Қаптың ішінен шыққан бақыт туралы миф

Сыйлықтардың қасиеттілігі туралы

Кішкентай ұл балаларға толы сөмкені ашып жатқан Хотэй / Getty Images

Қазірдің өзінде үйде біреу дүкеннен әкелген пакетті ақтарып ашқан кезде қоржыннан шығып жатқан заттарды тамашалап отырғанда балалар ғана емес, ересектер де аздап толқиды.

Ал Аяз Ата, Тұрахон аталардың және арқасына қоржын асынып алып үйді-үйге «бақыт» жеткізетіндердің дорбасы тіпті тамаша емес пе? Сыйлық ретінде жарық дүниеге жарқ ете қалатын құпия сыйлықтар кез келген мәдениетте, кез келген өмір салтында бар ықылым заманнан келе жатқан бейне саналады. Ол түрлі халықтың мифтерінде көрініс тапқаны да содан.

Жаратушы өте үлкен қаптың ішінен әлемді бөліп-бөліп шығаратыны туралы аңыз Австралия, Жапония және Солтүстік Америка елдерінде бар. Австралия халқының аңызында бұл қап былғарыдан, қытайларда кендірден тігілген, ал Еуропаның солтүстік халықтарында ол тіпті қайыңның қабығынан да жасалады.

Жапонның Хотэй есімді бақыт құдайы әрқашан үлкен қап ұстаған кейіпте бейнеленеді, ол осы қаптың ішінен өзін құрметтейтін жандарға дүниелік ырыс-берекені жомарттықпен үйіп-төгіп береді және бұл құдайдың атының өзі «қап» сөзінен шыққан.

Хотэй мүсіншесі / Alamy

Хотэй мүсіншесі / Alamy

Месопотамиялық аннунак — хтоникалық құдайлар, жер аруақтары бейнеленген кескінде көбіне-көп қолына дорба ұстап тұрады, оны археологтар әдетте «құдайдың әмияны» деп атайды. Одан аннунактар ғаламның сәтті тіршілік етуі үшін қажет нәрсенің бәрін шығарады. Ацтек пен майя құдайлары да көбіне осыған ұқсас дорба ұстаған қалыпта бейнеленеді.

Қолында «Қасиетті әмиянды» ұстаған ассириялық құдай / Alamy

Қолында «Қасиетті әмиянды» ұстаған ассириялық құдай / Alamy

Славян халықтарында аю-құдайдың, ортақ ата-бабаның, әлемді жаратушының бейнесі де көбінесе осы аю алып жүретін қабықтан жасалған қораппен байланысты, мифтің кейінгі нұсқасы «томарға отырма, бәлішті жеме» деген әйгілі ертегіге айналды.

Кейде Құдайдың осынау тамаша дорбасын трикстер де иеленуге әрекет жасап, бұл дүниеге қажеті жоқ нәрсені әкеліпті. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз әлемдегі кемшілік атаулының бәрін олардың осы орынсыз қылығымен түсіндірді. Әуел баста Жаратушы Құдай әлемді мінсіз етіп жасағысы келді әрі жер-жаһанда әртүрлі бәле, дауыл, жер сілкінісі мен соғысқа жол бермейтін еді, ал осынау кемел дүниені бүлдірген — адамзаттың ата-бабасы. Осындай классикалық трикстер — қызыққұмар грек әйелі Пандора, ол құдайлар жауып қойған жәшікті ашып, нәтижесінде бұрын құлыптаулы жатқан бақытсыздық атаулының бәрі әлемге тарап кетті. Содан бері Пандора жәшігі ойсыз жасалған кез келген әрекеттің ең жағымсыз салдарын білдіретін әмбебап метафораға айналды.

Джон Уильям Уотерхаус. Пандора / Wikimedia Commons

Джон Уильям Уотерхаус. Пандора / Wikimedia Commons

Дегенмен кейде трикстердің қитұрқылығы жақсылық әкеледі. Мысалы, қазақтың Алдар Көсе туралы бір мифінде былай делінген: «Жаратушы дүниені жасап, барша халыққа биік тау, көл, суы мол өзен, жасыл орман сыйлапты, тек қазаққа ғана бетпақ дала бұйырыпты. Ол әдемі еді, бірақ адамдар сонда да орман, көл, тау берілмегеніне өкпе артыпты. Сонда Алдар Көсе Жаратушыға қонаққа келіп, қазаққа тым болмаса бір тау беруін сұрайды. Жаратушы қаптың бауын шешіп, ішінен Қаратауды шығарып берді, осы кезде Алдар Көсе оның тауды қай жерден шығарғанын байқап, жасырын келіп қаптың түбін тесіпті, сөйтіп құлазыған далаға одан көл, өзен, орман, балық пен жабайы жануарлар жаңбырдай жауыпты. Қазақтың жеріне ең соңғы болып — Бурабай көлі түсіпті».

Бурабай көлі, Қазақстан / Alamy

Бурабай көлі, Қазақстан / Alamy

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы