Құдай жіберген егіздер

Неліктен егіздерді құрметтеген және олардан қорыққан?

Кордоната Капитолина. Диоскур мүсіні. Капитолий немесе Капитолий төбешігіндегі Кампидолья алаңы. Италия, Рим / Shutterstock

Бұл дүниенің қандай қағидаға негізделгенін әлі де өте нашар түсінетін адамдар үшін өмірдің дәлелденген ережелерін қатаң ұстанып, ата-анасы бойына сіңдірген салт-дәстүрге, тайпасы жинаған аз-маз білімге жармасып айырылмау арқылы аман-есен жүру оңайырақ. 

Сондықтан бұрыннан үйреншікті және түсінікті нәрсе кенеттен нормадан ауытқыған кезде бұл «үлкен әлемнің» жалпы беймәлім және жұмбақ құбылыстарынан гөрі көбірек үрей тудырды. Айталық, егіздердің дүниеге келуі әбден үйреншікті деуге болатын әйелдің босануын қорқыныш, қуаныш ұялататын және таңғалдыратын оқиғаға айналдырды.

Егіздер — аруақтар әлемінің елшісі ретінде қабылданды (он мыңдаған жылдар бұрын туған мекенінен және үйреншікті өмір салтынан тыс барлық нәрсе осындай дүниеге жатқызылды). Бір нәрестенің өзі жора бойынша таза емес және түсініп болмайтын дүниеден жіберілген жан ретінде қауіпті болды, ал әйел бірден екі баланы дүниеге әкелсе одан бетер... Кейбір халықтар мұндай жұптағы балалардың біреуі әйелдің күйеуінен емес, Құдайдан деп есептеуге шешім қабылдады. Мысалы, осындай халық гректер болған — олардың мифологиясында осыған ұқсас тәңірлік жұптар көп, бұл — Геракл мен Ификл, Полидевк пен Кастор, Елена мен Клитемнестра. Құдай жіберген егіздердің бірі ажалсыз, құдыретті және әдемі, ал бұл дүниеде жаралған сыңары — оның ажалды бейнесі.

Басқа халықтар құдайлардың өзі көп жағдайда егіз жұп түрінде болады деп ойлаған. Мысырлықтарда Озирис пен Изида егіздер болса, үндістандықтарда егіз салт атты құдайлар Ашвиндер туралы айтылады, жапондарда Идзанами мен Идзанаки, парсыларда бір-біріне қарсылас Ахура-Мазда мен Ахура-Майнью (басқа жазуда Ормузд пен Охриман) егіз болған.

Ал этнограф Дж. Фрэзер өзінің «Алтын тармағында» былай деп жазады: «Табиғатқа, әсіресе, жаңбыр мен жалпы ауа райына егіздердің сиқырлы билігі бар деген пікір кеңінен тараған. Британдық Колумбияның кейбір тайпаларында осындай қызық ескі наным бар. Көбіне-көп бұл жағдай үндістерді егіздердің ата-анасына ерекше шектеу қоюға немесе табу-тыйым салуға итермелейді, бірақ мұндай тыйымның нақты мағынасы әдетте түсініксіз. Айталық, үндіс-цимшиандар егіздердің ауа райын билейтініне сенеді. Сондықтан олар жел мен жаңбырға жалбарынып: «Егіздердің тынысы, тыныштала гөр» деп дұға оқиды. Сонымен қатар олар егіздердің тілегі әрқашан орындалады деп есептейді. Сондықтан егіздерден қорқады: олар жек көретін адамына зиян тигізуі мүмкін ғой».

Осыған ұқсас себептерге орай кейбір африкалық тайпаларда тіпті 20 ғасырдың басында жаңа туылған егіздерді өлтіру дағдылы нәрсе болды, өйткені тайпа мүшелері жындар жаңа туған нәрестелердің кейпіне еніп, осылайша адамдардың әлеміне кіруге тырысады деп сенді.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді