Сиқыршы отыншының балтасын шеберлерше сермеуі

Ричард Дадд (1864 ж.)

Ричард Дадд. Сиқыршы отыншының балтасын шеберлерше сермеуі, 1855-1864 жж. / Wikimedia Commons

Сурет Тейт галериясында тұр, Лондон қаласы.

«Шеберлерше сермеу» Бедламдағы ақылынан адасқандар ауруханасында салынған, себебі «әкесінің бойына ібіліс кіріп кеткенін» көріп, бауыздап тастаған суретші 1843 жылы осында жатқызылады. Бақытына қарай, емдеуші дәрігерлер есінен алжасқан жігітке сурет салуға рұқсат береді — ол аз болса, осы қалауын жан-жақты қолдапты. Осылайша науқас суретші асқан тырысушылықпен салынған, бірақ көрерменнің бойын селк еткізіп, денесін түршіктіретін бірнеше бірегей әрі таңғаларлық суретті мұра етіп қалдырады.

Дадд «Шеберлерше сермеуді» тоғыз жыл бойы үлкейткіш шынымен салады — бұл ағылшын фольклоры мен Даддтың өзі шексіз жақсы көрген Шекспирдің шығармашылығына жасалған аллюзия. Осы туындысында суретші романтика дәуіріне дейінгі адамдардың перілер әлеміне деген қарым-қатынасын айнытпай келтірген, бұрынғы заманда ақындар қалықтап ұшып жүретін сүйкімді перизаттарға мейірленіп, мадақтаумен болатын — жоқ, Даддтың перілері бұл ұғымға мүлде кереғар, олар мейірім-шапағат дегеннен жұрдай — ешкімді аямайды, қатігез, шәлкес, бірақ, ғажайып жаратылыс, өздері қаншалықты мақсатсыз әрі ұшы-қиырсыз тіршілік етсе, мына әлемге де соншалықты қауіп төндіреді.
Бұл туынды өзінің бойындағы жындардың тасбауырлығын, олардың Жоғары Санадан шеттеп қалғанын паш ететін Босхтың жұмыстарымен үндеседі, суретші бұл түсінікті тылсым әлемнің түр-тұрпаты мен іс-әрекетінің далбаса екенін көрсету арқылы бейнелейді.

«Шеберлерше сермеу» британ жазушысы Терри Пратчеттің «Кішігірім еркін халық» деп аталатын атақты роман жазуына түрткі болған.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы