Төлқұжаттың түсі неліктен қызғылт сары болмайды?
Төлқұжат мұқабасының түсі нені білдіреді
Дүниежүзі елдерінің халықаралық төлқұжаттары төрт түспен, яғни көк, қызыл, жасыл және қара мұқабамен қапталған. Бұл мұқабалардың түсінде қандай да бір құпия мағына бар ма?
1920 жылы Ұлттар Лигасының конференциясында Халықаралық паспорттың стандартталған түрі туралы келісім қабылданды. Содан бері барлық шетелдік төлқұжаттар шамамен бірдей болып көрінеді, егер қандай да бір мемлекет кенеттен жүні бар фанерадан жасалған дөңгелек төлқұжат шығарғысы келсе, онда ол елдің азаматтары шегарадан өтерде күрделі мәселеге тап болатыны анық. Бірақ төлқұжат мұқабасының түсі ешқандай ресми ережемен реттелмейді.
Бірақ ресми ережелерден бөлек бейресми ережелер де бар, олардың кейбіреулері адам ыңғайына орай бекітілсе, ал кейбіреулері дәстүрге байланысты жасалған.
Жүз жыл бұрынғы төлқұжаттар қарапайым, бірақ қалың картоннан жасалған. Әрине, ол шегарашылардың, шенеуніктердің және тағы да көптеген адамның қолынан өтетін маңызды құжат болғандықтан, мейлінше сапалы болуы керек еді. Сондықтан ол кездегі мұқабаға мүмкіндігінше кір көтеретін түстерді таңдап алған, ал сары сияқты кез келген басқа да ашық түстерден бас тартты.
Төлқұжат мемлекеттік рәміздердің бейнелері бар Мемлекеттік құжат болғандықтан, мұқабасына түс таңдағанда жайдан жай емес, белгілі бір мағынаға сүйене отырып таңдалады. Мысалы, мемлекеттік тудағы түстерінің бірін алуы мүмкін. Осылайша әлемде көптеген көк және қызыл төлқұжаттар пайда болды. Бірақ қоңыр төлқұжаттар мүлде жоқ десек те болады, өйткені мемлекеттік туларда қоңыр түс өте сирек кездеседі.
Бүгінде төлқұжаттың түсіне сәйкес, ол қай елдер тобына жататынын өте даулы ықтималдықпен анықтауға болады. Мысалы, көк түс екі Америка елдеріне де тән. Бұл континенттегі елдердің басым көпшілігі көк төлқұжаттарды пайдаланады. Бірақ, айталық, мексикалықтардың төлқұжаттары жасыл, ал Орталық Америка елдерінің төлқұжаттары қызыл түсті.
Өз кезегінде, қызыл төлқұжат Еуропа мен Азияда кең таралған. Себебі қызыл — бұл жерлерде ең танымал түс. Иә, қызыл десек, асыра айтқандық болар. Анығында, бұл аймақтарда төлқұжаттың шие түстес, Бургундия шарабының түстеріне келеді. Еуро Одаққа мүше мемлекеттердің барлық дерлік төлқұжаттарында дәл осы реңк бар (Айта кетейік, Хорватияда төлқұжат түсі қара көк. Бірақ бұл оның Еуро Одаққа мүше болуына кедергі келтірмейді.)
Исламның жасыл жалауының құрметіне мұсылман елдері төлқұжаттарына жасыл реңкті жиі таңдайды. Бірақ бұл ережені, айталық, Ауғанстан (көк), Йемен (қара көк), Иордания (көк) сияқты өте діни мұсылман мемлекеттері де елемейді. Сонымен қатар жасыл түс Африка мемлекеттерінің төлқұжаты арасында танымал.
Сондықтан төлқұжат мұқабаларына қарап болжам жасау — күмәнді әрекет. Біз қазір қарапайым азаматтарға арналған стандартты төлқұжаттар туралы айтып отырмыз. Әр елде дерлік үш, төрт, тіпті бес түрлі шетелдік төлқұжат бар екенін ұмытпаңыз. Мысалы, дипломаттарға арналғаны, арнайы топтағы қызметкерлерге берілетіндері, әскери қызметкерлерге арналғаны, сол елде тұруға рұқсаты бар иммигранттарға жасалған секілді түрлі төлқұжат бар. Міне, мұқабаның түстері әдетте ешқандай дәстүрмен шектелмейді. Мысалы, Үндістанның мемлекеттік қызметкерлерінің төлқұжаты ақ түсті, ал Нидерландыда және Еуропаның кейбір басқа елінде шегарадан шұғыл кіру үшін (мысалы, құжаттарды жоғалтқан кезде) қызғылт түсті төлқұжат жасатады.