Қалың адам арасында махаббаттан аман қалу

Француз модернінің парадоксы

Мишель Бютор/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Қалың топтың арасында — кешкі сағат алтының кезіндегі Париж метросын немесе токиолық автобустар мен дара рельстер де әбден жарайды, бір-біріне ұзақ уақыт бойы қысылған жеке адамдардың ішінен, кез келген әйелдің қарнын мұқият қарап шығу, оның терісін, қынабына кірер жерін елестету, лайықты өлшемге кішірею, жатырында орналасу, сақтап қойған ұрықжолдас арқылы онымен байланыс орнату, уақыт ағынын кері бұру, оның ішінде өзіңіздің ұрықтанған кездегі оргазмды тағы бір рет бастан өткізу, оны жасарту, оның балалық шағының әрбір кезеңінен, дүниеге келуінен өту, оның өзі болып анасының құрсағында тұрақтану, оның оргазмын тағы да бастан кешу, оны жасарту, оның балалық шағының әрбір кезеңінен, дүниеге келуінен өту, осылай алғашқы гоминидтерге шейін, алғашқы омыртқалыларға, әлемнің жетімсіз бастауларына шейін, әлде (әйел үшін, сөзсіз, осыдан бастау керек):

 

қандай да болса бір еркектің қарнын мұқият қарап шығу, оның терісін, жыныс мүшесін елестету, лайықты өлшемге кішірею, оның жұмалағының бірінде орналасу, уақыт ағынын жылдамдату, әйелінің құрсағына ағып кету, ұрық жасушамен тұтасу, өну, оның ұлы болып туу, өсу, ер жету, ғашық болу, ынтызардан қалтырау, оның ішінен басқа әйелдің құрсағына ағып өту, сен бақылап тұрған адамның немересі болып туу, өсу, ары қарай ғасырлардың шексіз аяқталуында да осылай. Махаббат құрып, жол бағыттың екеуімен қатар жүру. Дәлдіктің әрбір қолжеткен деңгейі жандылықты, ширақтықты арттырады.

Мишель Бютор (1926–2016) — француз жазушысы және ақыны, француз Академиясының Үлкен әдеби сыйлығының иегері, 20 ғасырдың ең ірі модернистерінің бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы