Қараңғы түнде тау қалғып

Лермонтов, Абай және Стоукс аудармасындағы Гете өлеңі

Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Қараңғы түнде тау қалғып,


Ұйқыға кетер балбырап.


Даланы жым-жырт, дел-сал қып,


Түн басады салбырап.



Шаң шығармас жол-дағы,


Сілкіне алмас жапырақ.


Тыншығарсың сен-дағы,


Сабыр қылсаң азырақ. 

 

Абайдың (1845–1904) аудармасы.

Йоганн Вольфганг фон Гёте (1749–1832) — нeмic ақыны, ойшылы, табиғаттанушысы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы