Шолақтаудан табылған маңызды олжа

Жоғалған ғибадатханаға бастар жол

Ом Мани Падме Хум /Ольга Гумирова

Әдетте, ғибадатханаға апарар жолдың ауыр болатыны белгілі (ауыспалы мағынасында емес, тура мағынасында жиі солай болып жатады). Жетісу облысындағы Шолақтаудың Тайғақ деп аталатын шатқалында шалғай жатқан ғибадатхананы тәу етуге келген жандар адасып кетпес үшін буддалық монахтар тастарға «Ом-Мане-Падме-Хум» деген сөз бен айрықша таңба салған.

Бұл Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі туристер ең көп келетін орын. Кейінгі орта ғасырда тасқа қашалған буддалық таңбаларды сонау 1896 жылы Н.Н. Пантусов көріп, тіркеген болатын. Шатқалға 80 жылдан кейін жасалған зерттеу барысында, онда бас-аяғы «Ом-Мани-Падме-Хум» («О, лотос гүлінде жарқыраған маржан») деген 51 жазу анықталды.

Ұзақ уақыт бойына осы бір жазбалар қашалған орында ашық аспан астындағы ғибадатхана бар деп саналып келген. Бірақ «Охотник за петроглифами» ғылыми тобының еріктілерінің осы іспеттес петроглифтерді Алматы облысындағы Ордакүл, Жетісу, Сарыбастау сынды өзге киелі орындарынан табуы, бұл таңбалар ғибадатхана я монастырға жол сілтейтін белгі болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

 Тайғақ. Жұмыс барысы/Ольга Гумирова

Тайғақ. Жұмыс барысы/Ольга Гумирова

Тайғақтағы жазбаны айрықшалайтын бір өзгешелегі бар: егер шатқалмен өрлесеңіз көзіңізге жазба қашалған өзге тастар көрінеді, ал төмен қарай құлдиласаңыз таңбаларды басқа тастардан көресіз. Аталған аймақты 2024 жылғы наурызда зерттеу барысында «Охотники за петроглифами» тобының мүшесі Елена Ударцева бір жазбаның жанына қашалған Триратна деп аталатын айрықша таңбаны байқаған. Дәстүр бойынша Триратна таңбасы үштік символ ретінде бейнеленеді: лотос гүлі мен чакра гүлінің үстінде орналасқан алмаз бұтақпен (ваджра) оралған тришула үш ашалы айыр — бұл будда доктринасындағы үш жауһарды аңғартады: Будда; Дхарма (заң, ілім); Сангха (монахтар қауымдастығы). Тайғақтан табылған Триратна таңбасының көркемдегі жоғары деңгейде емес: тастың сол жақтағы төменгі бөлігінде үш нүкте ретінде үш жапырақ символы қашалса, оң жақта — «Ом-Мани-Падме-Хум» деген жазу қашалған. Триратна буддашының «сенімінің символы» болғандықтан, аталған таңбаның мұнда қашалуы бекер емес. Бұл айрықша таңба, жақын маңда қасиетті мекеннің (ғибадатхана, Cтупа я монахтардың тұрағы) барын білдіреді.

1 / 2

Аталған таңба салынған тастың дәл жанындағы соқпақпен бір шақырымдай жүріп отырып еріктілер төрт үйден тұратын, оның біреуі басқаларынан көлемі үлкен әрі формасы айрықша келген бұрын-соңды тіркелмеген қыстақты тапты. Ал жазулар көп шоғырланған Тайғақ шатқалының оңтүстік-шығысында орналасқан жырадан формасы мен көлемі алуан түрлі әрі күрделі келген тағы бір этнографиялық қыстақ анықталды. Қыстақтың сақталып қалған қабырғаларының биіктігі бір мен екі метр арасында. Әрі аталған ғимараттар дәл осындай қағидат бойынша соғылған малшылардың қыстағына мүлдем ұқсамайды.

Петроглиифтерді зерттеу/Ольга Гумирова

Петроглиифтерді зерттеу/Ольга Гумирова

Анықталған екі қыстақ та я кемінде соның біреуі — кішігірім буддалық ғибадатхана я монахтардың мекені болуы бек-мүмкін. Өйткені осы аймақта буддалардың қасиетті нысандары болғаны жөнінде айғақтайтын жазба деректерде сақталып қалған.

Ом Мани Падме Хум /Ольга Гумирова

Ом Мани Падме Хум /Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы