Екі шеңберден тұратын күнтізбе

Ежелгі ғибадатханаларда салынған көзілдірік ненің белгісі?

Таң. Баянжүрек таулары/Ольга Гумирова

Петроглифтерді тани алатын адам үшін, егер суреттердің қатарында «күн белгілері» деп аталатын көзілдірік, яғни түзу сызықпен жалғанған екі шеңбер болса, негізгі бағыттар бойынша ғибадатханаларда жүру қиынға соқпас.

Бұл күн шеңберлі қола дәуірінің петроглифтері бар барлық киелі орындардан кездестіруге болады. Археологтар осындай белгілерді Аққайнар мен Таңбалы тас (Шүйлі таулары, Алматы облысы), Құлжабасы (Шүйлі таулары, Жамбыл облысы), Қойбағар мен Қошқар ата (Қаратау таулары, Түркістан облысы), Ордақұл, Ешкіөлмес, Теректіде (Жетісу облысы, Жоңғар Алатауы етегінде) тіркеген, бірақ ондай суреттер әсіресе Саймалыташ (Қырғызстан) биік тау шоғырында көп.

Аққайнар петроглифтері /Ольга Гумирова

Күн ежелгі адам өмірінде өте маңызды рөл атқарғаны дәлелденген дерек. Мыңдаған жылдар бойы адамдар Күнді мұқият бақылап, ауа райын болжауға және жыл мезгілдерінің ауысу принципін түсінуге тырысты. Алынған білім негізінде бақыланатын объектінің қозғалысының негізгі фазаларын көрсететін ең қарапайым күнтізбелік диаграммалар құрастырылды. Осындай схемалардың бірі — көзілдірік деп аталатын белгілер. Қазіргі уақытта бізде бұл символизмнің қасиетті және прагматикалық мазмұны туралы толық түсінік жоқ, бірақ бірқатар болжамдар бар.

Аққайнар петроглифтері /Ольга Гумирова

Көптеген археологтардың бір нұсқасы бойынша, көзілдірік белгілері күнді бейнелейтін арба мен күйменің жеңілдетілген кескінінен пайда болуы мүмкін. Енді бірінің айтуынша, бұл ауыздық,iжүгеннің екі сулық арасына бекітілген жылқы аузына кигізілетін бөлшегіяғни осы ат әбзелі ежелгі уақытта да ерекше қастерленген дейді. Немесе әріге бармай, қарапайым болжамды қарастырып көрейік: ежелгі адамдар жай ғана өмірдің маңызды сәттеріндегі күннің орналасуын схемалық түрде көрсеткен болар, бәлкім. Ал бұл белгілердің салтанатты немесе сиқырлы рәсімдерді орындаумен байланысты болғанын киелі орындардағы көрініс белгілерінің орналасуы дәлел болады. Көбінесе олар культтік көріністердің орталық бөлігінің ішкі жағына немесе дәл осындай көріністердің жанына қарай орналастырылған.

Саймылташ/Ольга Гумирова

Өкінішке қарай, Қазақстанда палеоастрономдар көзілдірік тәрізді белгілері бар петроглифтер төңірегінде егжей-тегжейлі зерттеу жұмыстарын жүргізген жоқ. Бірақ алдын ала деректер бойынша, ең көп тарағандары күннің тоқырау күндерінде және күзгі және көктемгі күн мен түннің теңелу кезіндегі жағдайға сәйкес келетін көзілдірік белгілері деп болжауға болады. Сірә, қасиетті мәнінен бөлек, көзілдірік белгілері де таза практикалық рөлге ие болды, яғни жыл мезгілдерінің ауысуының басталуын болжайды. Мұны археологтардың көрнекі бақылаулары растап отыр. Айтпақшы, жазғы тоқырау күні немесе күн мен түннің теңелу уақытындағы күннің шығуы мен батуы нүктелерін анықтаудың дәлдігі өте жоғары және көзілдірік белгілері бойынша, әрине, кейбір түзетулерімен, тіпті қазір де бағыт-бағдар алуға болады.

Тасбас. Баянжүрек таулары/Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді