Ғашық құрбақа түсі

Crapaud amoureux (фр)

Бақылдауық бақа / Alamy

Күйлеу кезеңінде көптеген қосмекенділердің терісінің бояуы анағұрлым қаныға түседі, әрине, еркектерінікі, ұрғашыларына мұның керегі жоқ, олар онсыз да керемет. Сондықтан қандай да бір көңілсіз, сүреңсіз сұрғылт-жасыл емес, оның ең жарқын, жылы реңкі — қанық жарқын жасыл түс «ғашық құрбақа түсі» деген атауға ие болды. Өкінішке орай, жарқын жасыл гамманың көптеген түстері сияқты, ғашық құрбақа түсі де бояудың құрамына ұзақ уақыт бойы күшала енгізуді талап етті, бұл кейде осы түсті ұнататындардың денсаулығына онша жақсы әсер етпейтін.

Бүгінде бұл түс дизайнерлер қабылдаған он алтылық код бойынша 3caa3c деп аталады.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы