Салқын самал лебінен үміт іздеу

Француз мәнерінде жазылған қытай даналығы

Поль Клодель/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Данышпан Цинь Юань қартайған шағында,

Дуагер оның жасын екі санымен шектеуді ұсынғанда, жауап ретінде айтқаны:

Көктем жайлы бәрін білемін, Жаздың қалжырататын ұзақтығын білемін.

Еш күмәнсіз, Күз деген нәрсені, енді түсіну керектігін сеземін.

Көзден таса, көзге көрінер барлық нәрсенің пісетінін керек емес пе растауым?

Бағымдағы әр жемістің өз пішініне, түсіне, салмағына ие бола бастауын?

Шынтуайтында пайда болуды аяқталу деп санаймыз біз неге?

Үміт пен ләззат артып салынамын желдің мұп-мұздай лебіне.

Поль Клодель (18691955) француз ақыны, драматург және көрнекті католик ойшылы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы