Қазан мен әйел

Тасқа қашалған қасиетті символ

Қазан. Құлжабасы/Ольга Гумирова

Қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің петроглифтерінде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар өте сирек бейнеленген. Аса бір қасиетті мәні жоқ нәрсені тасқа қашап, мәңгіге қалдырудың қажеті қанша? Сондықтан да Жамбыл облысындағы Құлжабасы петроглифтерінің бірінде егжей-тегжейлі  бейнеленген қазан суретін ас пісіретін қарапайым ыдыс ретінде ғана емес, ерекше мәні бар символ деп болжауға болады.

Петроглифтер шоғырланған бұл сурет ежелгі қонысқа жақын, шатқалдың жоғарғы жағында орналасқан.

Қазақтар мен көптеген түркі халықтарында қазан тоқшылықтың символы саналады. Қазан туралы көптеген мақал-мәтел, тіпті ертегілер де бар. Сондықтан халық арасында бұл ыдысты жай ғана қазан емес, «қара қазан» деп атайды. Түркі тілдерінде «қара» сөзі түс (бояу) мағынасынан бөлек, «теріскей», «қуатты», «қауіпті» және «қасиетті» деген мағынаны білдіреді. Қазанға қатысты бұл сөздің соңғы, яғни «қасиетті» мағынасы «Қасиетті қара қазан» деп қолданылады.

Құлжабасы. Қазан/Ольга Гумирова

Құлжабасы. Қазан/Ольга Гумирова

Қандай да бір отбасы көп жылдар бойы қолданған өз қазанын уақытша болса да басқаға бермейтін, бұл жамандық әкеледі деп сенген. Қазанды ұрпақтарға аманат ретінде қалдырып, балаларға беретін болған. Ұлдарға мұра ретінде, ал қыздарға жасау ретінде сыйлайтын.

Бұл композицияның қазанның сакралды мәні бар екенін көрсететініне ешқандай күмән жоқ. Оның мерзімі шамамен б.з.д. екінші мыңжылдықтың соңы мен б.з.д. 5–3 ғасырлар аралығында болуы мүмкін.

Петроглифті тақта/Ольга Гумирова

Петроглифті тақта/Ольга Гумирова

Ежелгі суреттің ортасында айы-күні жеткен әйел бейнеленген. Оның артында қолында шекпен секілді бір нәрсе ұстаған ер адам тұр, ал екінші адам оның алдында тізерлеп, әйелдің ішіне пышақ кезенген.

Бұл көрініс драмалық сипатта, бірақ кісі өлтіру қылмысына еш қатысы жоқ. Бұған дәлел — суреттегі адамдардың оң жағына бейнеленген қазан.

Ғалымдар бұл сюжет бойынша ортақ түсінік бере алмай отыр, бірақ бәрі де бұл сурет босану рәсіміне байланысты ритуалды бейнелеп тұрғанын айтқан. Ал қазанның бұл жерде қандай рөл атқаратыны белгісіз.

Құлжабасы шатқалының бірі /Ольга Гумирова

Құлжабасы шатқалының бірі /Ольга Гумирова

Ал қазанның бұл жерде қандай рөл атқаратыны белгісіз.

Көптеген халықта қазан әйелдік негіз символы саналады. Этнографтар қазақтарда босану қиын болған жағдайда барлық қазан мен қақпағы бар ыдыстарды ашып, түйіндерді, түйіншектерді шешетін дәстүр бар дейді. Тағы бір қазақ дәстүрі — толғақ басталған кезде бауырды қазанға қайнатып қою. Қазанда бауырдың тез қайнап, піскеніндей, бала да тез әрі жеңіл дүниеге келеді деген сенім бар.

1 / 2

Бұл көріністі Құлжабасы тауларына ойып-қашап салған ежелгі суретші-шаманның қай ру-тайпадан шыққаны белгісіз. Ол аумақта жүйелі зерттеулер жүргізілмеген. Бірақ осы мыңжылдық сурет пен қазақтардың босану кезіндегі қазанға қатысты магиялық рәсімдері арасындағы байланыс айқын байқалады.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы