, көбінесе саусақ-башпай сүйегінің бөлігі мен тісі музей қорын толықтырып, тек тиісті саладағы кәсіби баспасөзде аздаған адамды ғана елең еткізер мақала жариялауға түрткі болды. Алайда 2000 жылдары жаңа ғылым — палеогенетика бәрін өзгертіп жіберді. Ол ғасырлар бойы үнсіз жатқан сүйектерді сөйлетті, адамның осы күнге дейін беймәлім болып келген түрін тауып, кейде тек сүйегінің сынықтары ғана сақталып қалған адамдардың баяғы кездегі өмірінің жай-жапсарын тіпті ойға да кіріп-шықпайтын дәлдікпен көруге мүмкіндік берді. Соңғы 10–15 жылда ашылған керемет жаңалықтар туралы профессор Александр Марков әңгімелейді.
Дәріс: 4
-ден бері жарық көруде 11.04.2024
Дәрістер
Көшірілді