Александр Еременко

Қалың металлургиялы ормандарда...

Александр Еременко/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Қалың металлургиялы ормандарда,

Хлорофилдің жасалу барысында,

Құлап қалды бір жапырақ.

Қалың металлургиялы ормандарда

Қоңыр күз басталды-ақ.

Көктемге шейін сонда тұрады аспандарда

Бензин көлігі де, жеміс шіркейі де.

Қысып күштің тең әсері екеуін де, 

Тұтылып қалды олар майысқан сағаттарда.

Соңғы үкі екеш сындырылды, кесілді

Кеңсенің шегесімен жапсырылды

Күзгі бұтаққа, ілулі баспен төмен,

Салбырап, мазалады өзін оймен,

Неліктен оған жорық дүрбісі

Орнатылды соншалықты күшпенен?

Александр Еременко (19502021) ақын, он шақты кітаптың авторы, сексенінші жылдардың ортасындағы метаметафористер бірлестігі көсемдерінің бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы