Қола дәуіріндегі қасқыр-адам

Алматы облысынан табылған қасқыр-адам

Аққайнар кешенінен аң аулауды бейнелейтін петроглиф, қайта құру суреті/Oльга Гумирова

Көк бөрі культі Қазақстан жерінде түркілердің келгеннен кейін пайда болды деген жалпылама түсінік бар. Алайда Таңбалы-тас, Құлжабасы, Аққайнар және басқа да петроглифтер шоғырындағы кейбір көріністерге қарай отырып, бұл нұсқаға күмән келтіреміз. 

Бөрінің бетбейнесін жамылған адамдардың ҚұлжабасыiҚұлжабасы таулары Шу-Іле тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқанбұқасын аулап жатқан көрінісінің суреті (петроглиф) — осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни қола дәуіріндегі тайпалардың мифологиясында болғандығының айғағы. Бұл кездейсоқ образдар емесі анық, себебі шамамен осы дәуірге жататын басқа да суреттерде қасқыр-адам бейнесі бар. Осы орайда Аққайнардағы суреттердің бірін (Аққайнар археологиялық кешені Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан) ерекше атап өтуге тұрарлық. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкері А. Н. Марьяшев бастаған экспедиция тобы 2012 жылы зерттеу жұмыстары кезінде осы петроглифты тапты. Жайпақ тас тақтада ерекше бір кейіпкер бейнеленген. Зер салып қарсақ, онда паңданған, иығы кең, қолы шынтағынан бүгілген, оң қолына қару-жараққа ұқсас қандай да бір зат ұстаған, ал басы қасқырдікіндей адамды көреміз. Аузы ашық, қаз қатар тізілген бөрі тістері көрінеді, құлағы тік, тіпті қасқырдікіне келетін құйрығы да бар.

Ал енді ойлап көрейік, 4 мың жыл осы суретті саларда, кімге қарап салды екен?

Аққайнар кешенінен қасқыр-адам, фото/Oльга Гумирова

Аққайнар кешенінен қасқыр-адам, фото/Oльга Гумирова

Жыртқыш әрі ақылды аң қасқыр бейнесі бұрын да қасиетті саналып, қазір де көптеген халықтарға, соның ішінде түркілер үшін қастерлі. Ол культтік кейіпкер ғана емес, сонымен бірге белгілі бір әлеуметтік рөл атқарды, яғни қасқырларға ұқсауға да тырысты. Бұрын ерекше ерлер одақтарының немесе бауырластықтардың бар екендігі туралы тарихи және этнографиялық дәлелдер сақталған, олардың мүшелері өздерін қасқырлармен байланыстырып қана қоймай, қасқыр бетперделері мен терісін жамылып және айтулы оқиғаларда, мысалы, шайқастарда киген, осы аң секілді ырылдап, осы аң секілді ұлитын болған. Мұндай бауырластықтар скифтер мен ежелгі немістер арасында құжатталған. Ал Солтүстік Еуразияның көптеген халықтары, соның ішінде Кавказдағы дидойлар мен татарлар, 20 ғасырдың басында қараша, желтоқсан айларында ерекше мерекелерді атап өтті, олардың басты кейіпкерлері қасқыр терісін жамылған жас жігіттер болды.

Аққайнар кешенінен қасқыр-адам петроглифі, қайта құру суреті/Oльга Гумирова

Аққайнар кешенінен қасқыр-адам петроглифі, қайта құру суреті/Oльга Гумирова

Мифтер мен аңыз әңгімелердегі қасқыр бейнесі тайпа басшысының немесе ата-бабасының бейнесімен де тығыз байланысты. Атап айтсақ, Кир патшаны асырап-баққан құртқа туралы ежелгі ирандық аңыз, Ромул мен Ремді емізіп өсірген Капитолий қасқыры туралы римдік миф, сондай-ақ қасқырдың өзі құтқарып, бағып-қаққан, кейін оның әйелі болып, он ұл туып беріп, түркі халықтары шыққан бала туралы түркі аңызы бар.

Аққайнардағы адам-қасқыр қандай ежелгі аңыздың кейіпкері болғаны, оған кімдер табынғандығы әлі анықталған жоқ. Бірақ бір кездері бұл тауларда алдымен сақтар, кейін түркі тайпалары қола дәуірінен қалған осы бір пантеон персонаждарына үлкен құрметпен қарағаны және бірнеше рет оларды мұқият қайта жаңартқандары нақты болатын.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы