Балшықтан жаратылған адам

Адамдарды саздан жасау

Адамды жарату. Үлкен Кентерберийлік псалтырь. 12 ғасырға тиесілі миниатюра / BNF

Адамның денесі мен бір кесек топырақтың арасында ортақ нәрсе өте-өте аз сияқты. Дегенмен көптеген мәдениетте біздің дәл осы материалдан жаралғанымыз туралы миф болған.

Шамасы, бұл жерде негізге алынған нәрсе екеуінің қасиеттерінің немесе сыртқы белгілерінің ұқсастығы туралы идея емес: қалай болғанда да адам өзінің мәнерімен, әдеттерімен де балшыққа мүлдем ұқсамайды. Бәлкім, табиғаттағы заттар айналымындағы микроорганизмдердің рөлі туралы түсінігі жоқ біздің ата-бабаларымыз ыдырайтын денелер жермен тығыз байланысты болғандықтан топыраққа айналады деп есептесе керек.

Топырақтан алындың, топыраққа қайтасың да. Ескі өсиеттегі Жаратушының бір кесек балшықтан адамды қалай жаратқаны, тіпті оған «қызыл топырақтан жасалған» дегенді білдіретін Адам деген ат қойғаны туралы әңгіме, ғаламның түкпір-түкпіріндегі көптеген аңыздармен үйлеседі. Саздан адам жасау кәсібі Месопотамияда болды — Энки құдайы мен Нинмах есімді әйел-құдай өздеріне балшықтан қызметшілер жасауды ұйғарды, бірақ олар алдымен жақсылап тамақтанып, шарап ішті, сөйтіп мас болған Нинмах әртүрлі ұсқынсыз тіршілік иелерін жасапты, бұл үшін Энки оған қатты ұрысты — ол жасаған адамдар әдемі болып шықты, олардан түрі келісті бекзат таптар тарады, ал Нинмахтың жасағаны өсіп-өніп кеткенімен, түрлері әлі күнге дейін адам көргісіз.

Ал Қытайда көркемдік мүсіндеумен Нюйва әйел-құдайы айналысты және ол да ісіне ұқыпсыз қарапты, яғни алдымен ол лёсс деген әдемі таза сары балшықтан сұлу және мінсіз адамдарды жасады (олардан барлық императорлар тараған), содан кейін шаршап қалған құдай қара саз балшығы бар ыдысқа арқанды батырып алып айналдырып отырған, жан-жаққа шашыраған кесектерден барлық басқа адамдар жаралыпты, ал кейде балшықтың кесектері көңге түсіп, онымен араласып кеткен екен, қара халық содан шығыпты. Олай болса да, көне мифтер қайда жатыр, әлеуметтік әділеттілік пен саяси биязылық қайда?

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді