Құлағыма жабысса Құрманғазы күйлері

Ай қашады аспанда…

Cұраған Рахмет/Qalam

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Құлағыма жабысса Құрманғазы күйлері,

Ай қашады аспанда 

Өлі қала гуілі — өлімсіреп үйлері, 

Меңірейген ағаштар, 

Титықтаған желді еміп, 

Қара көздің ішінде қара іңір ту іліп... 

Мөлдіреген жұлдыздан мөлтеңдеген

нәр іштім, 

Қыран күлкі себеді қыздары кеп ғарыштың!

Қайран таныс бұтақтар 

Ай демімен 

жуынып 

Өлі қала гуілі... 

ауық-ауық қар ұшқын.

Сұраған Рахмет — қазақ ақыны, журналист. 1958 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Дэлүүн өлкесі, Қарасу деген жерде дүниеге келген.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы